ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

Тоқатова  Жанат Еркуатовна

 

                                 Қазақ гуманитарлық заң және техникалық коллеждінің 

                 «Қазақ тілі және экономикалық пәндер» бірлестігінің оқытушысы

 

 Қазақстан Республикасының егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне, 25 жыл уақыт болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы  Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес, дүние жүзі танитын тәуелсіз дәрежелі, экономикасы жоғары дамыған мемлекет екенімізді барша әлемге мойындаттық. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезегінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек» [1].

 Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту. 

Жаңа  қоғам  өзінің  соңғы  өзгерістерін   бірге  ала   келетіні  белгілі.  Сол  сияқты  нарықтық   экономика   да  біздің  қоғамға  инвестиция  ұғымын  ала  келді.  Бұл  өркениетті  әлемде  әлдеқашан   қарым-қатынастың  қалыпты   заңдылығына айналып  кеткен  ұғым  болып  табылады.

Нарықтық экономикаға өткеннен кейін басым бағыттардың бірі –бизнесті дамыту болды. Осыған байланысты түрлі бағытта инвестициялар тартыла бастады. Инвестицияны, алуан түрлі күрделі қаржыны белгілі бір жобаларға ұйымдастырылған түрде жұмсау үшін шешім қабылдау өте қиын. Жерінің қазба байлығы мол, экономикалық потенциалы аса жоғары деңгейде танылған Қазақ елінің кең байтақ аймақтарындағы табиғи шикізат ресурстарын игеру, оны өңдеу, өндіру мәселелері тәуелсіздік алған жылдардың басында негізгі сұрақтардың бірі болатын. Еліміздің басымды саяси-экономикалық механизмдерінің нәтижесінде республикаға шетелдік инвесторлардың келуі, одан кейін отандық инвесторлардың біртіндеп экомикаға жұмыс істеуінің нәтижесінде табиғи шикізат ресурстарын шығару, өңдеу, өндіру, сату процестері қалыпты жолға қойылып, елде инвестициялық салым айналысы жандана бастады.

 Қандай да болмасын жаңадан құрылып, қалыптаса бастайтын экономикалық  үрдістің  түпкі мақсаты – материалдық  өндіріс пен халықтың сұранысы мен ұсынысына жауап берерлік және бәсекелестік тұрғыдағы өнімдер өндіріп, қызметтер көрсету болып табылады. Сапалы дәрежеде өнімдер өндіріп, қызметтер көрсетіп, мұның өзін үлкен бәсекелестік жағдайға келтіру үшін әртүрлі көздерден қаржы жұмсалады және жұмсалған қаржыны тиімді басқару қажеттігі туындайды. Сондықтан, экономикалық жүйені тиімді басқару мен салынған қаржылық салымдардың тиімділігін анықтау және олар бойынша шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда шаруашылық жүргізуші ірі, орта немесе шағын бизнес субъектілеріндегі қаржылық инвестициялар есебін дұрыс ұйымдастыру және оны жетілдіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып саналады.

   «Инвестициялау»  ағылшын тілінен аударғанда  «қаржы жұмсау»  деген мағына береді. Инвестиция - ақшалай құралдар, елдер және шет елдер арасындағы жаңа құралдарды енгізуге, кәсіпорын қызметін  модернизациялауға арналған банктік салымдар, пай, акция, бағалы қағаздар,  сонымен қатар технология, машиналар мен қондырғылардың дамуына әкеледі.

Қазіргі  уақытта    инвестицияның   басым  бөлігі  кен-қазба  байлықтарын игеретін саланың негізін  құрайды.  Өз  кезегінде  Қазақстанның  сыртқы  саясат  саласындағы  атқарып  жатқан  іргелі  істері  елімізге  шетелдік  инвестицияның көптеп  келуіне  жол  ашып  отыр.  Оның  сыртында  елдің  ішкі  саяси  тұрақтылығы,  экономикадағы  реформаның  бірізділікпен  жүзеге  асырыла  бастауы,  сырттан  келетін  қаржының  тұрақтылығына   мүмкіндік  береді. 

 Қазақстанда  нарықтық  реформаларды  табысты  жүзеге  асыру  үшін  Бүкіл  дүниежүзілік  банк,  Халықаралық  валюта  қоры,  Еуропалық  қайта  құру  және  даму  банкі,  Ислам  даму  банкі,  Азия  даму  банкі  секілді  беделді  халықаралық  қаржы  институттарымен,   басқа  да  халықаралық  қаржы  мекемелерімен  іс-әрекетті  үйлестірудің  үлкен  мәні  бар.

Республика бүгінде  дүние  жүзіндегі  үлкенді-кішілі  80-ге жуық  халықаралық  ұйымға  мүше  болып  табылады. Осыған  сәйкес  республика  халықаралық  қаржы-несие және  басқа  ұйымдарға  қатысудан  туындайтын  мүшелік  жарналарды,  борыштық  операциялар   мен  мәмілелер  бойынша  қажетті  төлемдерді  жүзеге  асырады.   

 Инвестициялар болмай экономикалық өрлеу мүмкін емес, бірақ Қазақстандағы инвестициялық сала көп қиындыққа кездесті. Сол себепті қалыптасқан нақты жағдайда ескеретін инвестициялық саясат қажет.

Инвестиция - экономиканың ұзақ мерзіміндегі өсуінің негізгі айқындаушысы ретінде өте қажетті нәрсе. Инвестицияны ЖІӨ-нің бір бөлігі ретінде сипаттайды және өндірісі дамыған Жапония, Германия секілді мемлекеттер АҚШ-қа қарағанда көбірек қаражат жинайды, жалпы ЖҰӨ-ң көп бөлігін сақтайды.

Сонымен, инвестициялық қызмет дегеніміз  “Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі тәжірибелік іс-әрекеттерінің жиынтығы” болып  табылады. Инвестиция түсінігі қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларында барлық  нысандарына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді  [2, 12 б]. Инвестиция құралы ақша қаражаттарына, мақсатты банк несиелеріне, үлестік жарналарда, акциялар мен басқа да бағалы  қағаздардан,  қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар, материалдар және т.б.) жерді пайдалану құқығына, табиғи қорлардан т.б. тұрады [3, 48 б].

Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады [4, 13 б]. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау  қорларды  көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса, онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді. Күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өндіруге бағытталатын болса, онда инвестициялар құрылыс монтаждау жұмыстарының керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын қамтиды. Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең.

Инвестициялардың  күрделі  қаржыдан тағы бір айырмашылығы олар материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықта, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін  де жұмсалынады [4, 13 б].

Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізгі мәселе-инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

Бұндай есептеулер не үшін қажет? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс .

Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі  және  төменгі формула бойынша жүргізіледі:

                                                            Sd = mt/(1+α)n      (2)

бұл жерде:

Sd – дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны;

 mt- ақшаның келешектегі құны;

α – пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны;

n – ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.

Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабельділік деңгейін есептеп шығаруға болады [5, 32 б]. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша  шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді.  [6, 83 б].

Экономикалық өсуді қолдау үшін Үкімет құрылымдық және институтционалдық реформаларды жүргізді.

 Оларға мыналарды жатқызуға болады:

ü        салықтың әкімшілдік етудің әдістері мен құралдарын, әсіресе, салық тәртібі дәстүрлі үйлеспейтін және қаржы ағындарының ашықтығымен ерекшеленбейтін ірі ұлттық және шетелдік компанияларға жақсартуды.

ü        қосылған  құн салығын және әлеуметтік салықты төмендетуді

ü        банк жүйесін, валюталық тәртіптемені одан әрі ырықтандыру, банкілер мен зейнетақы қорларының қызметін нығайту жөніндегі шараларды.

ü        банк депозиттерін сақтандыруды, қайта қаржыландыру мөлшерлемелерін төмендетуді

ü        бюджет  жүйесін жетілдіру мен инвестициялар арқылы бюджеттік қаржыландыруды арттыруды және басқаларды

Бұл халықтың табысы төмен жағдайдағы табиғи монополистердің көрсететін қызметтеріне тарифтердің күрт өсуі, үкіметтің сатылас тежеуімен жүзеге асырылады. Бұл инфляцияны бақылауға және онсыз да бәсекелестікке қабілеттігі нашар отандық өнімді соққыдан аман алып қалуға көмектеседі.

Көптеген Қазақстандық компаниялар елдің банк секторындағы қиын жағдайға байланысты бизнес-жобаларды жүргізуде қиындықтарды басынан кешуде. Кәсіпкерлік нарықтағы жұмысын жалғастыру мен одан әрі тиімді жұмыс істеу үшін қосымша қаржыландыруға мұқтаж болып отыр. Мұндай жағдайда тікелей инвестициялар қаржыландырудың ең көкейкесті баламалы қайнар көздері болып табылады.

Исламдық қаржыландырудың толығымен шариғат стандарттарына бағындырылған қаржыландыру жүйесі екендігі белгілі, ол өз кезегінде құранға сүйенеді. Мысалы, шариғат заңдары пайыз беруге немесе алуға тыйым салады, бұл адамгершілікке жатпайтын арсыз іс болып саналады. Шариғат бұдан бөлек, тараптардың жасалған келісімінің  100%-дық жариялылығын, ортақ істегі табыстар мен шығыстарға тең құқықпен қатысуды талап етеді. Яғни шариғат қаржыландырушы жақ пен бизнес қожайынының ролі мен мүмкіндіктерін теңгереді, екі жақтың арасындағы қақтығыстардың мүмкіндігін жоққа шығарады.

Қазақстан экономикасы ірілермен салыстырмалы түрде шағын. Алайда біздің экономиканың ерекшелік белгісі-бұл оның дамуындағы қарқынды сипат. Экономикалық даму қоржыны он жыл бойы 10 % деңгейінде болды. Қазір бұл өсу қарқыны 5% болатын кезеңге өтудеміз. Бұл –дамудың қалыпты және жоғары қарқыны да- ол  көптеген дамыған елдерге қарағанда жоғары және біздің экономика қарқынды ғана емес, сондай-ақ диверсификацияға да қабілетті. Бізде капитал салу үшін қажетті нарықтық кеңістіктер мол.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.                       Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Новый Казахстан в Новом мире» от 28 февраля 2007 г.// Кызылординские вести №15 от 01.03.2007 г.

2.                       Идрисов  А.Б.  «Стратегическое   планирование   и  анализ  эффективности  инвестиций».   Москва  «Финансы»;  1996ж.

3.                      Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А.,  Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Оқулық.- Алматы: Экономика, 2006.-384 бет.