Сейсембай
Т.Т., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің магистранты
Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан
Фольклор – қазақ балалар поэмасының
қайнар көзі
Әдебиеттану ғылымында
балалар әдебиеті жайлы ғылым кенже де болса дамып келе жатыр. Әдебиеттану ғылымында қазақ балалар поэмасы
туралы ғылыми пікірлер әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан
әр жылдары мерзімді басылымдарда айтылып келгенмен, қазақ
балалар поэмасының қалыптасуына негіз болған
дереккөздер, оның сюжеттік құрылымы мен образдарды ашу,
шығармалардың тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін
саралау,сонымен бірге бұл
туындылардың стильдік сипаты мен балалардың жас ерекшелігіне
қарай жіктелу негізі хақында, сондай-ақ фольклормен
халықтың өткен тарихымен, өмір шындығымен
байланысы, балалар психологиясымен
сабақтастығы жөнінде мәселелерге арналған
жүйелі зерттеулер жоқтың қасы. Қазақ балалар поэзиясы туралы
маңызды еңбек сыншы
Қ.Ергөбековтың "Мейірім шуағы"[1]
атты әдеби-сын кітабында қазақ балалар поэмасының жанрына тән ерекшеліктер
сараланған.
Қазақ
ақындарының балаларға арналған ертегі поэмалары фольклордан бастау
алды. Балаларға арналғанқазақ ақындарының
ертегі поэмалары жеке жанр ретінде 1920-30 жылдары қалыптаса бастады. Ақындар
поэмаларына сюжет өзегі етіп ертедегі жыр, қисса-дастандарды,
ертегілерді алды.Қазақ әдебиетінің көрнекті
қайраткері А.Байтұрсынов «Ақындар ескі ертегіні ажарлап,
ертегі жыр етіп шығарады яки өз тақырыбымен өз
қиялынан шығарады» [2.163]
дейді осындай туындыларға Бейімбет
Майлиннің «Өтірікке бәйге»
(1922) және Мағжан Жұмабаевтың «Жүсіп хан» (Шын ертек)
(1924), «Өтірік ертек» (1926) сияқты ертегі поэмалардыатауға
болады. Балаларға арналған бұл поэмаларда балалардың
жас ерекшеліктері, ертегіні қабылдау деңгейі, ой өресі, білім
деңгейі ескеріледі.
Б.Майлиннің «Өтірікке бәйге» атты ең
алғашқы балалар ертегі поэмасына қазақтың
«Қырық өтірік» ертегісінің
сюжеті негіз болған.
Хандар, хандар, хандар, хандар
Қарашасын ерткен.
Мініп түсіп, төгіп
ішіп,
Күн өткізген
желікпен.
Сайрандаған,
ойрандаған
Сарыарқаның
даласын,
Хандық
құрып бөліп-бөліп
Сорлы
қазақ баласын, - деген кіріспемен басталады.
Оқиғаның "хандар"сөзінің
бірнеше рет қайталанып басталуы бала
назарын ерекше аудартып, бала қабылдауына тартымдылық
тудырады. Кіріспе бөлімінде ойларына
келгенін істеп, халықты әбден мезі еткен хандардың
іс-әрекетін бала танымына түсінікті етіп баяндайды. Ауыз
әдебиетіндегі оқиға желісін көркем поэзия тілімен
баяндауы балалардың қызығушылығын арттыра түседі.
Ертегі поэманың қысқаша
мазмұны: әбден іші пысып еріккенхан
уәзірлерін шақырып алып өтірікшілердің бәйгесін
ұйымдастыруды тапсырады. Өтірікшіге қойылатын шарт бойынша
егер бәйгеге түскен өтірікшінің өтірігін тыңдап
отырып "өтірік" десе - өтірікші
жеңеді, ал "рас" десе - өтірікші жеңіледі, жеңген
өтірікші бір көзе алтынға ие болады
Хан алдына талай өтірікші келіп ханды жеңе алмай кетеді, бір
күні хан алдына бір таз бала келеді. Оның өтірігін
тыңдаған хан алтынын қимай "рас" дейді. Сонда қалай да жеңуді
ойлаған ол "бала күнінде бұқа бағып
жүрген бір шалды көргенін" баяндайды. Содан кейін ханға:
"Тақсыр ханым! Білесіз бе, сол жаман шал кім еді?" деп
сұрайды. " Жоқ, білмеймін, ал айта ғой" дейді хан.
Білмесеңіз,
мен айтайын
Шалдың
жөні-жосығын:
Бұл
шал сіздің әкеңіз еді,
Рас
па, ханым, осыным? -
дейді таз бала.
Ұсқынынан жан шошырлық жиіркенішті шалды әкем еді деп айтуғанамыстанған хан "өтірік" дейді амалсыз.
Сөйтіп ханды жеңген таз бала іші алтынға толы көзеге ие
болады.
Бейімбет Майлин фольклордағы бала тапқырлығын
көрсететін Тазша бала сияқты образды таңдап алып
"Қырық өтірік" ертегісін балалар
ұғымына лайық өлең өлшемімен ертегі
поэмаға айналдырған.
Өтебай
Тұрманжановтың "Қарлығаш" (1930) ертегі поэмасы - балалар
санасының қабылдауына қонымды туындының бірі. Сондықтан
"Поэма жанрына жататын, яғни айтылатын,
баяндалатын лиро-эпостық шығармалардың түрлері сан-алуан. Батырлық жырлар,
халықтық дастандар, көлемді (сюжетсіз) толғау
жырлар - бұлар поэманың қазақ поэзиясында ертеден
ең көп тараған, бел алған үлгілері"[4.89]
деген академик З.Ахметовтың ойымен Ө.Тұрманжанов
жазған, фольклордан бастау
алған "Қарлығаш" поэмасының түп негізі қабысып
жатыр.
Ақын кіріспесінде
табиғаттың керемет сұлулығын суреттеп,сол
әдемілікті бұзушы жыланмен тартысқа бала назарын аударады. Поэма
персонаждары – жылан, қарлығаш, дәуіт.
Тіршілік үшін тартысты бала
логикасына сыйымды етіп алып, ақын
қамқорлықты, ізгілікті, мейірімді үлгі етеді.
Дәуітті ұя қасына әкеп
қойды,
Сыланып дәуіт тұрды
тұла бойды.
Сол кезде сусып келіп жылан жетті,
Жыланның
шұқып дәуіт көзін ойды.
Халықтық сюжетті бала
сезіміне әсер етерліктей қабылдауына нанымды етіп суреттеп,
ізгілікті ойды кішкене оқырманына жеткізген.
Фольклорлық ертегі сюжетін негізге алып жазылған поэманың бірі
-С.Бегалиннің "Ұр, тоқпақ" ертегі поэмасы.
Ертегінің тәрбиелік мәні – балаларды
адалдыққа, жақсылық жасауға, еңбек етуге
баулу, аңқаулықтан сақтандыру, қу
әрекеттерден аулақ болуға,өтірік айтпауға
тәрбиелеу. Поэма соңын ақын адал еңбектің
мәнімен түйіндейді.
Қазақ балалар поэмасына қатысты
ақындардың фольклорлық ертегі, аңыздар сюжетін
пайдаланып жазған ертегі поэмаларын негізінен былай топтауға
болады. Оның біріншісі, қазақ ауыз әдебиетінде
бұрыннан бар, қара сөзбен баяндалған ертегіні
(аңызды) поэзия тілімен, "нәзира" үлгісімен
жырлаған жаңа шығармалар, яғни ертегі поэмалар
(аңыз поэмалар). Бұған Ө.Тұрманжановтың
“Бөдене мен түлкі”, “Қарлығаш”
,
"Аңғал бұғы, алдамшы түлкі, аң патшасы
ауру арыстан
туралы хикая", Б.Ысқақовтың
"Қарлығаштың құйрығы неге айыр", М. Жаманбалиновтың
"Түйе жылдан қалай құр қалды?",
М.Әлімбайдың" Аяз би", А. Асылбековтың "Жыл басы",
"Қотыр торғай", "Күштілердің
күштісі", "Қарынбай" , С.Қалиевтің
"Әлеуләй", С.Оспановтың "Ақымақ
хан мен ат сыншысы туралы ертегі" т.б. ертегілерін жатқызамыз.
Ал екінші топқа әлем халықтарының
ертегілерінің сюжетіне құрылған X. Ерғалиевтің
"Қоянның ерні неге жырық?"
(Эстон ертегісі сарынымен), ӘАхметовтың "Үлкен сыйлық"
(Вьетнам ертегісі), Ә.Дүйсенбиевтің" Аю мен шаруа"
(Орыс ертегісі), "Шайтан мен старшын" (Латыш ертегісі),
ААсылбековтың "Өзі киіне алмайтын бала немесе жалаңаш
генерал туралы ертегі" (Орыс ертегісі), "Сиқырлы
сыбызғы" (Башқұрт ертегісі) т.с.с ертегі поэмаларын
(аңыз поэмаларын) енгіземіз.
Қорыта келгенде айтарымыз, қазақ
балалар поэмасының қайнар көздерінің бірі – фольклор
болып табылады.
1.
Ергөбеков Қ. Мейірім шуағы.
Алматы: Жазушы, 1985,.
2.
Байтұрсынов А.Әдебиет
танытқыш.Алматы, «Атамұра» 2003.
3. Жұмабаев М. Таңдамалы: Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар. Алматы, 1992
4.
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. «Мектеп», А.,1973