Авлайхаан
Кумсай
Өскемен
қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі
балаларға арналған «Алтын дән» мектеп-балабақша кешені»
КММ
логопед
Коккозева Кульчария
Шамильевна
кандидат пед.наук, доцент ВАК РК.
Дыбыстарды машықтандыру
Өзектілігі.
Қазіргі кезде сөйлеу тілі бұзылған балалар саны артып
келеді. Соның ішінде Қазақстанда 47,5 мың балалар
мүмкіндігі шектеулі болса, ал оның 9,6 мыңы
әртүрлі тіл кемістіктері бар балалар болып саналады.
Балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Қ.Қ.Өмірбекова, Қ. Серкебаев, Р.Е. Левина, Н.А.
Никашина, Н.А. Чевелева, Л.Ф. Спирова, Т.Б. Филичева және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талдау негізінде,
дыбыстарды бұзып айту, фонетикалық есту қабілетінің
дамымауы, сөздік қоры мен сөйлем құрау,
сөзжасамының дамыған жалпы сөйлеу тілі дамымаған
балалардың барлығына тән кемшілік.
Белгілі психолог ғалым Л.С.Выготский өзінің
психологиялық зерттеулерінде балалардың өсу, жетілу, даму
ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, балалар жеке заттарды біліп қана
қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың
қайдан, неден жасалатынын түсінуге тырысатындығын
көрсетеді. Баланың алғашқы сөздерді түсіне
бастағаннан-ақ оның ортамен тілдік қатынасы
қалыптаса бастайды. Бала тілінің шығуы оның
психикалық дамуына күшті әсер етеді. Әрбір сөз -
баланың ақыл-ойының дамуына маңызды екенін айтады.
Адам баласы дүниеге келе сала сөйлеу тілін мүлдем
білмейтін қалыпта болады. Өсе келе бала қоршаған
ортасына сай сөйлеу тіліне ие бола бастап,
қарым-қатынасқа түсе бастайды. Алдымен ауызша
сөйлеу тілін үйренсе, кейіннен жазбаша сөйлеу тілімен
ұштастырады.
Бала үшін бұл аса маңызды міндет. Себебі, адам баласы
қаншама ұзақ уақыт бойы, ата-бабаларымыз
мыңдаған жылдар құрастырған тілді толығымен
қамтуға тырысады.
Баланың өз ана тілін меңгеруі
қатаң заңдылықпен жүріп, барлық
балаларға тән ортақ қырларымен сипатталады. Ал
сөйлеу тілінің бұзылысын түсіну үшін
балалардағы қалыпты сөйлеу тілінің біртіндеп
дамуының жолын, бұл үрдістің тәуелді
заңдылықтары мен оның нәтижелі ағымдарына
тәуелді шарттарын білу қажет.
Есту қабілеті мен ой – өрісі
әдеттегіден дамыған балалардың дыбысты мағыналық
жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының
компоненттерінің бұзылуына болатын әр түрлі тіл
кемістіктері болады. Дыбыстарды бұзып айтуын, фонематикалық есту
қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен
грамматикалық сөйлем құрлысының артта
қалуына тән.
Сөйлеу тілінің ауыр немесе жеңіл
түрін алсақта, оларға ортақ – дыбыстарды қою,
машықтандыру және ажырату. Дыбысты қоюдың өзіне
ғана тән әдістері бар. Ал машықтандыруға келсек,
оныңда әртүрлі әдістері бар.
Зерттеулер нәтижелері көрнекілік,
әңгімелесу, сарамандық әдістерге негізделе отырып,
түзету жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ал
егер қоғамның қазіргі даму кезеңі -
«ақпараттық мәдениеттің» қалыптасу кезеңі
екені ескеретін болсақ, онда сөйлеу тілінің дыбысталу
бұзылысын ақпараттық компьютерлік технологиялар
көмегімен ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Алайда,
бұл мәселе қазіргі таңда өз шешімін
толықтай таба алған жоқ.
Осыған орай, зерттеу жұмсының өзектілігі – сөйлеу тілі бұзылған балаларда
дыбысты машықтандыруда компьютерлік технология мүмкіндігін
қолдану. Бірақ қазіргі таңда,
технологияның дамыған кезені болғандықтан. Біз
машықтандырудың жаңа бір әдісі ретінде – AutoPlay Media Studio
бағдарламасы негізінде жасалған электрондық жинағын
құрдық.
Компьютер ақпаратты өңдеудің
ең заманауи құралы бола отырып, оқытудың
қуатты техникалық құралы да бола алады, және де
мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы психикалық дамуы
мен тәрбиелеуінде қайталанбас көмекші ролін ойнайды.
AutoPlay Media Studio - CD/DVD
мәзіріндегі автожүйелікті құруға арналған
күрделі бағдарлама. Бұл бағдарлама қажетті
құжаттарды автожүйелеуге және графикалық енгізуге
арналған. AutoPlay Media Studio
бағдарламасы қолданушының аса компьютерлік білімділігін
қажет еткізбейді. Онда интерфейстің жеңіл түрі
қолданылады. AutoPlay Media Studio бағдарламасында жасалған
қосымша жұмыс соңында объективті модель түрінде болады.
Бұл модель жеке топтасқан беттерден тұрады. Бұл жеке
беттерге әуен, мәтін, видео, графика орналастыруға болады.
Кез келген элементке сәйкесінше іс-әрекет енгізуге болады. Мысалы,
суретке тышқан нұсқағышын шерткенде, сол суретке
қатысты мәтін пайда болуы мүмкін немесе "Play"
батырмасын басқаннан кейін фильм басталуы мүмкін. AutoPlay Media Studio бағдарламасы дайын
шаблондар өте көп. Сол арқылы электрондық
құралдарды жасау өте тиімді және ыңғайлы
болады.
Қазіргі заманғы
дамыған технологиялар электронды оқулық арқылы сабақ өткізу
балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын
арттырып, сабаққа деген зейін ашады. Сабақты бұл құрал арқылы балалар
өз бетімен дыбысты машықтандыра алады. Үй тапсырмасы ретінде,
ата-аналарға да беруге болады.