КЕЙБІР ШЕТЕЛДІК ЗАҢНАМАЛАРДА
ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНІҢ
КІНӘСІН МОЙЫНДАУЫНЫҢ РЕТТЕЛУІ
Ахметова Д.К.
Қазақстан Республикасы
ҚР Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы.,
Сот төрелігі институтының 2курс
магистранты
Шетел
заңнамаларында қылмыс жасаған
тұлғаның өзінің кінәсін мойындауының
қалай шешілетінін талдап, қандай
құқықтық салдарға әкелетінін зерттеу
зерттеудің толыққанды болуына ғана емес, оның
жағымды нәтижелерін болашақта Қазақстан секілді
енді ғана тәуелсіздік туын бекітіп келе жатқан жас
мемлекеттің қылмыстық іс жүргізу
құқығындағы қылмыс жасаған
тұлғаның өзінің кінәсін мойындауы
сияқты институттың ережелерінің жетілдіріле түсуіне
өз ықпалын тигізеді деп есептейміз.
Жалпы
алып қарағанда шетелдердің қылмыстық іс
жүргізу құқықтарының нормаларында сезікті
немесе айыпталушы тұлғаның өзінің қылмыс
жасағанын мойындауы мәселесіне басқа дәлелдемелермен
салыстырғанда айтарлықтар назар аудармайды деуге болады, дегенмен
сот тергеу тәжірибесінде заңдарда ресми бекітілмегеніне
қарамастан басқаша жағдай қалыптасуының
мүмкіндіктері жоғары. Мысалға Германияда
қылмыстық – құқықтық қодекс
бойынша айыпталушының кінәсін ерекше дәлелдермен
дәлелдеуге аса орын берілмейді, ол қатардағы дәлелдемелер
деп табылады. Әйтсе де, авторлардың айтуы бойынша бұл тәртіпті
тәжірибе жүзінде қолдану айыпталушы кінәсін өз
мойнына алатын жағдайда, оны тұтқынға алуына жеткілікті
болып табылады деп шешу тәртіпті бұзушылық болып табылады
[1,42]. Теория бойынша айыпталушының бұл қылмысты мойнына алу
ешқандай қауіп туғызбайтынын мүмкіндіктерін
дәлелдеу түрлері
қарастырылады. Бұл үлкен заңды дәлелдемелік
күшке ие және жеке баға беріледі, сонымен қоса
басқа дәлелдемелерден бас тартуға, сонымен қоса
куәгерлердің жауап беруінсіз яғни сот мәжілісінде
басқа дәлелдемелерді қажет деп таппаған жағдайда
куәгерлерсіз өткізіледі. Бірақ, судья (сот), кінәлі деп
тапқан айыпталушының жауабын тыңдау
құқығына ие.
Англоамерикандық
құқықтық жүйеде айыталушының өз
кінәсін мойындауына ерекше қарым – қатынас бар.
Американдық және англиялық ғалымдардың
пайымдауынша заң үрдісі шындықты орнатуға
негізделмеген. Олардың пайымдауы бойынша қылмыстық іс бойынша
жинақталған шындыққа міндетті түрде жанаспайтын
материалдар бойынша шешім шығарады. Ең маңыздысы сот шешімі
қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерге негізделген болса
болғаны, ал айыпталушы жауабы бойынша барлық кінәні өз
мойнына алған болса – ол толық дәлелдеу болып табылады. Англо
– американдық заң ғылымдары өкілдерінің пікірі
бойынша қылмыстық сотөндірісі – бұл дау, және
айыпталушы өзін кінәлімін деп есептейді, яғни дауды
жалғастырудың мағынасы жоқ[2, 39].
Сонымен қоса
АҚШ заңнамасы күдікті өзі мойындамағанға
дейінгі істерге нақты талаптары бар. (Параграф 3501, 18 титулдық
беті) АҚШ заңдары бойынша кінәні айыпталушы 6 сағат
ішінде өз еркімен мойнына алуы үшін регламенттік уақыт
қояды. Осы уақыт ішінде полиция қызметкерінің
айыпталушыдан жауап алып, оған өзінің істеген қылмысын
мойындауына қол жеткізіп, сонымен қатар істі тергеу жүргізу
арқылы өзіне едәуір жеңілдету мүмкіндігі бар.
Бұл шекті уақыт өтіп кеткеннен кейін айыпталушыкінәні
өзінің мойнына алатын болса, соттың күдігін
туғызады [3,84].
Англияда сот
тәжірибесі бойынша егер полиция қызметкері жауап алғаннан
кейін заңды біле тұра бұзса айыпталушыдің жауабы
қайта қаралады. Бұл алқа отырысында қарастырылып,
сонымен қоса отырыста міндетті түрде куәгерлер,
куәгерлер қорғаушылары – мұның ішінде айыпталушы
да жатады, полиция қызметкерлерінен жауап алынады. Одан әрі
жақтардың пікірлері тыңдалады. Отырыстағы осы
әрекетті істеушілер жұмыстан шығарылады. Сотта іс қарау
антсыз (приясягасыз) өтетіндер, бұл – магистраттық соттар,
жауапкер кінәсін мойнына алу мүмкіндік шегі полиция
қызметкерінің айыпталушыдан жауап алу кезіндегі күндізгі
құндық ставкасы бойынша
тексеріледі [1, 94].
Айыпталушы кінәсін заңнамаға сай өз мойнына алатын
болса англосаксондық құқықтық жүйе
сапасын көрсетеді.
АҚШ-та
өз кінәсін мойындаумен бірге «кінәсін мойындау шарасы»
институты тығыз байланысқан. Бұл екіжаққа да
тиімді істерден туындаған, одан әрі сотпен бекітілген шешім.
Басқа сөзбен айтқанда, бұл келіссөз айыптаушы
жақпен жәбірленуші жақ арасында болып, жәбірленуші
кінәні мойнына алып , соттың шешімі бойынша жазаны күтеді, ол
жазаға келіссөз шешісіне сай
ұсыныстар тасталынады.
Келіссөз
үрдісі жүргізілгеннен соң ол қылмыстың аса ауыр
немесе өте ұйымдасқан сатысына байланысты өзгерістер
енгізілуі мүмкін [4,52]. Мысалы алдын – ала ойластырылған кісі
өлтірушілікті, прокурорға алдын ала ұйымдастырылған
қылмыс екенін дәлелдеуге шарт койылады. Сол себептен, егер прокурор
сот отырысындағы комиссияға алдын – ала ұйымдасқан
қылмыс екенін дәлелдеуге сенімсіз болса, ол тағайындауды абайсыздан
болған кісі өлтірушілік деп тануына мүмкіндігі бар [5,46].
Кінәні мойнына
алуға келісімдер мемлекет арасында келісімдер арқылы прокурор
өкілеттілігімен,айыпталушыны адвокат қорғайды. Сонымен
қоса жазалау қортындысы бойынша адвокат
қорғауындағы азаматқа істеген қылмысы бойынша
дәлелдердің ақпараты ұсынылып көрсетіледі. Мұндай ақпаратты арыз беруші
жақтан арыз берілгеннен кейін, 1 айдың ішінде қабылдайды.
Жинақталған дәлелдемелер – бұлар
куәгерлердің арызынан тұратын есеп, экспертиза
қортындысы және сот мәжілісінде қолданылуға
жоспарланған басқа да дәлелдемелер. Ақпаратты алғаннан
соң қорғаушы айыптау фактісі бойынша оның клиенттіне
өзінің дәлелдемелік базасының жоғары екенін
сендіру мақсатында өзіндік зерттеуін жүргізеді. Сонымен
қатар тағайындалған әр түрлі эксперттік
зерттеулер мен іс шаралардан соң куәгерлерден жауап алынады. Егер
адвокат қойылған айыптауды
мойындайтын болса, ол прокурормен кінәні мойындау туралы келісімге
келеді. Прокурорда сенімнің жоқ болғаны жағдайында сот
отырысынан кейін айыптаушы вердикті қабылданып, екі жақ өзара
келісімге келеді.
Басқа
сөзбен айтқанда бір шешімді
шығаруға деген құлшыныс екі жақты да келісімге
келуге алып келеді. Заң бойынша кінәні мойнына қоюға
шешім қабылдамастан бұрын прокурормен жағдайлар ауқымы бекітілген.
Осы
өндірістің бір ерекше артықшылығы екі
жақтың келіссөздері -
айыптаушы және қорғаушы жақ, соттың
қатысуынсыз өтіп, өзара ортақ шешімге келеді. Бұл
ретте соттың міндеті екі жақты келісімге сай келісімшартты
қайта қарап келісімді бекіту немесе тараптардан бас тартуды
бақылау болып табылады. Бұл мақсатта сот тараптардың
өз еркімен келісімге келуін тексеріп, байқайды. Тексеріс кезінде
орнатылады: күдіктіге уақытында айып мойнына қойылып,
күдікті берілген құқығының мағынасын
түсінуін, күдікті өзінің түсініктемесінде
қандай ақпарат берсе де сот отырысында соның бәрі
өзіне қарсы қолданылуы ескертілуін бақылау қажет.
Американдық қылмыстық үрдісте жеткілікті
дәлелдермен сот шешім
қабылдайтын болса, айыпталушы егер сот шешімімен келіспейтін
жағдайда сот алқа билері отырған кезде сот шешімінің
келісімге сай болмағанына(зорлау, мәжбүрлеу,
қорқыту, алдау және т.б.) [6,38] наразылық білдіруіне
болады.
Бұл
дәлелдеу әдісін айыпталушыға оң және теріс
жақтармен қарастыра аламыз. Оң мезеттері деп кінәні
мойындау кезінде сот өндірісі ұзын сот зерртеуін жүргізбей
уақыт үнемдейді және материалдық шығын аз кетеді.
Соттарда басқа шатасқан қиын істерді толық
қарап зерттеуге қосымша уақыты
пайда болады. Бұндай рет сотталушыға жаза тағайындау кезінде
өте тиімді.
Әйтсе де
мұндай әдістің көптеген оң жақтары болса да
сондай ақ теріс жақтары да ерекше көрсетіледі. Сонымен,
мысалы Ларичев В.В. жазады: «Полиция және орган қызметкерлері бірдей
кінәні мойнына қоюға міндеттеледі,себебі сот
мәжілісінің
ұзаққа созылмауына ықпалын тигізеді.
Кінәні мойындау іс шарасы, полиция қызметкерін зерттеу кезіндегі
заңсыздықты жою мен қылмысты ашуға әкеледі
[7,81].
Құқыққорғау
органы қызметкерлері «теріс жақ ретінде» «кінәні мойындау іс
шарасын», «қорытынды келісім нәтижесі бойынша барлық
заңдық қылмыс істеуіне сай нұсқайды. Сот
бұл жағдайда болған оқиғаға жиі терең
мән бермейді, сотталушының кінәсін мойындауға тиіc [8,
41-42].
Біздің
ойымызша айыптау жағы сонымен қатар «кінәні мойындау
келісімін» жасау барысында мысалы, үш қылмыстық
эпизодтың орнына бір эпизодты ғана көрсету арқылы
кейбір айыптау пункттерін алып тастау жолымен көнуге баруға мәжбүр
болуы аталған өндірістің теріс нәтижесі болып табылады.
Аталған жағдайда қылмыстық іс бойынша шындықты
анықтау жөнінде әңгіме қозғалуы
мүмкін болмауына және жазаның әділ болмауына байланысты
ауырлығы үлкендеу қылмысты жасаған тұлға
кей жағдайда ауырлығы аздау қылмыс үшін
қылмыстық жазаны тартады. Сонымен қатар аталған
келісімді жасау барысында жәбірленушінің пікірі ескерілмейді.
Жәбірленушінің «кінәні мойындау келісіміне» қарсы
шығуға құқығы болмағандықтан
оның құқығы және
құқықтық мүддесі бұзылады.
Айыптаушы актке
байланысты қылмыстар магистраттық сотта қаралатын істерден
гөрі ерекше маңызға ие. Сот үрдісі ең бірінші
алқабилердің пікірі тыңдалымнан басталады.
Алғашқы тыңдалымның мақсаты сұрақтарды
таңдап, вердикт кезінде сотқа сот үрдісін
басқаруға көмек ретінде сұрақтарды пайдалану
арқылы дәлелдемелерге қол жеткізу. Бұл стадияда
айыпталушыға барлық пункттер бойынша айып тағылады. Сезіктігекінә
тағылып болғаннан кейін айыптаушы екенін мойындауын шарттайды.
Келісімнен кейін сотталушыдан өзін кінәлімін деп тани ма танымай ма
сұрағы қойылады. Егер сотталушы өзін кінәлімін
деп мойындаса, арызданушы алқабилердің дәлелдемелерінің
шешімімен шектеледі. Сотталушының өз кінәсін мойындауы,
оған мүмкін болатын соттық жеңілдіктер береді [9,113].
Егер жазалаушы
жазасын алдын ала білген жағдайда жазаланушы кінәні өз
еркімен мойындағанына күдік
келтіреді, жоқ деп есептеледі.
Бірақ та
айыпталушы егер өз кінәсін мойындаса, заң
бойыншақылмыстық іс процесстерін қысқарту
мүмкіндігі бар.
Италияның
қылмыстық-процессуальдық кодексінде сот
өндірісінің қысқартылған процедурасы
қорғаушы және айыпталушы арасындағы алдын ала
келіссөздерінен (бастапқы зерттеу стадиясына байланысты). АҚШ
заңнамасы келіссөз процедурасы Италия келіссөз процедурасынан
айырмашылығы, Италияда қылмыстық істер 2 жыл бас
бостандығынан айыруға дейін мүмкіндік беріледі.
Келіссөз процедураларын Италияда енгізгенде айыпталушы жазаны толық
мойындау сонымен қатар қылмыстық – процесуалдық кодекс
қарастырмаған сұрақтар талданды. Ұзақ
талданудан кейін , келіссөз процедуралары міндетті түрде айыпталушыдің
кінәні мойнына алуын талап етеді [4,98].
ТМД елдерінде
сонымен қоса құқықтың бағалауға
тұрарлық нормалары кең таралымға ие.
Айыпталушының
өз кінәсін мойындауы Беларусь Республикасының
қылмыстық – процессуалдық кодексінде егер соттың
күмәнін тудырған жағдайда онымен қоса
қысқартылған сот зерттеуін ұсынылады. (ст. 326
ҚІЖК Беларусь Республикасы). Бұл жағдайда сот айыпталушы мен
жәбірленуші арасындағы
келісім орнағаннан кейін, олардан мойындау мәжбүрлі
түрде болмады ма соны анықтайды. Сот зерттеуінің
қысқартылған реті жасөспірімдер қылмыстық
ісінзерттеу ретінде қолданылмайды, сонымен қоса заң бойынша
10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы немесе өлім жазасы
тағайындалған.
Беларусь
Республикасы ҚІЖКжылдамдатылған процедуралар, өндірістер –
бұл істелген қылмыстың қысқартылған жазасы,
қылмыстық сот өндірісінің жылдам әрі тез дамуына
бағытталған, заң бойынша қатал орнатылған
құрамдас бөліктерден тұрады[1,196-198]. Беларусь Республикасы ҚІЖК 452 бабы жылдамдатылған өндіріс
процестеріне жаткызады: 1) қылмыс
фактісі белгілі; 2)қылмыс жасаған тұлғаның кім
екені белгілі; 3) ол қылмыс жасауда өзінің тікелей
қатысы болғанын мойындайды.
Қылмыс жасауда өзінің
тікелей қатысы болғанын мойындау – ол тұлға
арқылы өз кінәсін мойындауы болып есептеледі. Десек те, сезіктінің
бастапқы берген жауабынан бас тартуы жылдамдатылған сот
өндірісін тежейді, соған сәйкес мұндай өндірісте айыпталушы
толық өз кінәсін мойнына алғанша күтіледі,
себебі, сезікті, айыпталушы өз кінәларын мойындамайынша,
басқа дәлелдермен оның мәнін жоғарылатпау тиіс.
Мұндай қысқартылған
өндіріс берілген күннен бастап, 10 тәулік ішінде прокурордан өтіп
қылмыстық іс ретінде сотта қаралуы тиіс. (Беларусь
Республикасының ҚІЖК,453бабы).
Қырғыз
Республикасының ҚІЖК сонымен қоса
қысқартылған сот отырысын қарастырады, мұнда аса
ауыр емес және аса ауыр қылмыстар жасағанжасөспірімдер
қылмыстары бойынша өтінімдер бар болған кезде болады. (Киргиз
Республикасы ҚІЖК 328-1бабы). Негізгі шарт болып өтініш
берушінің сол жерде болуы танылады.
Сол себептен, кез-
келген қысқартылған сот процесінің
нұсқауымен соттың жұмысын жеңілдету, сот зерттеуі
жолы мен сот қылмыстық өндірісі саласын дамыта аламыз.
Мұндай өндірістер өзімен бірге уақыт үнемдеумен
қатар материалдық шығынды төмендетіп,соттардың
басқа да қиын әрі күрделі істермен уақыт тауып
айналысуына жол ашады.
«Кінәлінің
шын өкінуі» термині тек қана ТМД елдерінде ғана бар, ол Ресей
саясатында оң пікір алған, соның ішінде сот өндірісінде
орын алады. Біздің Қазақстан Республикасының
қылмыстық кодексі бірінші рет онша ауыр емес немесе орташа
ауырлықтағы қылмыстарды істеген тұлға
қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін, егер ол
қылмыс жасағаннан кейін кінәсін өз еркімен мойындап келіп, қылмысты ашуға өз
көмегін тигізетін болса. (65 баптың 1 бөлігі).
Басқа
мемлекеттер заңнамасы бұл терминді қолданбайды, әйтсе
де заңдық шарттардың соңын нақты
түсіндіреді.
Шет
ел заңнамасында қылмыстық –
құқықтық санкцияларды жеңілдету, жазадан
босату немесе қылмыстық жауапкершіліктен босату позитивті пост
криминалдық іс әрекеттің салдары болып табылып –
ақпарат берілген кезде оның ішінде масштабты кең
көлемді қылмыстар орын алған жағдайларда
жүгінеді.
Италия
заңнамасы «шын өкінген» террористердің жазасын жеңілдетеді
және егер олар өз ұйымдасқан топтарын зерттеу кезінде
айтып берсе тіптен жазаны алып тастайды [10,108].Және басқа да
қылмыс жасаған жағдайда 8 бап, Заң № 203 (1991ж.) жасаған
ұйымдасқан қылмыстарды айтып,өз кінәларын жоюына
болады.
Бұл үшін айыпталушы қылмыс құрамынан
шығып, қылмыстық топты толық қолға
түсіруде қолдан келетін шаралардың бәрін орындап, сот
органдары мен полицияға дәлелдердің жиынтығын
ұсынып, оларды тұтқынға алуына көмек беруі
қажет [11,198-199].
Сөйтіп,
басқа да көп жағдайларға қарамастан шет
мемлекеттер заңнамасы тұлғаның шешімге келуін,
кінәсін мойнына алуын растапәр түрлі
құқықтық салдарын бекітеді. Бұл
айыпталушының немесе сотталушының жазасын жеңілдетумен де
тікелей байланысты.
Шет мемлекеттер заңнамасын оқып үйрену –
құқықтық білімдердің беки түсуіне
септігін тигізеді және Қазақстандық қылмыстық
процесте қолдану мүмкіндіктерін қарастыруда
қортындыға әкелді. ҚР ҚІЖК, біз атап
көрсеткендей, дәлелдемелермен бекітілген, оның негізгі
белгілері ТМД елдерінің қылмыстық – процессуалдық
заңнамасына ұқсас, модельдік кодекстен де бекітілім
тапқан.
Тұлғаның
кінәсін мойындауы институтына Қазақстан Республикасы
Қылмыстық Кодексінің ұқсас баптарын қолдану
неғұрлым тиімді деп саналады және (65 баптын 1 бөлігі) жоғарыда
қарастырған тұлғаның шын өкінуіне
байланысты кінәсін мойындауы туралы норма қылмыстық
жауапкершіліктен босату жағдайларының бірі болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1
Головко Л.В., Гуценко К.Ф., Филимонов Б.А. Уголовный процесс западных государств. - М., 2001.
- С. 426.
2
Гуцспко К.Ф.
Основы уголовного процесса США, - М., 1993. - С. 39.
3 Стойко Н.Г., Семухина О.Б Уголовный процесс в США:-Учебное
пособие. - Красноярск. - 2000. - С. 84.
4 Дубовик Н. «Сделка о признании вины» и
«особый порядок»: сравнительный анализ // Российская юстиция. - 2004. - № 4. -
С. 52.
5 Пешков М.А. «Сделка о признании вины» в уголовном
процессе США и ее влияние; на назначение наказания // Проблемы наказания по
законодательству России и зарубежных стран: материалы межвузовской научной
конференции. - М., 1999. - С. 46.
6 Горбачев А. Признание обвиняемого - «особо
убедительное доказательство»? // Российская юстиция. - 2004. — № 6. - С. 38.
7 Ларичев В.В. Предварительное расследование
преступлений в США и Германии: Дисс. ... канд. юрид. наук. - М., 2004. - С. 81.
8 Мшицип С. Сделки о признании вины: возможен
ли российский вариант? // Российская юстиция. - 1999. -№ 12.-С. 41-42.
9 Апарова Т.В. Суды и судебный процесс
Великобритании. Англия, Уэльс, Шотландия.-М., 1996.-С. 113.
10
Решетников Ф.М.
Правовые системы стран .мира: Справочник. - М., 1993. - С. 108.
11 Зайцев O.A. Государственная защита участников
уголовного процесса. - М., 2003. - С. 198-199.