Халықаралық
қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес ақша
қаражаттары қозғалысы туралы есептілікті
құрудың әдістері.
«Есеп және аудит» кафедрасы оқытушы, магистр
Есильбаева Жанар
Ақша туралы ғылым-негізгі
ғылымдардың бірі болып табылады. Оның негізгі экономикалық,
ақша қатынасын қарастыратын және ақша
ағынын дұрыс пайдалану туралы ғылымдар жатады. Ақша
жүйесінің негізгі пайыздары мен функцияларын жетік білу және
оларды дұрыс пайдалану мемлекеттің қаржы
жүйесінің дұрыс жұмыс жасауының алғы
шарттары болып табылады.
Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілік
қаржылық жағдай туралы есептілік пен кезең ішіндегі
пайданы толықтырып тұратын есептіліктің маңызды бір
нысаны болып табылады. Егер қаржылық жағдай туралы есептілік
кәсіпорынның каржы жағдайын нақты бір
уақытқа көрсететін ғана болса, ал ақша
қаражаттары қозғалысы туралы есептілік қаржылық
есептіліктің құрамдас бөлігі болып табылатын ақша
қаражаттарының қозғалысын есепті кезеңнің
бір күнінен келесі күні аралығында туындаған
өзгерістерді нақтылап беріп отырады.
Есептіліктің бұл нысанын тиісті деңгейде құру
ережелерін айқындауға арнайы бір стандарт әзірленген – 7 (IAS) Халықаралық
қаржы есептілігінің стандарты
«Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп» [6]. Бұл стандарттың
мақсаты ұйымның өткен кезең ішіндегі ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру арқылы
ақша қаражаттары мен ақша баламаларындағы тарихи
өзгерістер туралы ақпарат беруін талап етуде болып табылады, онда
кезең ішіндегі операциялық, инвестициялық және
қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының
түсімдері мен төлемдерін жіктеу жүргізіледі.
Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы ақпарат компанияның ақша
қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде
пайдалы болады және пайдаланушыларға әр түрлі
компаниялардағы ақша қаражаттарының
болашақтағы түсімдері мен төлемдерінің
дисконтталған құнын бағалауға және
салыстыруға арналған үлгілерді әзірлеуге
мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ әр түрлі
компаниялардың операциялық көрсеткіштері туралы
есептіліктің салыстырмалығын ұлғайтады, бұл
бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр
алуан әдістерін қолданудан келтірілетін әсерін жояды.
Инвестициялық қызметтен түсетін
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол
болашақ кіріс пен ақша қаражаттарын молайтуға
арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатында
жүргізілген тиісті шығындар туралы айғақтайды.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары
мысалдары мыналар болып табылады:
-
негізгі құралдар, материалдық емес және басқа
да ұзақ мерзімді активтер сатып алуға арналған
ақшалай төлемдер. Оларға капиталдандырылған
әзірлеу шығындарына және меншікті өндірістің
негізгі құрал-жабдықтарына байланысты төлемдер жатады;
-
негізгі құралдар, материалдық емес және басқа
да ұзақ мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер;
-
басқа компаниялардың үлестік немесе борыш
құралдарын және бірлескен қызметке қатысу
үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер
(ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын
осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда
мақсатына арналған төлемдерден басқалары);
-
басқа компаниялардың үлестік немесе борыш
құралдарын және бірлескен қызметке қатысу
үлестерін сатудан алған ақшалай түсімдер (ақша
қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы
құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда
мақсатына арналған ақшалай түсімдерден
басқалары);
-
басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай
төлемдер мен несиелер (қаржы компаниялары берген аванстық
төлемдер мен нестелерден басқалары);
-
басқа тараптарға берілген аванстар мен несиелер
қайтарылымынан алынған ақшалай түсімдер (қаржы
институттарының аванстық төлемдері мен несиелерінен
басқалары);
-
келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін
жасалған немесе төлемдер қаржы қызметі ретінде
жіктелетін жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар,
опциондар мен своптар бойынша ақшалай төлемдер; және
келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін
жасалған немесе түсімдер қаржы қызметі ретінде
жіктелетін жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар,
опциондар мен своптар бойынша ақшалай түсімдер.
Қаржы қызметінен
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені бұл
ақпарат компанияға капитал беретін инвесторлардың ақша
қаражаттарының болашақ түсімдеріне қатысты
талаптарын болжау үшін қажетті. Қаржы қызметінен
түсетін ақша қаражаттары қозғалысының
мысалдары мыналар болып табылады:
-
акциялар эмиссиясынан немесе басқа да үлестік
құралдардан түскен ақша түсімдері;
-
компанияның акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін акция
иеленушілеріне ақшалай төлемдер;
-
қамтамасыз етілмеген облигациялардан, заемдардан, вексельдерден,
қамтамасыз етілген облигациялардан, кепілдік және басқа да
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттерден
ақшалай түсімдер;
-
кредиттік сомаларды ақшалай өтеу; және
қаржылық жалдау бойынша берешекті азайту үшін жалға
алушының ақшалай төлемдері.
Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп кезең ішіндегі ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді оларды
операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметі
бойынша жіктей отырып ұсынылуы тиіс.
Ұйым операциялық қызметтен түсетін ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді тікелей
немесе жанама әдістердің біреуін қолдана отырып беруге
құқылы.
Тікелей әдіс – ақша қаражаттарының түсуі мен
төленуінің барлық негізгі түрлерінің
мазмұнын анықтайтын әдіс. Басқа сөзбен
айтқанда, аталған әдіс әрбір ақша операциясын
зерттеуге және оның қай қызмет түріне
жататындығын анықтауға негізделген. Бұл үшін
қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы
есептің әрбір бабына түзету енгізу қажет. Түзету
тауарларды сатып алу, ағымдағы шығындар, несиеге
төленетін пайыздар, бюджетке төленетін төлемдер және
тағыда сол сияқты сомалар шегерілген өнімдерді сатудан
түскен ақша қаражаттарынан басталады. Басқаша
айтқанда, бұл есептілікке ақша қаражаттарын есептеу
шоттарымен байланысты барлық корреспонденциялар енгізілуі керек.
Сондықтан қол күшімен жасау барысында көп еңбек
қажет ететіндігін атап өту қажет. Алайда, компьютерлік
техника қолданылатын жағдайда есеп автоматты түрде жасалады.
Ақша ағымдарының әртүрлі қызмет
түрлеріне көп жағдайда шартты түрде
жатқызылатындығы есептіліктің күрделілігін тудырады.
Мысалы, әлеуметтік сипаттағы төлемдер мен
еңбекақыны қызмет түрлері бойынша бөлу. Тікелей
әдісті қолданған жағдайдағы операциялық
қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражаты
қозғалысының мысалы:
Ақша қаражатының түсуі:
-
тауарларды сатып
өткізуден және қызмет көрсетуден алынған
ақша қаражаттары;
-
тауарлы-материалды
қорларды жеткізу және қызмет көрсету үшін
алынған аванстар;
-
пайыз, дивиденд, роялти,
түрлі сипаттағы сыйақы түріндегі кірістер;
-
басқа да
түсімдер
Ақша қаражаттарының шығуы:
-
келіп түскен тауарлар
мен көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілер мен
мердігерлермен есеп айырысу;
-
тауарлы-материалдық
қорларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және
қызмет көрсетуге берілген аванстар;
-
жалақы бойынша
төлемдер мен басқа да төлемдер;
-
бюджетпен, әлеуметтік
сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету
органдарымен, бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу;
-
дивидендтерді, пайыздарды
төлеу;
-
басқа да
төлемдер.
7 ХҚЕС сәйкес
компаниялардың ақша қаражаттарының
қозғалысының ағындарын көрсету үшін тікелей
әдісті қолдануы құпталады. Ол бойынша тікелей
әдіс жанама әдісті қолдану кезінде болмайтын ақша
қаражаттарының болашақ ағындарын бағалау
үшін қажетті ақпаратты қамтамасыз етеді. Тікелей
әдісті пайдаланған кезде жалпы ақша түсімдерінің
және жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері
туралы ақпарат мыналардан алынуы мүмкін:
-
компанияның есепке алу жазбаларынан (дұрысында, кассалық
кітаптің талдауы негізінде) ;
-
сатуды, сатудың өзіндік құнын (пайыздар және
осы тәріздес кірістер және пайыздар төлеміне
жұмсалған шығыстар және қаржы мекемелері
үшін осы тәріздес шығыстар түріндегі кірістер).
Сондай-ақ тікелей әдісті қолдану
кезінде жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен
төлемдері туралы ақпарат ашылады. Тікелей әдіс
кәсіпорынның шоттарындағы ақша ағымының
қозғалысын талдау нәтижесіне негізделген. Осы әдіс
жанама әдісті қолдану кезінде алына алмайтын ақша
қаражаттарының болашақ ағындарын бағалау
үшін қажетті ақпаратты қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар, бұл әдіс бухгалтерлік есеп тіркемелерімен тығыз
байланысты, яғни шоттар бойынша операцияларға тәуелді.
Жанама әдіс – ағымдағы активтер мен міндеттемелер,
ақшалай емес операциялар, сондай-ақ өткен кезеңмен
салыстырғандағы инвестициялық және қаржылық
қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен
шығындар өзгеруіне байланысты таза табыс немесе шығынға
түзетулер енгізетін әдіс.
Әдіс негізі – қаржылық жағдай жөніндегі
есептілік пен жиынтық табыс жөніндегі есептіліктегі ақпарат.
Сонымен қатар, жанама әдіс кірістер мен шығыстар туралы
есептің әрбір бабын түзетуді қарастырмайды.
Аталған әдістердің қайсысы болса да, ақша
түсімі мен шығуы бойынша есептілікте бөлек-бөлек
кеңейтіліп көрсетілген, кәсіпорын ақша ағымы
жөнінде пайдаланушыларға қажетті маңызды ақпарат
құрастырады. Ақша түсімі мен шығуын өзара
есепке алу тек қана стандарттар рұқсат еткен жағдайда
ғана жасалады.
Жанама әдісте операциялық қызмет бойынша ақша
қаражаттар ағымының негізі ретінде, амортизациялық
аударымдар мен есепті кезең ішінде есептелінген күдікті
қарыздар резерв мөлшеріне, ағымдағы активтер мен
міндеттемелер шотындағы өзгерулеріне түзетілген таза табыс
алынады.
Бухгалтерлік және қаржылық есептілік тақырыбына
жазылған отандық және шетел ғалым экономистерінің
еңбектерін зерттеу нәтижесінде есептілікті
құрудың тікелей және жанама әдістерінің
артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген 1-кесте
құрылған .
Кесте 1 - Ақша
қаражаттары қозғалысы туралы есептілікті тікелей және
жанама әдіспен құрудың артықшылығы мен
кемшілігі
|
Тікелей
әдіс |
|
|
Артықшылығы |
Кемшілігі |
|
1 |
2 |
|
- Жиынтық ақша
ағымының түсімдерінің негізгі көздерін
көрсету мүмкіндігі бар -Ақша қаражаттары
төлемінің негізгі бағыттарын көрсету
мүмкіндігіне ие -Міндеттемелер бойынша төлемдерді жабуға
қажетті ақша қаражаттарының жеткіліктігін
қадағалап отыруға мүмкіндік береді -Кәсіпорынның
есептік тіркемелеріндегі ақпарат негізінде құрылады -Кәсіпорының
оперативті қызметіндегі бюджетті бақылаудың қарапайым
әдістерін қолдануға мүмкіндік береді -Қаржыгер емес
маманға бюджетті көрнекі және түсінікті нысанда
ұсынуға мүмкіндік береді |
-Ақша қаражаттары қозғалысын
талдау және сыныптау көп уақыт пен терең зерттеуді
қажет етеді, күнделікті орындалатын операциялардың саны
көп -Сонымен қатар есептілік мәліметтері
сыртқы қолданушыларға қол жеткізімді емес -Алынған қаржылық нәтиже мен
кәсіпорынның ақша қаражаттарының абсолютті
өзгерісі арасындағы байланысты ашып көрсетпейді |
|
Жанама әдіс |
|
|
Артықшылығы |
Кемшілігі |
|
-Қаржылық нәтиже мен айнымалы капиталдағы
өзгеріс арасындағы үйлесімділікті орнату -Тоқтатылған ақша қаражаттарының жиналу
орындарын, яғни аса күрделі орындарын анықтауға
мүмкіндік береді |
-Бюджет құру
үрдісінің көп уақыт пен күш жұмсау
қажеттілігі -Бюджеттегі ақпараттың
ерекше нысанда ұсынылуы, көбінде қаржыгер емес
маманға түсініксіз болады |
|
-Кәсіпорынның пайдасының құрылу
көздерін және ақша қаражаттары салымдарының
бағыттарын көрсетеді |
|
Яғни жоғарыдан көріп отырғанымыздай, екі
әдістің өзіне тән артықшылықтары мен
кемшіліктері бар, ал ақша қаражаттары қозғалысы есебін
берілген екі әдістің біріне сүйене отырып жасау
субьектілерінің еркінде. Есептің тікелей немесе жанама әдісін
қолдану ұқсас нәтижеге әкеледі.
Осы екі әдіс бойынша
құрастырылған ақша қаражаттары
қозғалысы есебінің бір ғана айырмашылығы бар, ол
операциондық қызмет нәтижесінде пайда болған ақша
қаражаттары бөлімінде енгізілетін соманың көлемі.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша
ақша қаражаттарының қозғалысының
ағындарын көрсету үшін тікелей әдісті қолдану
ұсынылған, өз кезегімізде біз жоғарыда жасалған
зерттеулерге сүйене отырып, құрылыс, өндіріс саласында
қызмет ететін кәсіпорын субьектілеріне жанама әдісті
қолдану анағұрлым тиімдірек болады деген
ұйғарымға келіп отырмыз. Нақтырақ
тоқталатын болсақ, айналымнан тыс активтерге үлкен салым
жасайтын, яғни осыған орай амортизациялық аударымдары
жоғары болатын кәсіпорын субьектілеріне жанама әдіс бойынша
есептілік құруды ұсынғанды жөн көріп
отырмыз. Ал сауда-саттық саласында қызмет ететін кәсіпорын
субьектілеріне тікелей әдісті қолдана отырып есептілікті
құру дұрыс болар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Джумабекова А.М. Ақша айналымын реттеу механизмі: жағдайы
және Қазақстан Республикасындағы даму перспективалары.
Автореферат.-Астана, 2009. - 25б.
2
Мақыш С.Б. Ақша, несие, банктер теориясы. – Алматы: Жеті
жарғы, 2011ж. – 366 б.
3
Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, кредит,
банктер. – Алматы: Оқулық, 2006 ж.
4
Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. – Алматы: 2004 - 243 б.
5
Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А.
Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері. –Алматы: Экономика. - 2011ж –
384 б.
6 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
«Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп» -
электрондық басылым, www.minfin.kz
7 (IAS) Халықаралық
қаржы есептілігінің стандарты «Қаржы есептілігін ұсыну»
- электрондық басылым, www.minfin.kz
8 Садиева А.С., Жуматов
М.К., Акимова Б.Ж., Тлеуова Э.М,: Бухгалтерский учет в соответствии с МСФО. –
Астана: АО «Центр подготовки, переподготовки и повышения квалификации
специалистов органов финансовой системы. - 2010г. – 423 б.
9 Астанинский
экономический форум //Интернет-ресурс: http:// aef.kz/kz/
10
Астана экономикалық форум //Интернет ресурс// http:// www.inform.kz
11
8 (IAS) Халықаралық қаржы
есептілігінің стандарты «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп
бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» -
электрондық басылым, www.minfin.kz
12
«Астаналық сервистік компания» ЖШС есеп саясаты, жарғылық
құжаттары және 2009-2011 жылдың қаржылық
қорытынды есеп мәліметтері
13
Ұлттық қаржы есептілігінің № 2 стандарты -
электрондық басылым, www.minfin.kz