Дюсембекова Ляззат Жанатовна 1-курс магистранті
«КАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ»
АҚ
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБЫЛЕТТІЛІГІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Қазіргі кезеңде жахандану үрдісінің дамуы
бәсекелестік күрес тәсілдерінің
қатаңдығымен тығыз байланысты,сондықтанда
мемлекеттердің бәсекеге қабылеттілігін арттыруды
қалыптастырумен байланысты проблемалардың теориялық
негіздерін жан –жақты зерттеу қажеттігі туындайды[1].
Қазақстан Республикасының экономикасының
экспорттық мүмкіндіктерін ескере отырып,бәсекеге қабілеттіліктің
жаңа деңгейіне қол жетізуді қамтамасыз ететін бір
тұтас Концепция қалыптастыру қажеттігін ел басы Назарбаев
Н.А. баса айтып кеткен.
Экономиканың бәсекеге
қабылеттілігі дегеніміз осы қарастырып отырған мемлекетке
«инвестицияны белгілі бір мемлекетке құюға дайын болу»,ал
мемлекеттің бәсекеге қабылеттілігі ол осы қарастырып
отырған мемлекеттегі өмір сүру деңгейінің
жоғары болуы.
Жоғарыда айтылғандай,жалпы рейтингтен
басқа бәсекегеқабылеттілікті факторлар бойынша рейтингтер
анықталады.Бұл төрт негізгі факторлар:
- Экономикалық іс-әрекеттердің факторы-50 орын;
- Үкіметтің тиім жұмыс істеуі – 24 орын;
- Бизнес тиімділігі-31 орын;
- Инфрақұрлым – 46 орын.
Факторлар бойынша бәсекегеқабылеттілік
рейтингтері Қазақстанда жоғарыда көрсетілген төрт
фактор бойынша анықталады.
Субфакторлар кескініндегі талдау
экономиканың әлсіз және әлді жерлерін екжей-текжейлі
дәл талдауға мүмкіндік береді.
Қазақстанның
бәсеғкеге қабілеттіліктің жаһандық
рейтингіндегі ролін анықтаумен қатар мемлекеттердің әр
топтарына қатысты Қазақстанның позицимяларын
анықтау қажет: дамыған елдерге, еуроодақ елдеріне,
Шығыс Азия еледріне және т.б.
Салыстыру үшін біз IMD
рейтингінде және Халықаралық Валюталық
Қордың топтастырушысында келтірілген 28 дамыған елдерді
аламыз. Оларға біз екі мемелкетті Малайзияны және ОАР
қостық, бұнда осы ұлттар дамуының өсу
қарқындарының тез болуын ескердік.
Сонымен, осы тарауда
бәсекеге қабілеттілік индекстерін салыстыру Қазақстан
және төмендегі елдер арасында жүргізілді: Австралия, Австрия,
Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Гонконг, Грекия, Дания, Ирландия,
Израиль, Испания, Италия, Канада, Люксембург, Малайзия, Нидерланды, Жаңа
Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, Словения, АҚШ, Тайвань,
Финляндия, Франция, Швеция, Швейцария, Жапония, Оңтүстік Корея
және ОАР [2].
IMD рейтингінің
мәліметтері бойынша жоғарыда аталған еледрдің ішінде
ең бәсекеге қабілетті еледрдің ондығына
кіретіндер: АҚШ, Сингапур, Гонконг, Швейцария, Люксембург, Дания,
Австралия, Канада, Швеция және Нидерландтар. Қазақстан біз
салыстыру үшін алған дамыған 30 елдердің ішінде 28
иеленеді. Қазақстаннан кейін жалпы рейтингте Грекия, Италия
және ОАР орналасты.
Қазақстанның
бәсекеге қабілеттілік индексінің өзге елдермен
салыстырғандағы индексіне назар аудару қажет. бәсекеге
қабілеттіліктің жалпы индестерін салыстырған кезде рейтингте
көшбасшылық етуші АҚШ (100,000) жарты жолға артта
қалғанын (52,281) көруге болады.

1 сурет. Дамыған елдермен
салыстырғандағы Қазақстан
Салыстыру үшін Қазақстан мен
дамыған еледрдің позицияларын көрсете отырып бәсекелестіктің
әрбір факторы бойынша келесі кестені көрсетеді: экономикалық
қызмет, үкіметтің тиімділігі, бизнес пен
инфрақұрылымның тиімділігі. Төменде келтірілген кесте
олар бойынша қазақстан ұлты өзге елдерден
жоғары/төмен бағаланатын факторларды көруге мүмкіндік
береді [2].
1 кесте. Бәсекеге
қабілеттіліктің жалпы рейтингі және факторлары:
Ққазақстан және дамыған елдер
|
|
Жалпы |
Экономикалық қызмет |
Үкіметтің тиімділігі |
Бизнестің тиімділігі |
Инфрақұрылым |
|
АҚШ |
1 |
1 |
18 |
3 |
1 |
|
Сингапур |
2 |
3 |
1 |
2 |
3 |
|
Гонконг |
3 |
5 |
2 |
1 |
19 |
|
Швейцария |
4 |
9 |
3 |
7 |
2 |
|
Люксембург |
5 |
4 |
14 |
9 |
18 |
|
Дания |
6 |
26 |
4 |
5 |
7 |
|
Австралия |
7 |
15 |
5 |
6 |
16 |
|
Канада |
8 |
11 |
8 |
11 |
8 |
|
Швеция |
9 |
22 |
11 |
8 |
5 |
|
Нидерланды |
10 |
7 |
17 |
12 |
9 |
|
Норвегия |
11 |
10 |
15 |
13 |
10 |
|
Ирландия |
12 |
24 |
7 |
4 |
23 |
|
Тайвань |
13 |
21 |
16 |
10 |
17 |
|
Австрия |
14 |
17 |
20 |
15 |
13 |
|
Финляндия |
15 |
36 |
13 |
17 |
12 |
|
Германия |
16 |
6 |
27 |
28 |
6 |
|
Жаңа Зеландия |
18 |
34 |
6 |
18 |
22 |
|
Малайзия |
19 |
8 |
19 |
14 |
25 |
|
Израиль |
20 |
27 |
21 |
16 |
14 |
|
Ұлыбритания |
21 |
16 |
25 |
19 |
20 |
|
Жапония |
22 |
29 |
40 |
24 |
4 |
|
Бельгия |
24 |
19 |
43 |
23 |
15 |
|
Франция |
25 |
13 |
46 |
36 |
11 |
|
Словения |
30 |
32 |
32 |
26 |
36 |
|
Оңтүстік Корея |
31 |
47 |
38 |
37 |
21 |
|
Испания |
33 |
30 |
35 |
41 |
30 |
|
Португалия |
37 |
44 |
28 |
44 |
28 |
|
Қазақстан |
39 |
50 |
24 |
31 |
46 |
|
Грекия |
43 |
48 |
47 |
43 |
35 |
|
Италия |
47 |
45 |
54 |
47 |
33 |
|
ОАР |
54 |
56 |
29 |
39 |
56 |
Үкімет жұмысының тиімділігі
туралы айтатын болсақ Қазақстан біз қарастырып
отырған дамыған 30 еледрдің ішінде 19 орын иеленеді.
Қазақстаннан кейін есептеулер ббойынша Ұлыбритания мен
германия еріп келеді; үкіметі ең тиімді болып табылатын
көшбасшы мемелкет болып Сингапур табылады [3].
Бизнестің тиімділігіне қатысты осы
салыстыруда Қазақстан 24 орынды иеленеді. Ең тиімді бизнес
ортаға Гонконг, Сингапур және АҚШ сияқты елдер ие. Германия, Франция және
Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерде
үкіметтің тиімділігі мен бизнестің тиімділігі Қазақстанға
қарағанда төмен бағаланады.
Осы тарауда Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік индекстерін салыстыру үшін Еуропалық одаққа қатысушы елдердің бәсекеге қабілеттілік индекстері пайдаланылады. Мальта мен Латвия рейтингке қатыспағандықтан, Менеджментті Дамытудың Халықаралық Институтымен салыстыру үшін Еуропалық одақтың 24 ұлты алынған. Олардың қатарына жататындар Австрия, Бельгия, Болгария, Дания, Германия, Грекия, Ұлыбритания, Венгрия, Испания, Ирландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония
Еуропалық елдердің аталған тізімінде бәсекеге қабілеттіліктің жалпы индексі бойынша Қазақстан Словениядан, Испаниядан, Португалиядан және Венгриядан артта қалып 20 орынды иеленеді.

2 сурет. ЕО елдерімен салыстырғандағы Қазақстан
Аталған тізімде Қазақстанның алдыңғы тараудағы сәйкес рейтингімен салыстырғандағы рейтингі жоғары болып табылады. оған себеп ретінде салыстыру үшін алынған елдер санының аз болуы, сондай-ақ, тізімге Шығыс Еуропа елдерін кіргізу табылады.
Осы кестеде Қазақстанның жақын көршілерінің 5 парамтерлері бойынша мәлімететрі келтірілген [4].
2 кесте. Жалпы
рейтинг және бәсекеге қабілеттілік факторлары:
Қазақстан және Қазақстанның жақын
көршілері болып табылатын елдері
|
Мемлекеттер |
Бәсекеге
қабілеттілік индексі |
Экономикалық қызмет |
Үкіметтің
тиімділігі |
Бизнестің тиімділігі |
Инфрақұрылым |
|
Ресей |
48 |
49 |
31 |
50 |
45 |
|
Қытай |
17 |
2 |
12 |
34 |
31 |
|
Украина |
55 |
51 |
53 |
53 |
47 |
|
Қазақстан |
39 |
50 |
24 |
31 |
46 |
Қазақстанның жақын көршілері болып
экономикалары ірі мемлекеттер және Ресей, Қытай, Украина
сияқты Қазақстанның жақын сауда әріптестері
табылады. бәсекеге қабілеттіліктің жалпы индексіне
сәйкес Қазақстаннан Қытай ғана озып шығады,
ал Ресей мен Украина Қазақстаннан бірнеше позияға артта
қалуда сәйкесінше 48 және 55 орындарды иеленеді.
Жақын көршілерінің
ортасындағы экономикалық қызмет санаты бойынша
Қазақстан 51 орындағы Украинадан 1 позицияға озып кетіп
Ресейден кейінгі 49 орынды иеленеді. Қытай аталған кетседе рейтингтің
жалпы тізіміндегі 2 орынмен көшбасшы ретінде анықталды.
Ұлттық
дәстүрлерді сақтау мәдени шаралар, архитектуралық
құрылыстар мен білім беру бағдарламалары арқылы
жүзеге асуы қажет. Катар, Ботсвана, Малайзия, Таиланд,
Үндістан, Франция және Құрама Әмірлігі
өздерінің ұлттық дәстүрлерін
сақтауға арнайы заңнама қабылдау арқылы кіріскен
(мысалы, бұхаралық ақпарат құралдары арасында
француз музыкасын квота орнататын «Мәдени шеттетулер жайлы» заң).
Бұндай саясаттың мақсаты өздерінің
абыройлық сезімдері мен ұлттық жетістіктерін сақтау
және де стимулдауды күшейту болып табылады [5].
Республика үшін өндірушілердің
жаңа ғылыми және техникалық білімдерді алуына,
оларға құқықтарды рәсімдеуіне, зияткерлік
меншікті шаруашылық айналымға енгізу бойынша күштерін
жандандыру қажет. зитяткрелік меншік объектілерін жасау және
айналымға енгізу мақсататрында мемлекеттің
біріңғай және кезең-кезеңмен жүргізілетін
саясатының негізінде өнертабыстық белсенділік деңгейін
арттыруды ынталандыру маңызды.