т.ғ.д. Қ.А.Бисенов, т.ғ.к. К.Н.Байтасов, т.ғ.к. Ғ.О. Қаршыға, магистр Р.О.Қаршығаев

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті

 

ГИПСТІ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЗАТТАР НЕГІЗІНДЕГІ

БЕТОНДАР ҚАСИЕТІНЕ МИНЕРАЛДЫ ТОЛТЫРҒЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

           

Портланцементке қоспа ретінде минералды толтырғыштарды пайдалану кең түрде таралуда. Оларды үйлесімді шамада және үйлесімді дисперсияда қосу байланыстырғыш заттарды сақтау кезіндегі клинкерлік құрамды шығынын төмендетуге немесе беріктік көрсеткіштерін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Гипсті байланыстырғыш заттар қасиеттеріне минералды толтыр-ғыштардың әсері туралы жүйелі зерттеулер ғылыми-техникалық әде-биеттерде кездеспейді. Осы бағытта әртүрлі минералды толтырғыштардың гипсті байланыстырғыш заттардың беріктік көрсеткіштеріне әсерін зерттеу қорытындылары бар. Зерттеулер байланыстырғыш заттардың күйдірілген құрамды бөлігіне жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында минералды толтырғыштарды пайдаланудың тиімді болатынын бағалау үшін жүргізілді. Толтырғыштар ретінде байланыстырғыш заттар құрамына ұнтақталған мономинералды доломит, бархан құмы, кварцты құм, гипс қосылды. Бұл қоспаларды таңдап алғанымыз, жергілікті минералды шикізатын пайдалану мүмкіндігіне байланысты. Минералды толтырғыштар, беттік үлесі 90м2/кг ұнтақталып гипсті байланыстырғыш заттар құрамына әк қоспасымен бірге қосылды және С-3, олар оптимальды мөлшерде алынды. Байланыстырғыш заттардың майдалану кезіндегі жұқалығы N008 елегіште қалған қалдық бойынша 7% құрайды [1].

Әртүрлі минералды толтырғыштардың әсерін зерттеу қорытынды-ларын сараптау 1-3 суреттерде көрсетілген. Осы зерттеулерде минералды толтырғыштардың гипсті байланыстырғыш заттардың беріктік көрсеткіштеріне дисперсиялық әсерлері де бірге зерттелді. Сараптама қаралған қоспалардың гипсті байланыстырғыш заттар кезіндегі бетондар беріктік көрсеткіштерінің үйлесімді мөлшерде жоғарылауына және байланыстырғыш заттардың күйдірілген бөлігіне жұмсалатын шығындардың азаюына көмектесетінін көрсетті, бұл көрсеткіштер өзінің тиімділігі жағынан әртүрлі.

Ең тиімді толтырғыштар бұл барханды құм (сурет 1) және доломит (сурет 2), оларды тұтқырғыш массасынан 10% мөлшерінде, 300-500 м2/кг беттік үлесімен енгізу гипсті байланыстырғыш заттар негізіндегі бетонның беріктігін 20% жоғарылатады және қоспалар қосылмаған толтырғыштардың бақылау үлгілерімен салыстырғанда 16-17% өсіреді.

Сурет 1 - Гипсті байланыстырғыш заттар негізіндегі үлгілер беріктігінің қосылған бархан құмды толтырғыштар мөлшеріне және беттік үлесіне байланысты өзгеруі.

       

 

 

Сурет 2 - Гипсті байланыстырғыш заттар негізіндегі үлгілер беріктігінің қосылған доломитті толтырғыштар мөлшеріне және беттік үлесіне байланысты өзгеруі.

Қосылған толтырғыш қоспа мөлшері:

Байланыстырғыш заттар массасына байланысты: 1-5, 2-10 карбонатты толтырғыштар тұтқырғыш массасынан 3-5% және беттік үлесі 500 және 300м2/кг болатындай аз мөлшерде қосу гипсті байланыстырғыш заттар негізіндегі бетон үлгілерінің беріктігін бақылау үлгілеріне қарағанда 21-18% жоғарылатуға мүмкіндік береді [2]. Бақылау үлгілерімен салыс-тырғанда кварцты толтырғышты қосқанда, беріктіктің ең аз өсуі 4% құрайды. Байланыстырғыш заттардың массасынан 5 және 10% мөлшерінде, беттік үлесі соған сәйкес 300 және 900 м2/кг.

 

Сурет 3 - Гипсті байланыстырғыш заттар негізіндегі үлгілер беріктігінің қосылған толтырғыштар мөлшеріне және беттік үлесіне байланысты өзгеруі.

Гипсті байланыстырғыш заттар құрамындағы толтырғыш қоспасының максималды мөлшері, оны қосқанда гипсті тас беріктік көрсеткіші азаймайды, бақылау үлгілерімен салыстырғанда, байланыстырғыш заттар массасынан беттік үлесі 300-500м2/кг бархан құмы және доломитті толтырғыштар үшін 20%, байланыстырғыш заттар массасынан беттік үлесі 90-150м2/кг кварцты толтырғыштар үшін - 15%, байланыстырғыш заттар массасынан беттік үлесі - 300 м2/кг гипсті толтырғыштар үшін - 10%.

Сонымен, жүргізілген зерттеулер қорытындысына қарай, байланыс-тырғыш заттарды ең жоғары дәрежеде толықтыру есебінен оның беріктік көрсеткіштерін жоғарылату немесе сақтау бархан құмын немесе доломитті толтырғыштарды (беттік үлесі 300 м2/кг) пайдалану көп есе тиімді болатыны анықталды.

 

Әдебиеттер:

1.     Будников П.П. Гипс, его исследование и применение.–М.: Стройиздат, 1973.- 280 с.

2.     Волженский А.В., Роговой М.И., Стамбулко В.И. Гипсоцементные и         гипсошлаковые вяжущие и изделия. – М.: Стройиздат, 1970.- 263 с.