Мырзағалиева Күлзада,
Филология
ғылымдарының кандидаты,
Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институтының доценті;
Нұржанның айтыс
өнеріндегі қырлары
Нұржан
Наушабаев айтыс өнерiне де бiршама атсалысқан ақын.
Оған “Сырға қызбен”, Бибiсарамен, Жұмабаймен,
Сапарғалимен, Сапарғали Нұрымұлымен айтыстары
куә.
Нұржан
мен Жұмабай (Уақ Жұмабай, Жұмабай Шалабайұлы)
1908 жылы Қостанай облысының Жасыбай ауылында кездесiп,
Нұржан Жұмабайды сөйлетпек болып, танымаған кейiп
танытып, өзiн мақтап, халыққа сыйлы екенiн, би
болғанын, палуандығын, ақындығын айшықтап айта
келiп:
Мен
тұрғанда сөйлейтiн
Бар ма
қазақ, жоқ теңiм!
Домбырасын
қолтықтап
Қутыңдаған
шалың кiм
Түрiнбей
киген шекпенiн?! –
дейдi.
Сонда Жұмабай айшықтаудың бiр
түрi – кезектi қайталауды қолдана отырып, сөз
әсерiн күшейтiп:
Саған
тиген жан бар ма
Отырсың
неге бұлданып?!
Ақын
болсаң, қайтейiн,
Айтысып
ақын жеңген жоқ,
Батыр
болсаң, қайтейiн,
Көмек
сұрай келгем жоқ.
Түлен
болсаң қайтейiн,
Жансыз
жапанда
Иман
таппай өлгем жоқ.
Бай
болсаң, Нұржан, қайтейiн,
Қайырыңды
көргем жоқ... –
дейдi.
Сөзден ұтылған Нұржан
басын көтерiп, домбыраны ала сала көпке былай дептi:
Еңкейiп
еңбек етiп еккенiмдi,
Пысырып,
өзiм ордым сепкенiмдi.
Әлеумет,
айып етiп, аңыз қылма,
Кiшiлiк
үлкен шалға еткенiмдi.
Дарияның
тасқынында кете бардым –
Нұржаның
қанжығаға бөктерiлдi.
Аталы
сөзге тұрмай ақымақтарша,
Ағаменен
болмайын жеккөрiндi.
...Жұмеке
айыбымды ұрдың бетке
Ғибрат
мұныңды iнiң қабыл еттi.
Әурелеп
босқа менi сөйлеттiң деп,
Жұмеке,
өтiнемiн айып етпе!
Ендi Жұмабай балағатқа
толған соң, Нұржанның кiсiлiктi ойлай бастағанын,
жиырмаға келгенде, тауға бiткен теректей, созылып көкке
бойлағанын, жиырма беске келгенде, жiгiттiк құрып,
“қаңқылдатып қаз iлiп, көлден үйрек
қоймағанын”, отыз беске келгенде, қырандай қанат
қомданып, адамдықты ойлағанын, қырықтан жасы
асқан соң тiл безеп, билiк құрғанын, әдiлдiктi
қорғағанын, ел ұйқысын ашуды, өнер-бiлiм
шашуды мақсұт тұтқанын, ақындыққа
мықтап бой ұрғанын термелей жеткiзiп, “Нұржанның
берген сыйы деп шекпенiңдi шен тұтып жүрейiн”, деп, шекпенiн
алып, “Көгалаңды мiн өзiң, Атыңды сыйлап
Нұржаным, Аруағыңа байладым” деп берген сәйгүлiгiнен
бас тартады.
Н.Наушабаев,
әсiресе, жұмбақ айтысқа келгенде шешендiк, тапқырлық
танытып, ашыла түседi:
“Жұмбақ
деген аты жұмудан шыққан,- дейдi Ахмет
Байтұрсынов-яғни қолдың iшiне бiр нәрсенi
жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққын.
Жұмбақта нәрсенi қолға жұмып тұрып
таптырмайды. Ойда бүгiп айтпай қойып, сол нәрсеге
ұқсас нәрселердi сипаттап айтып, ұқсастығы
бойынша таптырады. Жұмбақ –зейiндi ұстартуға пайдасы
бар нәрсе. Жұмбақтың негiзi тәрiздеу, яғни
нәрсенiң сипатын тәрiздеп айту.” [1]
Сапарғали Нұрымұлымен
айтысқанда қазандағы татар қыздарын Нұржан
былайша жұмбақтайды:
Қазанда
мен бiр нар көрдiм,
Жалпақ
емес өкшесi.
Құнан
қойдай бөксесi.
Пiскен
алма секiлдi
Жануардың
екi өркешi.
Алма
мойын, аршын төс
Әркiмдердiң
еркесi.
Қызды нар тәрiздендiрiп, бiрақ
өкшесiнiң жалпақ еместiгiн, бөксесiнiң
құнан қойдай iрi екендiгiн суреттеп, екi емшегiн
өркешке теңеуi, оның үстiне «әркiмдердiң
еркесi» деп кiм көрiнгенмен күлiп- ойнайтын жеңiл
жүрiстiлiгiн де жетi жол өлеңге сыйдырып жiберуi үлкен
шеберлiк.
Нұржан кебiстi шанаға
ұқсатып:
Аты
бар, адамы жоқ шанасында,
Жетегi
жоқ дегенге нанасың ба?
Аңқиып
ол ит шанаң жатыр, әне,
Шеше
алмайтын осыны баласың ба?-
дейдi. “Жетегi
жоқ” дегенi қандай қисынды, қазақы, көкейге
қонымды сипаттаған?! Жұмбақтың сыртында “Шеше
алмайтын осыны баласың ба?”,- деген әзiлiн де төрт
жолға сыйдырған. Кебiстi аяғынан шешiп тастағанда
аңқиып жататыны да шындық. Осындай тапқырлығына,
ұшқырлығына, ойлылығына орай Сәбит
Мұқанов үлкен баға берiп, олардың
жұмбақ айтысты дамытуға айрықша еңбек
сiңiргендерiн, жұмбақтарындағы ерекшелiк – айтыс
жұмбақпен басталып, жұмбақпен аяқталатынын,
өзге айтыстардай, мұнда жұмбақтан басқа
айтыстың саласы араласпайтынын, жұмбақтың стилi
түгел сақталатынын айтады.
“Екiншi – Нұржан мен
Сапарғалидың жұмбақтары шын мағынасындағы
реализм негiзiнде
құрылған”,- дейдi Сәбит Мұқанов. –
Бұл жұмбақта дiншiлдiк мотив жоқ. Мұндағы
жұмбақтар ауыл тұрмысының шындығынан
алынған. Және де, жалпы ауыл емес, белгiлi бiр заманда
жасалынған, яғни Россияға қосылғаннан кейiн
қалаға, базарға араласқан, фабрика, завод заттарын
меншiктенген, оқуға араласқан ауылдың тұрмыс
шындығы, кәсiбi, күн көрiсi айтылған.
Әрбiр
әдебиет жанрының я сол жанрдың әрбiр салаларының
өз биiгi шедеврi болады. Жұмбақ айтыстарының iшiндегi
биiгi ең тамашасы осы “Нұржан мен Сапарғалидың айтысы” [2].
Нұржан
жұмбақ шешуге де шебер. Жоғарыда сөз болған
жұмбақ айтыста Сапарғали түс көргенiн,
түсiнде өзi жансыз, өзi бiр аяқтының
теңiзде жолы сайрап жатқанын жұмбақтайды. Сонда Нұржан
тосылмай: “Сапеке, айтқаныңды қазiр табам, жансыз
құс бiр аяқты мұның - қалам. Теңiз
мысал қағаз ғой, жолың- жазу,
жұмбағың осыменен болсын тәмәм”,- деп
ұйқасын келтiрiп, ойын толық бiр шумаққа сыйдырып
жеткiзуi, әрине, шеберлiк.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш А., Атамұра, 2003. 112
б.
2.
Мұқанов С. Айтыстар туралы. Айтыс.1-том. А., Жазушы.1988, 12 б.