БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ
ОЙЛАНУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫ ЗЕРТТЕУ



Ерсултанова Сауле Эскербековна Касенова Бакытгул Рымтаевна
№ 60 мектеп-лицей
Астана қаласы, Қазақстан
Аннотация
Предложенные
в данной статье упражнения и задания направлены на развитие логического
мышления младших школьников. Полученные результаты подтверждают эффективность
выбранных форм работы по совершенствованию процесса становления и развития у
школьников логического мышления и творческих способностей.
Summary
The exercises and tasks offered in this article, are
aimed at the development of logical thinking of younger school pupils. The received results
confirm efficiency of the chosen forms of work on improvement of process of
formation and development in school pupils of logical thinking and creative abilities.
Бастауыш сынып
оқушыларын оқытудың маңызды бағытының бірі
- логикалық
ойлау қабілетін дамыту. Осы
процесс қазіргі таңда педагогика саласының өзекті
мәселі болып табылады, оған көптеген оқу
бағдарламалары мен әдістемелік әдебиеттеріндегі зерттеулер
дәлел.
Логикалық
ойлану қабілетін әр түрлі әдістермен мектепте,
үйде дамытуға болады, бірақ қандай әдістер тиімді
екені, әр-бір мұғалім мен ата–атаға белгісіз.
Баланың жас ерекшеліктеріне, өсу деңгейіне байланысты
логикалық тапсырмалар өзгеріп отырады. Сондықтан
баланың жасына тән емес тапсырмаларды беріп, баланың ынтасын
қашырып алуға, өзіне деген сенімсіздік оянып, негативті
әсер беру мүмкіншілігі де бар. Сондай себептердің салдарынан,
кейде жоғары сынып оқушылары логикалық тапсырмаларды
орындауға қиналып жатады.
Бала мектепке бару
кезеңінде, оның психикалық дамуы жоғары деңгейде
болады.
«Баланың
әр жас кезеңінде әр-бір психикалық процесстің
дамуымен сипатталады. Бала кішкентай кезінде қабылдау процессі
қалыптасады, бала бақшаға бару кезеңінде есте
сақтау қабілеті қалыптасады, ал мектепке бару кезеңінде
ойлану қабілетінің дамуы жүзеге асады»[1-2].
Бастауыш сынып
оқушыларының ойлануының өз ерекшеліктері бар. Дәл
осы кезеңде алдынғы көрнекі –бейнелі ойлану,
сөйлеу-логикалық, түсініктеме түріне ауысады.
Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылардың логикалық
ойлану қабілетін қалыптастыру өте маңызды. Бастауыш
сынып оқушылары үнемі логикалық тапсырмаларды орындау
арқылы, өздерінің логикалық ойлану қабілетін
дамыта алады. Сонымен мұғалімнің оларға көмегі
төмендегідей[3-4]:
· Қоршаған ортамен байланыс жасау;
· Дұрыс түсінік қалыптастыру;
· Теория жүзінде үйренгенін тәжірибиеде қолдану;
· Ойлану операциялар көмегімен талдау (қорытындылау, салыстыру,
классификациялау, синтездеу, және т.б.).
Осының
барлығы оқушылардың логикалық ойлану қабілетін
дамытуға ықпал етеді.
Оқушылардың
логикалық ойлану қабілетін дұрыс жасалынған
педагогикалық жағдайлар ғана дамыта алады.
Мұғалімнің міндеті әр баланың жеке
даралығын ескере отырып, потенциалды қабілетін дамыту және
ашуға жағдай жасау.
Бірнеше
оқушының логикалық қабілетін дамытатын
педагогикалық жағдайларды қарастырайық[5-6]:
1. Балалардың ойлану
қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар. Осындай тапсырмалар тек қана математика сабағында ғана
емес, барлық сабақтарда қолданылса нәтиже береді.
2. Мұғаліммен
немесе жоғары сынып оқушыларымен талқылау. Бірге талқылап, өздерінің шешу жолдарын ұсынып,
қателіктерін тексеріп, дұрыс жауаптарын дәлелдеуге
үйренеді.
3. Сабақ үрдісі
әр түрлі элементтерге толы болса, оқушы:
· Түсініктерді салыстыра алады (заттар, құбылыстар);
· Маңызды және маңызсыз белгілерді анықтай алады;
· Талдай,
салыстыра және
қорытындылай алады.
Бастауыш сынып
кезеңінде бала өзінің логикалық қабілетін
бағытты дамытуға мүмкіндік туатын кезең. Осы
кезеңді нәтижелі және өнімді етуге дидактикалық
ойындар, жаттығулар, есептер мен тапсырмалар жәрдем береді[7].
Бастауыш сынып
оқушыларының логикалық және шығармашылық
даму деңгейін анықтау мақсатында педагогикалық
бақылау жүргізілді. В. Т. Кудрявцев пен В.В. Синельников [8]
және Л.А. Венгер мен Л.И. Цехановскийдің әдістемесі бойынша
экспресс –әдістеме қолданылды. Осы әдістеменің
көмегімен әр баланың логикалық ойлану
қабілетінің деңгейін анықтақтайтын критерийлер
белгіленді:
I. «Бөлшектерсіз бүтіндей көре білу»:
критикалық деңгей - 45 %, жарамды деңгей - 37 %, тиімді
деңгей -18 %.
II. «Ұсынылған жағдайға қарай
шығармашылық шешім тудыру»: критикалық деңгей - 58 %,
жарамды деңгей – 42 %, тиімді деңгей – анықталмаған.
III. «Бейнелі – логикалық ойлану»: критикалық
деңгей 63 - %, жарамды деңгей 27 -%, тиімді деңгей – 10 %.
Эксперименталды
зерттеулер нәтижелері оқушылардың өзіндік
логикалық тапсырмаларды орындау барысындағы жауаптары стандартты,
біркелкі, жеке дара, креативті жауап бере алатын оқушылардың саны
көп емес екенін көрсетті. Осы мәліметтерге сүйене
отырып, жүргізілген диагностикалық жұмыстар жалпы оқу
процессін, баланың логикалық және шығармашылық
қабілетін дамытатын әдістерді жүйелі түрде пайдаланып
жүргізу қажеттілігін көрсетті. Осы зерттеулер негізінде
балалардың логикалық ойлану қабілетін дамытудың
жүйесі құрастырылды.
Сурет 1-
Оқушылардың логикалық ойлану қабілетін дамыту жұмыстар
жүйесі
Жасалынған
жүйе бойынша жұмыстар жүргізіліп, логикалық тапсырмалар
тек математика сабағынан басқа да сабақтарға енгізіліп,
оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін, қызығушылығын
арттыра түсуге септігін тигізді. Сабақтар бойынша шарттары мынадай
тапсырмалар мен жаттығулар кешенімен жұмыс жасалынды:
Логикалық ойлануды дамытатын жаттығулар мен
ойындар түрлері [9-10]
«Төртіншісі
артық». Бұл
жаттығуларда төрт заттың ішінен біреуін, жалпы басқа
заттарға тән сипаты болмағандықтан шығарып тастау
қажет.
«Не жетіспейді?». Әңгіменің жетіспейтін
бөлігін ойлап табу қажет. (басын, ортаңғы немесе
соңғы бөлігін).
«Есінеме! Жалғастыр!». Оқушылар
сұрақтарға тез жауап беруі қажет.
Элементтерді біріктіру: Қажет фигураларды
қиып ұсынылған заттарды(үй, кеме, машина) жинау.
Белгілі сипаты бойынша тану: «7 санының алдында
және кейін қандай сандар тұрады?».
Классификациялауға арналған тапсырмалар: «Мұның
барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?»:
1)бесбармақ, бауырсақ,
қазы, қымыз.
2)Сиыр, ешкі, қой, ат.
3)Италия,
Франция, Рессей, Қазақстан.
4)Орындық,
үстел, керует, шкаф.
Әдебиет сабағында берілген тапсырмалар
түрлері:
Мәтін,
ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Мәтін
бойынша мақал құрастыру.
Шығарма,
мәтін, ертегі құрастыру.
Кейіпкерге
мінездеме беру.
Бейнеге
кіру.
Орыс тілі сабағында берілген тапсырмалар
түрлері:
Какое
слово содержит три буквы «о»? (трио)
Название
какого города свидетельствует о том, что он сердитый? (Грозный).
Какую
страну можно носить на голове? (Панама).
Какой
гриб растёт под осиной? (Подосиновик)
Как
можно написать слово «мышеловка» с помощью пяти букв? ( «Кошка»)
Дүниетану сабағында берілген тапсырмалар
түрлері:
Өрмекші — ол
не? Жәндік пе, не жануар ма?
Неге қардың түсі
ақ?Неге мұз қатты?
Кірпі қыс мезгілінде немен
қоректенеді?
Топырақ дегеніміз не?
Математика сабағында берілген тапсырмалар
түрлері
1. Бақа-ана
мен бақа-қыз кезектесіп шыбын аулап отыр: анасы бір шыбын,
қызы бір шыбын, анасы бір шыбын, қызы бір шыбын т.с. Анасы мен
қызының қайсысы көп шыбын аулайды? Егер шыбындар
3,5,7,9,..., болса, онда анасы көп аулайды (1шыбын артық), Егер
шыбындар саны 2,4,6,8,..., болса, онда екеуі бірдей шыбын аулайды.
2. Үстел
үстінде үш түсті шарлар жатыр. Егер қызыл мен көк
шарларды санасақ – 3 шар болады, егер қызыл мен жасыл шарларды
санасақ – 4 шар болады, егер көк және жасыл шарларды
санасақ – 5 шар болады. Үстел үстінде әр түсті шардан
қанша жатыр? 1 қызыл, 2 көк, 3 жасыл шарлар бар. Қызыл
мен көк шарлар үшеу болса, онда 2 қызыл, 1 көк не 2
көк, 1 қызыл.Қызыл мен жасыл шарлар көк пен жасыл
шарлардан кем(1), онда қызыл (1), жасыл (2). Бұдан кейін көк
шарлар санын анықтаймыз.
3. Футбол ойнағанда
бөтен қақпаға Айдос 7 гол соқты. Ойын 10:6 есебімен аяқталса, онда Айдос ойнаған команда
жеңді ме, жеңілді ме? Айдостың командасы жеңді. Жалғыз Айдостың өзі 7
доп соқса, онда команда 6 доп соғуы мүмкін емес. Сондықтан Айдостың командасы
жеңді.
4. Спортшылар жолмен
жүгіріп келе жатыр. Бір спортшы алдынан санағанда да, артынан
санағанда төртінші жүгіріп келеді. Жолмен неше спортшы
жүгіріп келе жатыр? 7 спортшы.Үшеуі алдында, үшеуі артында,
спортшы ортада.
Математикалық
логикалық есептерден басқа әр түрлі таяқшалармен,
керуіртпен ойналатын жұмбақтар оқушылардың ойлануын
дамытады.
Таяқшалармен орындайтын тапсырмалар түрлері:
5 таяқшадан 2 бірдей үшбұрыш
құрастыру қажет.
7 таяқшадан 2 бірдей шаршы
құрастыру қажет.
7 таяқшадан 3 бірдей
үшбұрыш құрастыру қажет.
Жоғарыда келтірілген
сабақтарда оқушылардың ойлану қабілетін дамыту
тапсырмалары мен жүргізілген жұмыстардың мысалы болатын.
Баланың логикалық
қабілетінің дұрыс дамуы, оның білімді тиімді
ұғынуға, табиғаттың заңдылықтарын
түсінуге, өздігінен өнімді ойлануға, өзіне
сұрақ қоя білуге және оны жүйелі түрде
зерттеу арқылы жетуге көмек береді.
Оқушылардың
логикалық қабілеттін дамытуға бағытталған, жасалынған жүйе бойынша
жүргізілген жұмыстардың нәтижесі позитивті
өзгеріс динамикасын көрсетті:
Бірінші
кезеңде жүргізілген В.
Т. Кудрявцев пен В.В. Синельников және Л.А. Венгер мен Л.И.
Цехановскийдің әдістемесі бойынша экспресс –әдістеме
қолданып, оқушылардың жауаптары стандартты, біркелкі, жеке
дара, креативті жауап бере алатын оқушылардың саны көп емес
екенін анықтадық.
Сондықтан
оқушылармен 1 тоқсан көлемінде сабақтар
шығармашылық қабілетті дамытатын тәсілдермен
өтілді. Дамыту сабақтарынан кейін оқушылардан қайта
диагностикалық тексеру жүргізіліп, даму деңгейінің
критеийлері өскені байқалды.
Төменде В. Т. Кудрявцев пен В.В.
Синельников және Л.А. Венгер мен Л.И. Цехановскийдің экспресс
–әдістемесі бойынша жүргізілген бастапқы және
қорытынды логикалық ойлануды диагностикалық тексеру
нәтижелері келтірілген.
Кесте 1 - Логикалық
ойлануды диагностикалық тексеру нәтижелері
|
Критерийлері |
Деңгей |
Бастапқы |
Қорытынды |
|
Бөлшектерсіз бүтіндей көре білу |
критикалық |
45% |
0% |
|
жарамды |
37% |
59% |
|
|
тиімді |
18% |
41% |
|
|
Ұсынылған жағдайға қарай шығармашылық шешім тудыру |
критикалық |
58% |
13% |
|
жарамды |
42% |
63% |
|
|
тиімді |
0% |
24% |
|
|
Бейнелі – логикалық ойлану |
критикалық |
63% |
9% |
|
жарамды |
27% |
54% |
|
|
тиімді |
10% |
37% |
Алынған
нәтижелер оқушылардың ойлану қабілетін дамытуға
арналған қолданылған жүйенің тиімділігін
дәлелдеді. Оқушылар талдауды, салыстыруды, классификациялауды,
стандартты емес шешім қабылдауға, есепттерді шығаруға
ынта білдіруге бейімделді. Ата-аналар тарапымен жұмыс жасалып,
балаларға үй жағдайында логикалық тапсырмаларды
жанұясымен бірге орындауға, балаға көмек беруге
кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, ата –аналардың
белсенділігі арта түсті. Өйткені олар баласын логикалық
тапсырмалармен дамытқысы келетіні, бірақ неден бастауды,
қандай тапсырмалар беруді білмейтіндігі анықталды. Шығарма
жазуға қабілеті бар оқушылар өздігінен
жұмбақтар, ертегілер жазып, мұғалім мен
сыныптастарының оң пікірлерін тыңдап, өз күшіне
деген сенім пайда болды.
Аз уақыт
аралығында жүргізілген эксперименталды зерттеулер нәтижелері
логикалық ойлану қабілетін дамыту сабақтары нәтижесіз
болмайтындығын және оқушылардың
шығармашылық қабілетінің дамуына оң әсер
беретінін дәлелдеді.
Библиографический список
1.
Богоявленская, Д.Б.
Психология творческих способностей/
Д.Б.Богоявленская. - М.: Издательский центр Академия, 2002. – 320 с.
2.
Венгер, Л.А. Педагогика
способностей / Л.А. Венгер. – М.: Знание, 1973. – 117 с.
3.
Веракса, Н.Е.
Диалектическое мышление и творчество/ Н.Е.Веракса// Вопросы психологии.- 1990.
№4. - Стр.5-9.
4.
Выготский, Л.С.
Педагогическая психология/ под ред. В.В. Давыдова. – М.: Педагогика – Пресс,
1996. 536 с. – (Психология. Классические труды)
5.
Диагностика умственного
развития дошкольника/ под ред. Л.А. Венгера и В.В. Холмовской. - М.: Знание,
1978.
6.
Дружинин, В.Н.
Психологическая диагностика способностей/ В.Н.Дружинин. – Саратов.:
Издательство Саратовского университета, 1999. – 222 с.
7.
Кудрявцев, В.Т. и
Синельников, В.В. Ребёнок - дошкольник: новый подход к диагностике творческих
способностей/Кудрявцев В.Т. и Синельников В.В.// Дошкольное воспитание.- 1995.
№ 9, № 10.
8.
Нискамен, Л.Г.
Интеллектуальное развитие и воспитание дошкольников: учебное издание/
Л.Г.Нискамен. - М.: Издательский центр
Академия, 2002.- 220 с.
9.
Перельман, Я.И. Весёлые
задачки и головоломки: научно – популярное издание / ред. Е.Ю. Целлариус. – М.:
АСТ: Астрель, 2011. – 382 с.
10. Поддьяков, Н.Н. Новый подход к развитию творчества
дошкольников/ Н.Н. Поддьяков // Вопросы психологии. – 1990. - №1.- С.16-19.