Математика
пәнінің мұғалімі С. С. Тоқанова
Ы. Алтынсарин атындағы № 49
мектеп - гимназиясы, Тараз қаласы
Математика пәнін
жаңаша оқытудың
кейбір
күрделі мәселелері туралы
Қазіргі
кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі
әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті
бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық
қағидаға айналған. Қазақстанның
бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары
Елбасының «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған.
Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе
болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру
қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және
әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан
туындайды.
Жастарды
оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты
даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі
таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп
жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен
ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім
кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі
білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай
білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау.
Білім беруді
дамытудың проблемалары - қазіргі педагогикалық теория,
практика талаптарына сай келетін, жеке тұлға, қоғам мен
мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын
білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы.
Қазіргі
мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызыметінің
әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес
ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп
бітіруші түлектің
алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын
қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім
жүйесін құруға арналуы тиіс. Жалпы, білім
жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп
енуі, оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да
өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістер
мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми
дүниетанымын да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру
мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден
бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет.
Қазіргі кезде білім беру: пәндік – мазмұндық,
мазмұндық – әрекеттік және мазмұндық –
тұлғалық байланыста болуы керек.
Сондай –
ақ, математикалық білім беру, математикалық
сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше
математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық
сауаттылық мәселесінен бастауымыз керек. Ал, сауатылық
мәселесі математика пән мұғалімінің дайындық
сапасының негізгі проблемасы. Бұл проблемалар:
· пән мұғалімінің теориялық
әдістерінің жан – жақтылығы
· мұғалімнің кәсіби дайындық негіздері
(курстар, семинарлар)
· пән дамуының ішкі қисындылығы, яғни
логикалық ой – өрісінің жан – жақтылығы.
Менің
математик ретінде өз алдыма қойған мақсатым:
«Оқытудың озық ақапараттық – иновациялық
технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық
білім жүйесін дамытып, сапалы білім беру». Оқушыларға білім беруді
дамытуда білім сапасы төмендегідей анықталады:
· толықтығы
· тереңдігі
· жеделдігі
· икемділгі
· нақтылығы
· жалпыланғандығы
· жүйелілігі
· түсініктілігі
· беріктігі
Оқушылардың
ойлау қабілетін тереңдету, пәнге
қызығушылығын арттыру бағытында көп жылдардан
бері педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Сол
жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының
· есептің берлігенін толық оқып шығуға
дағдыландыру
· теорияны білу, оны логикамен ұштастыру
· шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру.
· көру, есте сақтау қабілетін дамыту
· есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу
· пәнге деген құзырлығын арттыру
Білім
мазмұнын орыс академигі И. Лернер айтқан тұрғыдан
қарастырар болсақ, ол мынадай бөліктен тұрады: білім
(мәліметтер мен деректер), икемділіктер мен дағдылар,
шығармашылық іс – әрекеттер және көңіл –
күй құндылықтары.
Осы білім
мазмұнының «мәліметтер мен деректер» атты алғашқы
бөлігін (ұғымдарды анықтау, қасиеттерді
түсіндіру барысында) гуманитарлық пәндерде көбірек
сарапқа салынатын болса, «икемділіктер мен дағдылар» атты келесі
бөлігі (ережені негіздеу, есеп шығару) жаратылыстану
пәндерінде таразыға жиі түседі. Бұл бөліктің
алғашқыға қарағанда салмағы ауырлау болады.
«Шығармашылық іс – әрекеттер» атты білім
мазмұнының үшінші бөлігі мектепте сыныптан тыс
жұмыстарда, одан да инновациялық мектептерде ғана өз
мәнінде қолға алынуда, ал жаңа буын оқулықтарындағы
шығармашылық тапысырмалардың танымдық бағыты
басымдау болып келеді, оның үстіне ондай тапсырмалардың
сабақта қолдануға көп жағдайда,
мұғалім шеберлігі мен қызығушылығына байланысты.
Өз іс –
тәжірибемнен бір мысал келтіре кетейін:
Мысалы егер
болса, онда
мәнін
табыңыз деген есептің шығару жолын үш тәсілмен
үйретемін.
I. Формуланы қолдану
![]()

![]()
ІІ. Геометриялық тұрғыда

2
1
![]()
![]()
![]()
ІІІ. Кесте қолдану
![]()
![]()
1)
формуланы қолдану
2)
тікбұрышты үшбұрыштың
анықтамасы (геометрия)
3)
кесте қолдану, сонда оқушы бір есепті жан –
жақты түсінеді, есте сақтайды.
Қазіргі
уақыт ұстаздан жаңа әдісті, шығармашылық
ізденісті талап етеді. Мұғалімнің негізгі міндеті - оқушыларға
терең де, тиянақты білім беру.
Білім беру
мазмұны жаңартылған сайын, әрбір пәнді
оқытудың өзіндік ерекшеліктері туындауда. Бүгінгі
таңда білім беру жүйесін жаңалауды іске асырудың
қажеттілігі күн санап арта түсуде.
Оқушылардың
ойлау қабілетін тереңдетіп пәнге қызығушылығын
арттыру бағытында математиканы оқытуда, оқушылардың
құзырлығын анықтау дағыдысында, сабақта
білім сапасын дәстүрлі жүйеде тексеремін. Бұл
жүйенің айырмашылығы оқушы өзіне ұпай жинау
арқылы білім сапасының нәтижесін көрсетеді.
Өсіп
келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы,
жалғасы. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп,
тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып
жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас
ұрпақ біліміне,
тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі
қажет. Бүгінгі күні біздің
басты мақсатымыз - өзіндік адамгершілік
құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани
қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке
тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар
құндылықтарды дамыту. Абай атамыздың «Ұстаздық
еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген нақыл
сөзін естен шығармай, жалықпай, үлкен төзіммен,
алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға
болып қалыптасуына, өмірде өз орнын таба білетін адамның
қажеттілігін қалыптастыруына, жақсы тәрбие, терең
білім беру үшін аянбай жұмыс жүргізуге тиістіміз.
Әдебиет:
1. «Ашық сабақ» журналы
2. «Бәсекеге
қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында жүргізілген
психопрофилактикалық жұмыстар» Психолог: Д. Ахметов
3. «Бәсекеге
қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында математикадан
білім беруді дамыту». /Баяндама/ Н.М.Джобалаева