ӘОЖ
631.5(574)
а/ш.ғ.м.
Д.Ж.Нұржан1, т.ғ.д., профессор П.Ж.Жүнісбеков2
1Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы, Қазақстан
2Қазақ ұлттық аграрлық университеті,
Алматы қаласы, Қазақстан
ЖЕР ТЕГІСТЕУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ
Аннотация: Мақалада негізгі
агромелиоративтік іс-шаралар, суармалы егістік жерлерде жер қыртысын
өңдеу, алқап бетін тегістеу жұмыстары келтірілген.
Кілттік сөздер: жер тегістегіш машина,
суармалы егістік жер, алқап, өнімділік, жер қыртысы.
Халықаралық
іс-тәжірибеден көргеніміздей жер қыртысын өңдеу
жұмыстары, алқап бетін тегістеу, негізгі агромелиоративтік
іс-шаралар, басты мақсатта алқап бетіндегі тегіс емес жерлерді жою
жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Сондықтан суармалы
егістік жерлерінде өзекті мәселелерге күріш алқаптарында
тегістеу жұмыстарын ұйымдастыру және жер қыртысын
тегістеуге арналған агрегаттарды қолдану олардың
экономикалық тиімділігін негіздеу болып табылады [1].
Ерекше атап өтетін жағдай
күріш алқаптарында жер қыртысын жоғарғы
дәрежеде тегістеуге ерекше мән беріледі. Мысалы, Величко Е.Б. және Шумакова Б.Б. [5]
мәліметтері бойынша жобаланған алқапта күріш
өнімділігі 1,5 есе жоғары жер бетін тегістеу дәлдігі ±3 см,
ал суғаруға жұмсалатын су көлемі 1,6 есе төмен,
жер бетін тегістеу дәлдігі ±5 см ауытқудан жоғары.
Сондықтан жер қыртысын тегістеу дәлдігі ±2 см-ге
жоғарыласа күріш өнімділігі 19,9 ц/га (47%) артады және
суғаруға қажетті су мөлшері 1621 м3
үнемделеді.
Е.В Антоновтың мәліметі бойынша
негізгі жер қыртысын тегістеудің бағалау өлшемі 1-ші
суретте көрсетілгендей күріш алқаптарында жер бетінің
биіктігінің орташа квадраттық ауытқуы көлденең
жазықтықтағы нүктелерге қатысты келтірілген. Күріш
өнімділігіне
Су шығындарына тәуелділіктің
Ұзын базалы тегістегіштер автоматты
басқару жүйесінің жоқтығынан көлденең
жазықтықта тегістеу жұмыстарын жүргізуді
қамтамасыз етпейді. Ұзын базалы тегістегіш машиналары жұмысынан
кейін жер бетінде машина ұзындығынан 2 есе артық ұзына
бойлы тегіс емес кедір бұдырлар пайда болады.
Көлденең
жазықтықтағы жер тегістеу ±2 см дәлдікте лазерлі басқару жүйесі бар
тегістегіш машиналармен орындалады.
Бірінші суретте көргеніміздей бірінші
жылы пайдалану кезінде өнімділік шығыны 19%, ал төрт жыл бойы
тегістеу жұмыстары жүргізілмеген алқапта 50%-ға
жеткенін көруге болады. Күріш өнімділігін арттырудың
және су шығындарын төмендетудің басты мақсаты
ҚР-ғы күріш егілетін аудандарда жер қыртысын
жоғары дәлдікпен тегістеу жұмыстарын жүргізу болып
табылады [2,3,4].
ҚР
жағдайында жер қыртысын тегістеу қажеттілігі күріш
алқаптарында, бірінші кезекте күріш өнімділігіне және
сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар басқада дәнді
дақылдардың сапалы көрсеткіштеріне тәуелді.
Қазіргі талаптарға сай күріш алқаптарындағы
микрорельефтің ауытқуы ±5 см-ден аспауы тиіс. Қызылорда
облысында күріш өсірудің көп жылғы
тәжірибелері көрсеткендей алқап бетінің тегіс еместігі
±10-16 см-де болуы, күріш өнімділігін 1,5-2 есеге төмендетіп
және су шығындарын 1,7-3,2 есеге арттырады [3,5].
Қызылорда
облысында 2000-ші жылдары 250 мың гектар инженерлік жобаланған
күріш өсіру жүйесі, бүкіл республика халқын
күрішпен қамтамасыз еткен. Жер қыртысын тегістеу
техникаларының және қаржы жетіспеуінен 80 мың
гектарға жуық жобаланған жерлер істен шықты.
Қалған күріш алқаптарында 20 жылға жуық
тегістеу жұмыстары жүргізілмеді, нәтижесінде
ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің
төмендеуіне және су шығындарының артуына әкеліп
соқтырды.
Негізгі
мәдени дақыл-күріш өнімділігі 4,56 т/га-дан 3,6 т/га-ға дейін немесе 21,3%
төмендеді. Суармалы күріш алқаптарында су деңгейі 45-55
см.смге өзгереді. Ал негізгі талаптарға сәйкес 1
гектарға шаққанда 17000-20000 м3 болуы шарт [4,5].
1-сурет. Күріш
өнімділігінің Уi және су шығынының Qi орташа квадраттық
ауытқудағы σi күріш
алқаптарының беткі қабатына тәуелділік графигі.
Соңғы 20-25 жылда жер
қыртысын тегістеу жұмыстары жүргізілмеді, бұл
технология өндіріске жаңадан енгізілуде. Қазақ
ғылыми зерттеу институтының жүргізген зерттеулері
көрсеткендей, күріш алқаптарындағы жер бетінің
жағдайы қазіргі талаптарға сай келмейді, 62% күріш
алқаптары тегістеуді қажет етеді. Осының әсерінен
шаруашылықтардағы өнімділік шығындары 32% және су
пайдалану шығындары 43% өсіп отыр.
Бұл
аталған мәселерді тез арада шешуді талап етуде, қазіргі
уақытта күріш себу ауданы 100 мың тонна гектарға
жуық, егерде тегістеу жұмыстары жүргізілетін болса 150
мың тонна күріш жылына алуға болады.
Сондықтанда
ҚР жағдайында жүргізілген зерттеулерді сараптай отырып
суармалы жерлерді тегістеу жұмыстарын ғылыми тұрғыдан
қарастыру қажет.
Қазіргі
ҚР жағдайында жер бетін тегістеуде ұзын базалы жер тегістеуіш
машиналар пайдаланылады, бұл машиналарда жұмыс органдарын
басқаратын автоматты жүйенің жоқтығынан жер
тегістеу кезінде көп тиімділігі бола бермейді. Соңғы кездері
Итальяндық «MARA» жер тегістегіш машиналары пайдалануда. Бұл
машиналарда жұмыс органдарын автоматты түрде реттейтін лазерлі
жүйені қолданылуы жер қыртысын тегістеу дәлдігі ±2
см-ге жетуге мүмкіндік беруде. Бірақта бұл машиналардың
жұмыс режимдерімен параметрлерін анықтау, сонымен қатар
қосымша жер өңдеу жұмыстарын жүргізуді
қажеттілігі туындауда [1,2,3].
Егерде
ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі жер
қыртысын жоғары дәлдікте тегістеу жұмыстары есебінен
артса, онда өлшем сапасы ретінде нормаға сай тегістелген жер беті
әсерінен өнімділіктің артуын пайдалануға болады.
Өнімділікті қамтамасыз
етудің көмекші өлшемі ретінде төменгі пайдалану
шығындарын жатады:
Бұл жерде тегістеу
жұмыстарының
Жоғарыда
келтірілген өлшемдерді негізге ала отырып пайда болатын кездейсоқ
факторларды ескеріп, ұсынылған өлшемдер нәтижесінде
техникалар қажеттілігін негіздеуге болады.
Резюме
В статье
приведены основные агромелиративные работы по обработке поверхности почвы с
целью планировки поля.
Ключевые слова: планировщик, орашаемые
поля, поля, производительность, слой
почвы.
Әдебиеттер
1. Жүнісбеков
П.Ж., Рахатов С.З., Бекбосынов С., Ундирбаев М.С., Д.Ж. Нұржан «Суармалы
егістік жерлерді тегістеуге арналған жер тегістегіш машиналарына талдау»
ҚазҰАУ «ІЗДЕНІСТЕР, НӘТИЖЕЛЕР» ғылыми журнал №3
(059)2013 Алматы.
2. Антонов,
Е.В. Характеристики микрорельефа рисовых чеков и рекомендации по повышению
эффективности планировочных работ
[текст] / Е.В. Антонов, Ю.Г. Ревин // М.:МГУП,
2005. – С. 418 – 422.
3. Суриков
В.В., Темиров Б.Т., Абильдаев Н.А. Планировка полей - важный фактор повышения
урожайности сельскохозяйственных культур. Сб.науч.тр.Ч.2.- Кызылорда.:
КПТИ,1996.с.102…103.
4.
Самсонова Н. П. Планировочные работы на
орошаемых землях. М.: Сельхозгиз, 1955. – 127с.
5.
Шумаков Б. А., Петрунин В.П. Планировка
поверхности орошаемых площадей для полива по длинным бороздам и полосам: сб.
науч. тр. / ЮжНИИГиМ, 1964. – Вып. 10. – С.5-13.