Алим М.А.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ЖАСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУ-
ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ
Балалар мен жастар
ұйымдастырының өз қызметін тоқтатуы,
бұқаралық ақпарат құралдарының
зорлық-зомбылықты насихаттауы, индивидуализм мен ішіп-жеп пайдалану
психологиясы жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді.
Мәнді өлшемде азаматың, патриотың жеке басын
қалыптастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім
жойылды.
Өкінішке орай қазіргі кезде
көптеген жастар маңызды азаматтық борыштарды орындауға
жауапкершіліксіз қарап, рухсыздық пен әлеуметтік
жетілмегендік, басқа адамдарға келгенде шыдамсыздықты, тіпті
агрессивтікті байқатады. Сонымен қатар құндылық
бағдарлар, іс-әрекет түрткілері, қоршаған
әлемге деген қатынас, өз қабілет-бейімдері мен
Қазақстан тағдырына деген көзқарастар
өзгереді. Жастардың көптерінде білімге, еңбекке,
әдебиетке, өнерге, шығармашылық қызметке
және адамгершілік құндылықтарға деген
қызығушылықтар жоғалған.
Жастар арасындағы бұндай
жайға жол беруге болмайды, өйткені бұл жай
Қазақстан республикасының ұлттық
қауіпсіздігіне тура қатер туғызады. Әскери борыштарды
орындауда бұл жай ерекше өткір байқалады. Жоғарыда
айтылған жағдайдың себебінің бірі патриоттық
азаматтық тәрбиенің рөлі мен стратегиялық
қызығушылықтары мемлекеттік идеология мен тәрбие
жұмысының жалпы принциптерін жасап шығару, тәрбие
үрдісі мен жастар саясатының барлық жақтарына
әсер беріп арттыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының
елбасы Н.Назарбаев толық тұжырымдағандай қазіргі кезде
білім және тәрбие беру саясаты Қазақстан
халықтарының ұлттық мәдениеті мен
салт-дәстүрлерін есепке ала отырып жүргізуде қалыптасқан,
сондықтан тұлға евразиялық мәдениет пен
евразиялық ынтымақтастықта дамиды. Тәрбиенің жалпы
адамзаттық бастауы қайбір ағартушылық бағдарлама
мен идеология шеңберінде іске асырылуы міндет. Ал қазіргі
тәрбиенің мақсаты мен нәтижесі бойына өз
халқының мәдениетін сіңірген, басқа
халықтардың мәдениетін бағалайтын, өмірінің
барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен
ұйымдастыруға қабілетті адам. Адамгершілік
тәрбиенің мазмұнын тәжірибеде іске асыру жастарды
өмірде бағыт алып, ізгіліктік пен демократияның
мұраттарын қорғай білуге үйретуге жағдай
туғызады.
Әлеуметтік ішкі жүйе ретінде
тәрбие, азаматтық қоғам институты азамат
тәрбиесінің негізгі факторы болады. Азаматтық тәрбие
деп біз қоғам мен мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп
жатқан адамның әлеуметтік – саясаттық,
құқықтық, экономикалық, экологиялық,
моральдық – этикалық білімдерін, тәжірибелік іс-әрекет
адамдарын қалыптастыру жүйесі мен процесі деп түсінеміз.
Әлеуметтік және басқа қатынастар туралы білімдер
стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін
әрқашан жаңа тұрғыдан көріп
қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік
стандарттарға интеграциялау мәні негізінде жас азамат бойында
әлеуметтік іс-әрекет субъектісі ретінде көзқарастар мен
сенімдер, ой-сана мен адамгершіліктік қасиеттер қалыптасады.
Тәжірибелік іс-әрекетте өсіп жатқан адам оның
әлеуметтік ортадағы орнын белгілейтін айқындалған азаматтық
қасиеттер мен ұстамдардың этикалық негіздерінде дамып
қалыптасады. Қазіргі заманның жеке адамы қоғамда
жүріп жатқан процестердің бәріне де белсенді әсер
береді. Егемендік пен тәуелсіздікті нығайту жағдайында
біздің республикамыздың азаматтық тәрбие жүйесі
үшін біз өз тәжірибемізді жинақтауды ерекше
көкейтесті мәселе ретінде санауымыз қажет.
Азамат тәрбиесінің келелі
мәселелерін қайта қарастыруға
қоғамдағы идеологиядан бас тарту жайы ерекше әсер
берді. Бұрын түрлі құбылыс, түсініктер,
өзінің ішкі, сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан,
бәрі бірге қосылып қарастырыла берді. Оған себеп
идеология мен саясат бір болды да догматикалық көзқарастар
басым орын алды. Осыған орай азаматтық көптеген
қасиеттер қоғамда, көбінесе саяси сипатпен, басым
белгілен нұсқауларға тәуелді талданып
құрылымданды. Жаңа заман азаматтық
тәрбиенің құрылымын, компоненттерін, тіпті
тәрбиенің өзін де саяси коньюктурадан жеке алып
қарастыруға жағдай жасады. Ерекше айта кететін жай
жоғарыда айтылғандар әсіресе азаматтық тәрбие
мәселелеріне өте қажетті нәрселер.
Азаматты
қалыптастыру мәселелері ішінде ерекше өзектісі біздің
республикада азаматтық тәрбие жүйесінде жаңа
стандарттарды зерттеп дайындау. Біздің республикамыздағы
қазіргі азаматтық тәрбие жүйесі бүгінгі
күнде ұлттық менталитеттің және әлеуметтік
ортаның көпұлттылық ерекшеліктері мен
өзгешеліктерін толық есепке алып байқатпайды десек
артық болмас. Әрине, бұрын азаматтық
тәрбиенің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектері,
сонымен қатар, оның стандарттары зерттеліп дайындалған
жоқ деуге болмайды.
Азаматты
тәрбиелеу жүйесі өз мәнін қазіргі замандық
педагогикалық жүйеден алады, бірақ кеңес
Одағының бұрынғы республикасы егемендік пен
тәуелсіздік алғаннан соң өздігімен дами бастады. Тіпті
бүгінгі күн шындығы, ондағы өзгерістер бұл
негіздерді қайта қарастыруды талап етеді. Бұл талапты
тағы бір айқындаушы себеп – кеңес педагогикасындағы
азаматты тәрбиелеу жүйесі басқа
құндылықтарда құрылған, кей жағдайда
тіпті жаңа өзгерістерге мүлдем келіспеді, өйткені
Қазақстан халықтары мен қазақ халқының
ерекшелік, өзгешеліктері бар. 1980-1992 жылдар аралығында Москва
қаласында тәрбиенің жалпы мәселерін зерттейтін
ҒЗИ аспирантурада оқып жүрген кезімде мен өзімнің
диссертациялық зерттеуім бойынша жоғары сынып
оқушыларының азаматтық белсенділігін қарастырып
Қазақстандағы отбасы ерекшеліктерін белгіледім. Ресеймен,
оның орта региондарымен және Қиыр Шығыспен
салыстырғанда Қазақстандағы ата-аналар
балаларының азаматтық белсенділігінің қалыптасуына
жоғарырақ әсер беретіні сол кезде дәлелденді.
Азаматтық белсенділікті зерттегенде біз азаматтық
белсенділікті тұлғаның интегралдық қасиеті деп
анықтағанбыз. Оның негізі тұлғаның
адамгершілік қасиеттері, ой-санада бекіген азаматтық сенімдері.
Олар барлық халық, қоғам мүддесі үшін
саналы мақсатқа бағытталған белсенді әрекетте
байқалады. Осыған сүйене отырып тұлға
өзінің азаматтық ілкі бастаулары маңайына барлық
басқа негізгі сипаттамаларды жинап қоса алады деуге әбден
болады.
Тәрбиенің басқа бағыттарынан
азаматтық тәрбие өзінің көпқырлығымен
ерекшеленеді. Тұлғаның өмір мен
іс-әрекетінің бір ғана бөлігінде белгілі
азаматтық қасиеттерді дамытып қалыптастыруға болмайды.
Біз белгілендей азаматтық бейне, дұрысырақ айтқанда,
азаматтық белсенділік тұлғаның өмірі мен
іс-әрекетінің және барлық тәрбие
жұмысының нәтижесі болады, яғни, азаматты
тәрбиелеу тұлғаның барлық жасампаз
іс-әрекетімен шектеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
http://topreferat.znate.ru/docs/index-6533.html?page=2 электронды ресурс
2.
Қазақстанның қысқаша
статистикалық жылнамасы.
Статистикалық жинақ / Қ.С. Абдиевтің редак. - Алматы,
2004. 216 6.-Б. 10-11.
3.
Қазақстан жастары: жай-күйі,
үрдістері, келешегі// ҚР Мәдениет министрлігі Жастар
саясаты департаментінің
сараптамалық баяндамасы. - Б. 49-50.
Абдраймова Г.С.
4.
Ценностные
ориентации современной молодежи: монография - Алматы:
5.
Издательство
БАУР, 2005-302с.
Бабакумаров Е.Ж.,
6.
Куттыбаева Р.С.
Социальная политика государства в переходный период //
7.
Методические
рекомендации. Алматы, 1996. Қазақстан
8.
Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заң.
2004 жыл 14 шілде