филологические науки/8. Родной язык и литература
А.А.Абдуллина, аға
оқытушы
Арқалық қаласы,
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Жазушы
Ақан Нұрмановтың
мәңгілік өміршең мұрасы
Жазушы Ақан Нұрманов өмір сүрген
қысқа ғұмырында артына өшпестей мол мұра
қалдырған қаламгер. Жазушының басты туындысы-
«Құланның ажалы» романы. Қаламгер ретінде
азаматтық басты ерлігі -кітабында мәрт те асқақ бейне
Теке Құланды сомдауы еді. Оқырман жазбай таныды. Автор
Құлан бейнесінде халық батыры Кейкі Көкембайұлын
өмірге қайтарды. Кеңестік кезеңнің салтанат
құрып тұрған жылдары - ақ, «үкіметке
қарсы шыққан банданың бастығы болған,
Қарақұм көтерілісіне жетекшілік еткен.
Алашорданың қалдығы» Кейкі батырды тірілтті.
Өр
бейне, нар тұлға Құлан мерген кітапта Сардар аталатын,
шын мәнінде 1916 жылғы патша жарлығына қарсы
шыққан халық көтерілісінің басшысы Аманкелді
Иманұлының қарулас досы, үзеңгі серігі
болған адам. Көтерілістің рухани жетекшісі Әліби
Жакелдин болса, ол романда туа атымен аталады. Құлан – кейкі батыр
мен Сардар -Аманкелді бейнесі кітапта қатар сомдалады, олардың ел
тәуелсіздігі жолында иықтаса күрескені шығармада
негізгі желі болып таратылады. Қол жеткен теңдік мәнін Құлан
батыр тар көлемде енді тыныштық орнады, жеті үй Теке
әулетін жайлы қонысқа, елден бөлек әкетіп, мал
малданып, жан жанданбақ болды. Жаңа өкімет орнатып,
ұжымдастыру саясатын жүргізуде қарсылықтар көп
болды. Жаңа өкіметке күдікпен қарайтындар әлі де
баршылық еді. Белсенділердің дарықпа саясаты, жат
қылығы Құландай аңғал жанды «банды»
атандырып, қашқындық жолға салды. Жазушы шеберлігі
сонда халық батырын мәрт қалпында суреттейді. Кітапта
Құлан асқақ күйінде, ат үстінде,
кеңесшіл жендеьттердің қолына тірідей түспей мерт
болады. Батыр бейнесі оқушы көз алдында асқақ
қалпында қалады.
Шындығында
Қарақұм көтерілісі кеңестер тарапынан
күшпен басылды. Кейкі батыр «Кеңес өкіметіне жат адам»,
«банды» танылып, басы кесілді.
Мынадай
сабақтастық таң қалдырады. «Сағағына сары
шіркей үймелеп, жау іздеген ерлердің басы қайда
қалмаған»-деп Махамбет ақын жырлағандай ел
тәуелсіздігі жолында күрескен Кенесары ханның да, Махамбеттей
ақынның да, Кейкідей батырдың да бастары кесіліп, қолды
болды. Махамбет ақынның басы күшпен сүйегіне
қосылып, бірге жерленді. Кенесары мен Кейкінің бастары енді ізделуде.
Іздері шықты...
Хан,
батырлар рухына ақын-жазушыларымыз жырларын арнады, кітаптар жазды.
Есімдерін ардақтап, халқымен қайта қауыштырды. Ілияс
Есенберлин «Қаһар» романында хан Кене бейнесін кеңестік
кезеңде-ақ, сомдады. «Құланның ажалы» романында Ақан
Нұрманов Кейкі батырды қайта тірілтті. Жазушы шеберлігі
арқасында Құлан мергеннің бейнесі оқырман есінде
мәңгілікке қалды.
Ақан
Нұрмановтай талантты қаламгердің артында қалған
мол мұрасына қамқор болып, жерлесінің
шығармашылығын жоғары бағалаған профессор,
архитектура академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
Әбдісағит Тәтіғұлов болды. Ақан
шығармашылығы туралы академик: «Сөз түйсінер зерделі
қауымның ой таразысымен сараласақ, Ақан өзгені
де, өзін де қайталамаған қаламгер ретінде
жүрегімізде жатталып қала бермек».
Кейкі
батырдың ерлік ғұмыры, мәрттік өлімі туралы
Әбдісағит Тәтіғұлов былайша тебіренеді:
«Қызыл қырғында азаттықпен соңғы дауылпаз
символы болып ең соңғы «дала көкжалы»
Торғайлық Кейкі батыр (Құлан) кетті бұл
өмірден, Эрмитаж төрінен орын алып...»
«Қызыл
қырғында» Құлан арамдық пен
сатқындықтың аяусыз құрбаны болып, күйіп
кеткен адал да аңғал, қайсар да батыл дала дауылпазы
аспандағы ойға айтылғандай мерт болды. Өр
қалпында, өр тұлғасы иілмей, ат үсті өлімді
қарсы алды. Романның психологиялық мотивировкасы осы
тұста айқын ашылған, құланның ажалы
тәуелсіздік құрбаны, ерлік өлім.
Жоғарыдағы
әсерлі ой үзіндісі, толғаныс үстінде айтылған
сөз Ақанның Құлан - Кейкіні қайта тірілтіп,
«дала көкжалымен» қайта табысқаннан кейінгі академиктің
толғанысы. Ал, Құлан - Кейкідей батырын тірілткен Ақан
туралы жүрекжарды ойы тіпті керемет.
«Ақан
кешегі «Мен кесекті ердің сойымен, кескілеспей бір басылман...»,
Қарағай шаптым жампоздап, хан қарасын жоям деп, Жолбарысша
жорыттым, етіне құлан тоям деп, жырлап өткен ер Махамбет
сынды Кейкіні (Құланды) өз халқына тарихына тайға
басқан таңбадай қайтып бере отырып, өзі де
әдебиетімізде өзіне сәйкес орнықты орын алды»,- деп
жазды жазушылар газетінде. Сөйтіп, Ақанның жазушылар арасында
алар орнын анықтай көрсетті.
Ақан
35 жыл ғұмырында - найзағайдай ғұмырында
өзінің басты шығармасы «Құланның ажалы»
романынан басқа да ондаған әңгіме, повестер жазды.
Өз замандастары туралы ақындық жүрекпен жазылған
«Солай болған екен», «Аққу шоғыры», «Ор» повестерін,
«Күзде ашылған гүл», «Ымырт», «Әке», «Айна
көлдегі түн», «Жақсы апа» сынды көптеген
әңгімелері қалды.
Ақанның
артында көңілге медет ұрпақ қалды.
Жазушының жұбайы Жібек жеңгей Роза, Тана, Әлен, Анар
есімді ұл-қыздарын өсіріп отыр. Ақын
шығармашылығына қамқор болып жүрген Қалихан
Ысқақұлы. Әкім Тарази, Сайын Мұратбеков сынды
қаламгер достары бар.
Осылардай
жазушы достарының бірі Ақан шығармашылығы туралы былай
деп жазады: «Ақан Нұрманов, сөз жоқ, талантты прозаик
еді, оның творчестволық биігі «Құланның ажалы»
романы болды. Бұл роман жөнінде біздің әдеби сынымызда
аз айтылған жоқ. Сонымен қатар, Ақан Нұрманов
қаламынан ттуған повесть, әңгімелер де кезінде жас
оқырман назарын аударғанын білеміз. Ол, әрине,
кездейсоқ құбылыс емес еді. Өйткені сол
шығармаларда сол кездегі жастардың бейнесі бір сыдырғы
әсерлі бейнеленеді деп қараймыз».
Жазушы
О.Сәрсенбай Ақанның жалпы шығармашылығына,
оның суреткерлік шеберлігіне, замандастары бейнесін жасаудағы
табыстарына атап-атап жоғары баға берді. Заман тынысын беретін,
әлеуметтік жағдайынан сыр шертетін әдеби мұра деп
бағалайды. Кезінде Ақанның әдеби шығармашылығын
көпшілік солай бағалаған да.
Жазушы
Ақан Нұрмановтың артында өшпес мұра,
өміршең де мәрт, сыршыл да сезімтал тұлғалар
қалды. Тәуелсіз еліміздің жасампаз ұрпағын
тәрбиелеуде жазушы шығармалары рухтандыра береді деп сенеміз.
Өйткені, найзағай ғұмыр кешкен қаламгердің
артында қалған шығармалар үні, автордың айтары
соған саяды. Ақан аз жазса да, наз жазған қаламгер.
Құлан – батыр, құралайды көзге атқан мерген,
ең бастысы ел тәуелсіздігі жолында мерт болған көзсіз
Ер. Оның бұл ерлігі тәуелсіз ел жастарын ынтымаққа,
елдікті қорғауға үндейді. Автордың елжірей
жазған өз замандастары да өміршең жандар. Демек,
Ақан шығармашылығы өмірден өмсірге жалғасып
жасай бермек, ұмытылмақ емес. Қорыта келгенде, көрнекті
жазушы Ақан Нұрмановтың артында әдеби
өміршең мол мұра қадырған қаламгер. Жазушы
шығармаларының өн бойынан тарихи тұлғалармен
өз замандастарының әр қилы тағдырлары мейлінше
шынайы, мейлінше шынайы,мейлінше ыстық қалпымен оқырманын
өзіне тартып тұрады,туған жері мен өскен елінің
көркем суреті баурайды. Шымыр да сырлы сөздерімен
оқырмандарына ой сала баяндайды,кейіпкерлерінің жан дүниесін
нәзік сезіндіреді.
Демек,
Ақан Нұрмановтың әдеби туындылары
мәңгілікке жалғасар өміршең мұра.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Нұрманов А.
Құланның ажалы. – Алматы, 1976 ж
2. Ысқақұлы
Қ. «Ақан». «Жұлдыз» журналы ,1997 ж. № 11,12
3. Қазыбеков Н. Ой
таразысы. Сын мақалалар. – Алматы,1991 ж.
4. «Қазақ
әдебиеті» ,2003ж.7.11. № 44
5. «Жұлдыз»
журналы,1990 ж.,№ 5