Филологические науки/9.
Этно-, социо- и психолингвистика
Аға оқытушысы Нуркеева Б.А.
Қазтұтынуодағының
Қарағанды экономикалық университеті,
Қазақстан Республикасы
САЛ-СЕРІ
СӨЗІНІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ
Өлең мен әнді дархан өнер деп түсінген
салсерілер ән-жырды халықтың сусыны, сұлулық
сипаты деп қастерледі. Жаратылысынан бас еркіндігін сүйген олар
өз өскен орталарындағы топас билеуші, үстем
қауымның, қиянатшыл әкім-төрелердің, дін
иелерінің халыққа жат қылықтарын жексұрын
көріп,сол ортаны менсінбей, заманына қыңыр келіп, қыр
көрсетті. Бұл қыңырлықты басқа жолдардан
таппаған сал-серілер өз өнерімен өзгеше өмір
сипатымен серілік, өрлік мінезімен сездірді. Олардың
ақындық, әншілік өнеріне өзгеше өмір
сипатын серілік, өрлік мінезімен сездіреді. Олардың
ақындық, әншілік өнеріне өзгеше көрік сипат
беруші олардың
таңғажайып өмір тірішілігі.
Сал-серілер бойынан жоғарыда айтылған қасиеттердің
бәрі де табылуы шәрт емес. Мысалы Ақан мен Біржан сал
әнші ақындық өнерімен ғана танылған. Ал
Шашубай өз репертуарын домбыра сүйемелдеуінсіз ғана айтатын.
Қолына сырнай алғанда кәнігі сахна шеберіндей бет
әлпеті лезде қырық құбылып, қасы-көзі
ойнақшып, анда-санда өз-өзіне «Сөйле, Шашеке» деп
айқайлап қойып жырлайды. Сонымен бірге қолына таяқ
ұстап құбылмалы қақбақыл ойынын да
көрсететін.
Ағашаяқ ән
салғанда әуен ырғағымен сөз мәнері
ұжымдаса байланысып, өзінің бет бейнесі, отырыс-тұрысы
мың құбылып, түрлі саққа
жүгіртіп, маңайындағы
жұртты қыран-топан күлкіге батыратын болған.
Үкілі Ыбырай айқайға басқанда отырған орнынан
жортақтай есікке қалай келіп қалғанын өзіде
аңғармай қалады екен. Сал-серінің актерлік, артистік
қабілетінің мәні халқымыздың рухани
өмірінде алатын орны ақындық өнерімен бірде-бір кем
емес. Сал-серілер бір бойына сан қырлы өнерді жинаған
нағыз талант иелері.
Сал-сері сөзінің этимологиясына келер болсақ, профессор
Е.Ысмайылов салдарға тән салтанаттылықты ,
сауықшылдықты айта келе, «сал» сөзін «салдырту», «салтанат»
сөздерімен түбірлес сөз деп тапқан(2). Осы этимологияны
мынадай фактілер де дәлелдеп отыр: Ортағасыр түркілері
құмыраларға жағылатын әсем, жылтырақ
желімді «сал» деп атаған;
Қырғыздар «сал» сөзін екі мағынада
қолданады:
1)
«ер жігіт» , «екі иығына екі
кісі мінгендей қайратты жігіт».
2)
«сал-манап» деп барлық уақытын ойын-сауықпен,
той-думанмен өткізетін бай семьялардан шыққан жастарды
айтады.
Ал «сері» сөзін профессор
Е.Ысмайылов арабтың «сейір» және онымен түбірлес «серуен»,
«сайран салу» сөздерімен байланыстырады, шор, төлеуіт тілдерінде өлең
ән айту мағынасында қолданылады.
Сал-сері сөзінің шығу тегі жөнінен Е.Тұрсыновтың пікіріне
тоқталар болсақ, «сал» сөзінің этимологиясы
жөнінен Е.Тұрсынов пен Е.Ысмайылов пікірі бір жерден шығады
да, ал «сері» сөзінің этимологиясын ежелгі түркілердің
тілінде «әскер қол» деген мағына білдіретінін айтады(7).
Ә.Марғұланның да «сері» сөзінің
этимологиясы туралы пікірі Е.Тұрсынов пікірімен сарындас келеді.
Е.Тұрсынов «сері» сөзінің этимологиясын серілердің
пайда болып қалыптасу тарихымен тығыз байланыстырады. Оның
пікірінше бұл сөз «черік» түрінде ежелгі
түркілердің тілінде «әскер қол» деген мағынаны
білдірген. Қырғыздар «черик» деп
әскерді айтады. Құмық тілінде «чер» жақтас
, серік деген сөз, қалмақтар жасақшыны «цергч» , монғолдар «церг» дейді. Сахалар
руаралық, тайпааралық соғыстарда қатысатын
жасақшыларды «қығыс дьоно», яки «сэри» деп айтады – дей келе,
сері сөзінің түпкі мазмұны – «жасақ
құрамындағы жауынгер», «жасақшы»,
«жорықтағы серік» деген түйін жасайды.
«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырының нұсқасындағы
«шеру» сөзі әскер, жортуыл ғана емес, сейіл, серуен
құру мағынасында да жүреді.
Он екі жыршысы
бар, бас балқаным
Шырышқа шеру
тартып жөнеледі.
«Сері» сөзімен түбірлес
сөздің бірі – «чора» В.В.Родловтың айтуынша бұрын
қазақ тілінде «чюра» (шора) сөзі жасақ, жауынгер ,
серік мағынада жүрген.
Тілдің фонетикалық заңдылықтарына көз
жіберсек, түркі тілдер арасында ч-ш-с дауыссыздары бірінің орнына
бірі жүре береді, осыған сәйкес тілші ғалымдар
ақындағандай көне түркілік ш дыбысы
қазақ тілінде с
дыбысы ретінде орныққан. Осы фонетикалық
заңдылық бойынша ч-р, с-р
түбірінен тарайтын қазақ тіліндегі сөздерді былайша
берер едік:

«Сал» сөзі қырғыз тілінде жайсаң, жас қайратты
жігіт, «сал манап» өз уақытын мерекемен, тентектікпен
өнкізетін жігіт(әміршінің, байдың балалары) деген
мағынада жұмсалады. Осы сөзбен түбірлес якудтің
«цаалы» сөзі еркіндік, өз бетімен, қалауымен жүру, ол
түкіменнің «саллах» сөзі – бойдақ үйленбеген
жігіт деген ұғымды білдіреді.
Әдебиет:
1.
Жүмалиев Қ. «Әдебиет теориясы» Алматы, 1960
2.
Ысмаылов Е. «Әдебиет туралы ойлар» Алматы 1986
3.
Тұрсынов Е. «Қазақ ауыз әдебиетін
жасаушылардың байырғы өкілдері» Алматы, 1976