Кульбаева
Мирамкуль Муратовна,А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ,
Маканова
Жания, 1-курс студенті,АБФ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ
ТӘСІЛДЕРІ
АННОТАЦИЯ
В
статье рассматривается применение новых технологий в системе современного
образования, освоения передовых технологий государственного языка.
Ключевые
слова: образовательная система,новая технология,педагогика,
метод, модуль, казахский язык.
ABSTRACT
In the article application of NT is examined in the system of modern
education, mastering of front-rank technologies of official language.
Keywords: educational systems,
new technology, pedagogics, method, module, kazak language.
Қазіргі
таңдағы жаңалықтар білім
беру жүйесіне жаңа
технологияларды әкелгені баршамызға белгілі.
Оған білім стандарты, инновациялық технологиядан іздену,
әлемдік білім кеңістігіне ену
жұмыстарын жатқызуға болады. Білім
берудің қазіргі міндеті – білім алып, білім мен
дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде
дербес әлеуметтік және
кәсіби біліктілікті ақпаратты өзі іздеп
тауып, талдау және ұғымды пайдалану, тез өзгермелі
қоғамға лайықты өмір сүру және
жұмыс істеу болып табылады.Жоғары оқу
орындарының студенттеріне мемлекеттік тілді
оқытып-үйретудің кәсіби бағдарлы,
қатысымдық жағын күшейту, сөйтіп, оны
ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабын
қойып отыр. Қазақ тілінің қоғамдағы
қатысымдық қызметінің деңгейін көтеру
үшін оны студенттерге кәсіби бағытта оқытып -
үйрету қырынан жандандыру керек. Бұл
үшін студенттерге мемлекеттік тілді
оқытып-үйретуді білім берудің кредиттік
жүйесіне негіздеп, болашақ маманның
кәсібімен тығыз байланыстыра жүзеге
асыру көзделеді.Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін,
технологияларын таңдауда көп нұсқалық
қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің
мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны
қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен
құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі
уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі білім
алушының тұлғалық дамуына бағытталған
жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы. Тіл үйрету жұмысы -
өте күрделі процесс.Сондықтан тіл үйрету
барысында жүргізілетін жаттығу жұмыстарының
барлығы бір-біріне байланысты, жеңілден ауырға қарай, сатылап
жүргізілуі қажет. Студенттер қазақ тілі сабағында
тек тіл үйреніп қана қоймайды, олардың сабақ
үдерісінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасып,
өмірге өзіндік көзқарасы айқындалып,
ұғым-түсінігі кеңейеді. Сондықтан да
оқытушы әр білім алушының қабілетін, қазақ тіліне деген
көзқарасын білуі керек. Өйткені тіл үйрету барысында
әрбір білім алушының жеке қабілеті еске алынады,
жан дүниесі ескеріледі.Қазақ тілі сабағында білім
алушылар болашақ мамандығы
бойынша ғылым негіздерімен танысып, білімді игеруде
түрліше оқу әрекеттерін орындай отырып,
өзінің шығармашылық қабілеттерін
жетілдіреді. Ойлау қабілетіне тәрбиелеу білім алушыны
жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады.
Бұл оның білу құмарлығы,
көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса
жүргізілуі тиіс. Бүгінгі таңда тіл
үйретуші оқытушыларымыз қазақ
тілін мамандыққа қатысты оқытудың
әр түрлі жолдары мен технологияларын қолдануда. Қазіргі
қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі
өзгерістер — тарихи объективті процес. Білім беру саласын
реформалаудағы мақсат — білім беру жүйесін қайта
қарап, білім алушылардың шығармашылық
бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай
жасау болып табылады. Бүгінгі таңда білім алушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі
және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. ҚР
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының» тұжырымдамасында: «Білімді,
білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес,
ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап
және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын,
жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және
өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны
қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген. Демек, бұл
тұжырымдама білім берудің басты
философиясы болмақ.Ал білім беру саласындағы
технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған.
Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске
ұшырап отыр. Оқытушылар мен
білім алушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен
қоса оқытудың техникалық құралдары
жәрдемге келді. Оқыту технологиясы педагогикалық
әдістерге негізделген 1960 жылдарда шетел зерттеушілері
«педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық
технология дегеніміз — тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі
бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық
жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер —
оның бөлігі ғана» — деп көрсеткен
В.Беспалько.Технология — қандай да болсын
істе, өнерде қолданылатын
тәсілдердің жиынтығы;Технология — бұл
өнер, шеберлік, ептілік,
өңдеу тәсілдерінің
жиынтығы, қалыпты
өзгерту;Педагогикалық технология —
оқу процесін іске
асырудың мағыналы
технологиясы;Педагогикалық
технология—оқытудың жоспарлы
нәтижесі, процесін суреттеу және
педагогикалық технология—педагогикалық
мақсатқа жету үшін
қолданылатын барлық жеке
тұлғалық, құралдық,
әдістемелік тәсілдердің
жүйелі жиынтығы мен
ретінде жұмыс істеу.Педагогикалық
технологияның мәні тұлғаның дамуы мен
өзін- өзі дамытуы ретінде қалыптасады,
олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің,
оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі
жұмысында маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы
оқытудың озық технологияларын меңгеру
оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,
рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-
өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі деп көрсетеді. Қазіргі
таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді,
ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн
білім ошағының алдында тұрған
басты міндет — өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді
азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы
түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына
жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып
отыр. Білім алушылардың ойлау
қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін
кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын
арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға
байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және
дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің
тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие
бірлігін сақтай отырып, білім алушыға берілетін білімнің
үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның
ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру,
танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың
прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту. Модульдік оқыту технологиясы –
білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше
жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен
тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз
етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты
бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы
нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық
өңделген білім, білік, дағдының белгілі
мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік
нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып
табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Жалпы
«модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын»
білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу
материалының көлемі ретінде ұсынылады.Модульдік
оқытудың өзегі – оқу моделі. Оқу моделі
ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны
табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының
нұсқауларынан және білім алушы іс-әрекетінің
мақсатты бағдарламасынан тұрады.Модульдік оқыту білім
мазмұны , білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс
істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері
бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.Бұл
технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді, сондай-ақ білім алушылардың ойлау, елестету
мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының,
белсенділігінің, білім сапасының дамуына
көмектеседі.Модульдік оқыту
технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін
дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға
қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын
бірден-бір технология.Білім алушыларға тілдік коммуникативтік білім
беруде М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы білім
алушыны дамыту құралы ретінде өте жоғары
деңгейде. Аталмыш технология 3 құрамды бөліктен
тұрады: 1.Кіріспе.2.Сөйлесу. 3.Қорытынды. Әр
оқу модулінің сағаты әр түрлі болады.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 7-12 сағаттан
тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін
көрсеткен. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат
санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1
немесе 2 сабақ саны бөлінеді, ал қалған сағаты
сөйлесу сағаты болады.Кіріспе бөлімде оқытушы білім
алушыларды оқу модулінің
жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады.
Сонан соң осы оқу модулінің барлық уақытына
есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба,
кесте, және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Білім алушылар бұл кезеңде
бағдарламаның аталған тарауын неге және не үшін
оқып үйренулері керектігін, өздері нақты нені
меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың
негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет.Берілген
оқыту жүйесі арқылы
тіл дамыту іске асады. Модульдік оқыту технологиясын қолдану
арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:1.Уақыт
үнемделеді.2.Сабақтың сапасын көтереді.3.Оқу
әдісі мен құралдарын
таңдауға мүмкіндік тудырады.4.Білім
алушылардың белсенділігін мен қызығушылығын
арттырады, сондықтан оқу үлгерімі
көтеріледі. Модульдік
оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу
ерекшелігі мынада:
Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану-
мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын
көтерудің факторы болып табылады. Модульдік оқыту
технологиясының тиімділігі: қысқаша сызбалар арқылы
түсіндірілуі; білім алушылардың
әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін
диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық
іс-әрекетін ұйымдастыру;барлық тақырыптар бойынша тест,
сынақ жүргізу.Модульдік оқытудың
сөйлесу бөлімінде білім алушылар көбінесе топтарға
бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып,
терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі. Өйткені,
қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық
тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға
мүмкіндік береді.Қазір арнайы пәндерді нәтижелі
үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі
күннің маңызды мәселесі.Тілді оқытып,
үйретудің сапасын арттыру әр түрлі
жағдайларға байланысты. Орыс топтарында оқытылатын қазақ тілі пәнінің
түпкі мақсаты – білім алушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен
сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза
білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының
әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін
құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды,
табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігімен
жан-жақты терең таныстыру.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Жанпейісова М.М. «Модульдік
оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы
2006 жыл.
2.Педагогтың
кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты
ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы,
2008 жыл.
3.Жадрина М.Ж.
«ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары
мен мәселелері». Алматы 2002 жыл.
4.Қамзина М.
«Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005
жыл, №4.