Т.Бижігітов, М.Р.Көшербаева
ф-м.ғ.к.,
профессор, аға оқытушы
Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты,
Тараз, ҚР
Мектеп оқушыларының физика, космос, техника бағытында
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенде мəдениеттерін
қалыптастыру жолдары
Мақалада мектеп
оқушыларының физика, космос жəне техника бағытында
ғылыми жоба жазу барысында пəндер бойынша қандай
нəрселерге баса назар аудару керектігі талқыланған.
Түйін
сөздер: оқушылардың шығармашылықпен ойлау
қабілеттіліктері, инновациялық əдістер.
Қазақстан
Республикасының Білім мен ғылымды дамытуға арналған
стратегиялық жоспарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын,
ғылыми-иннова-циялық қызметте жоғары сатыға
көтеруі, халықаралық байланыстарды күшейтуі, жастардың
"Болашақ" бағдарламасына қатысуына қолдау
көрсетуі, ғылымға мақсатты гранттардың
бөлінуі, ғылыми жобалар байқау-ларының
ұйымдастыруы жастардың ынтасының ғылымға
қызығуына үлкен ықпалын тигізіп отыр. Сондықтан
Қазақстан Республикасындағы орта, арнайы мектептердің
негізгі мақсаты өз беттерінше жаңаша ойлай алатын білімді
мамандар дайындау жəне зерттеулердің нəтижесінен алынған
жетістіктерді өндіріс орындарына жаңа технологияларды енгізуге
қолданып немесе баламалы жаңа энергия көздерін табу
арқылы халқымыздың экономикасын көтеруге
бағытталуы қажет.
Қазіргі таңда
физиканың ғылым мен техникада кеңінен қолданылуына
байланысты табиғатта немесе практикада кездесетін
құбылыстармен өтетін үдерістерге
оқушылардың дұрыс талдаулар жасап,жетік ұғынулары
үшін оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде.
Осыған орай,Тараз қаласында орналасқан Б.Момышұлы
атындағы №45 гимназияда ашылған орталықта Тараз Мемлекеттік
педагогикалық институтының ғалымдары мен белді оқытушылары
оқу-əдістемелік жəне ғылыми бағытта мектеп
мұғалімдеріне жəне оқушыларына консультативті
көмектер көрсетуде. Оқу үдерісінде физика жəне
астрономия пəндерінен көрсетілген демонстрация-лық
тəжірибелер,жасалынған зертханалық жұмыстар,
шығарылған есептер жаңаша оқытудың негізгі
бөлігі болып табылады. Өйткені олар физикалық
құбылыстарды шынайы көрсетіп оқушылардың
шығармашылық пен ойлау қабілеттерін күшейтіп,
пəнге деген қызығушылығын арттырумен қатар
ғылыми тұрғыдан ойлауына, фундаментальды принциптердің
практикалық маңызын жетік түсінулеріне ықпалын
тигізеді. Сондықтан оқушылардың бойында
шығармашылық пен өз беттерінше ойлау қабілеттілігін
тəрбиелеу үшін дəрістік сабақтарға
демонстрациялық тəжірибелер, зертханалық жұмыстарға
ғылыми-зерттеу элементтері енгізіліп, практикалық сабақтарда
есептердің шарттарында берілетін қажетті параметрлерді
анықтамалардан немесе тəжірибеден алып, олардың
көңілдерін құбылыстардың заңдары мен жалпы
түсініктеріне,принциптеріне аударып, үдерістерді талқылауды үйретіп,
ғылыми жəне техникалық жетістіктерді ұғынуларына,
алынған нəтижелерді практикада қолдана білулеріне ықпал
ету əдістерін қарастыр-ған дұрыс.Мұғалім
өтілетін жаңа тақырыптарды əртүрлі
инновациялық жəне интерактивті əдістерді қолданып
теориялық тұрғыдан түсіндіріп қана қоймай,
оқушылар өз беттерінше жұмыс істеулері үшін
қажетті ақпараттар-ды беріп, оның практикалық жəне
ғылыми маңыздылықтарына назар аудару қажет.
Оқушылардың
бойындағы шығармашылықпен ойлау қабілеттілігін мына
бағыттар арқылы дамытып, іске асыруға болады:
―
Белгілі бір заңдылықтарды жалпылама
тұрғыдан талдап алу;
―
Теориядан алынған нəтижелерді практикада
қолдану əдістерін болжамдау;
―
Табиғатта өтетін үдерістер мен
теориялық болжамдардың арасында кездесетін
қарама-қайшылықтарды айыра білу.
Мысалы, қазіргі кезде
физика пəнінен қолданылып жүрген есептер жинақтарында
келтірілген есептердің басым көпшілігінде оқушылар белгілі
бір заңдылықтардың формулаларын жазып, есеп шартында берілген
параметрлерді бір жүйеге келтіріп, сан мəндерін қойып есептеу
арқылы белгілі бір жауап алады.[1] Бұл жерде оқушының
өз бетінше ойлауына есеп шартына байланысты дұрыс формуланы жазып,
берілген параметрлердің сан мəндерін қойып есептеулерді
жатқызуға болады. Есептер жинақтарын-да келтірілген
көптеген есептерді шешу шығармашылықпен ойлауды қажет
етпейді. Оқушылар есептерді шешу барысында шығармашылықпен
өз бетінше ізденіп жұмыс істеуі үшін, онда кездесетін
параметрлерді анықта-малардан немесе тəжірибеден алуына
мəжбүр ету қажет.
Мысалы:
1. Фокусында жинақталған
күн сəулесі қорғасынды балқытатын жинағыш
линзаның өлшемдерін табыңыздар.
2. Массалары тең мыстан жəне
темірден жасалған шарлар бірдей биіктіктен құлайды. Жермен
соқтығысуының əсерінен екі шардың қайсысы
жоғары температураны иеленеді?(шарлардың радиустары тең)
3. 50 метр тереңдіктен суды
сыртқа шығаратын сорғыштың
қозғағышы-ның қуаты қандай болуы керек?
Келтірілген есептерде құбылыстарды сипаттайтын
физикалық параметрлер берілмегендіктен жəне дəл жауабы жок
болғандықтан, есепті шешу жолында оқушылар арасында
үдерістерді талдау кезінде пікір- таластар мен талқылаулар
туындайды. Есепті шешу кезіндегі керекті параметрлерді оқушылар өз
беттерінше анықтамалардан іздестіреді.
Мектеп физика курсында жасалынатын зертханалық
жұмыстарда ғылыми-зерттеу элементтері жоқ. [2]
Мысалы:
1. Өткізгіштердің
кедергілерін анықтау
2. Сұйықтардың
тұтқырлық коэффициенттерін анықтау
3. Орталардағы дыбыстың
жылдамдығын анықтау
Егер біз қарастырып отырған зертханалық
жұмыстардағы анықталатын физикалық параметрлердің
температура мен қысымға тəуелділігін немесе электр жəне
магнит өрістерінен оларға əсерін зерттесек, онда оған
зерттеу элементтері енгізіледі. [3]
Сондықтан келешекте физика, техника, космос жəне
жер бағытында бəсекеге қабілетті, білімді, өз бетінше
шығармашылықпен ойлайтын, ғылымда алған
нəтижелерін практикада қолдана алатын, теория мен практикада кездесетін
қарама-қайшылықтарды
айыра білетін мəдениетті ғалымдарды дайындау үшін
төменде келтірілген критерилердің орындалуы қажет деп ойлаймыз:
1. Өтілетін тақырыптардың практикалық жəне
ғылыми маңыздылықтарына баса назар аудару;
2. Оқушылардың бойында өз беттерінше
шығармашылықпен ойлау қабілеттіліктерін тəрбиелеп, оны
дамытуға көңіл бөлу;
3. Табиғат пен өндіріс орындарында
өтетін физикалық құбылыстар мен теориялық
болжамдардың арасында кездесетін қарама-қайшылықтарды
айыра білуді үйрету;
4. Ізденушінің бойында зерттеу жұмысының өзіне дейінгі
ғалымдардың жасаған жұмыстарынан
артықшылығын көрсете білу қабілеттілігін
қалыптастыру.
Жоғарыда келтірілген
шарттар орындалғанда ғана біз ғылымда үлкен
жетістіктерге жететін мамандар даярлаймыз.
Əдебиеттер тізімі:
1.С.Тұяқбаев және
басқалар.«Физика»,11-сынып есептер жинағы. Мектеп, Алматы 2011ж.
2. Мякишев Г.Я. ,Буховцев Б.Б.Физика: орта
мектептің 10-кл.арналған оқулық - Алматы : Рауан, 1991. - 255б.
3.Т.Бижігітов, Е.Гудеклі, А.Сембиева
сұйықтардың тұтқырлық коэффи-циенттерінің
температура мен магнит өрісіне тəуелділігін зерттеу. //Механика
жəне технологиялар. №4. 2015