СУАРМАЛЫ ЖӘНЕ БОГАРАЛЫ ЖЕРЛЕРДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІСТІК АУДАНДАРЫНЫҢ БОЛШАМДЫҚ ШАМАСЫН
АНЫҚТАУ
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Тараз қ., Қазақстан Республикасы
Суармалы
жерлерде каналдардағы су шығындарымен тікелей байланысты өте
көп мөлшерде қайтарма сулар түзіледі. Бұл
сулардың шамалы бөлігі жер асты суларын толтыруға, ал
қалған бөлігі су қабылдағыштарға немесе
ойыс жерлерге ағзылыдаы да, соңынан кеуіп кетеді.
Қайтарма
сулардың біраз бөлігі төмен жатқан жерлерде
қосымша сумен қамтамасыз ету көздері ретінде пайдаланылуы
мүмкін. Бұл көлем сараптамалық бағалаулар бойынша
Іле-Балқаш алабында 2020 жылдың соңына қарай 64,0 млн м3
жетуі мүмкін немесе бұл сол кездегі жалпы су тұтыну көлемінің
3 пайызын құрайды [1,2].
Іле-Балқаш
алабында 2020 жылдарға қарай суармалы егіншіліккке қажет су
тұтынудың толық мөлшері 2335,08 млн м3
құрайды. Бүкіл алап бойынша тұрақты
суарудағы қайтарымсыз су тұтыну көлемі шамамен 85%
болады деген болжам бар. Суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы
өндірісінің одан жағымды дамуының анықтаушы
факторлары болып олардың мелиоративтік күйін жақсарту болып
табылады: суландыру және коллектор-кәріз желілерін тазалау,
ауыспалы егістерді қалпына келтіру, топырақ пен грунт суларының
су-тұздық режимін жақсарту [3].
Топырақ
қабатының су-тұздық және ауалық режимін
ыңғайлы жағдайлар туғызу үшін, дұрыс
жұмыс істеп тұрған коллектор-кәріз
жүйесінің көмегімен грунт сулары режимін реттеу қажет.
Ақдала
массиві жағдайында күріш алып жатқан танаптарда,
вегетацияаралық кезеңде грунт суларының
деңгейінің оптималды жату тереңдігі 2,0-2,5м болуы тиіс.
Жоңышқа алқабында орташа вегетациялық тереңдік 1м
және екінші жылғы жоңышқа танабында 1,2-1,5м
аралығында болуы керек [4].
Тұрақты
суарумен су тұтынудың есептік көлемдерін
анықтаудың негізіне – аудандардың жобалық пайдалануы
мен топырақтың құнарлылығын сақтауды
ескеретін суарудың есептік режимі қабылданды.
Су
тұтынудың болашақтағы көлемдерін анықтау
кезінде төмендегі факторлар енетін, су ресурстарын тиімді пайдалану
бойынша шаралар ескерілді: суландыру жүйелерін реконструкциялау,
жүйенің ПӘК көтеруге бағытталған суару
техникасы мен технологиясын жетілдіру.
Ауыл
шаруашылығы дақылдарын суаруға судың қажеттілігі,
Іле өзені алабындағы аймақтағы егістік алқаптарын
болжау төмендегі кестеде келтірілген бойынша есептелді.
Төменде
кестеде ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік
аудандарының болшамдық шамасы мәндері келтірілген.
Кесте
1.
Суармалы және
богаралы жерлерде ауылшаруашылығы дақылдары егістік аудандарының
болжамдық шамасы, мың га
|
Жылдар |
Барлық егістік |
Дәнді дақылдар |
Бидай |
Күріш |
Дәндік жүгері |
Техникалық дақылдар |
Қант қызылша |
Майлы өсімдіктер |
Картоп, көкөніс, бақша |
Мал азық |
Көп жылдық ағаштар |
|
Суармалы егіншілік |
|||||||||||
|
2009 |
254,7 |
103,7 |
40,0 |
9,60 |
36,5 |
25,00 |
1,30 |
23,7 |
38,0 |
88,0 |
/ |
|
2010 |
268,84 |
104,11 |
26,92 |
9,37 |
56,09 |
30,01 |
3,36 |
21,71 |
43,38 |
91,33 |
2,33 |
|
2015 |
277,67 |
107,53 |
27,81 |
9,68 |
57,93 |
33,93 |
5,83 |
23,00 |
44,81 |
91,40 |
2,33 |
|
2020 |
297,67 |
115,28 |
29,81 |
10,38 |
62,11 |
36,37 |
6,25 |
24,66 |
48,03 |
97,98 |
2,33 |
|
2020/ 2009 (%) |
117 |
112 |
75 |
108 |
170 |
145 |
481 |
104 |
126 |
111 |
/ |
|
Богара |
|||||||||||
|
2009 |
137,40 |
93,10 |
43,70 |
/ |
/ |
4,50 |
/ |
4,50 |
2,70 |
33,0 |
/ |
|
2010 |
302,92 |
236,54 |
142,94 |
/ |
/ |
13,76 |
/ |
13,76 |
/ |
52,61 |
8,93 |
|
2015 |
314,08 |
240,79 |
142,97 |
/ |
/ |
13,25 |
/ |
13,25 |
/ |
60,04 |
8,93 |
|
2020 |
324,09 |
231,79 |
145,84 |
/ |
/ |
10,69 |
/ |
10,69 |
/ |
81,61 |
8,93 |
|
2020/ 2009 (%) |
236 |
249 |
337 |
/ |
/ |
238 |
/ |
238 |
/ |
247 |
/ |
Кестеден
көріп отырғанымыздай, 2020 жылдарға қарай
бидайдың алқабы азайса, қант қызылшасының
мөлшері бес есе дерлік өскелі отыр.
Төменде
кестеде тұрақты суаруға есептік су тұтынудың 2020
жылдарға дейінгі көрсеткіштері беріледі.
Кесте
2. Тұрақты суаруға 2020 жылғы кезеңге есептік су
тұтыну
|
Жылдар |
Суару ауданы, мың
га |
Есептік су тұтыну,
млн м3 |
Орташа үлестік су
тұтыну мөлшері, м3/га |
|
2009 |
254,7 |
3693,15 |
14500 |
|
2010 |
268,84 |
2588,93 |
9630 |
|
2015 |
277,67 |
2407,40 |
8670 |
|
2020 |
297,67 |
2315,87 |
7780 |
Жоғарыда
айтып өтілгендей болжам бойынша, 2020 жылдарға қарай суармалы
егіншіліккке қажет су тұтыну толық мөлшері 2335,08 млн
м3 құрайды. Бүкіл алап бойынша тұрақты
суарудағы қайтарымсыз су тұтыну көлемі шамамен 85%
болады деген болжам бар.
Суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісінің одан
жағымды дамуының анықтаушы факторлары болып олардың
мелиоративтік күйін жақсарту болып табылады: суландыру және
коллектор-кәріз желілерін тазалау, ауыспалы егістерді қалпына
келтіру, топырақ пен грунт суларының су-тұздық режимін
жақсарту.
Іле-Балқаш
алабы жер шарының ірі көлдік экожүйелерінің бірі болып
табылады және ауданы жағынан көптеген мемлекеттерден асып
түсетін бірегей табиғи кешеннен тұрады. Ол
Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен
Солтүстік-Батыс Қытайдың ауқымды 413 мың шаршы км
алып жатыр. Алапта ел халқының бестен бірі тұрады, оның
жартысын ауылдық тұрғындар құрайды.
Оның
Қазақстандағы ауданы – 353 мың шаршы км
құрайды. Іле-Балқаш алабының
қазақстандық бөлігіне Алматы облысының, Жамбыл
облысы Мойынқұм, Қордай және Шу аудандарының,
Қарағанды облысының Ақтоғай, Шет және
Қарқаралы аудандары және Приозерск пен Балқаш
қалалары, Шығыс Қазақстан облысының Үржар,
Аягөз, Абай және Көкпекті аудандары, және де
Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды аудандарының
солтүстік-батыс бөліктерінің аумағы кіреді. Алапта ірі
мегаполис – Алматы қалаасы орналасқан.
Көлдің
гидрологиялық режимінің бұзылуы бұдан да сорақы
болар ма еді, егер Іле өзенінің атырауы табиғи контррретегіш
ролін орындамаған болса. «Жұмсақ
шүберекке» ұқсас ол тиісті экологиялық және
әлеуметтік-экономикалық салдарларымен өзі ыдырауы есебінен
көлдің суын тазалайды.
Өзен
алабы су тепе-теңдігінің орнықтылығы Қытай
аумағынан келетін су мөлшеріне байланысты. Қытай
аумағының су тоспа бөлігінде қалыптасатын Іле
өзенінің ағыны 2000 жылы 15,09 текше км немесе жалпы
ағынның 77%-н құрады. Су тұтыну мен ластану
бұрындары ауылшаруашылығы өндірісімен негізделетін. Іле
өзенінің қытайлық бөлігінде су алу мен ағын
шығыны 4,42 км³/жылына тең. Судың органикалық,
мұнай өнімдері және де басқа заттармен ластануы
байқалады.
Қытай
жағынан Іле өзенінен мөлшерден артық су алу қаупі
өңірдің дамуы үшін қосымша қатерлі фактор
болып табылады. Бұл өзеннен 10-15% мөлшерде су алу,
мамандардың пікірінше Балқаштың қайраңдануы мен
тұздануына, Аралға ұқсас экологиялық
апатқа, салмақты әлеуметтік-экономикалық
салдарларға алып келеді.
Қазіргі
уақытта, трансшекаралық өзендерді пайдалану және
қорғау облысындағы ынтымақтастық туралы
Қазақстан Республикасы және Қытай Халық
Республикасы Үкіметтері арасында Келісімді мақұлдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысы (N 1175, 11
қыркүйек 2001 жылы) қабылданды. Келісімді іске асыру
алаптағы өзеннің гидрологиялық режимін реттеуге
мүмкіндік береді.
Өзендердің
гидрологиялық режимінің өзгеруі алаптың су тоспа
бөліктерінің тозуымен де байланысты. Ормандарды кесу және
өрттен таулы бөліктер қатты жалаңаштанған. Беттік
ағынның таралуы жүреді. Болашақта антропогендік
(Алматы) және табиғи текті қоспалармен ластану арқылы
жүретін климаттың жылуымен туындайтын таулы
мұздықтардың үдемелі қысқаруынан ағын
едеуір кемуі мүмкін. Мұздықтардың қысқаруы
климаттың құрғақтануы үдеуіне және
аумақтың одан ары шөлейттенуіне ықпал етуі
мүмкін. Алдын-ала бағалау бойынша шөлейттену процесі алап
ауданының 1/3 аумағын қамтиды.
Табиғи
және экологиялық шектеулерді ескермейтін экономикалық іс-әрекет,
алаптың экожүйесінің ластануы мен қирауына алып келеді.
Іле өзенінің суында сульфат, нитрит, органикалық
қоспалар, пестицидтер мен ауыр металлдардың құрамы
мөлшері өте жоғары, көлдің шығыс
бөлігінде бұл заттар деңгейі көтерілген.
Өнеркәсіп мекемелері, әсіресе Балқаш таулы-металлургия
комбинаты, коммуналдық ақаба және коллекторлы-кәріздік
сулар ластау көздері болып табылады.
Қайтарма
сулардың біраз бөлігі төмен жатқан жерлерде
қосымша сумен қамтамасыз ету көздері ретінде пайдаланылуы
мүмкін. Бұл көлем сараптамалық бағалаулар бойынша
2020 жылдың соңына қарай 64,0 млн м3 жетуі мүмкін
немесе бұл сол кездегі жалпы су тұтыну көлемінің 3
пайызын құрайды.
2020
жылдарға қарай суармалы егіншіліккке қажет су тұтыну
толық мөлшері 2335,08 млн м3 құрайды деп болжанып отыр.
Бүкіл алап бойынша тұрақты суарудағы қайтарымсыз
су тұтыну көлемі шамамен 85% болады деген болжам бар. Суармалы
жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісінің жағымды дамуының анықтаушы
факторлары болып, олардың мелиоративтік күйін жақсартудың
келесі жұмыстары табылады: суару жүйесіндегі суландыру және
коллектор-кәріз желілерін тазалау, Ақдала массивіндегі ауыспалы
егістерді қалпына келтіру, алаптағы топырақ пен грунт
суларының су-тұздық режимін жақсарту және т.б.
Әдебиет
1. Проблемы
гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балхаш. Под редакцией
А.Б.Самаковой. – Алматы.: Каганат, 2003. - 584 б.
2.
Канаева Р. Или-Балхашский бассейн:
проблемы и перспективы устойчивого развития. ЭКВАТЭК –2004, часть 1
3. Беркалиев З.Т.,
Жолдасов С.Қ. Іле өзені алабының су шаруашылық
пайдаланылуының гидрологиялық негіздері. – Алматы.: Эверо, 2013. –
103б.
4. Жолдасов
С.Қ., Естаев Қ.А., Сүлейманов О. ІЛЕ-БАЛҚАШ алабының
Ақдала массивінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді
су ресурстары негізінде болжау. «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
– 2015» конференциясы материалдары. – Тараз.: Тараз университеті, 13.03.2015.