Шалтықов Ә.I.,
саяси ғылымдар докторы, профессор
(Алматы.Қазақстан
Республикасы)
ҚАЗАҚСТАН
– МӘҢГІЛІК ЕЛ
Елбасымыздың
Қазақстан халқына арнаған биылғы
дәстүрлі Жолдауының бір ерекшелігі – онда
«Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың
нақты бағыт-бағдарларын белгілеп, жүйелеп берді.
Бұл стратегия тек мемлекеттің біреуге әлденені беруін
мақсат тұтпайды. Ол, негізінен,біздің мемлекетіміздің
қуатын, әлеуетін күшейтуді көздейді. Сондықтан
қоғамымыздың әрбір мүшесі осы ұлы іске
қатынасуы қажет. Ел-жұрттың,әрбір
азаматтың әлеуеті мен
қабілеті Қазақ елін бәсекеге қабілетіі,
дамыған мемлекетке айналдыруға бағытталады.
Президентіміздің Жолдауларының барлығы халық
қолдауына ие болуда. Өйткені олар
ел көкейінен шығып жатыр. Бүгінгі Жолдау да
қазақстандықтардың
ойындағысынан дөп басты. Ол да халыққа
құт болып,елге ырыс әкеледі деп сенемін.
Көпшілікке қатты ұнағаны, бүгінгі
Жолдауында Қазақстан көшбасшысы идеология мәселелеріне
ерекше тоқталды. Экономика – басты стратегиямыз екені айдан анық.
Оны бүгін де, ертең де, бүрсігіні де нығайтқан
үстіне нығайта түскеніміз абзал. Ол үшін өзіміз
шыңдалып,өзіміз кемелденгеніміз абзал. Сонда ғана Елбасы
айтқан Мәңгілік Ел идеологиясы ойдағыдай жүзеге
асады
Мәңгілік ел деген –өз атауында- ақ алдымызда
тұрған барлық мақсат-мұраттарды сыйдырып
тұрған өте кең жоба, бастама. Мәңгілік ел
болу, баянды мемлекет болу, тәуелсіздігімізді мәңгілік ете
білу ежелгі бабаларымыздың да ең ділгер арманы еді. Енді сол
бабалар армандаған асыл мұрат бүгінгі
ұрпақтың басты мақсатына айналмақшы. Оның
аясында біз тек ұлы жетістіктерге жетіп қана қоймай, ел
бірілігін, ынтымағын, ауызбіршілігін сақтай отырып, болашақ
ұрпаққа жеткізуге тиіспіз. Сонда Қазақстан
мәңгілік мемлекет болады. Осы стратегияның жүзеге
асырылуы арқасында біз Қазақ елі атанамыз. Бұл – ұлтымыздың арманы
емес пе? Бүгінгі Жолдау осынысымен ерекше.
Мәңгілік ел
мәселесі бұл біздің де, бізден кейінгілердің де
айтар мәңгілік әңгімесі, біздің өз ұрпақтарымызға
айта жүрер де, қалдырыр да мәңгілік аманатымыз болады.
Бұрын кейбіреулер «бізде ұлттық идеология» жоқ деп
байбалам салатын. Міне, осы Елбасымыздың айтып отырған
Мәңгілік Ел болу мәселесі ендігі біздің ұлттық идеологиямыз болуы керек. Ел тәуелсіздігі, ата-бабаларымыз сан
ғасырлар бойы армандаса да қол жеткізе алмай кеткен осы
Тәуелсіздігімізді нығайту, осы Тәуелсіздікті уыстан
шығармау –бұл басты парызымыз.
Жолдауда Мәңгілік ел болу мәселесі
және сол жолда атқарылуға тиісті іс-тиісті шаралардың
бәрі де ең әуелі халқымыздың санасына
терң сіңрілуі тиіс. Мәңгілік ел болып қалу
үшін Елбасы не істеу керектігін де айтып, осы ұлы мұраттар
жолындағы істі бастап та берді.
Елбасымыздың ғылым-білімге қатысты айтқан
сөздері еркше болды. Балабақшадан бастап, мектептер, жоғары
оқу орындарының болашағы, студенттер стипендиясы,
ғылымның дамуы, кәсіптік білімді қалай беру керек осылардың барлығын байыппен
айтып берді.
Елбасы 7
бесжылдық туралы айтты. Олардың әрқайсысында
атқарылатын жұмыстарды белгілеп берді. Ал оларды сол
жоспарланған жолмен орындап шықсақ, Мәңгілік Ел
үшін қызмет жасаған боламыз.
Сонымен
қатар, Жолдауда еліміздегі рухани тұтастық пен
дәстүр сабақтастығын қамтамасыз етер басты нышан
ретінде бағаналар ұлт мәдениетіне айырықша мән
берілуі бізді қанаттандырады.
Президент
өз Жолдауында қазақстандық патриотизмді дамыту жайында
жеке тоқталды. Бұл
қарқынды жұмысты біз Қазақстаннан
Мәңгілік ел жасау идеясын жүзеге асыру жолында жетеміз. Әсіресе, бұл идея бойынша
жастармен жұмыс күшейтілетін болса керек.
Жүректен
шыққан сөз бен пәрмені мықты ойға
қанат бітіріп, оны қаз-қалпында жүректерге жеткізу –
бәріміздің ортақ парызымыз. Мәңгілік ел идеясы
ұлттық ұлы ұранымызға, ұлттық
идеямызға айналмақшы. Елбасымыздың бұл бастамасын
бүкіл халық болып қуана қолдап жатыр.
Бұдан
туатын өрелі міндеттер Жоладауда жан-жақты айтылды. Соның
бәрі жақсы істерге айналғай деп тіліейміз.