Экология/4. Промышленная
экология и медицина труда.
Ибраева А.И., Джиембетова И.С.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Текстиль өндірісіндегі экологиялық мәселе
Ертеден бері киім тігуде жануарлардың
терісі, өсімдік және оның тұқымдары
қолданылды. XIII ғасырдың ортасында алғашқы
синтетикалық талшықтар өндіріле бастады. Целюлозадан
және мұнай өнімдерінен жасалған, сондай-ақ,
басқа да синтетикалық және табиғи материалдармен
қоспасымен дайындалған синтетикалық талшықтар жүн,
мақта және жібек талшықтарын алмастыра алмады [1].
Табиғи бояғыштар маталар мен
жіптерді бояу үшін қолданылды. XIX ғасырда
көмірлі-тасты бояғыштар шығуымен, XX ғасырда
синтетикалық талшықтардың дамуымен бояу процесі
қиындады. Заманауи бояу тәсілдерімен 180 м матаны 16 және одан
да көп түске 1 минутта бояды.
Міне, 300 жыл бойы текстиль өндірісі
қауіпті болып есептеледі. Рамаццини (1864), XIII
ғасысырдың өзінде, зығырды және қарасораны
тараған адамадарда астманың ерекше түрін сиптаттаған. Ол
«кір және улы шаңмен» дем алған адамдардың
тоқтаусыз жөтелгенін, соның нәтижесінде, уақыт
өте келе демікпеге алып келетінін байқаған. Бұл
белгілер текстиль өндірісінің алғашқы даму
кезеңдерінде кездесетіндігі туралы Бухуис және әріптестерімен,
Филипбург иелігіндегі физиологиялық зерттеулерінде көрсетілген [2].
XIX ғасырдың аяғы
және XX ғасырдың басында текстиль фабрикаларындағы
кәсіби өкпе аурулармен ауыратындардың жиілеп кеткендігін
көптеген зерттеулер көрсетті. Бұл құбылыс XXғасырдың
ортасына дейін елеусіз болды. Кейінгі көптеген зерттеулер, дүние
жүзінің текстиль өндірісінің жұмысшыларына
өндірістік орта әсер ететіндігін дәлелдеді.
Текстиль өндірісінде экологиялық
проблемалардың екі қайнар көзі бар: матаны өндіру
кезінде қоршаған ортаға қауіпті (сондай-ақ
адамғада) және бұйымды пайдаланумен байланыстыпроцестер.
Мата өндіретін зауыттардың
жұмыс істеуінентуындаған экологиялық проблемалар –
атмосфераға және ағын суларға түсетін улы заттар.
Бояу және баспа
жасайтын зауыттар тұрғын үйлерге жақын орналасса, улызаттарға
қосымша, жаман иістер жиі проблема болып табылады. Вентеляциялық
қалдықтардың құрамында еріткіштердің буы,
формальдегид, көміртегі, күкіртті сутек және металдардың қоспалары бар.
Еріткіштерді кейде қайта қолдану
үшін жинақтап, тазартады. Макробөлшектер фильтрациялау арқылы
тазартылады. Газдарды жуу судағы ұшқыш
қосылыстарға, мысалға, метанол, қатысты нәтижелі
болады. Матаны пигментті баспада,эмиссий құрамына көбінесе
қөміртегі кіретін болса тиімді емес.
Тез тұтанатын заттар жағып жіберуге болады,
бірақ, қымбат. Дегенмен, аз зиянды заттарды шығаратын
материалдарды қолдану арқылы мәселені шешуге болады.
Бұл тек матағабаспажасау кезінде
қолданатын, байланыстырушы заттар мен тігетін агенттерге ғана
қатысты емес, сондай-ақ, матаның
құрамындағы қалдық мономерге және формальдегидтке
қатысты.
Ағын сулардың бекітілмеген
бояғыштармен ластануы –тек адамға және жануар
денсаулығына ғана қауіп төндірмейді, сондай-ақ,
қөзге бірден түспейтін, аспалы бөлшектермен ластануы қауіпті
экологиялық мәселені тудырады.
Бояу кезінде бояғыштардың
фиксациясы 90%, бірақ, маталарды химиялық белсенді бояғыштармен
бояудағы фиксация дәрежесі 60% және одан төмен. Бұл
дегеніміз, матаны жуған кезде бояғыштың
құрамындағы химиялық белсенді заттардың
үштен бір бөлігі ағын суларға араласып кетеді. Бояғыштардың
қосымша мөлшері ағын суларға иелеуіштер мен
барабандарды жуғанда тағыда араласады [3].
Көптеген елдерде ағын
сулардың құрамындағы ластаушы заттардың
мөлшерін шектеу орнатылған. Ол үшін, ағын суларды
тазартатын қымбат жүйелерді қолдану керек.
Мәселенің шешімі – фиксациялау
дәрежесін жоғары, жуылатын қалдықтардың
мөлшері аз, бояғыштар және синтетикалық
қоюландырғыштарды қолдану.
Формальдегид және кейбір ауыр
металдардың (олардың көбісі инертті)қалдықтарымен
боялған маталардантігілген киім адам терісін тітіркендіріріп,
сенсибилизация тудырады.
Жиһаздар мен перделердің маталары
мен кілемдердегі формальдегид және еріткіштердің
қалдықтары біраз уақыт бойы жайлап ұшып отырады.
Жабық бөлмеде кондиционер көмегімен, бөлменің
ішіндегі қайтара ауа айналымын тудырады. Ауаның
құрамындағы зиянды заттардың концентрациясы
бөлмедегі адамдаруланатындай мөлшерге жетуі мүмкін.
Маталардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін киімдегі формальдегид мөлшеріне шектеу орнатылған.
Кейбір елдерде, мысалға, Дания, Финляндия, Германия және Жапония)
бұл шектеу заңмен бекітілген. Өндірушілер қазіргі
кезде, экологиялық маркировканы алу үшін, орнатылған
шектеулерді ерікті түрде ұстанатын болды (1-сурет).

1-сурет – Текстиль
өндірісіндегі қолданылатын экологиялық таңбалау
Көптеген фабрикалар ағарту
үшін гипохлорит ерітіндісін қолданады. Басқаларында,
ағартушы агент ретінде газ тәрізді хлор немесе ұнтақ
тәрізді хлорлы әктасты қолданады. Оларды бакқа
құйғанда хлор бөледі. Осы кезде жұмысшылар
хлордың қауіпті концентрациясымен улану мүмкін. Бұл
кезде көз және қол терісі тітіркеніп, өкпенің
тұрақты қабынуына алып келеді. Газ тәрізді хлор
ағзаны күйдіреді. Хлордың өндірістік бөлмелердегі
мөлшері - 1 мг/м3. Хлордың тітіркендіргіш әсері – ауада
3 мг/м3 асқанда, ал суда 100 мг/л байқалады.
Хлордың улылық әсері концентрациясы
және әсер ету уақытына тәуелді. 100 мг/м3 концентрациясы 1 сағат бойы
әсер етсе, адам өміріне қауіпті. Ал, 3 г/м3 концентрациясы 5 минутта адам
өліміне алып келеді.
Хлор су мен тіндік суықтықтарда
жақсы еріп, жоғары демалу жолдарын, трахея, бронхтардың
шырышты қабатын зақымдайды. Жоғары концентрациясы әсер
ететін болса, демалу жолдарының терең бөлімдерін
зақымдайды. Демалу жолдарының рецепторлы аймағының
интенсивті тіріркенуі трахеяның, бронхтардың тегіс
бұлшық етінің рефлекторлы реакциясын тудырады [5].
Хлордың әсер ету
алғашқы фазасындағы рефлекторлық реакцияның
симптомдары клиникалық зақымдану көрінісімен бірге
жүреді. Өлімге өкпенің химиялық күюі алып
келуі мүмкін. Хлордың демалу жолдардың, альвеолдардың
эпителилі қаптамасына және өкпе капиллярларының
эндотелиіне токсикалық әсері, оның тотығу
қасиеттерінің көрінісі. Хлордың химиялық
әсері тіндердегі ферментативті тотығуды бұзады: оксидантты
қорғаныш ферменттерін өшіреді, бос радикальды процессті істен
шығарады, биомембраналардың қасиеттері мен
құрылымын өзгертеді. Осылайша, хлор бір жағынан,
өзі зақымдаған тіндердегі бос радикалды процестерді басады,
екінші жағынан, антиоксидантты жүйенің ферменттерін тежейді.
Текстиль өндірісінде жұмыс
істейтіндер демалу жолдарының ауруларына шалдығады.
Осы өндірісте бірнеше жылдар бойы жұмыс істеген адам
жұмыстың бірінші күні күндіз (дүйсенбі)
демалудың қиындығына шағымданады. Кешке қарай
бұл сиптомдар жойылып, жұмысшы өзін аптаның
соңына дейін жақсы сезінеді. Бірақ, аптаның басында
тағыда осы сиптомдар қайталанады. Мұндай тұншығу
көп жылдар бойы сақталып, ары қарай дами береді. Мұндай
симптомдар күнде тұрақты қайталанып, қимылдау
кезінде тұншығу байқалады. Осы кезеңде пайдасыз
жөтел болуы мүмкін. Дүйсенбінің белгілері өкпе қызметінің
әлсіреуімен бірге жүреді. Басқа күндері белгілері
білінбесе де, бұл әлсіреу тек дүйсенбі күні ғана
емес басқа күндері де жалғасып жатады. Өкпенің негізгі
(дүйсенбі күні ауысым алдында) қызметі ауру
асқынған сайын төмендейді. Текстиль өндірісінің
жұмысшыларында, көбінесе, шаңмен демалғандықтан,
жөтел мен бронхит белгілері жиі кездеседі. Жұмысшылардың
тобына бақылау жүргізу, тұрақты өкпе аурулары
өлімнің бірініші себепкері болатынын көрсетті.
Дамыған елдерде текстиль өндірісіндегі кәсіптік аурулар аз
таралған және қауіптілігі де аздау, ал, дамушы елдерде
керісінше.
Биссиноз бүкіл әлемде, әсіресе, мемлекеттік стандарттар
жоқ мемлекеттерде көп таралған. Соңғы зерттеулер
бойынша (2007), Индия, Камерун, Эфиопия, Судан и Египет елдерінде биссинозбен
ауру 20% жоғары болған.
2006 жылы шаңның ауадағы концентарциясы 1мг\м3 құрайтын,
Хорватияның текстиль фабрикаларында 66 жұмысшы тексерілді. Бұл
жерде биссиноз, ал, өкпенің қызметі жыл сайын
төмендеуі, темекі шекпейтіндерден
екі есе жиі кездесті
Әртүрлі өндірісітердің мысалында азобояғыштар
зәр шығару жолдарының қатерлі ісігіне алып келетіні
дәліденді. Акрил талшықтары және полиэтиленмен
байланысқа түсетіндер арасында да, зәр шығару
жолдарының аурулары кездеседі. Көбінесе, осы маталарды бояумен
айналысатын жұмысшылар үшін қауіпі жоғары [5].
Зерттеу жұмысында, адам денсаулығына және
қоршаған ортаға зиянды текстиль өндірісінің
зияндылық әсерін бағалау талпынысы жасалды. Мұндай
әр өндіріс саласын зерттеу – өндірісті модернизациялайды. Ол
сәйкесінше, өндіретін өнім сапасын жоғарлатады.
Алынған нәтижелер текстильді өндірісі белгілі бір
мөлшерде зиянды заттарды қолдану мен шығарумен бірге
жүреді. Зиянды заттардың межеленген концентрациядан көп емес
ауытқып кетсе де, қауіпті,
кейде қайтымсыз процестерге алып келуі мүмкін.
Дайын текстиль бұйымдарының қауіпсіздігін
қамтамасыз етуін және тікелей өндірісітік процесті
қатаң бақылауға алу керек. Шикізаттар және
ендірілген зиянды қоспаларының ластану дәрежесін талдау
керек. Сондай-ақ, зиянды заттардың адам ағзасына қандай
мөлшерде түсіп жатқанын және келтірілген
факторлардың жұмысшы және тұтынушы денсаулығына
қалай әсер ететінін бақылап отыру.
Әдебиет:
1. Гаврилова Ю.В., Рысева С.Н. «Анализ и
прогноз развития текстильной промышленности», 1996
2.Кобяцкая Е.Е. «Экологические проблемы
текстильной промышленности России на этапе экономических реформ», 1997.
3. Лужников Е.А.,
«Клиническая токсикология», изд. Медицина, 1999
4. Шабанов А. Н. Справочник фельдшера. -
М.:Медицина, 1976
5. http://ru.wikipedia.org