Базарова А., Уалиева Ж.
Қазақстан
Республикасы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің
3 курс студенті
Қазақстан
Республикасы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің
оқытушысы
Сайлау құқығын
бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті
жүзеге асырудың кейбір сұрақтары
Қазіргі
кезеңде заңдылық пен құқықтық
тәртіпті оң жолға бағыттау мемлекеттің басты
мақсаттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасы бойынша азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарының бірі сайлау
құқығына қарсы қолсұғу үшін
қылмыстық жауапкершілікті бекіту де өзекті сұрақтардың
қатарында.
Қазақстан
Республикасың қызметтегі құқығында
бекітілген азаматтардың сайлау құқығын
жүзеге асыру үрдісіне қолсұғү үшін қылмыстық
жауапкершілік институтының жалпы теориясы мен қылмыс істеп
кінәлі деп танылған тұлғаны қылмыстық
жауапкершілікке тарту бойынша туындайтын құқықтық
қатынастардың қылмыстық
құқықтық, қылмыстық іс жүргізу
құқығы заңнамаларымен реттелуі ережелерін
арықарай зерттеу қажеттілігі туындап отырғанын мойындау
қажет. Қазақстан Республикасында сайлау жүргізілгенде, оның шарттары мен ұйымдастыру
қағидаларын бұзғаны үшін
қылмыстық жауапкершілік ұғымы,
құқықтық табиғаты, түрлері, негізі,
қылмыстық жауапкершілікті жіктеу мен даралаудың
теориялық және тәжірибелік мәселелері, сонымен
қабат, осы әрекеттерді істеген тұлғаны
қылмыстық жауапкершілікке тарту, жаза тағайындау
сұрақтарын реттейтін нормалардың қызмет етуі танылады. Сайлаудың бір нысаны
қауымдық қоғамда, Римде құл иеленушілік
қоғамында мемлекеттіліктің қағидасына ие болып, капиталистік
қоғамдық қатынастардың дамуымен
республикалық басқару нысанының пайда болуымен байланысты
сайлау ерекше маңызға ие болады. Қазіргі көптеген
мемлекеттерде сайлау қоғамдық-саяси өмірдің
ажырамас бөлігі болып табылады. Оның саяси режиміндегі демократизмнің
деңгейін анықтайды. Тәжірибе жүзінде
сайлау саяси процестің жарыссөздігі, саяси күрестердің
рұқсат берілген нысаны, оны жүзеге асыру кезінде
конституциялық бекітудің шегінде қамтамасыз етілген құрал.
Заманауи
ағымдарды басшылыққа ала отырып, Орталық Сайлау
комиссиясы сайлау процесіне қатысушылардың барлығы үшін
сайлау іс-әрекеттері мен тетіктерінің барынша ашықтығы
мен қол жетімділігін қамтамасыз етумен, сайлау процесін ұйымдастырудың
жаңа технологияларын, әдістері мен тетіктерін әзірлеумен
және енгізумен, сайлау комиссияларының өздерінің
қызметі туралы, сондай-ақ сайлау науқанының барысы
туралы уақтылы, шынайы және толық ақпаратты алуға
сайлаушылар құқықтарының іске асырылуын
қамтамасыз етумен байланысты кешенді жұмыс атқаруда[1].
Негізгі
жұмыстардың қатарында сайлауды
ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығы мен сайлау
процесіне қатысушылардың құқықтық
мәдениет деңгейін сайлаушылардың қоғамдық
белсенділігін арттыруды айта аламыз. Сайлау құқығы
қатынастарына қатысушы субъектілердің жауапкершілігін
қамтамасыз ету, бұл құқықты қолдану
тәжірибесін жетілдіруді, сайлау науқанының барлық
кезеңдерінде сайлау заңнамасының нормаларын нақты
сақтау жөніндегі сұрақтар әлі де болса, шешуді
талап ететін шарттар ретінде табылады[2]. Сайлау құқығы конституциялық
құқықтың ең маңызды институты, ал
сайлау дамыған демократиялық елдерде заңды шектелген
күрделі саяси күрес. Сайлау құқығы
әдет-ғұрып тәжірибесінде қалыптасқан,
адамзатқа сайлауға қатысу құқығын
беру тәртібін реттейтін өкілеттік билік органдарын
қалыптастыру тәсілдерінің ережелерін заңды
санкцияландырылған құқық нормаларынан
тұратын конституциялық құқықтың
негізгі институты.
Сайлау
құқығын бұзғаны үшін
тағайындалар қылмыстық жауапкершілік ұғымына, қылмыстық
жауапкершілік ұғымының басқа ұқсас
ұғымдар және категориялар арақатынасы анықтауға
арналған түрлі көзқарастарды талдау жасай отыра, отандық
құқықтағы азаматтардың сайлау
құқығы үшін қылмыстық жауапкершілік негіздерін
анықтау, қазіргі отандық құқықтағы
осы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік
ұғымы, белгілері, ерекшеліктері, мәні мен мазмұны,
қағидалары жан-жақты зерттеу жүргізу мақсатымыз
болды.
Сол себепті
мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып отырған, сайлау
құқығын қамтамасыз етуге бағытталған заңдылықты
қатаң сақтау, құқықтық
тәртіп бұзушылықты түбегейлі жою, конституциялық
құқыққа қарсы қылмыстылықты
және оның туындауына итермелейтін себептерді тамырымен жою жолдарын
жетілдіру сұрақтарын шешуді әрі азаматтардың
конституциялық құқықтарының бірі cайлау
құқығының қағидаларына
қолсұғу үшін қылмыстық жауапкершілік
ұғымының құқықтық
табиғатына терең зерттеу жүргізіп, осы тұстағы
қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіруге және
сайлау құқығын қамтамасыз ететін
қатынастарға қарсы қылмыстарды алдын алу
саласындағы қызметтің тиімділігін арттыруға
бағытталған ұсыныстар жасақтауды жөн
көрдік.
Қылмыстық
құқық теориясында азаматтардың
конституциялық құқықтарының бірі сайлау
құқығын жүзеге асыру талабына қарсы
қылмыстық жауапкершілік тақырыбы негізгі және даулы
мәселелердің қатарына жатады. Біздіңше, азаматтардың
сайлау құқығын жүзеге асыруды ұйымдастыру
процесіне қарсы қылмыстық әрекет істеуден тежеуші
фактор ретінде қылмыстық жауапкершілік мейлінше анық,
ұғынықты болуы тиіс әрі, қылмыстық
жауапкершілік негізі мазмұнынан Қазақстан Республикасы
қылмыстық заңнамасының алдында тұрған
міндеттерді шешуді қамтамасыз етуге жатпайтын белгілерді алып
тастаған жөн. Қазіргі таңда
біздің әрекеттегі Қазақстан Республикасының қылмыстық
кодексі сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті
белгілейтін барлығы екі ғана баптан 146, 147 б.б. тұрады.
Сайлау
құқығының осы кағидаларын бұлжытпай
жүзеге асырылуын қамтамасыз етудің негізгі құралы
– сайлау құқығын бұзу үшін жауапкершілік
шараларын бекіту.
Сондықтан,
Қазақстан Республикасының осы саладағы
қызметінің алдағы кезеңдегі маңызды
бағытының бір векторы сайлау науқандарын ұйымдастыру
және өткізу мен азаматтардың сайлау
құқықтарын жүзеге асыру кезінде
заңдылықты сақтауды қамтамасыз етудің тиімді
жолдарын жасақтау болып отыр.
Қылмыстық
жауаптылық мемлекетпен тағайындалатын заңды жауаптылықтың
бірі болып табылады және қылмысы үшін кінәлі
адамдарға ғана қатысты таралады.
Біздің
қолданыстағы заңымыз 1996 жылы қабылданған ТМД
елдері қабылдаған Модельді Қылмыстық кодекске
сәйкес болсада сайлау құқығын қамтамасыз
ету тұсында өзгертулермен толықтыруларды қажет етеді.
Өйткені біздің зерттеуіміз бойынша ТМД мемлекетерінің
көптеген мемлекеттерінде сайлау құқығының
нормалары кеңірек қамтылған. Бұл зерттеудің
мақсаты құқықты-нормативті базаны зерттеп
өзіміздің Ұлттық заңнамамызбен шет мемлекеттері
арасында сайлау құқығына байланысты
заңдарға талдау жасап, елеулі проблемаларға назар аударып сайлау
құқығын бұзған үшін
қылмыстық жауапкершіліктің жігін дұрыс анықтау
болып табылады.
Әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары // election.kz
2.Толстикова И.Н. Уголовная ответственность за
нарушения законодательства о выборах http://www.dissercat.com/content/ugolovnaya-otvetstvennost-za-narusheniya-zakonodatelstva-o-vyborakh#ixzz2sFsxZkmS