ӘОЖ 37.02.
ДАМЫТА
ОҚЫТУДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – БАЛАНЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
БАҒЫТТА ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ.
Байгубекова Айнур Лесбековна
Тараз қаласы, №36 орта мектеп
Ғылым мен
техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны
күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл
жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып
отыр. Қазіргі кезеңде білім беру мекемелері мен педагогикалық
ұжым алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім
жүйесінің ақпараттық бағыттарына, мақсаты
мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген
жаңаша көзқарастар қалыптасуда.
Шәкірт білімінің
тереңдігі мұғалімнің жан-жақты болуымен
өлшенбек. Бұл талап күн өткен сайын
мұғалімге үлкен жауапкершілікті жүктеуде. Оны
жүзеге асыруда жаңашыл бастамалар қажет.
Ұстаздардың алдындағы міндеттерін дұрыс
айқындалуына мүмкіндік бермек. Біздің еліміздегі білім беруді
дамытудың қазіргі заман кезеңінің-оқытудың
дәстүрлі түрінен инновациялық әдістерге ауысатын
өтпелі кезең деп сипаттауға болады. Осыған байланысты
әр баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны
дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылдыққа
тәрбиелеуді жүзеге асыратын шебер, іскер мұғалім
даярлауға бетбұрыс жасалмақшы.
Президенттің
Қазақстан халқына Жолдауында біздің балаларымыз
біліктілігі жоғары маман болады, оларға жағдай жасау керек
делінген. Республикада Дарын ғылыми– практикалық орталығы
құрылған. Мақсаты еліміздегі талантты да дарынды
балаларды тауып, сапалы білім алуына жағдай жасау. Көптеген
мектептер, лицейлер оқушыларға білім беруде. Ең
таңдаулы жастар шет елдерде білім алуда. Балаларды саралап оқытуда
тесттік жүйе кеңінен пайдалануда. Білім беру жөніндегі
қызмет рыногы, кез-келген рынок сияқты алда бәсекелестік
заңдарымен дамып келеді.
Білім туралы заң, мемлекеттік
бағдарламалар, осы көкейкесті мәселе бойынша бірқатар
маңызды шешімдер қабылдады. Осы арқылы біз білім беру
жүйесін нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып,
дамытуға жаңаша жағдайлар жасалуда. Қазақстан
Республикасы «Білім туралы» заңының 8 – бабында «Білім беру
жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу» деп атап көрсетілген. Осыған орай
оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері
арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда
айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау,
оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында
тұрған үлкен міндет екені мәлім. Уақыт талабына
сай оқушылардың бастауыш сынып пәндерінде
шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың
жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн.
Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке
тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының
өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау,
білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет. Осы
бағытта оқушыларға берілетін жекелей тапсырмалардың
үйренушілік, алгоритмді, эвристикалық, шығармашылық
деңгейлер, оқушы құбылысты өз бетінше талдай
келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан
зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға
«кішкентай» жаңалық ашқанмен бірдей. Негізгі
мақсат-оқушылардың танымдық міндеттерін
қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен
қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту.
Әдіс-тәсілдер арқылы өткізілген әрбір сабақ
оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді,
баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді.
Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы
қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті
жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты
жетілдіруді ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылауға болады.
Л.С.Выготский: «Әр баланың
өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін
тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап
беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» -
деген екен. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының
әрқайсысының талабы, таланты, дарыны бірден біліне қоймайды.
Мұғалім әрбір оқушысының дарынын байқап,
талабына сай көңіл бөліп, талантының көзін
ашуға, ой-өрісін дамытуға және де
шығармашылық қабілетіне бағыт беруі тиіс.
К.Д.Ушинский оқушыларды сабаққа
тарта білу, олардың шығармашылық қабілетін арттырып,
білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді.
Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы
оқытудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана
зорлық күшімен жүргізілген оқу, оқушы
бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.
Ұлы неміс педагогы А.Дистервегтің «Неміс
мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты
еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі
айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының
өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»,-деген. Ал,
ойлауға үйрететін бірден-бір жол оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту.
Қазіргі жаңа типті мектептерде
дәстүрлі сабақтарды жаңаша ұйымдастыруда.
Американдық ғалым Джон Дьюи – балаларды оқыту керек емес,
жағдай туғызу керек дейді. Жоғары нәтижеге
бағытталған әдіс-тәсіл мазмұн жиынтығын
құрайтын технологиялардың негізі бірдей десек
қателеспейміз.
Қазақстан Республикасы жалпы білім
беретін мектептерінің білім мазмұнының
тұжырымдамасында: «Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі
мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге икемді, іскер,
өзіндік ой толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті,
жанды қалыптастыру. Республикадағы әлеуметтік
экономикалық құрылымның өзгеруі білім беру
мазмұнында жаңалықтар енгізуді қажет етеді,» -
делінген.
Республика мектептерінде білім мазмұны
мәдениеті өркендеген демократиялық қоғамға
үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге
бағытталуға тиісті. Қазіргі педагогиканың
оқушылардың бойында шығармашылықпен қызмет ету
сапасын қалыптастыруға бағытталуы педагогикалық
іс-әрекеттің ұстанымдарының да өзгеруіне
соқтырып отыр. Білім беру жүйесі қарекетінің мәні
сынып ішінде болатын іс-әрекетке тәуелді. Сондықтан,
мұғалім тек дайын білімді беруші, жеткізуші емес,
оқушының оқуына, дамуына көмектесуші, ол ақпарат
көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс. Сонымен, оқытушының өзінің
шығармашылықпен ойлау қабілеттері оқу процесін
қайта құрудың басты факторы болып табылады. Ол
үшін мұғалім ойлау әрекетінің негізі болып
табылатын методологияны меңгерген, шығармашыл тұлға
болуы тиіс. Оқушыларды
шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін
шығармашылық қабілеттерін сабақта және
сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі
әдіс-тәсілдерді қолдануға болады: тақырыпты
мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпта
пікірталас туғызу, логикалық ойлауын дамытатын тапсырмалар,
қиялдау арқылы сурет салғызу, кейіпкерге мінездеме беру,
өлең шумақтарын құрастыру, мәтінді өз
бетінше аяқтау т.б.
Ұстаздың сабақ берудегі басты
мақсаты – баланы бастауыш сыныптардан бастап, шығармашылық
ойларға, практикалық әрекеттерге дайын болуға,
қызығушылыққа тәрбиелеу. Бұл мақсатты
жүзеге асыруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді
пайдаланып, көптеген сабақтардың түрлерін
өткізуге болады. Олар: аралас сабақ, семинар, пәнаралық
– интегралдық сабақ, пікір-сайыс сабағы, инновациялық
ойын сабағы: графикалық және схемалық
құралдарды қолдан жасау арқылы оны пайдалану
сабағы, тестік сұрақтар оқушылардың білімін
бағалау.
Дамыта оқыту идеясы бойынша
оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде дайын
үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау
арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ
үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде шешім
табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше
дәлелдей білуге үйренеді. Әр оқушыға өз
ойын білдіріп, пікірін айту мүмкіндігі беріледі, жауаптар
тыңдалады. Әр бала жасаған еңбегінің
нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Біздің Республикамызда білім берудің
жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне
енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен
оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты.
Білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің жаңа
мазмұны пайда болады. Қазіргі білім беру саласындағы
оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
қазіргі маманға сай болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа
көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі
әсерін тигізеді, оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі.
ХХІ ғасырда Қазақстан
Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық
үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім
парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа
білім парадигмасы бірінші орынға шәкірттің білімін, білігі
мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы
дамуын қойып отыр.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде
әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар
оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін
қолдана отырып, терең білімді, іздемпаз барлық
іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын,
сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға
тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек мектептегі оқу
үрдісін оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып,
шығармашылық әрекетінің дамуына жол ашу қажет деп
ойлаймын. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»,
деп айтқан ұлы Абай.
Ал чехтың педагогы Я.А.Коменский «Мұғалім
– мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен
қимыл әрекеттеріне ақылдың дәнін сеуіп, нұр
құятын тынымсыз жалын иесі», - деп, ұстаздар қауымын
жоғары бағалаған.
Бүгінгі күн талабы
тұрғысынан қарасақ, оқыту ісі тек сабақ
беру ғана емес, оқытудың басты міндеті –
мұғалімнің білім беруі және оқушының білім
алу қызметтерінің біріккен түрі екендігін көреміз.
Өскелең заман әрбір оқушының жеке
тұлға ретінде тәрбиеленуін қажет етуде. Сондықтан
әрбір пәнді оқытқанда, оқушылардың
оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың
маңызы зор.
Дәстүрлі емес сабақтардың,
оқытудың инновациялық технологияларын бастауыш сынып
оқушысының пәнге деген қызығушылықтарын
арттырудың, дамытудың құралы екендігі негізделді.
Қорыта келе, бастауыш мектептің
оқу-тәрбие процесінде оқытудың инновациялық
педагогикалық технологиясын оқушыны дамыту құралы
ретінде пайдалануға болады. Мектеп табалдырығын аттаған жас
бала ертеңгі ел тұтқасы десек, олардың парасатты,
кез-келген салада бәсекелестікке қабілетті азамат тәрбиелеу
ұстаздың борышы.
Пайдаланған әдебиеттер
1.
Айтмамбетова
Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А., 1991
2.
Бұзаубақова
К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. А., Жазушы 2004
3.
ҚР
«Білім туралы» заңы және оны жүзеге асыру жөніндегі
негізгі құжаттар Астана, 2007 ж.
4.
Назарбаев
Н.Ә. Республика білім және ғылым қызметкерлерінің
ІІІ съезінде сөйлеген сөзі. Егемен Қазақстан 13
қазан 2004 ж.
5.
Синица
И.Е. Педагогикалық әдеп
және ұстаздық шеберлік. А., Мектеп 1987
6.
Есқазиева
С. Оқу арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту. Бастауыш мектеп №8,9 2000ж.
7.
Ахметжанова
А. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары.
Бастауыш мектеп №1 2004ж.
8.
Рүстемов
Ж. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бастауыш мектеп №16 1996ж.