Экономические науки/Макроэкономика
Магистрант Жайлавина Г.А.
Э.ғ.к. Абдимомынова А.Ш.
Қызылорда мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Өңір дамуының
әлеуметтік-демографиялық
мәселелері
Қазіргі
уақытта Қазақстанда өзіндік демографиялық
жағдай қалыптасты, яғни, соңғы он жылдар бойы
республиканың бір қалыпты дамуы және өңірдегі
тұрғылықты халықтың табиғи өсуі
демографиялық жүйеде көп салалыққа
бағытталады.
Қызылорда
облысы – еліміздегі экономикалық тұрақты дамудағы
өңір болып табылады.
ҚР
Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша, 2015 жылға
жүргізілген статистикаға сәйкес, Қызылорда облысындағы жалпы
өңірлік өнім өндірісі ағымдық бағада
685,2 миллиард (млрд.) теңгені құрады, 2012 жылы - 641,6 млрд
теңге, 2015 жылы 859,1 млрд. теңге. Өңірдің
республика ЖӨӨ -дегі үлес салмағы 2015 жылы -3,9%, 2014
жылы - 4,0% (2012 жылы - 4,3%). Республика өңірлері арасында облыс
ЖӨӨ көлемі бойынша 2015 жылы 12 орынды, ал жан басына
шаққандағы көлемі бойынша 9 орынды иеленіп отыр.
Кесте
1
Қызылорда облысы бойынша негізгі
демографиялық
көрсеткіштер динамикасы
|
Көрсеткіштің аты |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2015 ж |
|
Жылдың
соңына
халықтың саны
мың адам |
625,1 |
632,2 |
695,1 |
700,6 |
|
Жылдың
соңына туылғандар,
адам |
16491 |
17624 |
18660 |
19620 |
|
Жылдың
соңына өлгендер,
адам |
4839 |
4601 |
4864 |
4853 |
|
Жылдың
соңына
халықтың
табиғи өсуі,адам |
11652 |
13023 |
13796 |
14767 |
|
Жылдың
соңына халық
тың табиғи
өсуінің коэффициенті, 1000
адамға |
17,99 |
20,59 |
20,16 |
20,99 |
|
Ескерту – [1] әдебиет негізінде автордың
құрастыруы |
||||
Қызылорда облысының демографиялық жағдайы халық
санының
қарқынды
өсуімен сипатталады. 2012 жылдан
2015 жылға дейін
тұрақты
халықтың саны орташа
9 мың адамға өсті. 2015 жылдың
1 қаңтарына облыс
халқы 700,6 мың адамды құрады
[1].
Облыстың демографиялық жағдайы
табиғи көбею және
табиғи азаю процесіне
тікелей байланысты.
2015 жылы халықтың табиғи
өсімі 1000 адамға
21,31 құрады, бұл 2012
жылы 17,99 болған.
Өлім көрсеткіші 0,20%
азайып, 1000 адамға
7,00 құрады.
Халық өлімінің негізгі
себебі қан айналымы
жүйесі ауруынан (2014 жылы - 44,3%, 2015 жылы – 41,1%).
Облыста
соңғы үш жылда
көші-қондық
жағдайдың аздап жақсарғаны байқалады. Келуші азаматтар
санының тұрақты өскендігі байқалады, яғни халық
көші-қонының
теріс сальдосы азайған
2012 жылдағы 4490-нан
2015 жылғы 3954-ке
дейін (Кесте 2).
Кесте 2
Қызылорда облысының халқының көшу-қонуы
адам
|
Көрсеткіштің аты |
2011 ж. |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж |
2014/2011 пайызбен |
|
Келген |
7646 |
9140 |
11467 |
11707 |
153,1 |
|
Кеткен |
12136 |
12821 |
14386 |
15661 |
129,0 |
|
Көші-қон сальдосы |
-4490 |
-3681 |
-2919 |
-3954 |
24,1 |
|
Ескерту – [1] әдебиет
негізінде автордың құрастыруы |
|||||
Қызылорда облысының негізінен көшу
қону айналымы басқа облыстармен жүргізілуде, облыс
төңірегіне көшіп келушілер артуда.
Халықтың
ішкі көшіп қонуында аймақтық көшіп қону
көп үлес алып отыр.Қызылорда қаласы мен
Қармақшы ауданын есептемегенде облыстың барлық
аудандары аймақаралық көшіп қонуда теріс сальдо болып
отыр.
Қызылорда
облысындағы демографиялық жағдайды жақсарту ең
алдымен халықтың денсаулығын жақсарту, туу
деңгейін көтеру, мезгілінен ерте қайтыс болу салдарынан
(еңбекке қабілетті жасында) халықтың азаюын
қысқартумен тығыз байланысты.
2015 жылы
Қызылорда облысында экономикалық
тұрғыдан белсенді
халық саны 317,4 мың адамды құрады немесе
жалпы халық санынан 45,3%. 2011 жылмен салыстырғанда ол 6,1
% өсті.
Қызылорда
облысында соңғы кездері әлеуеті төмен тұрғындарға
әлеуметтік тұрғыда көмек көрсету жақсы
жолға қойылып келеді, деп хабарлады облыстық ішкі саясат
басқармасының баспасөз қызметі.
Халықтың әл-ауқатын нығайту мақсатында
жұмыспен қамту жөнінде арнайы бағдарлама
қабылдап, оны жүзеге асыру Елбасының биылғы Жолдауында
тапсырылған болатын. Осыған орай Үкімет «Жұмыспен
қамту-2020» бағдарламасын қабылдады. Қазір оны
жүзеге асыру мақсатында жергілікті жерлерде кең
көлемдегі жұмыстар қолға алынуда.
Халықтың еңбекпен қамтылу
тенденциясындағы маңызды
нәрсе - соңғы жылдардағы жұмыссыздықтың жалпы
санының азаюы.
Жыл сайын
ашық еңбек нарығында жұмыссыздықтың деңгейінің - 2012
жылғы 6,2 пайыздан 2015
жылы 5,5 пайызға дейін төмендеуі байқалды.
Облыстағы
еңбек нарығының негізгі мәселесі – білікті жұмыс
күшіне деген сұраныстық және ұсыныстық
құрылымның теңгерімсіздігі, халықтың
мақсаттағы топтарының жекелеген категорияларын жұмыспен
қамтуды қамтамасыз етудің қиындығы
(әйелдер, мүгедектер, бостандығынан айырылғандар,
орнынан босағандар, зейнеткерлік алдындағы жастағы
тұлға).
Облыста
халықтың хал-ахуалын көтеру бағытында мақсатты
жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 2012 жылдан бастап 2015 жылды
қосқан кезеңдерде табыстары күнкөріс
минимумының деңгейінен төмен халықтың үлесі
17,9 пайызға азайып, 6,7 пайызды құрады.
Жалпы
алғанда, кедейшіліктің салыстырмалы және
абсолюттік деңгейінің көрсеткіштері бойынша Қызылорда
облысы сәтті өңір болып табылады.
Облыстың
әлеуметтік саласындағы жағдайды бағалай отырып, жалпы
мәселе, бұл материалдық-техникалық базаның
әлсіздігінде екенін атап айтқан дұрыс, оны дамытуға,
жетілдіруге және нығайтуға, жаңа обьектілер
салуға бюджеттік қаржыландыру көлемі қысқартылған. Балалар үшін
әлеуметтік-реабилитациялық мекемелер торабы дамытылмаған.
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы шешілмеген мәселеге
айналды.
Жыл сайын облыс
тұрғындарының мәдени және ақпараттық
талаптар және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері
арасындағы алшақтық өсіп келеді. Мәдениет
саласындағы индустрия баяу дамуда.
Ауыл
клубтарының үштен бірі күрделі жөндеуді қажет
етеді. Облыстың коммуналдық шаруашылығындағы
мәселелер шиеленісе түсуде.
Тұрғындар
есебінен тұрғын үй-коммунальдық қызметтерге төлем
ақы төлеу осы саладағы құрылымдық
өзгерістерге жалғасып жатқан жоқ, көрсетілетін
қызмет сапасы төмен, негізгі қорлар маңызды түрде
жаңартылмайды.Салада ресурстарды тұтыну және баға
құрудың механизмдік шығындары жалғасуда,
энергиялық тиімді ресурстарды қорғаушы моделдер өте
жәй еңгізілуде.
Облыстың
еңбек рыногы жағдайындағы
бұл мәселелердің ең бастысы: еңбек
рыногындағы көп сұраныс пен ұсыныстың сай
келмеуі,білікті жұмысшылар және техникалық кадрларға
деген сұраныс, жұмысшы күші сапасының төмен
болуы, облыстың кәсіптік-техникалық мектептеріндегі
материалдық-техникалық базаның әлсіз болуы.
Жұмыссыздық
сақталуда, әсіресе жастар және әйелдер арасындағы
жұмыссыздық деңгейі ерекше жоғары.
Болашақта жұмысшы күші
тапшылығы туындайды деген болжам бар, әсіресе техникалық
мамандар сұранысына байланысты.
Бағдарламаны іске асыруға бағытында Қызылорда
облысында 8 орталық жұмыс жасап отыр. Олар
бағдарламаның үшінші бағыты бойынша азаматтарды экономикалық
әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму
орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу
арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын
арттыру мақсатында жұмыс жүргізуде. Облыстық
жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының мәліметіне
қарағанда, осы мақсатқа 772,4 млн. теңге
бөлінген. Бұл қаржыға 520 адамды жұмыспен
қамту және оларды тұрғын үймен қамтамасыз
ету ісі жүзеге асырылмақ. Осы орайда 280 адамға облыс
аудандарынан 70 үй және Қызылорда қаласынан 240
адамға бір 60 пәтерлік тұрғын үй салу
жоспарланған.
Азаматтарды және олардың отбасыларын болашағы жоқ
жерлерден көшіріп әкелу үшін де 7,4 млн. теңге субсидия
да қаралған. Қоныс аударушыларға берілетін бұл
қаржыны арнайы құрылған комиссия өз
тәртібі бойынша бөліп береді. Жалпы, осы комиссияның
жүйелі жұмыс істеуінің арқасында бүгінде облыстың
Арал, Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандары
бойынша экономикалық даму әлеуеті төмен 20 ауылдық
елді мекен анықталды. Осы елді мекен тұрғындарымен
жүргізілген жұмыстар барысында 39 отбасы қоныс аударуға
ниет білдірген [2].
Жалпы, әлеуеті төмен елді мекендерден көшіп келетін
отбасылары мүшелерін «Жұмыспен қамту-2020»
бағдарламасына сәйкес жұмысқа орналастыру мен
мамандығы болмаған жағдайда кәсіптік оқуға
жолдау және шағын несие беру арқылы өз ісін
ашуға ықпал жасау секілді істер қазірдің өзінде
қолға алынған. Айналып келгенде, мұның
барлығы алыс ауылдардан көшіп келушілердің жаңа
ортаға тез бейімделіп кету мақсатындағы жасалып жатқан
шаралар екені белгілі. Ол өзінің түпкілікті нәтижесін
береді деп күтілуде.
Әдебиеттер:
1.
Современная
демографическая политика: Казахстан и зарубежный опыт
(информационно-аналитическая записка) http://www.ipd.kz/index.php
2.
Социально-экономическое развитие
Кызылординской области. www.stat.kz