Қабул О. Қ.
аға оқытушы, гуманитарлық
ғылымдар магистрі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қостанай қ.
ДІН
ЖӘНЕ ЖАСТАР
Бүгінгі
таңда еліміз етек жеңін жиып, өркениеттің өріне,
дамыған елдер төріне шығуда. Елбасының «Жастар
еліміздің болашағы» - деп, жастардан зор үміт күтуі,
біз жастар үшін үлкен мәртебе. Ел үмітін ақтау
жолында отанымызға адал қызмет етіп, еліміздің көк туын
көкке көтеріп, көпке қазақ жастарының
интеллектуалды екенін дәлелдеу кезі келгендігін ескеруіміз абзал болар
еді. Әрине, бұл мәселе ескерілмей жүрген жоқ,
Жастар саясаты жайлы еліміздің әр аймақтарында ұйымдастырылып,
жүргізіліп жатқан іс-шаралар әр түрлі деңгейде
көрініс табуда.
Заманауи
техника, заманауи ақпарат пен жаңалықтар өрісі
кеңейген заманда білім мен ғылымға, оқуға,
тәжірибеге сүйеніп, осы салалар сырын ашып, еңбек еткеніміз
дұрыс-ақ. Әйтсе де, келешек ел тізгіншілерінің бойынын
адами қасиеттер нұры шашып тұруы үшін,
құрғақ білім жеткіліксіз екенін аңғару
шарт.
Тәрбие
тал бесіктен демекші адам баласының
мінез-құлқының түзу де толық, ақылды
да есті азамат пен азаматша болып қалыптасуы, оның жастайынан ата-анасынан
алған тәлім-тәрбиесіне байланысты екенін білеміз. Ендеше
дұрыс тәрбие имандылық көзі деуімізге тура келеді. Ал
имандылық адами қасиеттер тұнып тұрған
шаһар кілті.
Соңғы кезде елімізде
секталардың арбауына түсіп, отбасынан айырылып, өмірмен ерте
қоштасып жатқан жандар саны күрт өсуде. Бұл
дәстүрлі емес діни ағымдардың кесірі. Олардың
мемлекет аумағында пайда болғанына ұзақ уақыт
бола қойған жоқ және оларда дәстүрлі
конфессияларға тән емес белгілер жеткілікті.
Тәуелсіздік алғаннан бері жиырма жыл аралығында
Қазақстанда жан-жақты салада даму байқалды.
Қазақстанның орасан зор пайдалы қазба байлықтары
мен территориялық орналасуы елдің бірқалыпты дамуына апарды.
Осы қысқа уақыт аралығында Қазақстан еліміз
бүкіл әлемге танылып, бұрынғы ТМД кеңістігінде
алдыңғы қатарлы елдер санатына енді. Алайда, Қазақстан
басшылығының басты мақтанышы – ол
ұлтаралық, дінаралық келісім болып саналады. Оған
дәлел сансыз ұлттар мекендеген елімізде осы жиырма жыл
аралығында ешбір көтерілістер, ұлтаралық жанжалдар
тіркелмеді. Астана қаласында 2003 жылдан бері өткізіліп келе
жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер жиыны,
сондай-ақ еліміздің ОИК ұйымына басшылық етуі, 2010
жылғы Еуропаның Қауіпсіздік Кеңесіне төраға
болуы осы ауызбіршілік, әлем алдында бейбіт ел боп танылуымыздың
айқын айғағы. Сонда да, бес саусақ бірдей емес
дегендей, еліміздегі осы жетістіктерде бағаламайтын, оны
жоққа шығарып, халық арасында іріткі салғысы
келетін азаматтар бар.
...Мені соңғы кезде толғандыратын жайттардың бірі
сол – еліміздегі діни ағымдар туралы. Жастардың
көбі дінге бет бұрып барады. Бәрі жақсы-ау, тек сол
діни ағымдардың түрі өте көп. Бәрін бірдей
зиянсыз деп айта алмайсың. Көшеге шыға қалсаң,
хиджаб, паранджа киген бойжеткендерді міндетті түрде көресің.
Мысалға, осыдан 4-5 жыл бұрын мұндай құбылыс
тіптен жоқ еді. Түгелдей қара киім киген, беті түгелдей
жабылған, қолына кара қолғап кигендер де аз емес. Ерлер
жағы болса, балағы қысқа, сақалы өскен. Сол
жастардың кейбіреулерімен таныспын. Олардың ойынша хиджаб кимеген
қыз: жезөкше, алқаш, шылым шегетін қыздар екен. Сонда
олар хиджаб кимейтін қарындастарымызды, әпкелерімізді, аналарымызды
соған теңегені ме?! Және де қазақтың
салт-дәстүрлеріне «ширк» деп қарайды екен. Сұмдығы
«кафирлерді» қырып-жоямыз деп ұрандатып жүргендерде
кездеседі. Неге соншалықты өзінің діни көзқарасын
бөліспеген қандастарын, Отанын, ата-бабаларының
салт-дәстүрін жек көреді екен?! Қазіргі жастар
елдің болашағы емес пе?! Араб елдерінде діни білім ордаларында
оқып келген соң, Қазақстанға келіп сол
жақта оқығанын еліміздің жастарына уағыздайды.
«Асыл арна» діни телеканалы ашылды, нешетүрлі тематикалық сайттар
ашылды, газет-журналдар шығарыла бастады. Жер-жерде халал өнімдер
өндіріле бастады. Антисанитарлық күйдегі кейбір самса сататын
жерлерде де «Халал самса» деп жазып қоятын болды. Тағы бір
жаңалық (бір «ахи» айтқан) Суфизм секта екен! Сонда
Түркістанда кесенесі бар, Қазақ елі
ғұламаларының бірі Ахмет Яссауй сектант болғаны ма?!
Ислам ағымдарының түрі көп, қайсысы дұрыс,
қайсысы бұрыс екенін айыра алмай қалдық! Мектеп
оқушылары да хиджаб киеміз деп, газет беттерінде талай пікір-таластар да
болды. Бірақ мемлекеттік орта білім орындары зиялы оқу орны емес
пе! Жалпы Қазақстан зайырлы мемлекет! Әр нәрсенің
өз шегі болуы керек қой! Өзіміздің қазақ
екенімізді ұмытпайық ағайын! Әртүрлі жат діни
ағымдар жетегіне еріп кетпейік! Қазақ ұрпағына адами
қасиеттерді дарытып өсірген халық.
Жоғарыда айтып өткендей,
атадан қалған адами қасиеттердің көзі болып
табылатын имандылықтың сыры ең әуелі діннен.
«Бүгінгі жастардың асыл дінімізден сауаты бар ма, дініміз жайлы
ой-өрістері кең бе?» деген сұрақтар көптің
көкейінде жүр. Көкейдегі сауалды ортаға тастап
бұл мәселелердің шешімін табу мақсатындағы
жүргізілуі тиіс іс-шаралардың қарқыны неге
бәсең? Бұл әрине біздің дінге емес ғылым
білімге қатты көңіл бөліп кеткеніміздің
көрінісі.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын
болсақ, қазіргі қоғамда аталған діни топтарды
айыра білу, біздер үшін маңызды. Оларды сыртқы келбеттері,
дінге шақыру әрекеттері әртүрлі. Олардың ықпалына
еріп кетпеуден қазіргі жастарымызды сақтауымыз керек!!!