Магистрант Мусаев  А.Т.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Информатика сабақарында аудиовизуалдық құралдарды оқыту барысында оқушылардың жобалық әс-әрекетін ұйымдастыру

 

Жоғары білім жүйесіндегі мәселелердің бірі-іргелі пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылар алған білімдері мен дағдылары оқытудың ғылыми және әдістемелік ұйымдастырылуымен қатар ұштасуы қажет. Пәнді оқытудың екі жағы бар: процессуалдық және мазмұндық. Оқытудың процессуалдық бөлігі білім беруден және оқытудан тұрады. Ал бұл өз кезегінде оқыту әдістемесі, оқушының іс әрекеті, оқытудың әдістері мен мотиві болып бөлінеді. Мазмұндық жағы оқыту мазмұны мен оқу курсының құрылымынан тұрады. Ғалым әдіскерлердің зерттеулеріндегі оқыту мәселесінің талдамасынан байқайтынымыз-оқытудың процессуалдық бөлігі толық орындалмайтын тәрізді, сол секілд мазмұндық бөлігі кемелденген деу де қиын. Жекелеп айтқанда іргелі пәндерді оқыту барысында кездесетін жайтттар да бар. Мысалы, оқытудың қолданбалы және кәсіби–педагогикалық бағытталуы толық қамтылмайды, қосымша толықтыруларды қажет етеді. Оған қоса пәнаралық байланыс тиімді қолданылмайды. оқушылардың өзіндік жұмыстары ғылыми әдістемелік негізде ұйымдастырылу деңгейі төмен. (60)

Сонымен қатар, пәнді оқыту барысында бағдарламаға сәйкес материалдарды сапалы түрде жеткізуге көп көңіл бөлінеді де, кәсіби бағдар берілуі, мотивация және т.б. дидактикалық мәселелер жүзеге асырылмай қалады. Сондықтан, мұндай кемшіліктердің бірбен бір жолы дәріс практика лабораториялық сабақтарды оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, бақылауларды өткізу барысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік жүйесін құру, олардың әрқайсысының функцияларын айқындау, оларға нақты бір талаптар қою болып табылады.

Информатиканы оқыту үдерісінде оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы басты талап-оқушы жан-жақты және маңызды білімге жетуі үшін оқу материалдарының меңгеруде өз бетінше еңбектенуін, меңгеруін қадағалау болу шарт. Сондықтан қазіргі информатиканы оқыту әдістемесі оқушыға білім беру ғана емес іс әрекетін үйретуді- оқытуды бірінші орынға шығарып отыр. Демек, бұл бағыттағы жұмыс пәндік бағытталған ғана емес, жеке тұлғалық бағытталған. Яғни, оқушының жеке тұлғалық қабілетін дамытуға, қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс.

Информатиканы оқыту үдерісінде оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруда мейлінше тиімді жаңа әдістерді табуға ұмтылыстар жасалуда.

Олай болса, білім беру саласында шешілуі тиіс мәселелердің бірі өмір талабына сәйкес оқыту әдістерін анықтау болады. Себебі, оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруда қойылатын талаптардың бірі нақты бір мәселені шешу барысында өз біліктілігі мен икемділігі болуы шарт. Ал, оқыту барысында шынайы нысандар моделін қолдану маңызды. Осы тұрғыдан жобалау әдісі және мәліметтер қоры арқылы оқыту әдісі маңызды болып саналып келеді. Жобалау әдісін қолданып, оқыту мәселелері соңғы жылдары негізінен шетелдік ғалымдар зерттеулерінде қарастырылуда: Н.Ю. Пазомова арнайы мектептерде информатика бойынша факультативтік сабақтар барысында қолдану мүмкіндіктерін, Д.А. Слинкин жалпы білім беретін мектептердің жоғары кластарында мәліметтер қорын жобалау әдісін оқушылар деңгейлеріне қарай пайдаланып оқыту мәселесін зерттеп, жобалау әдісі арқылы оқыту мәселелерін педагогикалық практиканы жобалау әдісін қолдану негізінде жүргізуге арналған әдістемелік құралдар дайындауды, оқыту барысында жобалау әдісін- олардың танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде қарастырады.

Сабақ түрі заман талабына сай, өзгеріп, педагогикалық ғылыми әдістемелік тұрғыдан жаңарып отырса, білім беру сапасы артататыны белгілі болып отыр. Сондықтан, жаңа педагогикалық технологияларды енгізу- оқыту үдерісінің тиімділігін арттырып ғана қоймайды, яғни, оқушының мемлекеттік стандарт аясында ғана білім алумен шектелмей білімін әрі қарай өз қалауымен дамыту мүмкіндігін иеленетіні айтылып жүр. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың қолдануды, бағалаудың жүйелі әдісі адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа технологиялар түрлері көбеюде.

 

Әдебиеттер

1.Морозов М.Н. и др. Школьное мультимедиа мир знаний Мир библиографии, 2000. -№2. -С.42-45.

2.Досжанов Б.А. Мультимедиалық құралдардың оқыту процесіндегі тиімділігін анықтау. «Үздіксіз кәсіби білім беру: проблемалары мен болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда: ҚМУ, 2006. –Б.191-193.