БАСТАУЫШ
СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН
АРТТЫРУДЫ ЗЕРТТЕУ
Нуртанова Жанар Жумабаевна
КММ №33 мектеп-балабақша
кешені
Қарағанды
қаласы, Қазақстан
Аннотация
В
данной работе приведены результаты проведенного нами в средней школе по
развитию творческих способностей учащихся младших классов. Результаты
проведенного нами экспериментального исследования, подтвердили гипотезу о том,
что проводимые развивающие занятия даже в относительно небольшой срок, не
остается безрезультатным и положительно влияет на развитие творческих
способностей учащихся.
Summary
Results conducted by us at high school on development of creative
abilities of pupils younger classes are given in
this work. Results of the pilot study conducted by
us, confirmed a hypothesis that the given developing classes even in rather
small time, doesn't remain ineffectual and positively influences development of
creative abilities of pupils.
Қазіргі бәсекелестік
дамыған заманда креативті ойлаушы, тәуелсіз, айрықша,
стандартты емес шешім қабылдауға бейім ұрпақты
тәрбиелеу қажеттілігі бүгінде аса маңызды болып отыр.
Қазақстан
Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасында
«Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында
өздігінен ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу
үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдап үйренуі керек» - деп
шығармашылық қабілеттің маңызын айқын
көрсеткен.[1]
Шығармашылық
потенциалдың дамуы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты
жүзеге асады. Бастауыш мектептен бастап баланың
қоғамның мүшесі ретіне қызмет етуі, өз ойын
жеткізуі, алдына қойған міндеттерді орындауы – оның
шығармашылық ойының дамуының бірінші сатысы.
Қазіргі заманның
негізгі бір талабы – білімді адамнан әлемнің бүтіндей
бейнесін қабылдай алатын шығармашылық адамды дайындау.
Сондықтан әр мұғалімнің міндеті балаларға
әлемнің көпбейнелі жақтарын шығармашылық
таным негізінде жеткізу, интеллектуалды, креативті ұрпақты
тәрбиелеп оқыту болып табылады. Осы орайда, оқушылардың
шығармашылық қабілетін арттыруды зерттеу педагогика
саласының өзекті мәселенің бірі. [2]
Шығармашылық
қабілетті анықтау сұрағы үнемі тұрады.
Интеллект қабілеті тапсырмаларды орындауы арқылы анықталады. Шығармашылық
қабілетті анықтау сұрақтарының интеллектуалды
сұрақтарынан айырмашылығы бар. Ең басты
айырмашылығы: шектелмеген уақыт ішінде қойылған
мәселе бойынша жұмыс істей отырып, зерттеуші міндетті өзі
қояды, шешу тәсілін өзі таңдайды, осының
негізінде зерттеуші тек субъективті емес, сондай-ақ объективті жаңа
бірнеше өнімді тудыра алады.
Бастауыш сынып оқушылардың
шығармашылық белсенділіктерін, қызығушылығын
арттыра түсу үшін сабақта және сабақтан тыс
уақытта дамытудың әр түрлі әдістерін
қолдануға болады[3]:
· Тақырыпты
мазмұнына қарай жинақтау.
· Арнаулы бір
тақырыпта пікірталас тудыру.
· Логикалық ойлауын
дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма,
сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б.)
· Берілген тапсырманы
түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп
қарастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма,
шағын әңгіме, мәтін құру т.б.)
· Әңгіменің
ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат
қойғызу.
· Ұнатқан
кейіпкеріне мінездеме беру.
· Ой
шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең
шумақтарын құрастыру.
· Мәтін, ертегі,
әңгімені өз бетінше аяқтау.
Сабақтан тыс уақытта
оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытудағы жұмыс түрлері:
· Балаларды мұражайға
апару, түрлі кездесулер өткізу.
· Әр түрлі
тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған
әсерлері бойынша шығарма жазу.
· Балаларға
арналған журналдарға жаздырып, оны сабақта үнемі
пайдалану.
· Әрбір оқылып
отырған шығармалардың авторлары туралы толық
мағлұмат жинау, реферат жазу.
Жүйелі түрде осындай
жұмыстарды жүргізу оқушылардың шығармашылық
қабілетін арттырып, тілін байытуға, қиялын
ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Шығармашылық ойлау
деңгейін анықтау үшін С.И. Гин әдісін
қолдануға болады. Оқушылардың креативтілігіне
субъективті баға беру үшін психологиялық және
педагогокалық әдістерді біріктіре отырып қолдану қажет.
Шығармашылық ойлау, шығармашылық елестету сияқты
көрсеткіштерді бағалау үшін Э.П.Торренс, Е.Туник
әдістерін де қолдануға болады [4-6].
Шығармашылық
дамудың көрсеткіші ретінде мектеп оқушыларының ең
бірінші, интеллектуалды дамуы эксперименттер арқылы зерттелінді.
Оқушылардың интелектуалды даму деңгейін анықтау мақсатында
мұғалімдерден сұрақнамалар жүргізілді.
Эксперимент ретінде 3 класс алынды. Мұғалімдерден қай
баланың интелектуалды даму деңгейі жоғары екені сұралып
және сол оқушыға сипаттама берілді. Сұрақнама
нәтижесі балалардың интелектуалды дамуы ең бастысы
балалардың жауапкершілік, тәртіп, ар-ұят, шыншыл, патриот, алдына
мақсат қою сияқты қасиеттеріне тікелей байланысты
екенін көрсетті. Баланың интелектуалды дамуы, баланың
мәдени тәрбиесіне тікелей байланысты. Адамға ең бірінші
білім емес, рухани тәрбие беру керек деген Әль-Фарабидің
сөзіне дәлел.
Оқушылардың интеллектуалды
дамуының анықтау нәтижелері қарастырылып, «креативті
бала» моделі жасалынды.
Осы зерттеуде келесі
әдістер қолданылды: тестілеу, алынған нәтижелерді
интерпретациялау әдісі, психологиялық түзету әдісі.
Экспериментке 8-9 жастағы
мектеп оқушылары қатысты. Балалар саны 25, 15 қыз бала
және 10 ұл бала.
Оқушылардың
шығармашылық қабілетінің даму деңгейін
бағалау үшін келесі әдістерді қолдандық: Э.П.Торренстың
креативті тесті, сөздерді құрастырудағы және
бастапқы берілген әріптер бойынша сөйлем
құрастырудағы баланың шапшаңдығын
зерттедік.
Зерттеу жұмыстары үш
кезеңнен құралды:
1 кезең.
Бастапқы
– оқушылардың шығармашылық
қабілетінің қалыптасу деңгейі туралы бастапқы
мәлімет;
2 кезең.
Оқыту
барысы – тапсырмалар кешенінің
көмегімен шығармашылық қабілетін дамыту;
3 кезең.
Қорытынды
– қол жеткізген нәтижелерді сараптау.
Субтест 1. «Сурет
сал». Берілген
овалды пайдаланып сурет сал. Овалдың көлемі жұмыртқамен
бірдей. Түсін өз қалауыңызша балаларға
ұсынасыз. Салынған суретке тақырып ойлап табу қажет.

Сурет 1- Овал. Сурет салу
Субтест 2. Балаларға бітпеген фигуралары салынған
қағаз парағы таратылады. Балалар фигураларды бітіріп сурет
салу қажет.

Сурет 2 – Фигураларды бітіру
Субтест 3. «Қайталанған
сызыктар». Тігінен
орналасқан 30 дана сызықтар беріледі. Солардың
көмегімен сурет салу қажет [7].

Сурет 3 – Сызықтарды
пайдаланып сурет сал
П.Торранс әдісі бойынша
зерттеулер нәтижелері өңделіп келесі (кесте 1)
мәліметтер алынды.
Бағалау нәтижелері
оқушылардың интелектуалды белсенділігінің жоғары емес
екенін көрсетті. Оқушылардың салған суреттері бір
бірінен көп айырмашылығы жоқ, жалпы барлығына тән
суреттер. Бұл тест оқушылардың вербалды емес креативтілігін
бағалауға арналған.
Кесте 1 – П.Торранс әдісі бойынша зерттеулер
нәтижелері
|
Бағалау критериясы |
Дарашылығы |
Өңделуі |
Жалпы өңделуі |
|
Балл % көрсеткіштері |
0-10%, 1-50%, 2-40% |
1-40%, 2-50%, 3-10% |
5-40%, 3-50%, 1-10% |
50% оқушылар
өңделу критериясы бойынша орташа деңгей көрсетті, 40% оқушылар төмен деңей көрсетті. 10% оқушылардың салған
суреттерінің дарашылығы төмен, ал 50% оқушылардың
суреттері орташа деңгейде, 40% жоғары деңгейде.
Сонымен келесі тапсырма
арқылы оқушылардың сөз құрастырудағы
икемділігін зеттредік. Оқушыларға
КОНСТИТУЦИЯ сөзі берілді. Осы сөздің әріптерінен
барынша жаңа көп сөз құрастыру қажет.
Орындау уақыты – 5 минут [7].
Икемділікті бағалау
үшін дұрыс құрастырылған сөздерді санаймыз.
9 және одан да көп сөз -
икемділік қабілетінің даму деңгейі жоғары. 7-8
сөз – орташа деңгей. 6 және одан да аз сөз –
төмен деңгей.
Сөз құрастыру
икемділігін зерттеу тесті жақсы мәліметтер көрсетті: 20% жоғары
деңгейлі, 53% орта деңгейлі, 27% төмен деңгейлі.

Сурет 4 - Сөз
құрастыру икемділігін зерттеу нәтижесі
Екінші зерттеу
кезеңінде оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту мақсатында берілген әріптер бойынша
сөйлем құрастыру икемділігін зерттедік. Балаларға төрт сөзден тұратын,
сөдердің бастапқы әріптері берілген сөйлем
құрастыру қажет.
А__________Б________Қ__________Д_________.
Икемділікті бағалау
үшін дұрыс құрастырылған сөйлемдерді
санадық[8]. Сөйлемнің мағынасы болуы қажет.
Орындау уақыты 5 минут. (Кесте 2)
Кесте 2- Сөйлем
құрастыру икемділігін бағалау нәтижелері.
|
Қабілеттің деңгейі (ұсынылған
сөйлемдер саны) |
Оқушылардың жасы |
|
|
9 жас |
10 жас |
|
|
Жоғары деңгей |
3 және көп |
4 және көп |
|
Орта деңгей |
2 |
2-3 |
|
Төмен деңгей |
0-1 |
0-1 |
Кестеде келтірілген
мәліметтер бойынша 20% оқушылар
жоғары деңгей, 60% орта деңгей, 7% төмен деңгей көрсетті.
Осы шаралар өткізгенен
соң әдебиет сабағында оқушылардың елестету
қабілеті мен фантазиясын дамытатын тапсырмалар мен жаттығулар
кешені берілді. Тапсырмалар мен жаттығулардың шарттары мынадай:
1. Мәтін,
ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
2.
Мәтін
бойынша мақал құрастыру.
3.
Табиғат
құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге
қарап жұмбақ құрастырту.
4.
Шығарма,
мәтін, ертегі құрастыру.
5.
Кейіпкерге
мінездеме беру.
6.
Шығарма
бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы
суреттеу, мүсіндеу.
7.
Диалог-ертегі.
8.
Образға
кіру.
Қорытындылай келе, жүргізілген
жұмыстардың мақсаты оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау
және шығармашылық тапсырмаларды таңдау болса, біз аз да
болса сол мақсатқа қол жеткізік деп сенеміз.
Жүргізілген
тәжірибелер нәтижесінде, келесі жетістіктерге жеттік:
Бірінші кезеңде жүргізілген
П.Торренс тесті төмен көрсеткіштер көрсетті.
Сондықтан оқушылармен
2 ай көлемінде сабақтар шығармашылық қабілетті
дамытатын тәсілдермен өтілді. Көбінесе тапсырмалардың
шарттары оқушылардың елестету қабілетін және фантазиясын
оятатын әдістерден құралған.
Дамыту сабақтарынан кейін
оқушылардан қайта диагностикалық тест алынып, критерий
көрсеткіштерінің бір шама өскені байқалды.
Жүргізілген эксперименталды
зерттеулер нәтижелері, аз уақыт аралығында болсын
жүргізілген шығармашылық қабілетін дамыту сабақтары
нәтижесіз болмайтындығын және оқушылардың
шығармашылық қабілетінің дамуына оң әсер
беретінін дәлелдеді.
Білім процессін
шығармашылық жұмыстарын енгізіп жүргізудің
қажеттілігін, жұмыстарды жүйелендірудің маңызын
ұғынып, осы жұмыстарды жалғастыруға ат салсамыз.
Құрастырылған
шығармашылықты дамыту жұмыстар жүйесі
мұғалімге сабақты толықтырып, оқушылардың
шығармашылық қабілетін бағытты дамытуға
жәрдем береді.
Алынған нәтижелер
қазіргі заманғы әдістерді сабақтарда пайдаланбай,
оқушылардың өнімділігін арттыру немесе дара
тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін көрсетті.
Қолданылған әдебиеттер
1.
Бастауыш сынып әдістемесі №3,4 2014ж
2. Бастауыш сыныпта
оқыту мен тәрбие ісі. №1,2015
3.
Столяренко Л.Д.
Педагогическая психология.- М., 2008., 591 с.
4.
Речицкая Е.Г. Развитие
творческого воображения младших школьников. – М.: ВЛАДОС,2000. –124с.
5.
Истратова О.Н.
Психодиагностика. Коллекция лучших тестов.Ростов-на-Дону: Феникс, 2006. – 375с
Симонов П.В. Эмоциональный мозг. – М.: Наука, 1981.
6.
Диагностика
креативности. Тест Е. Торренса. Адаптированный вариант (Туник Е.Е.), 2008.
7.
Андреев В.И. Педагогика:
Учеб. курс для творческого саморазвития. - 2-е изд. - Казань: Центр
инновационных технологий, 2000.
8.
Белкин А.С. Основы
возрастной педагогики: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. завед. - М.:
Академия, 2000.
|
Получатель: |
ТОО Уралнаучкнига |
|
Почтовый адрес: г.Уральск: |
р/с KZ399260201133829000 |
|
ул. Гагарина 52/1 |
УФ АО Казкомерцбанк, БИК KZKOKZKX |
|
БИН 050540011725, РНН 270100227586 |
МФО 194901706 |
|
Плательщик |
Нуртанова Ж.Ж. |
|
Адрес , телефон |
Нуртанова
Жанар Жумабаевна Казахстан, г.Караганда, Октябрьский район, ул. Кемерова 362
100000
|
|
Счет № 32307 от
2016-01-29 18:51:43 |
|
Назначение платежа: |
Ед.изм. |
Кол-во |
Цена |
Сумма |
|
За печать статьи Нуртанова Ж.Ж. БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДЫ
ЗЕРТТЕУ |
Стр. |
6 |
500 |
3000 |
|
Почтовая доставка заказным письмом |
Штук |
2 |
500 |
1000 |
|
Присвоение DOI |
Штук |
0 |
1000 |
0 |
|
Итого |
|
|
|
4000 |
|
четыре тысячи казахских тенге |
|
|
|
|
|
Менеджер: |
|
Устименко Е.В. |
Получатель
не является плательщиком налога на добавленную стоимость
Счет является действительным в течении 60 дней с
момента выписки |