Кадина.Г.З
Жаңаарқа ауданы, «Ертөстік»
балабақшасының меңгерушісі
ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМГЕ
САЯХАТ
Еліміздің
болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы,
ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке
дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының
алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие
бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы
өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен
білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды,
идеялар мен шығармашылық, инновациялық
жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім
беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп
тұрған әлеммен бірге жүрері анық.
Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің
бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің
түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы
қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі,
тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер
әсерінің маңызы зор. Жас жеткіншектердің тәрбиелі
де білімді болып, еліміздің мақтанышына айналуына «Ертөстік»
мектепке дейінгі шағын орталығы ұжымы да өз
үлесін қосуда. Біздің мекемеде балалар еркін дем алып, рухани
патриоттық тұрғыдан білім алып, тәрбиеленуіне
ұжымның әр мүшесі атсалысады. Мекемедегі тәрбиешілердің
бала тәрбиесіндегі ізденістері, өз істеріне деген
қызығушылықтары қуантады. Педагогтардың
барлығы білімді, санаттары бар. Мамандардың басты мақсаты
баланы даму әлеміне енгізу, баланың денсаулығын сақтау,
нығайту, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Тәрбиешілер
балалармен тақырыптық сабақтар өткізеді, еліміздің
төл мерекелеріне
ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Тәрбиеші
іс-әрекетінің міндеті, ондағы
әдіс-тәсілінің мақсаты бүлдіршіндердің
талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту,
айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру,
балдырғандардың шығармашылық қабілетін
шыңдау. Әрбір тәрбиешіміз ой елегінен өткен
әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың шешімін
тапқан әдістемелерін өз мүмкіндігінше үйлестіріп,
күнделікті жұмыстарында пайдаланады. Әдіскер
әріптестерімізбен тәжірибе алмасу мақсатында танымдық
сабағымызды ұсынамыз.
Бөлімдер:
Қоршаған ортамен танысу, қарапайым
математикалық ұғымдармен танысу.
Тақырып: «Ғажайып әлемге саяхат»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға көлік түрлерін,
мамандықтарды, түстерді, пішіндерді, 1 - ден 5 - ке дейін тура
және кері санауды қайталатып үйрету.
Дамытушылық:
Балалардың ойлау қабілетін, зейінін дамыту.
Тәрбиелік
: сыйластық пен достыққа тәрбиелеу.
Қостілділік
компонент: Мамандық
- профессия , көлік
– транспорт.
Құралдар:
көлік түрлері, мамандық суреті,
пішіндер, қиықшалар
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
- Балалар қараңдаршы, бүгін бізге
ерекше күн, бізге қонақтар келді. Арайлап
таң атты Алтын
сәуле таратты Жарқырайды
даламыз Жарқырайды
күніміз Қайырлы
таң балалар! |
Балалар қозғалыс
жасай тұрып, барлығы айтады, бір - біріне сәлем береді. |
Ұйымдық -
іздестіру |
Сұрақ-жауап: - Балалар жылдың неше мезгілі бар? - Қандай мезгілдері бар екен? - Дұрыс айтасыңдар. - Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінің неше айы бар? - Атап айтып беріңдерші? -Қыста қандай өзгерістер болады? -
Өте жақсы, қазір енді орталықтарға
бөлінейік. Шығармашылық
орталығы. - Балалар, ғажайып әлемге саяхатқа
шыққыларың келе ме? Менің қолымда мынандай ғажайып
таяқша бар, осы таяқша көмегімен ғажайып әлемге
сиқыр арқылы барамыз.(Ойыншық көліктер келеді) Сюжетті ойын - Балалар не көріп тұрсыңдар, бір
сөзбен қалай айтамыз? - Көліктердің түрлері неше
топқа бөлінеді? - Мына көліктерді өз тобына
орналастыруларың керек. - Балалар сендер көлік түрлерін жақсы
біледі екенсіңдер. Саяхатымызды балалар, әрі қарай
жалғастырайық. Пішіндер
әлемі: Сиқырмен пішіндер әлеміне келеміз. - Мына пішіндерді кім атап береді? - Пішіндердің түсі қандай, кім
айтады? - Неше пішінді көріп тұрмыз, пішіндерді
тура және кері санап беріңдерші. Ойын:
«Пішіндер қай жағында?» Бір баланы ортасына қойып, оң жағына
тіктөртбұрыштыны, сол жағына сопақты, артына
домалақты, алдына шаршыны қояды. Ойын:
«Өз пішініңді тап» Әр баланың қолына пішіндер
таратылады. Тәрбиеші өз жұбыңды тап деген кезде
қолдарындағы пішіндерге ұқсас пішіндердің
артына тұра қалады. Сергіту
сәті. Мамандықтар әлемі. - Балалар сендер өскенде қандай
мамандық иесі болғыларың келеді? - Олай
болса мамандықтар әлеміне барайық. -
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын: - Ішті
де, тісті де емдейтін
ақ халатты абзал жандар кімдер? -
Дұрыс айтасыңдар. -
Қызық, қызық ертегі Балаларға
айтып береді. Жылауық
та, тентек те Сол
апайға көнеді ол кім? - Балалар біз қайда тұрамыз? - Бізге үйлерді кімдер салып береді? - Мына суреттің ішінен құрылысшы
мамандығының суретін тауып беріңдерші. - Сендер ауырғанда кімдер емдейді? - Дәрігерлер қай жерде жұмыс істейді? - Сендер балабақшаға келгенде кім
қарсы алады? -
Балабақшада сендерге тамақты кімдер дайындайды? - Шашымызды
қай жерде алдырамыз? -
Өрт болған кезде кімдерді көмекке шақырамыз? -
Аяқ киіміміз жыртылған кезде кімге барамыз? - Бізге
білімді кімдер береді? -
Балалар мына жерде мамандықтардың және олардың
құралдарының суреттері бар. (Үстел
үстінде орындалады) |
Төрт. Қыс, Көктем,
Жаз, Күз. Қыс. Үш айы. Желтоқсан,
Қаңтар, Ақпан. Балалар жауабы. Көліктер. Үш топқа. Әуе
көліктері, тасжол көліктері, су көліктері. Балалар көліктерді өз тобына
орналастырады. Шаршы,
дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш,
сопақша. Қызыл, сары,
көк, жасыл, тоқсары Балалар пішіндерді тура
және кері санап береді. Жұмысқа
белсене араласты. Балалар өз ойларын
айтады. Дәрігерлер. Тәрбиеші апайлар. Үйде. Құрлысшылар. Дәрігерлер. Ауруханада. Тәрбиеші апайлар. Аспазшылар. Шаштаразда. Өрт
сөндірушілерді. Етікшіге. Ұстаздар. Балалар әр
мамандықтардың өз құралдарын орналастырады. |
Рефлексивті -
түзетушілік |
- Бүгінгі ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетіде не туралы білдік? Өте жақсы қатыстыңдар, осымен
аяқталды. Балаларды
бағалау,мадақтау. |
Балалар өз ойларын
айтты. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Балалар көлік
түрлерін, мамандықтарды, түстерді, пішіндерді,
қайталап айта білді.
Қандай түсініктерді игерді: 1 - ден 5 - ке дейін
тура және кері санауды түсініктерін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Досты қадірлеуге,
құрметтеуге дағдыланды. Міне,тәрбиешінің
әдісіндегі көрнекі-бейнелілік ойлау
нақты заттарды пайдалану белгілі мақсатты көздейді.
Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы
баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару
және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету
қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың
бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді
көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру
арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің
әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін
табу қабілеті дамиды. Балабақшадағы таным
қалыптастыруда әдіскер қауымның атқарар
еңбегі қашанда ауқымды, маңызды, қажетті
және жауапты, әріптестер еңбегіне шығармашылық
табыс тілеймін.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Қазақстан мектебі»
журналы -№1, 2001ж.
2. Республикалық ғылыми-әдістемелік
журнал 2007ж