Нүркенова Г.Қ., Зинал.Е, Хамталиф А.О.

 

Қарағанды «Болашақ» университеті, Қазақстан.

 

Педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы студенттердің танымдық іс-әрекеттерін белсендіру

 

Бүгінгі таңда ұрпақ алдында: «Қазақстан 2030» бағдарламасындағы: «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.Осыдан келіп, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық әрекет ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.

Дарынды, білімді жастар ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-эканомикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан студентттер оқытушы берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс. Осыған орай, студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру студенттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді [1].

Танымдық белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А.Коменский : «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет»,-деп ерекше атап өткен. Ал қазақтың педагог-ғалымы М.Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді.

Студенттердің танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімнің саналылығы және біліктілігін қамтамассыз етуде көрнекіліктер мен инновациялық технологиялардың маңызы зор. Танымдық әрекеттің негізінде студенттерде танымдық белсенділік қалыптасады.Танымдық белсенділік – студенттің оқуға, білуге деген құштарлығының, ынта-ықыласының ерекше көрінісі. Студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.

Танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектеді зерттеу мынадай қорытындыға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады. Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын. Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, студент өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетіні белгілі.

Таным теориясы (гносеология немесе эпистеминология) – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен тоерияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім – «таным теориясы» деп аталады. Таным теориясының басқа ғылым теорияларынан түбірлі айырмашылықтары бар. Ол – білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдары, оның ақиқаттық жалпы шарттарының, объективтік қатынастарының қалыптасуы.

Студенттер бойында кездесетін қабілеттіліктері – білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнеленуі. Мұндай бейнелеу әрекеті аса күрделі үрдіс.Ол студенттердің сыртқы дағды мен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады. Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу – оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Студенттердің танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау, есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Студенттің өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білімі мен дағдысы, ептілігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. [2].

Cтуденттердің – танымдық белсенділігін қалыптастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді. Олай болса, студенттердің танымдық теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттігіне орай, ана тіліндегі қазіргі ғылыми әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, танымдық, белсенділіктің анықтамалық, ғылыми негіздемесін жасауда, студенттердің оқу-танымдық белсенділігінің қалыптасу деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың болуы зерттеу тақырыбын: «Педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы студенттердің танымдық іс-әрекеттерін белсендіру» деп таңдауымызға себепші болды:

Жоғары оқу орнындағы студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендіруді теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.Егер оқу үрдісінің әр кезеңдерінде студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру ғылыми-педагогикалық жағынан негізделіп, оқу-тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік түрғыда қамтамасыз етілсе, онда студенттердің танымдық белсенділігі артуы негізінде білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы, ізденімпаздығы қалыптасады.

Педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы студенттердің танымдық ерекшеліктерін былай қарастыруға болады:

1. Студенттердің танымдық іс-әрекеттерін белсендіру проблемасын теориялық тұрғыда неіздеу және оны қазіргі кезең жағдайында дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.

2. Бәсекеге қабілетті болашақ мамандардың танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің педагогикалық – психологиялық шарттарыын жасау :

- таңбалық-символдық көрнекілік арқылы;

- инновациялық технологиялар арқылы.

3. Жоғары оқу орнындағы студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастырудың нақты әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Қазіргі кездегі студенттердің педагогикалық танымдық іс әрекеттерін белсендіру мақсатында модульдік оқыту, дамыта оқыту,проблемалық оқыту,бағдарламалық оқыту,интерактивті оқыту,түсіндірмелі оқыту тағы басқа оқытудың түрлерін қолдана отырып студенттердің танымдық белсенділігін жоғары деңгейде көтере аламыз.

Педагогикалық технологиялар – бұл білімінің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін ғана емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр. Әдістемелік инновациялардың көпшілігі интерактивті оқыту әдістерімен байланыстырылған. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Он-лайн оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқыту теледидарын құру қажет» деп көрсетілген. Солардың бірі білім берудегі ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып – компьютер мен интерактиті тақта. Сондықтан кез келген білім саласында интерактивті тақтаны оқыту құралы ретінде барлық пәндерде оқытуға пайдалынады. Білім берудегі интерактивті технология — мұндағы интерактивті сөзі — inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

-Мұнда арнайы видеокамера қолданылады. Мәтінді және объектілерді сақтап, олармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Арнайы құрал арқылы жазба мәтінді баспа түріндегі жазбаға айналдырады.

-Elluminate Live бағдарламасы арқылы интернет желісінде оңай және тез конференция, семинар, ашық сабақ, курстар өткізуге болады. Арнайы мүмкіндіктер арқылы сұхбат алу мүмкіндігі де бар.

-Activote құралының көмегімен мұғалім экранда тест жүргізіп, оның жауабының нәтижесін талқылай алады.

«Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан, мұндағы «inter» – бірлесіп, өзара, «act» – әрекет ету деген мағынаны береді. Яғни интерактивті оқыту дегеніміз – сұхбат арқылы оқыту. Сұхбаттық оқытуды дәстүрлі сабақ формасында да ұйымдастыруға болады, бірақ ол «оқытушы – оқушы», «оқушы – аудитория» сызбасы бойынша ғана ұйымдастырылады. Ал интерактивті оқытуда «оқушы – оқушы», «оқушы – оқушылар тобы», «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы» сызбасы бойынша ұйымдастырылады. Интерактивті оқыту – танымдық әрекеттерді ұйымдастырудың арнайы формасы, яғни білім алу процесін ешкім сырт қалмайтындай етіп ұйымдастыру.Интерактивті оқыту формасында оқушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынас үлгісі де өзгереді: оқытушы белсенділігі төмендеп, оқушы белсенділігі артады. Ал оқытушының міндеті – оқушы белсенділігін, шығармашылығын арттыру ояту үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Модульдік оқыту технологиясы баланың тұлғалық психикалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Ал модульдік технологияны интерактивті құрылғылардың көмегімен жүзеге асыру сабаққа дайындық кезеңінде көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. [3].

Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Қорытындылай келе, студенттерді педагогикалық ақпараттық технологияларын қолдана отырып студенттердің танымдық белсенділігін болашақ маман иелерінің білікті және интеллектуалды қабілеттерін арттыру болып табылады. Қазіргі заманғы педагогикалық ғылым білім мазмұнын бұрынғыдан өзгеше қарастырдық. Қоғамда дамытушы, тұлғаға бағытталған технологиялардың енгізілу қажеттілігі туындап отырғаны айқын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Студенттердің танымдық белсенділігін жоғарлату деңгейлері.//Алматы 2006ж, 2-3б

2.Компьютерлік программаларды оқу-тәрбие жұмысында қолдану.//Қызықты психология, №4-2006, 36-38б.

3.Ақпараттық технология сабақта.//Қазақстан мектебі, №5-2004, 44-45б.