Әлеуметтік
топтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін мемлекеттік
реттеу тетіктері
Өтегенова
К.А. э.ғ.к., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
Асембаева А.И. Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты
Елiмiздiң дамуының басым
бағыттарының бiрi – тұрғындардың
материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып
табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз
етудiң деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының
әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды
құрамдас бөлiгi. ЖЗЖ тұрақты түрде дамуы –
Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын
жылдамдатуға ықпал етедi. Әлеуметтік топтар қоғамның
әлеуметтік құрылымының маңызды элементтері болып
табылады [1].
Әлеуметтік қорғау
проблемаларын шешу мемлекеттің глобальды міндеттерінің бірі болып
табылады. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген,
оған сәйкес «Қазақстан Республикасының
азаматтарын ауруға шалдыққан, мүгедектік, асыраушыдан
айрылған және заңмен көрсетілген басқа
жағдайларда жалақының минималды мөлшерімен,
зейнетақымен және жасы бойынша әлеуметтік
жәрдемақымен қамтамасыз етеді. Ерікті әлеуметтік
сақтандыруды, әлеуметтік қамтамасыз етудің
қосымша формасын құруды және қайырымдылық
жасауды қолдайды». Әрбір азаматтың әлеуметтік
қамтамасыз етілу құқығын ескеріп,
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетке осы
құқықты жүзеге асыруға барлық қажетті
жағдайды туғызу міндеті жүктейді. Әлеуметтік
қамтамасыз ету кепілін бекіту Адам
құқығыныңжалпыға бірдей декларациясы,
экономикалық, әлеуметтітағайындау тәртібіқтары
туралы Халықаралық акт, бала құқығы туралы
Ковенция сияқты халықаралық заң актілерінің
ережелеріне сәйкес келеді.
Зейнетақылық
қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы - халықтың
экономикалық және әлеуметтік
жағдайыныңмаңызды құрамы.
Әлеуметтік топтар кеңістікте
және уақытта өмір сүруінің беріктігі мен
тұрақтылығына жағдай туғызатын орнықты
өзара іс-әрекетімен; салыстырмалы түрде алғанда
жоғары топтасу дәрежесімен; құрамының айқын
көрініп тұрған біртектілігімен, яғни топқа
кіретін барлық жеке адамдарға тән белгілердің болуымен;
құрылымдық құралым ретінде неғұрлым
қалың қауымдастықтарға кіруімен сипатталады.
Әлеуметтік- экономикалық
жүйенің түрлі деңгейлерінің өзара байланысы
мен өзара негізділігі оларды жүйелі құралдармен
зерттеудің артықшылығын анықтайды, туындаған
мәселелерді жүйелі механизмдерге негізделіп шешуді міндеттейді.
Өзіндік зейнетақылық қамсыздандыруда қолданылуы
кейбір бірлестікке функционалды және логикалық бірігетін
параметрлер тобын талдауды білдіреді. Ең алдымен оларға мыналарды
жатқызамыз:халықтың жыныстық- жастық
құрылымы және олардың денсаулығының жалпы
көрсеткіштері; мемлекеттің, жеке ведомстволардың және
кәсіпорындардың қаржы ресурстары; жұмыспен
қамтылудың салалық құрылымы; күн
көрістің минимум көлемі; жұмышылардың
экономикалық жағдайы және жеке жинақтарының
мүмкіндіктері.
Әлеуметтік қамсыздандыру
құқығының жүйесі – реттелетін
қатынастардың өзгешелігіне сәйкес тиісті
құрылымдық тізбекте орналасқан, өзара байланысты
құқықтық институттар мен нормалар жиынтығы.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығына
қатысты келесі институттарды белгілеуге болады: жасы, еңбек
сіңірген жылдары бойынша зейнетақылар, еңбекке уақытша
жарамсыздық бойынша; жүктілік және босану бойынша;
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
және т.б. жәрдемақылар [2].
Қалыптасқан экономика
жағдайында халықтың әлеуметтік
қорғалуын қолдау мен нығайтуға
бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі қажет. Дұрыс
қабылданған әлеуметтік саясат –
тұрақтылықтың кепілі, ал саясат негізінде әлеуметтік
қорғау жүйесі жатыр. Қазақстанда әлеуметтік
экономикаға жеткілікті мән беріліп, халықтың
әлеуметтік-демографиялық және басқа да сипаттамалары
бойынша өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен қамтамасыз
етуге кабілетсіз топтарына қолдау көрсетуі тиіс. Қазақстандағы
халықты әлеуметтік қорғаудың көп
деңгейлі жүйесінің ерекшелігі базалық мемлекеттік
әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру,
жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру және
әлеуметтік көмектің бірігуі болып табылады.
Бүгінде
тұрғындардың көпшілігінің бойында
өзінің болашағына деген жауапкершілік сезімі
қалыптасқан. Жинақтаушы зейнетақы қоры енгізілген
уақыт ішінде қазақстандықтар өздерінің
зейнетақы жинақ қорын «бақылап» қана
қоймайды, сонымен бірге, өздерінің жұмыс берушілерінен
міндетті түрде және толық көлемде зейнетақы
жарнасын аударып отыруды талап етеді. Жекеменшік қорлардағы
зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіргеннен кейін де
жинақтаушылар өздерінің міндетті жарналарының
толық сақталып отырғандығына көз жеткізеді.
Республикамыздағы бүкіл
әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін құру
тұрғысынан келгенде, тұрғындардың
жинақтаушы зейнетақы қорына деген
көзқарасының маңызы өте ерекше. Сонымен бірге,
алдағы жылдарға БЖЗҚ-ны дамыту стратегиясын дайындау
барысында «Жинақтаушылармен біріге отырып, қаржылық
еркіндікті қалыптастыру» атты қор міндетін белгіледі. Осыдан келіп,
қордың стратегиялық бағдарлары айқындалады:
БЖЗҚ – еліміздің барлық жұмыс істейтін
тұрғындары қатысатын, адам құқын және
заң басымдылығын сақтайтын, есеп беру, ашықтық
және этикалық тәртіп үрдістерін бұлжытпай
орындайтын әлеуметтік жауапкершілігі бар ұйым.
Бүгінде БЖЗҚ – бұл
зейнетақымен қамтамасыз етудің бір ғана жүйесі.
Алайда, уақыт өте келе жинақтаушы үдерістің
маңызы артады. Сөйтіп, қор қаржы жүйесінің
маңызды бөлігі ғана емес, сонымен бірге, еліміздің
бүкіл экономикасының маңызды саласына айналады.
Қазақстанда 2017 жылы
зейнетақы мөлшері 20 пайызға өседі деп болжанып отыр.
Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
арналған салтанатты жиналыста мәлімдеді. «Осы жылдардың
балығында экономикалық дағдарыстарға қарамастан,
әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөліп келеміз.
Әлеуметтік шығындар ел бюджетінің 46 пайызын құрайды.
Бұл жұмыстарды біз жалғастырамыз. Тәуелсіздіктің
25 жылдық мерекесіне орай, Үкіметке алдағы жылы
зейнетақы мөлшерін 2017 жылы 20 пайызға өсіруді
тапсырамын. Бұл өсім 2 миллион 200 мың
қазақстандықты қамтиды»,-деді Нұрсұлтан
Назарбаев. Сондай-ақ, бала тууға байланысты бір жолғы
мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін де 2017 жылғы 1 шілдеден
бастап 20 пайызға ұлғайтуды тапсырылды.
Қазіргі уақытта
халықты әлеуметтік қорғаудың әділетті
жүйесі қалыптасуда. Бұл ретте министрлік пен әлеуметтік
серіктестердің жұмысы Мемлекет басшысының алға қойған
Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқатын
арттырып, одан әрі гүлденуіне бағытталатын әлеуметтік
жаңғырту бойынша кең ауқымды міндеттерді жүзеге
асыруға бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Н.Қ. Жоламанова.
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы
жүйесінің даму аспектісі мен әлеуметтік жағдайы. www.vestnik.kazntu.kz
2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы:
мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.