БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ-БІЛІКТІ ҰСТАЗ

 

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ.

Аға оқытушы Ж.Саурықова, аға оқытушы А.Тайлыбаева

 

          «Ұстаз –жас ұрпаққа»  өз өнерін, тәжірибесінен, білімін үйретуші, ақылшы, тәрбиеші». Мұғалім-мемлекет қызметкері. Мұғалімді мемлекет оқытып, білім  беріп мемлекеттің болашағын сеніп тапсырады. Ол қоғамның мұң-мұқтажын жоқтайды, болашағын ойлайды, соған қызмет етеді. Мұғалім мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратынн мүсінші, адамтану мамандығының иесі. Бүгінгі мұғалім, әсіресе бастауыш сынып мұғалімі өте жан-жақты білімді әмбебап ұстаз болуы тиіс.  Мұғалім өзінің қадір-қасиетін жоғары ұстағаны жөн. Жоғалған абырой қайтып орнына келмейді. Бастауыш сынып оқушысы сенгіш келеді. Баланың сенімін  ақтау мұғалімнің парызы.          Мұғалімнің қызметі қызықты да, бейнеті көп, ауыр жұмыс. Мұғалімдікке үлкен жүрек, балаға  деген  ыстық  мейірімділік керек. Мұғалім-мемлекеттің  саясатын іс жүзіне асырушы тұлға.  Бастауыш сынып мұғалімі жас балалардың тілін таба  білетін, олардың жұмысын ұйымдастыра алатын, өзіне қатал талап қоя білетін, өзінің әріптестерін түсінетін, ата-аналармен ынтымақтастыққа еңбек ете алатын болуы керек. Ұстаздық қызметтің қиындығы мол. Себебі, ол бір екі ғана баланы тәрбиелемейді. Ол қабілеті мол бейімділігі, қызығушылығы, мінез-құлқы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді, оқытады, біліммен сусындатып, өмірге жолдама береді. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен  үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласымен сипатталады. Ұстаздық әдеп жай ғана сыпайылық білдіру емес, ол шығармашылық ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлықтың, саналы іс-әркеттің, білімділік пен іскеліктің жиынтығы. Ұстаздың әрбір қадамында баламен арақатынасында, сезгіштік, байқампаздық, салмақтылық, ұстанымдылық, ілтипаттылық, кішірімділік, талап қоя білу, адамға сенім арту, ынталы-ықыласты болу, талас-тартыс туған жағдайда әділдік, адалдық көрсету, бала жүрегіне жол таба білу, түсіне білу ұстаздық әдептілік белгілеріне жатады. Ұстаздық әдептің негізі оқушыларға деген шын ықыласта және олардың адамдық ар ұятына деген адалдықта жатыр.

           Ұстаздық әдеп көбінесе шәкірттермен бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында ұсынатын жөнге лайық шара ретінде анықталады. Ұстаздық  әдет шығармашылық, ақыл ой әрекеті айрықша іскерлік әдепті ұстаздың әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ақыл таразысына салып өлшеп,  орнымен пайдалана біледі. Ұстаздық әдеп әр ұстазда әр түрлі және ар қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа ерекшеліктеріне байланысты. Ұстаздық әдеп әр ұстаздың дара қасиеті.

             Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Бастауыш мектеп мұғалімі – ерекше тұлға. Өйткені ол – балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, себебі ол еңбектің жемісі – адам. Мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматының болашағын, оның тағдырын табыс етеді. Бүгінгі мұғалім еңбегі қандай болса, ертеңгі болашағымыз да сондай болмақ. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр»,-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі ғана емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік, ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Мұғалім әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетіәк білген әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамдағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі бола білуі керек.
Білім беру мен тәрбиелеудің негізі – ұстаз. Қазіргі таңда шығармашылық ізденістегі педагогикалық жаңа әдістерді жете меңгерген, кәсібилікке қалыптасқан педагог қажет.
ХХI ғасырдың ұстазы жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан дүниесі бай, ұлттық мемлеектшілдіг
Загрузка...

           "Ұстаз болу-жүректің батырлығы" Ұстаз-тәлім мен тәрбие беруші бала көңілді,кең пейілді кемеңгер. Әрбір шәкіртінің "адам" болып қалыптасуына, қайталанбас тұлға болуына ықпал етуде барын жұмсайды, еңбектенеді. Өзінің де өзгенің баласы үшіін қуанып,қызарады.          

          Шәкірттің жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзіне ғана емес, көрсеткен үлгісімен сабақтасып, байланысып жатады. Ұстаз-бәрінен бұрын тәрбиеші. Ол оқыту мен тәрбиені қатар алып жүруші. Ұстазға қойылатын басты талап пен тілек ортақ. Ол білімділік, имандылық, парасаттылық.Ұстаз шәкірттерге білім бергенде, тіл факторын үйреткенде, олардың логикалық ойын дамыту тәрбиесін қатар жүргізеді Мен ұстаз еңбегін жыл мезгілдерінің табиғаттағы ерекшеліктерімен ұқсатқым келеді.Мұғалім көктемдегі тіршілік секілді шәкіртіне ,жас тал тамырына нәр беріп,қуаттандырып,оны білім жолына жетектейді.Білім беру процесінде ұстаз қыстың ызғарына,небір борандарға төтеп беріп,жаздың шіңгір ыстықтарына күйеді.Бірақ,күз мезгілі келгенде,еккен егіннен жемісін татып,қырманы алтын дәнге толғанда,арманы орындалып,төбесі көкке жетіп,балаша қуанады.
Қазіргі таңдағы ұстаздарға "жүрек батырлығы" өте қажет секілді.Өйткені,сауатты болу,жаңа технологияны жетік меңгеру,ғаламтор арқылы байланысып,желіде жұмыс жасай білу,үнемі білімін толықтыруы қажет. Оған қоса,нарықтық күйзеліспен арпалысқан ата-аналармен ,ата-ана тәрбиесі мен жылуынан алыстап бара жатқан балаларға мейіріммен қарым -қатынасқа түсу,оларға жылу бере отырып сауаттандыру,қағазбастылық міндеті тағы бар.
Ойдың түйініне келер болсақ,ұстаз - оқытушы,"кітап","ата-ана","компьютер" қызметін қатар алып жүруі керек,Осы тұста ұстаздардың еңбегі ұшын-теңіз екендігін ұғынуға болады.
Қайғырмайды өзі үшін, Біздер үшін қуанып, Қызарады біз үшін,-деп Қадір Мырза Әли "Мұғалима" өлеңінде жырлағандай, ұстаз еңбек етуден талмайды, қиындыққа мойымайды, шәкірттерінің жетістіктеріне куә болған сайын,шабыттана түседі.
         «Адамның адамшылығы-ең алдымен,жақсы ұстаздан» Абай Құнанбаев. Адам жанын әрқашан арман аялайды.Балдәурен балалық шақтан бастау алатын асыл арман ағынды арна тапса,сұңқар қиялы қияндарға жетелейді.Ақжелкен арманға аяулы сезім мен ақыл парасатты астастыра білгендер ғана бақыт баспалдағымен абырой биігіне өрлемек.Осындай бел-белестерден әрі асып,армандармен жалғасып жатқан жолдардың бірі-ұстаз жолы.
Ұстаз! Алғаш әліппенің бетін ашып әріп танытқан,өмірдің қыр-сырын білуге,сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болған, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп,адамгершілікке баулыған алғаш бастауыш кластағы жетекшімізне еліктеп, ұстаз болуды армандадық. Мектепті бітіргенге дейін сол ойымыз да өзгерген жоқ.Әрдайым сол кісілердің айтқан сөздерін, ақылын жадымызда сақтап, қашан да оның бізге артқан үмітін ақтаймын деген өз алдымызға мақсат қойдық.Ұстаз болу көп еңбекті, шыдамдылықты, төзімділікті, адалдықты, әділдікті талап етеді. Мен ұстаздықтың осындай ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Өйткені кешегі оқушы бүгінгі студент, бүгінгі студент ертеңгі — маман, елді өркениетке жеткізуші. Мектеп қабырғасында да, арнаулы кәсіби оқу мекемелерінде де, жоғарғы оқу орындарында да білімді де мәдениетті жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мынадай маңызды мәселеге келіп. тіреледі. Ол – оқу  жүйесінің   сапалылығы,  оқытылатын материалдың қажеттілігі, кешегі оқушы, бүгінгі студент, болашақтағы маманның, Абай айтқандай, «бір кірпіш тәрізді дүниеге кетігін тауып қалануы».

Бүгінгі ұрпақ - тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттық, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ. Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендік еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтайтын, тіліміз бен ділімізді жалғастыратын, саналы да, парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз.


          Қазіргі заманның ұстазы ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, сыйлата алатын, дүниежүзілік мәдениетті танитын, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек. Ұстазды оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой сезіміне әсер ету үшін:
Біріншіден, саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы; Екіншіден, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін,шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі;Үшіншіден, оқушының психологиялық ой-өрісін бақылай алатын сезімтал психолог,өз ісіне,шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет. Сонда ғана ол-нағыз ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Шығыс даналығы: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар. Істеуін көрсетіп берсең, үйреніп аламын»-деген екен. Бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрену деген сөз. Сабақта бала көбінесе білімді қабылдап алушы, көп объектінің бірі деп есептеледі, олардың ерекшеліктері ашыла қоймайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.- Астана, 2010.

2.      ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа бастауыш білім беру стандарты. Жоба.-Астана,2014.

3.      Айтмамбетова Б.Г. Дидактикалық принциптер.

4.      Педагогикалық энциклопедия. -Алматы, 2009. -456 б.

5.      Сабыров Т.  Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. Алматы 2003ж.

6.      Бабаев С.Б. Көрнекі педагогика, Алматы, 2009ж.

 

 

 

 


 

 

Бастауыш сыныпта КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ТҮРЛЕРІ МЕН РӨЛІ

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Аға оқытушы Ж.Саурықова, аға оқытушы А.Тайлыбаева

 

         Қазіргі дидактикалық көрнекілік принципі нақты пәндерге және оны бейнелеуге ғана қатысты емес, оның моделін жасауға байланысты болмақ. Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өзкезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық- дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми ақпараттық тұрғыдан бере аламыз.

         Көрнекілік адамзат баласымен бірге сол сәттегі зат немесе құбылыстың бейнелеуден, яғни ақпаратты беру қажеттілігінен пайда болған болуы мүмкін. Бұл туралы бізге дейін келіп жеткен тас үңгірлердегі, жартастардағы суреттер куә. Көрнекілікпен оқыту алғашқы мектептер пайда болғаннан бері басталады. Мектеп практикасында көрнекілікпен оқыту элементтерін ең алғаш пайдаланған адам есімі тарихта сақталмаған. Адамдар көрнекілікпен оқытуды жазу пайда болғаннан бұрын бастаған. Ежелгі Египет, Ежелгі Рим, Ежелгі Греция мектептерінде көрнекілікпен оқыту кең қолданысқа ие болған. Ауызша және жазбаша сөздің дамуы көрнекілікпен оқыту әдісінің таралуының бастамасына негіз болды. Кітапты жазу стилі де өзгерді, ол мағаналы және эмоциональді бола түсті. Қолжазба және басқа кітаптарда суреттер пайда болды. Мысалы, Томас Мордың «Утопия» атты кітабында Утопия аралында балаларды суретті кітаппен оқыту жайлы баяндалған. Бірақ, бұл кезде көрнекі оқыту деген термин әлі пайда болмаған, сондай- ақ көрнекілікпен оқытудың қатаң теориялық негіздемесі жасалынбаған болатын. Көрнекі құралдар қолдану интуитивті таза көру түсініктерінен құралды

         Оқушылардың теориялық ойлауын дамытуға көрнекіліктің бір жағынан, көптеген нәрселер мен құбылыстарға анағұрлым ортақ қасиеттеріне назар аудармауға мүмкін беретін, ал екінші жағынан ұжымдарды деректендіруте септігін тигізетін түрлерін қолдануға жәрдем етеді. Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А.М.Пышкало жазған мақаланың бірінде: "Әр алуан нәрселерімен және геометриялық фигуралар модельдерімен жанаса, көптеген тәжірибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдан жасалғандығына, түр-түсіне, салмағына және т.с.с қатысын шамалы өмірге анағұрлым ортақ қасиеттерді айқындайды "-деп жазған.

Қазақстандағы ұлы ағартушылардың қазақтың алдынғы қатарлы өкілдерінің еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері орын алады. Соның бірі Абай өзінің шығармаларында ақыл-ойды дамытып, ғылыми білім алудың қажеттігін атап көрсетті. Ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-құлық, қиял, ерік-жігер сияқгы психикалық процестерді дамыту керек - деді. Ұлы Абай: " Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады " (А.Құнанбаев шығармаларының толық жинағы, 2-том, 43 сөз, Алматы, 1954, 241-бет) — деген дана ойы педагог классиктердің пікірімен ұштасады. Көрнекі құралдардың әр алуан дидактикалық қызметіне және мүмкіншіліктеріне байланысты олардың сабақ үстінде комплексті түрде қолданылуы қажет болады. Тек осы жағдайда ғана сабақ аддында қойылатын әр бір танымдық міндетті шешу бағытында максималды әсерлілікке қол жеткізуге болады.

Көрнекіліктің әр түрлі құралдарын комплексті түрде қолдану қажеттілігі, оның сабақ үстінде әр алуан анализаторлардың бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ете алуына да байланысты. "Көрнекілікті өте мол қолдану көп жағдайда оқушылар зейінін шашыратады, олардың зейінін тақырыптың негізгі идеясын танытудан басқаға аударады, мұның өзі, әсіресе, ес қабілеті көрнекілік-образды қабылдаудан гөрі, сөздік-логикалық қабылдауға бейім болатындығымен айналысқанда орын алады" — дейтін пікірмен комплекске болмайды.

           Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дүрыс тандап алуынан және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуынан мүмкіндік береді.

Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы кластық және жекелік деп бөлінеді. Жалпы кластық көрнекі құралдарды бүкіл класс болып пайдаланады (олар демонстрациялық деп атайды). Жекелік көрнекі құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланылады. Көбінесе жалпы кластық және жекелік құралдар мазмұны жағынан бірдей және айырмашылығы үлкен — кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың моделдері, кеспе цифрлар, чертеждік инструменттері т.с.с. Жалпы кластық құралдарды да, сондай-ақ жекелік құралдарды да, сабақта пайдалану ыңғайлы болу үшін дүрыс орналастырудың рөлі зор, мысалы, цифрларды жалпы кластық және жекелік кассаларды, фигуралар модельдерін конвертте сақтайды және т.с.с.

            Көрнекі құралдарды оқу процесінің барлық кезендерінде қолданылады: жаңа сабақты түсіндірген кезде ( кинофильм көрсету) білім, білік және дағдыны қалыптастыру кезінде, үйге берген тапсырманы орындаған кезде, өткенді қайталау кезінде қолданылады. Дайындау тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі құралдар деп бөлінеді.

           Көрнекі құрал білім көзі ретінде қолданғанда, ол елеулі мәселеде — жалпылама қорытынды жасауда — негіз болып табылатынын атап көрсетіп, негізгі емес қосалқы мәнін көрсетіп отыруы тиіс. Егер көрнекі құралдар қажет емес тұста қолданылатын болса, онда балалардың зейіні қойылған міндеттен басқаға ауып, оның зияны тиеді. Оқытуда көрнекілік рөлі балалардың математикалық білімінің артуымен және оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.

Қазақстан бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Өйткені білімді, ғылым негіздерін игерген мамандарсыз әлемдік қатаң бәсекеге  алға шығу мүмкін емес Шәкірттің жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзіне ғана емес, көрсеткен үлгісімен сабақтасып, байланысып жатады. Ұстаз-бәрінен бұрын тәрбиеші. Ол оқыту мен тәрбиені қатар алып жүруші. Ұстазға қойылатын басты талап пен тілек ортақ. Ол білімділік, имандылық, парасаттылық.Ұстаз шәкірттерге білім бергенде, тіл факторын үйреткенде, олардың логикалық ойын дамыту тәрбиесін қатар жүргізеді

         Оқыту жүйесінде Я.А.Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгерту құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінде көрнекілік  арқылы  жүзеге асырылады, олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Бұл принципті соңғы жылдары ғылым дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді оқушылар тез, әрі есте көп сақтайды.

Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізу үшін қолданатын   ережелерді   атап   өтейік.

- «Алтын ереже»: көруге болатынды көрсету, есіте алатынды естірту, сезіне алатынның бәрін - оқушылардың сезім   мүшелеріне сездірту, түйсік   туғызу.

-  Оқушылар заттың  немесе  құбылыстар  мен оқиғалардың бейнелерін,  көлемін,   түр-түстерін   сөзбен   емес көру   арқылы әрі   жеңіл,   әрі тез есте   сақтайтынын    қамтамасыз ету.

-  Көрнекілік - көрсету мақсатында  емес,  логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланады. Оқушылар заттарды көзімен  көрумен қатар, қолымен ұстап, түр-түсін байқап, өзінің қажетіне   жаратады.

Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге          болмайтын жағдайда  да көрнекіліктер қолданылады. Көрнекіліктер     оқушының  құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік бақылауға, білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады. Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін  бас және қосалқы бөлшектерін, соңында  тағы  да бүтіндей көрсетуге болады. Көрнекілікті сабақта ұстаз немесе оқушылардың  өздері   жасасада  болады. Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысаналарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады. Көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға анық нақты көрінуі тиіс. Оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана   алынып   тастауы   керек. Оқытуды былай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалдарын жеңіл, терең меңгеруіне септігін тигізеді, олардың ойлау қабілетін арттырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың өздері құбылыстарды, процестерді және нысаналарды белсенділік танытып оқып, үйренсе, шын   мәнінде   әдіс   нәтижелі   болмақ.

         Сабақ барысында оқытуды демонстрациялау әдістерін қолданғанда оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидоскоп, теледидар, видеофильдер секілді техника құралдары пайдаланылады. Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттілігіне сай табиғи ортада да көрсетуге болады. Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникасы, өндіріс   құралдары.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.- Астана, 2010.

2.      ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа бастауыш білім беру стандарты. Жоба.-Астана,2014.

3.      Айтмамбетова Б.Г. Дидактикалық принциптер.

4.      Педагогикалық энциклопедия. -Алматы, 2009. -456 б.

5.      Сабыров Т.  Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. Алматы 2003ж.

6.      Бабаев С.Б. Көрнекі педагогика, Алматы, 2009ж.