К.э.н. Казбекова Л.А., Елпанова М.А.

Магистрант: Садықова Қ.Қ.

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан

 

Құрылыс кешенінде корпоративтік басқаруды жетілдіру бағыттары

 

Құрылыс - материалдық өндірістің қуатты индустриалдық саласы болып табылады. Күрделі құрылыстың көлемі мен деңгейінен материалдық өндірістің барлық салаларының дамуы, экономикалық әлуеттің және мемлекеттің ұлттық табысының өсуін қамтамасыз ету маңызды деңгейде тәуелді болады. 

Нарық жағдайында құрылыс, өндірістік сфераның барлық салаларындай капиталдың еркін динамикасы және әрбір меншік объектісінің қызмет еркіндігімен байланысты жаңа экономикалық маңызға ие болады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызметінің тиімділігі ең алдымен оның құрылымын басқаруды жетілдіру болып табылады. Құрылыс сферасы әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздыққа аз көлемде бейімделген; нормативті және әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа жағдайлар мен талаптарға сәйкессіз; құрылыс қызметін реттеудің және басқарудың экономикалық әдістері дамымаған; келісімдік қатынастар жүйесінің дамымағандығы; жаңа шарттарға және талаптарға құрылысты қаржыландыру қызметін ұйымдастыру реттелмеген; реттеу және орталықтандырылған басқарудың маңызды функциялардың жойылуы немесе орындалмауы.

Қазіргі таңда еліміздің құрылыс саласының алдында тұрған негізгі мақсаты құрылымдық саясат жүйелерінің барынша қайта қаралуын талап етеді. Бірақ, өз кезегінде қаржыландыру қызметі, құрылымы, ұдайы өндірістегі қаржылық және материалдық активтер дәрежесі оның инвестициялық тартымдылығын анықтайтын факторы негізінде еліміздің экономикалық жағдайына байланысты болып келеді, яғни бұл инвесторлардың нарықта инвестициялық стратегияны дайындауды есепке алу факторы болып табылады.

Құрылыс нарығы жүйе ретінде құрылыс нарығы субъектілерін; нарықтық қатынастар объектілерін; құрылыс кешені нарығының инфрақұрылымын; нарықтық механизмді; мемлекеттік бақылауды; нарықты реттеуді қарастырады.

Құрылыс нарығының субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, мердігерлер, жобалық-ғылыми ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттар, құрылыс материалдары, бұйымдары және контрукциялары өнеркәсібі кәсіпорындары, құрылыс және жол машина жасау кәсіпорындары, технологиялық, энергетикалық және басқа да жабдықтарды әзірлеушілері-кәсіпорындар табылады.

Нарықтық қатынастар объектілеріне құрылыс өнімдері (ғимараттар, салулар, объектілер, олардың кешендері және т.б.), құрылыс машиналар, транспорттық құралдар, материалдар, бұйымдар, конструкциялар, капитал, жұмыс күші, ақпарат жатады.

Құрылыс кешенінің инфрақұрылымына банкілер - ұлттық (мемлекеттік), биржалар - тауарлы - шикізаттық, еңбек ресурстарының, қор (құнды қағаздардың), жылжымайтын мүлік, делдалдық кеңселер және фирмалар, институционалды инвесторлар - зейнетақы қорлар, сақтандыру компаниялар, ашық және жабық түрдегі инвестициялық қоғамдар мен фирмалар, шетел инвесторлар, агенттік, делдалдық, жарнамалық, ақпараттық қызметтер және фирмалар, инженерлік-кеңестік орталықтар, аудиторлық фирмалар, құрылыс кешендегі венчурлық (тәуекелдік) кәсіпорындар, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары және қорлар, арбитраж, сот [2, б .55].

Құрылыс кешені нарығы оған қызмет етуші заманауи ақпараттық жүйе болған жағдайда ғана тұрақты жұмыс атқарады. Құрылыс кешені нарығының ақпараттық жүйелерінің негізгі мақсаттары: мүмкін болатын тапсырыс берушілердің (инвесторлардың) құрылыс өніміне қажеттіліктерін білу; нақты мәліметтер банкін құру; құрылыс-монтаж ұйымдарының ағымдағы мүмкіншіліктері, шығарылатын құрылыс материалдарының номенклатурасы, сапасы, бағалары, коммерциялық дербестікке ие инвестициялық жобалар туралы ақпараттың болуы, жылжымайтын мүлік нарығымен өзара байланыс; аймақта және орталықта жобалар, қаржылық (инвестициялық) ресурстар, құрылыс материалдар, машиналар, механизмдер, құрылыс өнімдері бойынша тендерлер өткізуге жағдай жасау; министрліктермен, сонымен қатар жергілікті әкімшілік органдармен өзара байланыста болу.

Құрылыс саласы ұлттық экономиканың нақты секторының негізгі саласы болып табылады. Құрылыс ұйымдарының шаруашылық қызметі бәсекелестік және инвестициялық-құрылыс саласындағы бизнес-жағдайдың белгісіздік жағдайында жүзеге асады. Сондықтан, ұйымдар алдында қызмет етудің мәселесінің басқа шешімін табу мақсаты қойылады, тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау мүмкіндігін беретін механизмдер құру.

Күрделі құрылыс ұлттық экономиканың негізгі саласы, мұнда елдің  өндірістік потенциалының материалдық базасын реформалаудың және өндірістік емес сала дамуының маңызды мәселелері шешіледі. Құрылыс Қазақстан Республикасының ең белсенді дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасында құрылыс кешені өзгермелі болуда, ұлттық экономиканың тұрақсыз секторы болып келеді, ол сыртқы факторлар әсерінің күшеюі жағдайында қызмет етудің тұрақсыздығымен, белгісіздігімен сипатталады. Оның тұрақты дамуы корпоративтік құрылымды басқаруды жетілдіру, экономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларына капитал салымдарының кеңеюіне тәуелді болады [3].

Құрылыс Қазақстан Республикасының ең белсенді дамып келе жатқан  салаларының бірі болып табылады. Мемлекетте аз уақыт ішінде көлемді банктік қаржыландырумен нығайтылған  ірі салалардың біреуі ретінде ҚР ЖІӨ үлесті ұйымдастырып құрылыс көлемдері бірнеше есеге өсті. Экономикалық  құлдыраудың жағымсыз әсеріне қарамастан құрылыс өнеркәсібі өсуді қамтамсыз етуме қатар, оны дамыту бойынша Үкіметтің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып қалуда. Үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстары арқасында, мемлекеттік қолдау құрылыс саласының дамуына елеулі оңтайлы әсер көрсетуде.

Құрылыс секторындағы жағымсыз тенденциялар басқа салалардағыдай фундаменталды және жүйелік сипатқа ие емес, және олардың жағдайы көбіне жалпы экономикалық жағдайдан тәуелді болады деп есептейміз. Нарықтың дамуы, жаңа құрылыс нормаларының және ережелерінің енгізуі, ҚМЖ тапсырыстарын алуда және дайын құрылыс өнімін өткізуде бәсекелестік құрылыс компанияларға тапсырыс беруші және мемлекеттік компаниялар жағынан жаңа қатаң талаптар қоюда. Бұл жағдайда құрылыс саласының өсуі өзгерілетін экономикалық конъюктураға икемденуге компаниялардың қабілеттілігімен анықталады. Сонымен, құрылыс саласында сапалы дамуына қажеттілік көбіне экономикалық тұрақтылықтан,  құрылыстағы субъектілерді Үкіметтік қолдаудан, шеттегі жеткілікті жерлерді игеруінен, және құрылысты қолдау және  индустриаландырудың мемлекеттік бағдарламалардың орындалу жоспарларына тәуелді болады.

 

 

Пайдаланылған әдебиет.

 

1 Амалиев Т.О. Многомерности подходов и оценке состояния строительного комплекса. // Экономика строительства, 2000, №2.

2 Дияров С.К. Экономика недвижимости: учебное пособие. – Алматы, 2005.

3. Степанов И.С. Экономика строительства: учебник. – М.: Юрайт-Издат, 2006, 620 с.

4. Акимов В.А., Макарова Т.Н., Мерзляков В.Ф., Огай К.А. Экономика отрасли (строительство): учебник. – М.: ИНФРА-М, 2006, 304 с