«Құқықтану пәндер» кафедрасының оқытушысы Амангелдықызы А.

Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті, Қазақстан

Қазақстан - адам құқығын қорғаудың әлемдік жүйесінде

    Адам тұлғасының құндылығын, оның қадір-қасиетін тану, адамның ерікті дамуы мен еркін өмір сүруін қамтамасыз етудің қажеттілігін XX ғасырдағы әлемдік қауымдастықтың даму барысындағы басты қадамдардың бірі болып табылады.

    Әлемдік қоғам әрбір адамның кез келген мемлекетте қоғамдық құрылысқа, басқарудың нысандарына, саяси режимге, т.б қатыссыз жалпы адам құқықтары мен босатандықтарының ең төменгі стандартын құрайды. Міндетті түрде мемлекетпен орындалатын, олардың заңды, саяси және моральдық күшін ерікті түрде танитын адам құқықтары туралы халықаралық-құқықтық құжаттарды қабылдау аталған құқықтар мен бостандықтарды анықтаудағы негізгі құрал болды.

    Қазіргі кездегі адам құқығын қорғаудың халықаралық жүйесі үш деңгейден тұрады: халықаралық, аймақтық және ұлттық. Адам құқығын қорғаудың халықаралық механизмдері Біріккен Ұлттар Ұйымымен, оның Жарғысымен және адам құқығының жалпыға бірдей декларациясымен астасып жатыр. Соңғы саяси беделдің жоғарылығы сонда, оның қағидалары әлемдегі көптеген елдердің конституцияларына енгізіліп, адам құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін қалыптастыруға, халықаралық саясат пен қатынастардың дамуына маңызды әсер етті. Халықаралық құқық және сонымен бірге саясаттың дамуы ауқымды саяси ынтымақтастыққа талпынуға жол ашып отыр. БҰҰ  халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін ғана емес, сонымен бірге оның механизмдерін, құқықтық актілердің зағды күшіне енудегі қажетті органдардың жүйесін де құрып берді.  Әлемдік өзгерістерге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымына  жаңаша көзқараспен қараудың қажеттілігі туындады, яғни, БҰҰ адам құқықығын қорғау саласындағы халықаралық саясат пен мемлекетаралық ынтымақтастықта басты бағыттаушы орталық болып табылуы тиіс.

    Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адам құқығы сарласында халықаралық ынтымақтастық  Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) негізін қалады. 1945 жылы 26 маусымда әлемдік 50 мемлекеттің өкілдері БҰҰ Жарғысын қабылдау үшін Сан-Францискоға жиналды. БҰҰ-ның Жарғысы – осы халықаралық ұйымның құрылу тәртібі мен әрекет етуін реттейтін, мемлекеттердің адам құқығы саласындағы ынтымақтастығының құқықтық негізін қалайтын маңызды құжат. БҰҰ-ның  мақсаты Жарғының 1–бабында анықталған, ол – адам құқығы мен баршаға ортақ негізі бостандықтарды бағалауды дамыту және мадақтауда мемлекетаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. БҰҰ-ның орталығы Америка Құрама Штатының астанасы Вашингтонда орналасқан. Бұл қалаға барлық БҰҰ-на мүше елдерінің өкілдері БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін жыл сайын жиналады.

    Жарғының 55-бабында БҰҰ-на мүше мемлекеттердің «нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды жалпы сақтау мен бағалау барлығына ортақ» халықаралық құқықтық міндеттері анықталған, яғни БҰҰ-ның Жарғысы нәсіл, жыныс, тіл, дін тәрізді қаналуға жатпайтын төрт қағидаға басты мән бере отырып, баршаның тең құқылығын орнатады. 1 және 55-ші баптарда көрсетілген жағдайлар адам құқығы саласындағы БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің құқықтық негізін құрайды және бұл ынтымақтастықтың бағытын анықтайды. Жарғы БҰҰ мүшелеріне адам құқығы саласы бойынша міндеттемелерді жүктейді. Сол себепті БҰҰ Жарғысы адам құқығы мен бостандығы саласында тәуелсіз мемлекеттер мен халықтардың ынтымақтастығын нығайтудың негізгі саяси және заңдылық іргетасы болды.

    Адам құқығына қатысты  БҰҰ Жарғысының шарттары кейінірек әр түрлі халықаралық құжаттармен нақтыланып, дами түсті. Бүгінгі күнге дейін БҰҰ аясында көптеген халықаралық құжаттар қабылданды, соның ішінде адам құқығын қорғаудың әр саласы бойынша мемлекеттердің әрекет етудегі міндетті заңдылық нормаларын қалыптастыратын келісімшарттар, конвенциялар мен фактілер де бар.

    Сан қырлы құжаттар негізгі төрт актімен сипатталады: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1974), экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтыр туралы факт, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық  факт (1966 жылы қабылданып 1977 жылы күшіне енді), егер жеке құжат деп танитын болса, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық фактінің факультативті хаттамасы. Бұл құжаттардың заңдылық күштері әр түрлі, бірақ жиынтығында олар адам құқығы саласы бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының негізін құрайды.

    Декларация нормаларының міндетті емес сипатына қарамастан, ол мемлекетке қатысты міндетті тәртіп ережелерінің қалыптасуына күшті ықпал етеді. Декларация негізінде адам құқығы мәселелеріне қатысты міндеттілік сипатына ие болған халықаралық келісімшарттар құрастырылып, қабылданады. Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқықта адам құқығын қорғау аясында мемлекетке қатысты заңдылық міндетті нормаларды құрайтын алпысқа жуық әрекеттегі халықаралық келісімдер, фактілер мен конвенциялар бар.

    Декларацияда көрсетілген ұсыныс беруші нормалар мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасқа да әсерін тигізеді, яғни БҰҰ-ның мүшесі болып табылатын мемлекет, сол сияқты Қазақстан да, БҰҰ-ның нормативті актілерімен есептесуіне болмайды. БҰҰ-на мүше мемлекет БҰҰ-ның ереже-рекомендацияларын үнемі бұзған жағдайда, бұл халықаралық ұйым өз жарғылық міндеттеулерін осы мемлекеттің орындамағаны туралы мәселе көтеруіне болады. Декларация бұрынғыдай XXI ғасырда да құқық қорғау саласындағы құқықтың қайнар көзі және адама құқығын қорғаудағы жалпыға ортақ қозғалыстың негізі болып қалады.

    БҰҰ-ның маңызды жетістіктерінің бірі адам құқығын қорғау саласында барлығын қамтитын нормативтік базаның құрылуы болып табылады. Әлемдік қауымдастық тарихында алғаш рет адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша заңдардың жалпыға ортақ жиынтығы құрастырылды және бұған барлық мемлекет қосыла алады.

    Адам құқығы турлы халықаралық факт – бұл қатысушы мемлекеттер, яғни олардың ережелерін ұстануға ресми келіскен елдер, құқықтардың кең бағытын жүзеге асыруда құрметтеп, кепілдік беру үшін жасалған келісімдер.

    БҰҰ шеңберінде жасалған заңды міндеттемелік келісімдердің ішіндегі маңызы бойынша ең көлемдіреді «Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық факт» және «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық факт» болып табылады. 1966 жылы қабылданып, 1976 жылы заңды күшіне енген осы құжаттар мемлекеттің өз азаматтарын қамтамасыз етуі тиіс адам құқығының ең төменгі стандарттарын орындатады. Бұл көзқарастан фактілер жалпыға ортақ декларациямен салыстырғанда бір саты алдыда тұр. 1998 жылға қарай Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық фактіге дамыған елдердің көпшілігімен қатар, 140 мемлекет қол қойды. Экономикалық, элеуметтік және мәдени құқықтар туралы фактінің қатысушылары 137 мемлекет болды. Көптеген мемлекеттер қатары, соның ішінде АҚШ бұл құжатты қабылдамады. Жоғарыда аталған құжаттарды қабылдау маңында орын алған пікірталастар, негізінен, фактілердің біреуін ғана немесе екеуін де қабылдау керектігі туралы сұрақтар төңірегінде бағытталған. Көпшілікітің пікірі көптеген мемлекеттерде азаматтық және саяси құқықтар заңды түрде қалыптасқан, сондықтан ол бақылау жүргізетін ерекше орган жағынан қарастырылатын нәрсе болуы мүмкін делінді. Экономикалық, саяси  және мәдени құқықтарды жүзеге асыру ол кезде көбінесе тез арада іске асуы мүмкін болмайтын мақсат ретінде қарастырылды, дегенмен Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы солар сияқты басқа құқықтарға мән берді, Қазақстан Республикасы 2005 жылы осы фактілерге қосылды. Осылайша, фактілер жалпыға ортақ декларацияларда мазмұндалған көптеген құқықтарды танып, нақтырақ анықтайды, сонымен қатар кейбір қосалқы құқықтарды қарастырады.

    Азаматтық және саяси құқықтар туралы фактіде нақтылы құқықтар мен бостандықтар айқындалған. Бұл әр адамның ажырамас құқығы – өмір сүру құқығы. Факт өлім жазасы алынбаған мемлекеттерде өлім жазасы ең ауыр қылмыс үшін шығарылатыны анықталды.

    Халықаралық бақылау жүйесін құрайтын, адам құқығы бойынша бірінші құжат – Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы халықаралық конвенция болды (БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1965 жылы қабылданған). «Нәсілдік айырмашылыққа негізделген кез келген астамшылық теориясы ғылыми қатынаста жалған, моральдық қатынаста сыналған, ал әлеуметтік қатынаста әділетсіз, қауіпті және қайда болсын, теорияда да, практикада да, нәсілдік кемсітушілік ақталмайды». Конвенция кемсітушілікті «нәсілдік белгілерге, түсіне, туыстық, ұлттық немесе этникалық шығу тегіне негізделген, мақсатты мен салдары адам құқықтарын және саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени немесе басқа да негізгі бостантықтарды тануды, қолдануды және тең бастамада жүзеге асыруды жою мен төмендету болып табылатын кез келген айырмашылық, өзгешелік, шектеу немесе сілтеу» деп анықтады. Бұл конвенция нәсілдік кемсітушілік түсінігін анықтап, теріс жақтарын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, нәсілдік тармақшылыққа немесе нәсілдік жек көрушілікке негізделген әр түрлі идеяны таратудың заңмен жазалануын жариялауды және нәсілдік кемсітушілікті көтермелейтін кез келген ұйымды заңға қайшы деп жариялауды міндеттеді.

    Конвенция қылмыс жасалған елде немесе кез келген басқа елде тұратын жеке тұлғалар, ұйымдар және мекеме мүшелері, сондай-ақ мемлекет өкілдері жайындағы апартеид қылмысы үшін халықаралық қылмыстық жауапкершілікті айқындайды. Айып тағылған тұлғалар кез келген конвенцияға мүше мемлекетте сотқа тартылуы мүмкін. Конвенцияға мүше мемлекеттер адам құқығы бойынша комиссия шеңберінде арнайы топқа конвенцияны жүзеге асыру мақсатында қабылданған шаралар туралы мезгілімен баяндамаларын ұсынып отыруға міндетті.

     Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, жақсы тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру - Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты. Адам құқықтары туралы білімді өрістетуадам құқықтарының сақталуына кепіл болады. Яғни, біздің ойымызша, әрбір адамда құқықтық сауаттылық болса, ол ешқашан өзгенің құқығын бұзбайды, және өзінің де құқықтарын бұзылмауын қамтамасыз етеді. Ал, өз құқықтары мен міндеттерін жете білген адам еш уақытта жаңсақ баспасы анық.

Адам құқықтарын жетілдіру мақсатында біздің енгізер ұсыныстарымыз: қарапайым азаматтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Ол үшін, мектеп бағдарламасына Адам құқықтарының Декларациясын оқытуды енгізу қажет. Сонда жас жеткіншектердің құқықтық сауаттылығы біршама деңгейге көтеріледі. Сонымен қатар, газетжурналдарда адам құқықтарының қорғалуы жайлы мақалалар, заң саласындағы мамандарымен жүргізілген сұхбаттар жарияланып, телеарналарда адам құқықтары туралы түрлі бағдарламалар ашылуын қолға алу керек.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқығы.

Г.Искакова, Н.Ғазазова, А.Сембаева. Оқу құралы. Астана: Фолиант 2008-.296 бет.

2.Адам құқықтары туралы халықаралық билль. Алматы қаласы.  1998жыл.

3.Мемлекет және құқық теориясы. Жоламан Қ.Д. 221,222,229 беттер.