Джамалиев Г.Ж.әлеум.ғ.к., доцент, Альжанова А.Ж.,магистрант (Қарағанды, Қазақстан Республикасы)

 

                                     Интернаттық мекемелердегі балалар әлеуметтенуінің ерекшеліктері.

 

Интернаттық мекемелердегі балалар әлеуметтенуінің ерекшеліктері туралы қарастырмас бұрын, біз, адам дамуының, әлеуметтенуінің бірнеше базалық принципін атап өтсек деп едік:

адам дамуы тек қана басқа адамдармен шынайы қарым – қатынас негізінде жүзеге асады; дамудың қозғаушы күші адам мен адам қажеттілігің арасындағы қарама – қайшылық және оны қанағаттандырудағы шынайы мүмкіндіктері болып табылады; дамудың қалыпты күйі қалыпсыз (күйзелістік) күймен кезектесіп отырады, бұл өтпелі кезең ретінде көрініп және тұлға сапалы жаңа қалыптағы күйді қалыптастыруға мүмкіндік алады; адам дамудың әр кезеңінде жеке тұлғалық және психологиялық жаңа күйді қалыптастыратындай ерекше сезімталдыққа ие болады; адамның әлеуметтік дамуына аса зор әсер ететін келесілер: әлеуметтік қолдау, референтті топ және тұлғаның қажеттіліктері. Осыған сәйкес, дамудың «сапасы» көбіне осы принциптердің жүзеге асуына байланысты болады [1].

Интернаттық мекемелердегі балаларәлеуметтенуі үшін: біріншіден, баланың қазіргі және бұдан ертерек жас кезеңінде айырылған ата – аналық отбасы, осыған сәйкес табиғи даму бұзылған және күрделі психологиялық соққы нәтижесінде дамудың кері күйі жоғарылайды. Мамандар баланың психофизиологиялық дамуында ата – ананың орны өте жоғары, тіпті ең жоғары деңгейдегі жағдай жасалған күндеде орнын толық баспайды  деп мәлімдейді.

Балалар үйіндегі суррогатты ата –ана ретіндегі тәрбиешілер белсенді кәсіби жұмыс жүргізседе толық қанды отбасының орнын алмастыра алмайды, бәрінен бұрын белгілі экономикалық қиындықтар күші басым – яғни жетімдер үйінде әр тәрбиешіге берілетін балалар саны кем дегенде 7-10 адамды құрайды. Яғни, тәрбиешінің әр балаға көңіл бөлу бөлшегі оннан бірді құрайды. Осындай жағдайда күнделікті индивидуалдық қамқорлық, физикалық және интеллектуалдық дамумен қамтамасыз ету мүмкін деп айтудың мәні жоқ шығар.

Жетім балалармен жұмыс істейтін мамандардың қызметі мазмұны жағынан ата – аналардың қызметінен аса айырмашылығы жоқ: физикалық және психологиялық дені сау баланы өсіру, оларға сәтті өзіндік өмір қамтамасыз ететін кәсіби және өмірлік дағдыларды үйрету. Интернаттық мекемеде балаларды тұлға ретінде қалыптастырушы әртүрлі әлеуметтік институттар, топтар мен адамдардың бағыттаушы әсерінен балалар пассивті жақта қалады.

Бірақ бала өзіде өзін «іскер» етіп көрсетіп, қоғамдық іс – шараларда белсенді қатысушы болуы тиіс, өзінің жеке және кәсіби ынтасын, алдағы уақыттағы өзіндік ұстанымдарын іске асырып, әдеттері мен қолынан келетін ісін дамытып, жеке тұлға ретінде қалыптасуы керек.

Интернаттық мекеме жағдайында баланың әлеуметтенуі бір жақты орта қарым –қатынасымен шектелген және тәрбиеленуші, оқушы деген рөлдік позиция нақты сызылған. Балалар өзіндік дамудың барлық қырларын игеру үшін әртүрлі әлеуметтік қарым – қатынас кезінде қойылатын өзін – өзі бағалау және өзін кемсіту қорқыныштарын жоятын әлеуметтік рөлдердің барлық қырларын меңгеруі қажет. Құқықтық және біртекті ортаның қатаң тәртібіжағдайында бала керісінше өзін еркін көрсете алмайды.

Барлық балалар үйінде өмір сүру жағдайы ұқсас: ортақ жатар орын, бөлме, дәретхана, жуынатын, ойнайтын бөлме, асхана және т.б.Балалар үйінде баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен қызығушылықтары ескерілмей күн тәртібі өте қатаң реттелген (ойнау, ояну, ауқаттанууақыты). Осыған сәйкес, балаларда ішкі психологиялық тепе – теңдікті қалпына келтіретін, бір күн бойы жиналған әртүрлі тұрғыдағы мәліметтерді сараптайтын«жеке бөлме» жоқ.

Сондықтанда интернаттық мекемелерде тәрбиеленушілердің өзіндік дамуына және қоғаммен өзіндік қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес дұрыс қарым – қатынас орнатуына мүмкіндік берілмейді. Осындай мекемелерде ұзақ уақыт тәрбиеленушілер өзінің дамуы үшін маңызды «Мен қазір қандаймын?» «Мен қазір нені қалаймын?» деген сұрақтарға қиындықпен жауап береді.  Осының бәрі сәйкесінше пассивті өмірлік позицияның орнауына және баланы әрдайым мәжбүрлеуші қарым – қатынас жүйесінде болуы – өзіндік «Мен» шекарасын жоғалтуына әкеліп соқтырады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы балалардың дамуына және әлеуметтенуіне әсер етеді, бірақ бұданда маңызды және басты мәселе болып, әрине, отбасының, жақын адамдарының жоқтығы болып табылады. Баланың әлеуметтенуінің ең бірінші кезеңі өзінің бірінші қоғамдастығы – отбасында өтеді. Көптеген зерттеулер (Кан-Калик В.А., Шипицина Л.М. және т.б.) бала үшін басты және ең тұрақты тәрбие үлгісі болып оның отбасы, ата – анасы деп көрсеткен.

Әлеуметтену үрдісі интернаттық мекемелерде тәрбиеленушілерге үлкендер тарапынан «ерекше» қарым – қатынастың болуымен және өте белсенді түрде көрінетін аяушылық сезімі салдарынан қиындайды. Осы жағдай салдарынан қоғамда жетім балалардың «ерекше жағдайы» қалыптасады, бұл қандайда бір дәрежеде балалардың басқада әлеуметтік нормаларды қабылдауын тежейді және белсенді әлеуметтік даму үшін қиындықатар туғызады.

Қорыта айтқанда, жетім балаларды әлеуметтендіруде және дамытуда қиындық тудыратын басты факторларды бөліп көрсететін болсақ:

-         баланың ерекше әлеуметтік статусы – ол «ешкімдікі емес» немесе «ортақ», өйткені ол «мемлекеттікі»;

-         әлеуметтік – педагогикалық бейбірекеттік;

-         дамудың тежелуі – жақындарымен жеке эмоционалды қарым – қатынастың жоқтығы, әлеуметтік белсенділіктің шектеулілігі, әртүрлі тәжірибелік іс – әрекеттің жетіспеушілігі, өмірдің қатаң қадағалануы және т.б.

-         бір жерде әр түрлі жастағы балалар санының көп тұруы ;

-         жеке қамқорлықтың болмауы;

Осының барлығы келесіге алып келеді: жасөспірімдер мен балалардың жасына сәйкес келмейтін біржақты тәжірибенің болуы; эмоционалды қысым, мазасыздық жағдайы, қорқыныштың ұлғаюы; өзіндік еркіндік пен белсенділіктің азаюы; оңашалану және ішкі әлемнен қорқу; жалпы әлеуметтік – тұрмыстық бейімсіздік [2].

1.                       Ш.С.Байболова, Г.А.Дусманбетова, А.М.Малишич, С.Н.Рахимжанова, М.В.Шамгулова. Актуальные проблемы сиротства и методы их решения – А.,2004

2.                       Дети – сироты: консультирование и диагностика развития//под.ред. Е.В.Стребелевой. М., 2001