К.э.н. Казбекова Л.А., Елпанова
М.А.
Магистрант: Садықова Қ.Қ.
Кызылординский государственный университет имени
Коркыт Ата, Казахстан
Құрылыс кешенінің тиімділігін
бағалау аспектілері
Құрылыс кешені
тиімділігінің нысандары: нәтижеге байланысты: техникалық,
техника-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық,
әлеуметтік; қолдану салалары бойынша: жалпы, жергілікті және
жеке; басқару деңгейі бойынша: халықшаруашылық,
бюджеттік; жүйеге қатысы бойынша: ішкі және сыртқы;
ұдайы өндіріс кезеңдері бойынша: ұдайы өндіріс
тиімділігі, өндіріс тиімділігі, үлестірім тиімділігі, айырбастау
тиімділігі, тұтыну тиімділігі; мағынасы бойынша: нақты
өндіріс, инвестициялар, жаңа техника (инновациялар), жұмыс
күші (еңбек), негізгі қорлардың, айналым
қорларының, сыртқыэкономикалық қызметтің,
экологиялық; есептеу әдістері бойынша: абсолюттік, баламалық,
шығындық, ресурстық, ресурстық-шығындық;
аспектілер бойынша: мақсаттық, экономикалық,
қаржылық [1, б.87].
Құрылыс кешені
тиімділігінің нысандары:
-
нәтижеге байланысты: техникалық, техника-экономикалық,
әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік;
-
қолдану салалары бойынша: жалпы, жергілікті
және жеке; басқару деңгейі бойынша:
халықшаруашылық, бюджеттік;
-
жүйеге қатысы бойынша: ішкі және
сыртқы;
-
ұдайы өндіріс кезеңдері бойынша:
ұдайы өндіріс тиімділігі, өндіріс тиімділігі, үлестірім
тиімділігі, айырбастау тиімділігі, тұтыну тиімділігі;
-
мағынасы бойынша: нақты өндіріс,
инвестициялар, жаңа техника (инновациялар), жұмыс күші
(еңбек), негізгі қорлардың, айналым қорларының,
сыртқыэкономикалық қызметтің, экологиялық;
-
есептеу әдістері бойынша: абсолюттік,
баламалық, шығындық, ресурстық,
ресурстық-шығындық; аспектілер бойынша:
мақсаттық, экономикалық, қаржылық.
Құрылыстың
сипаты, құрылыс кешенінің және аймақтардың
экономикасының қорқұраушы саласы ретінде оның
ерекше ролі, инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруда
құрылыс ұйымдарының маңызы құрылыс
кешенінің тиімділігінің
үш негізгі аспектілерін ерекшелеуге мүмкіндік береді:
аймақтық (сыртқы), салалық (ішкі), инвесторлық
(тұтыну).
Берілген аспектілер 1
суретте келтірілген.
Құрылыстың
сипаты, құрылыс кешенінің және аймақтардың
экономикасының қорқұраушы саласы ретінде оның
ерекше ролі, инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруда
құрылыс ұйымдарының маңызы құрылыс
кешенінің тиімділігінің
үш негізгі аспектілерін ерекшелеуге мүмкіндік береді:
аймақтық (сыртқы), салалық (ішкі), инвесторлық
(тұтыну).


Сурет 1.
Құрылыс кешенінің тиімділігінің аспектілері [2]
Сонымен қатар,
құрылыс кешені қатысушылардың үлкен санын
біріктіреді, олардың әрқайсысының өздерінің
мүдделері болады, демек, параметрлер және тиімділік белгілері.
Нақты жағдайға байланысты құрылыс
тиімділігінің бір белгісі және бірнеше белгісі болуы мүмкін
(кесте 1).
Кесте 1 - Түрлі
қатысушылардың құрылыстағы инвестициялар
тиімділігінің критерилері
|
Қатысушылар |
Құрылысқа
қатысу нысаны |
Мүдделілік нысан |
Қаржы критериі |
|
Меншік иелері |
Меншікті капитал |
Дивидендтер, бизнес құны |
Меншікті капиталдың
табыстылығы, 1
акцияға
табыс |
|
Менеджерлер |
Білім, біліктілік |
Еңбек ақысы, карьера, іскерлік
имидж |
Өндіріс тиімділігі, ресурстарды пайдалану тиімділігі |
|
Жалдамалы персонал |
Еңбек |
Жалақы |
Еңбек ресурстарының
тиімлідігі |
|
Жеткізушілер |
Материалды- техникалық ресуртарды жеткізу |
Жеткізілімдердің көлемі және
бағасы |
Төлемқабілеттілік, қаржылық тұрақтылық |
|
Қосалқы мердігерлер |
Жұмыстар орындау, қызмет
көрсету |
Жұмыстар және
қызметтердің көлемі мен бағасы |
Төлемқабілеттілік, қаржылық тұрақтылық |
|
Несие берушілер |
Қарыздық капитал |
Несиенің негізгі сомасын пайызымен
қайтару |
Төлемқабілеттілік, өтімділік |
|
Аймақтық және жергілікті
басқару органдары |
Инфрақұрылым
объектілерінің қызметтері, нормативті-құқықтық
қорғау, құрылысқа
рұқсаттар |
Салықтар және аударымдар, жергілікті халықтың
жұмысбастылығы |
Төлемқабілеттілік,
қаржылық тұрақтылық, қаржылық
нәтижелер |
Көптеген
экономистер [3] құрылыс өндірісінде қабылданған
белгілер негізінде ғылыми негіздеуге және құрылыс
кешенінің тиімділік деңгейін
анықтауға мүмкіндік беретін инвестициялардың
тиімділігінің сандық бағалау көрсеткіштердің
жүйесін қолдану қажет деп есептейді.
Біздің ойымыз
бойынша, мұндай жүйенің
тұрақты болуы мүмкін емес, ол өндіргіш
күштердің және өндіріс қатынастардың
дамуымен, білім мен
тәжірибенің ұштануына байланысты өзгереді. Кейбір жұмыстарда
құрылыс өндірісінің тиімділігін бағалау
көрсеткіштері жүйесіне негізгі талаптар қойылған, олар:
жүйелік тәсілдеме, бүтіндік, соңғы нәтижеге
бағытталуы, түрлі аспектілердің және тиімділік
нысандарын бағалау, тиімділіктің өсуінің
(өзгеруінің) бейнесі, құрудың иерархиялық
принципін қолдану, реттілік, логикалық өзара байланыс
және көрсеткіштердің салыстырмалылығы,
құрылыс кешені және құрылыс кәсіпорындардың
тиімділігін кешенді сипаттау мүмкіндігі.
Құрылыс
кешені күрделі динамикалық жүйе екендігімен, сондықтан
инвестициялардың тиімділігін бір көрсеткішпен бағалау
қиын деген көптеген ғалымдардың
көзқарасымен келісуге болады. Инвестициялық-құрылыс
қызметтің түрлі жақтарын бейнелейтін көрсеткіштер
жүйесін қолдану қажет.
Ұсынылып
отырған жүйе құрылыс кешенінің сыртқы
және ішкі тиімділік көрсеткіштерін біріктіреді, олар үш
түрге бөлінген: қорытындыланған, жеке және
факторлық. Ішкі тиімділік көрсеткіштері қызмет саласы бойынша
өндірістік, инвестициялық және қаржылық тиімділік
көрсеткіштеріне, сонымен қатар қорларды пайдалану тиімділігі
көрсеткіштеріне еңбекті, материалдық және
техникалық болып бөлінген.
Сыртқы орта
тұрғысынан алғанда
құрылыс кешенінің инвестициялық қызметі
тиімділігінің критерийі болып анықталған мерзімде объекті
пайдалануға беру табылады, мұнда келісілген баға
сақталуы тиіс, оның мөлшері тендерлік сауда негізінде
анықталады. Ішкі орта тұрғысынан алғанда құрылыста инвестициялық қызмет
тиімділігінің критерийі қысқа мерзімді кезеңде
құрылыс-монтаж жұмыстарды тапсырудан түскен табыс
және өндіріс рентабелділігі, ұзақ мерзімді
кезеңде - активтердің нарықтық
құнының артуы.
Пайдаланылған әдебиет
1. Чистов Л.М. Экономика строительства: Учеб. Пособие/
Л.М.Чистов -2-е изд. Перераб. И доп.-Санкт-Петербург: Питер, 2003.
2. Черняк В.З. Экономика строительства и коммунального хозяйства: учебник
для вузов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003.- 623 б.
3. Довдиенко И.В., Черняк В.З. Ипотека. Управление. Организация. Оценка: Учебное пособие для студентов вузов. - М.:
ЮНИТИ-ДАНА, 2009.- 464.