Шынтаева Н.А.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Тараз қ.,

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА  САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

 

    ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздік және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан -2050 даму стратегиясын жүзеге асыру барысында ҚР үкіметінің №1678 бұйрығымен 1997 жылдың 3 желтоқсанында салауатты өмір салты қалыптастыру қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың алдын алу мен халықтың денсаулығын нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрі денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі төмендегідей мәселелердің шешімін тапты: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Мектепке дейінгіке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтап, нығайтуды жүзеге асырады», - делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында мектеп жасына дейінгі балалардың  денсаулығын нығайту міндеттелген [1.2.3]  .

   Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми тұрғыдан зерттеген.

Олар: М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов.        Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған [4].  

Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:

-Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;

-Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын  күшейту;

-Тәрбиелік міндеттер – мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.

     Дене тәрбиесі - дені сау, дене бітімі және  рухани жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамдардын денсаулығын нығайтуга, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық қабілеті мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы – тұлғаны дұрыс қалыптастыру.

   Атақты анатом-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің жаңа жүйесін құрды. Ол балалардың түйсігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің зор маңызы бар деп көрсетті.

   Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған [5].  

   Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.

   Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.

   Салауатты  сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді.

   Мектеп жасына дейінгі мекемелелерде  балалардың бүкіл мүшелерінің қалыптасып дамуындағы ең қарқынды кезең. Дәл осы кезде гигиеналық дағдыларды үйретіп отырып, оның маңыздылығын түсініп, үйреншікті дағдыға айналдыра алсақ, өз денсаулығын сақтауды және шынықтыру жолдарын үйретіп, әр қадамын саналылықпен ойлайтын жастарды қалыптастыра аламыз.

 Ересектер  тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы ұсынып отырмыз.

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Дене шынықтыру, музыка

Тақырыбы:  Оң және сол қолымен алысқа лақтыру. Төрттағандап еңбектеу.

Мақсаты: Құм толтырылған қапшықты желке тұсынан оң және сол қолмен алысқа лақтыруға жаттықтыру. Заттардың арасымен арелеңдеп торттағандап еңбектеуді үйрету.

Қажетті құралдар: құм толтырылған қапшық, кедергілер, гимнастикалық орындық, бөрене, түрлі-түсті кішкентай доптар.

Полингвалды сыңары: қапшық-мешок-bad,кедергі-припятствие-barrie, кегли-кегель-skities, орындық-скамейка- bench, бөрене-бревно- log , доп –мячь-ball.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрекет кезеңі

Жетекшінің іс-әрекеті

Мөл

Балалардың іс-әрекеті

Мотивацияққозғаушы

І Дайындық бөлімі

Балалар музыка әуенімен гимнастика залына кіреді. Балаларды қатарға тұғызу,танысу,сәлемдесуОқу іс-әрекет барасымен таныстыру.

-Оңға бұрыл!

Жүру жаттығуы:

-Баяу шеңберді айнала жүру;

-Аяқ ұшымен жүру;

-Өкшемен жү

1

 

 

 

 

3

 

 

Балалар гимнастика залына кіріп қатарға тұрады. Жетекшімен сәлемдесті.

 

Оңға бұрылды

Балалалар жүру және жүгіру жаттығуы жетекшісінің нұсқауымен әр түрлі қарқында орындалады

Ізденушілікұйымдас

тырушылық

ІІ Негізгі бөлім

Жалпы дамыту жаттығулары: түрлі-тсті кішкентап доптар

Б.қ: түрлі-түсті кішкентай доптарды ұстап қолды екі жанға созу, аяқ сәл алшақ

О:1-ың қолдағы допқа қарау

2-сол қолдағы допқа қарау

3-шалқаю

4-еңкею;

Б.қ: оң қол жоғарыда сол қол төменде, аяқ иық дені, тік тұру 

О: 1-2-ың оң қолды айландыру, 3-4 сол қолды айналдыру

тұру

2 негізгі қимылдар:

Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру.Желке тұсынан оң және сол қолымен алысқа лақтыру.Заттардың арасымен төрт-тағандап еңбектеу.Гимнастикалық орындық үстімен қолына зат ұстап тепе-теңдік сақтап жүру.  Тыныс алу жаттығуы:

2

 

5

 

 

 

 

 

6

 

6

 

 

6-8

20

7

 

30

Балалар 5 қатар бөлініп тұрып, жалпы дамыту жаттығуын құралмен яғни түрлі –түсті кішкентай доптармен орындады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар кезек-кезек гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүреді.Зат арасымен еңбектеді.Тізесін сәл бүгіп секіріп түсті.Бөренемен еңбектеді.

Рефлек-сивті коррек-циялау

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Қорытынды бөлім

Қимыл-қозғалыс ойыны:

«Кім жылдам?» ойыны

Ойын шарты:балаларды екі топқа бөліп, ортаға түрлі кедергілер мен гимнастикалық орындық қою керек. Балалар осы кедергілер арқылы басына құм толтырылған қапшық қойып мәре сызығына жетуі тиіс.

Жеңімпаз анықталады.

 Балалармен оқу іс-әрекетінің өтілу барысын сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Белсенді қатысқандарын мадақтау.

 

3

 

 

 

 

 

2-3

Балалар қимыл-қозғалыс ойынын белсенділікпен ойнайды.

Тепе-теңдік сақтап жылдам әрі шапшаң жүріп өтті.

 

 

 

Мергендік танытып алысқа лақтырды.Балалар жетекшісімен  қоштасты.

Күтілетін нәтиже: Жүру-жүгіру жаттығуын белгі бойынша түрлі қарқында орындау.Тыныс алу жаттығуын дұрыс орындай алу оқу іс-әрекетке белсене қызығушылықпен қатысу. Қимыл-қозғалыс ойынын техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып ойнату.

Білуі: Жаттығуды жетекшінің нұсқауымен орындау.Жалпы дамыту жаттығуында құралды пайдалана алу. Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру.Заттар арасында төрт тағандап еңбектеу.

Меңгеруі: Тынысты қалыпқа келтіру жолында тыныс алу жаттығуын дұрыс орындау.Гимнастикалық орындық үстімен қолына зат ұстап тепе-теңдік сақтап жүру.Бөрене үстімен алға қарай жылжи еңбектеу.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауы. – Астана, 15 желтоқсан 2012

2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы - Астана, Ақорда. 2007 жылғы шілденің 27-сі. №319 ІІІ ҚРЗ. /Егемен Қазақстан. 15.08.07

3.«Біз мектепке барамыз» 5-6 жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған бағдарлама. Астана-2010,-114б

4. С. Андабекова «Мектепке дейінгі педагогика» - Алматы, 2012.

5. Сәулебекова М.. Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі. //Биология және салауаттылық негізі, №3-2012.