Молдазимова А.Е. Сураншиева Р.Қ .
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
МӘДЕНИЕТ
– ӨМІР ДІҢГЕГІ
Мәдениет –
рухани мәйек. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы. Бір сөзбен
қайырғандағы болмысы
осы. Сондықтан ол қай уақытта да өз мәнін жоймасы
анық. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың
сөзімен айтатын болсақ «Мәдениет- ұлттың бет-
бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл- ойы, парасаты, өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен,
мәдениетімен, ұлтын
ұлықтаған
ұлы тұлғаларымен, әлемдік
мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді- кішілі
үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің
ұлттық төл мәдениетімен руханиятынан жұрдай -жұрттың
ертеңін елестетудің өзі мұң. Осыны терең
түсінген қазақ қашан да алдымен мәдениет пен
әдебиетті, өнерді алға тартып отырған. Еліміз
тәуелсіздігін алып, еңсесін тіктегелі өшкеніміз жанып,
жоғалғанымыз жанданып жатыр десек, артық
айтпағандық. Әсірессе, жігерімізді жанитыны- осы бір
мәдениет саласындағы толағай жетістіктеріміз.Кеңестен
кейінгі кесірлі кезеңде қаншама ауыл-аймақтарда,
өңірлерде мәдениет нысандарының есігіне қара
құлып салынып қабырғалары қақырап
қалғанын талай көргенбіз. Ал, егемендіктің
шымылдығы түріліп, ес жинағаннан соң өркениет пен
қатар мәдениетке де мән берілгені сол-ақ екен,
бұл саладағы күрмеуі қиын түйінді
мәселелердің шешімі оңынан тарқала бастағанын
көз көріп, көңіл қуанып жатты. Олай
деуіміздің бірден- бір
айғағы өңірлер
мен елді мекендерде халықтың игілігі үшін жасалған
тиімді бағдарламалар барысымен қайтадан жаңа мәдениет
нысандары бой көтеріп, елге еңбек ете бастағаны.
Бұл орайда облысымызда да шешім
оңынан келіп , оңталы атқарылып жатқан шаруалар аз
емес. Оған мәдениет саласындағы ілгерілеушілік деп облыс
орталығындағы ірі
істер өткізіліп жатқан
айтулы шараларды ауызға алып,
жергілікті аудан- аудандардағы
жасалып жатқан игі
жұмыстардың барысын
бағамдаған ләзім.
Өнер мен мәдениет саласының көрсеткіштері
санымен өлшенбесе де олардың біздің өмірімізде де,
қоғамда алар орны ерекше. Жастардың ұлттық
рухының биік болуына, салт- дәстүрі мен Отанға,
тұған жеріне деген махаббатын
оятуына үлкен үлесі бар.Өнер жеке тұлғаның
жан- жақты дамытып жетілуіне, оның эмоцианалды күйіне,
интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың
қордаланған сан ғасырлық мәдени
тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді.
Елдігіміздің басты нышаны- өнеріміз бен мәдениетімізді
ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл
қазынамызды насихаттап, терең біліммен өскелең
ұрпақты тәрбиелеу, әлемдік мәдени
құндылықтарға баулу жолында жұмыс жасап келеді.
Кез –келген елдің өлшемі
өнері мен мәдениеті арқылы танылып, бағаланатыны
анық. Осы орайда жастардың патриоттық және
азаматтық қалыптасуына, ұлттық мәдениет пен тілді
дамытуға, жастардың шығармашылық жетістіктерін анықтау
мен тарату мақсатында, студент жастардың өмірін
мазмұнды ұйымдастыруда түрлі өнер байқаулары мен
фестивальдар, концерттер мен кештер, апталықтар, дөңгелек
үстелдер, жас ақындар айтысы, т.б., іс- шаралар жүйелі
жүргізілуі тиіс деп ойлаймын.Әсіресе студенттердің бос
уақытын тиімді, қызықты ұйымдастыруда
шығармашылық ұйымдардың рөлі зор. Елбасы Н.
Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан- 2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Кез келген
жанрдағы келген туыңды, мейлі кино немесе мультипликация,
музыкалық немесе драмалық шығарма болсын, бірлік,
патриоттық, жасампаздық идеяларын наихаттауы қажет»- деп атап
өткен болатын. Осы тұрғыдан келгенде білім, өнер, мен
мәдениет ордасы
ұлтымыздың рухани байлығын жоғалтпай,
өнерімізді ел игілігіне
жұмсау бағытында ел
болашағы саналатын жастарға
бәсекеге қабілетті білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиесінде дараланатыны даусыз.
Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан
ұлттық мәдениеті
бар.Қазақ халқының да
ғасырлар бойы қалыптасқан өзінің
тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа
көзқарасы, бай тарихи археологиялық, этнографиялық,
әдебиет және көркемөнер мұралары бар. Бұлар
халықтың тарихи өмірімен, әдет-
ғұрыптарымен тығыз байланыста өмір сүрген.
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс өмір
салтында ұрпаққа көркемдік саласынан тәрбие беру
оның күнделікті тыныс тіршілігімен байланысты болған.
Соның ішінде фольклордың, қолданбалы өнедің,
халықтың музыканың, айтыс, терме, сөз
өнерінің маңызы ерекше болды.Қазақ халқы
жаратылысынан өнерге бай, әрі оған бейім
болғандықтан, өзінің сүйініші мен күйінішін
жыр жолдары, ән- күй саздары арқылы шебер жеткізе
білген.Халқымыздың өлең- жырлары, мақал- мәтелдері,
ертегіліері, шешендік қара сөздері жастарға эстетикалық
тәрбие беруде мәдени мұраға айналды.Ұрпағын
әнші, күйші, жыршы, жырау, ақын, шешен, қолөнер
шеберлігіне баулу арқылы қазақ халқы оның
тәрбиесіне айрықша мән берген. Сондықтан да,
қазақ халқында
«Өнер көзі -халықта» деген нақыл сөз
сақталған.
«Өнерді -үйрен де жирен»-
дегендей, өнер аталуының көркемдік- танымдық
маңызы зор, оның тұлғаны эстетикалық
тәрбиелеуде ықпалы мол Өнер арқылы адам
өзінің шынайы көңіл күйін білдіреді, өнердің
өзінен үйрене отырып, оның қиын, кұрделі тілін
тұсіне білуге ұмтылады, рухани жан дүниесін эстетикалық
талап тұрғысынан тәрбиелйді. Өнер арқылы
тәрбие беру жүйесінде музыка мен театр ерекше маңызға
ие. Әсем әуен, тамаша
музыка сазы адамдардың жан дүниесін жадыратып,
көңіл күйін сергітеді.Музыка тілімен жеткізе алмайтын
тереңде жатқан нәзік сезімді жеткізу құралын Л.Н.Толстой
«Жақсы музыка көңіл күйдің, сезімнің
шежіресі»- деген. Жастардың көркемдік танымын қалыптастыруда,
арман- қиялын дамытуда көркем әдебиеттің әсері
мол. Проза, поэзия, арқылы эстетикалық санасы, талғамы артып,
шығармашылық қабілеттерін шыңдауға жастардың
көркемдік- эстетикалық бағдарын айқындауда әдеби-
көркем шығармалардың
тигізер пайдасы орасаң .Мәдени тәрбие жұмыстары
және эстетикалық тәрбие идеологиялық
жұмыстың барлық жүйесімен байланыста болып,
қоғамның мәдени
құрлысының бірегей
негізі болып есептеледі. Соған орай жастардың тұтас
эстетикалық мәдениетін қалыптасыру қоғамдық
мәдениеттің құрылымын жетілдіру жағыдайында
өзінің әрі қарай дамуын
жалғастырады.Қазіргі таңда студенттерге отандық
және дүниежүзілік көркем мәдениеттің
таңдаулы үлгілері арқылы эстетикалық тәрбие
берудің маңызы айрықша.Бұл міндетті шешуде
олардың сабақтан тыс уақыттағы эстетикалық
және көркемөнер әрекеттерінің маңыздылығын
ескермеуге болмайды, яғни үйірмелерде, клубтарда, мәдениет
үйлерінеде, факультативтерде өнермен айналысу жастардың жеке
тұлғасының, эстетикалық мәдениетінің
қалыптасуына шешуші фактор ретінде ықпал етеді.
Шығармашылық ортада тәрбиелік шаралардың
тақырыптарын үнемі кеңейте отырып, оны студенттер
қауымының өзекті мәселелеріне жақындату кажет.
Сондықтан, тәрбие жұмысының осы бағытта
тереңдетуде, нәтижесін арттыруда аудиторияның сезімдік
көңіл- күйін қамтамасыз ететін өнер, поэзия,
кино, театр, музыка, би, көркемөнер, құралдарының
мүмкіншіліктерін кең түрде қолдану
қажет.Мәдени- мекемелерде мәдени- тынығу жұмыстарының
құралдарын, тәсілдерін, жорамаларын кең түрде
пайдалануға тырысады. Сондықтан да бүгінгі таңда
оның жұмысын педагогикалық тұрғыдан жетілдіру
бағытында мәдени-ағартушылық жұмыстарын
жеткізуде. Соған орай педагогика ғылымының алдында
тұрған міндеттердің бірі- әрбір
тұлғаның шығармашылық күш- қайратын
қалыптастырып, оның шығармашылық
қабілеттілігін арттыру. Себебеі
бүгінгі жаңа адам тек белгілі бір біліктілік пен
дағдылардың жүйесін меңгерумен ғана шектелмеуі
тиіс, сонымен бірге кез- келген әрекеттке шығармашылықпен
белсенді қарым- қатынас жасалуы міндетті іс.
Мұндай қажеттілік бүгінде
қоғамда болып жатқан өзгеріс заттың
өндірісті тек ғылыми- техникалық тұрғыдан
қайта құрумен ғана емес, сонымен бірге сол еңбектің өзіне
жаңа түр, мазмұн беру, ол үшін оған жаңа
адамды даярлау процесімен де байланысты болып отыр. Ол әрбір
адамның әртүрлі әлеуметтік, техникалық және т.б. процестерді
шығармашылықпен,
белсенділікпен ұйымдастыру және оларды жүзеге асыруға қатысуы барысында ған
ақиқатқа айнала алады.
Шынында да, өнердің нағыз көркем
шығармалары ғана жастарды эстетикалық жағынан
тәрбиелеп, оның әсемдікке деген сүйіспеншілігін
және жамандыққа деген
жиреніш сезімін оятып отырады.
Адам баласы әсемдікті сезіну
арқылы рахаттанып, одан қуат алып адамдық қасиетерін
қалыптастырады. Әрбір рухани сезім белгілі бір әрекеттерден
туады, яғни жеке тұлғаның әсемдік әлемін
сезініп, одан рахат табуы үшін, оның өнерді түсініп, ой
елегінен, түйсіктен өткізу арқылы тәрбиелік
тұрғыда әсер етеді. Өнер- эстетикалық тәрбиенің
басты құралы. Эстетикалық тәрбие арқылы жеке
тәрбиеленушінің эстетикалық танымы, эстетикалық білімі, көркемөнер
дарынының нышандары дамиды.Өмірге эстетикалық
көзқарасы, эстетикалық санасы қалыптасады да, ол
ұлттық мәдениеттің дамуына зор әсерін тигізеді.
Өнер-адам жанына рухани азық болады, адамның адамгершілік
сезімдерін молайтады. Өнердің құндылығы да осында
жатыр.
Сөз соңында айтарымыз,
мәдениеттің өзекті бір бөлігі- өнер екендігі.
Олай болмаған күнде, өнер -мәдениеттің алтын
қазынасы демес едік.
Әдебиеттер
тізімі:
1. Таңшолпан
Мәдиқызы «Мәдениет»
журналы. Тараз, 2012.
2. «Ұлт тағылымы» журнал. Алматы, 2004.
3.
Студенттердің қарым- қатынас мәддениетін
қалыптастырудағы ұлттық ерекшіліктердің
маңызы.Жас ғалымдардың 5-ші Республикалық ғылыми
конференциясы.-Ақтөбе, 2003.
4. «Өзіндік
таным» -Алматы, 2004 .
5. «Мен Адаммын», Игенбаева.А. -Алматы, -2000
6. Әміралиев
Ш. «Рухани байлық- өмірден».-Қазақстан мектебі,
-Алматы,1992.
7. Утебаева А.
«Рухани байлық- өмірден»
-Алматы,1994