Таширова М.Б., Жалжанова Д.С
Қызылорда
көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі,
Қазақстан.
Физика
және информатика пәндерін жаңа инновациялық технологиялар
арқылы оқыту тәсілдері
«Өмір бойы білім алу -
әрбір қазақстандықтың
жеке кредосына
айналуы тиіс.»
Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі заман талабына сай физика және
информатика пәндерінен жүйелі әрі терең білім беру үшін, оқушының білімге
деген құштарлығын, белсенділігін арттырудың маңызы
зор. Әр оқушының сабақ үстінде өз ойын
еркін білдіріп, теория жүзінде алған білімін өз бетінше компьютерде практикалық жұмыс
жасауына, өз мүмкіндігін
бағалай білуіне ықпал етуіміз қажет.
Жалпы бірдей білім беретін мектеп жүйесіндегі
физика курсында есептерді шығару сабақтары оқу процесінде
маңызды роль атқарады. Есептер шығару –
оқушылардың алған теориялық білімдерін іс жүзінде
қолдануы мен олардың ой-өрісін дамытудың негізгі
құралы. Осы орайда
мақсатымыз физикадағы
есептерді информатикадағы бағдарламалар арқылы шығарып, екі пәнді де қатар
тереңірек меңгерту, логикалық ойлауы мен меңгерген
білім негіздерін өзара байланыстырып қолдана білуге үйрету
жолдарын қарастыру. Бүгінгі
таңда жас ұрпаққа осы екі пәнді де терең
ұғындырудың бір жолы
– компьютерді тиімді пайдалана білу. Физика есептерін шығару үшін
оқушы физикалық теория мен заңдарды, құбылыстар
мен процестерді жетік меңгерулері қажет. Есеп – ойлау объектісі. Есепті
шығару – ой қызметі. Есептің берілген элементтері мен берілмеген
элементтерінің арасындағы байланысты табу үшін
практикалық түрлендірулер мен теориялық білім қажет.
Теория Практикалық
түрлендіру
Есеп
шығару – өздігінен реттелетін процесс. ЭЕМ көмегімен физика
есептерін шешудің мәселелері мектеп оқушыларының
түсініктерінің жаңа деңгейде көтерілуін,
мағлұматтарды меңгеруге ықпал етіп, әдістер мен
идеяларды қалыптастыруға бағыттайды. Физика есептерін Турбо Паскаль
бағдарламалау тілінде шығару әдісін келтірейік.
1.
Тығыздығы ρ=1.2 кг/м3 , қысымы 9
кПа газдың молярлық массасы 4г/моль. Газдың
температурасы неге тең? [1]
Program esep2;
Var rо,P,M,T,R: real ;
Begin
writeln
(‘ro=’); readln(ro);
writeln
(‘P=’); readln(P);
writeln
(‘M=’); readln(M);
writeln
(‘R=’); readln(R);
T:=(P*M)/(ro*R);
Write (‘T=’,T);
Readln;
End.
1-сурет.
Бағдарламаның Паскаль ортасында жазылуы
2-сурет. Берілген мәндерді енгізу, бағдарлама
нәтижесі
2.
Кедергісі R=1 Ом өткізгіштен 15 сек уақытта
45 Кл заряд өтетін болса, онда өткізгіш ұштарындағы
кернеудің түсуі неге тең? [1]
Program esep1;
Var r,t,q,I,u: real ;
Begin
writeln (‘zaryad
manin engiz q=’);
readln (q);
writeln (‘uakyt manin engiz t=’);
readln (t);
writeln
(‘kedergi manin engiz u=’);
readln (u);
I:=q/t;
Write (‘i=’,i);
Readln;
u:=i*r;
write (‘u=’,u);
end.
1-сурет. Бағдарламаның Паскаль ортасында жазылуы
2-сурет. Бағдарламаны компиляциялау
3-сурет. Берілген мәндерді енгізу, бағдарлама нәтижесі
Қорыта келгенде, компьютерде Turbo Pascal бағдарламасы арқылы физика
есептерін шығарта отырып,
дәл сол сияқты информатика пәнінде де осы бағдарламаны
меңгерту үшін физика есептерін шығарту қолайлы
әдіс, әрі осы екі пәнді де оқушыларға қатар
ұғындырып, байланыстарын бір-бірімен ұштастыру.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
«Шың- физика»
талапкерлерге арналған оқулық-тест, 2013-2014 жж;
Алматы
2.
Дәулетқұлов А.Б., Алғазы С.С. «Паскаль»
тілінде программалау негіздері: Алгоритмдеу және программалау. Алматы-2004