Педагогикалық имидж түсінігіне психологиялық сипаттама

П.ғ.к., доцент А.Ш.Танирбергенова

Магистрант Н.Мамбеткереева

«Тұран-Астана» университеті

Астана қаласы

Имидж - қоғамның бір немесе бірнеше тобына адамның қалдыратын әсері. Ол сурет, сызба, үсақ бөлшектеріне дейін өңделген бейне де емес, шын мәнінде - эмоционалды әсер ететін бірнеше бөлшектер деп айтуға болады.

 Э. Гофманның пікірінше имидж – бұл әсерлерді басқара алу өнері. Әрбір адам үшін қоршаған ортада қалай көрінетіні өте маңызды. Біз бір жағынан, қоршаған ортаға ақпарат беруге тырысамыз, екінші жағынан - өзіміздің белгілі бір мақсатымыз бар, яғни имиджды іздейміз. Кәсіби имиджге ие болу өзіндік мақсат емес, бірақ оған ие болу өте жеке әрі кэсіби сипатқа ие жэне терең практикалық мағынасы болады.

Педагогикалық имидждың қалыптасуының практикалық негіздерін қарастырудан бүрын, оның жалпы теориялық мэселелерінің кейбіреулеріне тоқталған жөн болар. У.Липпманның «Общественное мнение», У.Троттердің «Стадные инстинкты», Э. Мартиннің «Поведенье толпы», Г. Лебонның «Психология толпы» атты еңбектерінде элеуметтік стеоротип табиғаты жэне оның бұқара санасына эсері 20-шы жылдары алғашқы рет нақты сипатталады. Әлеуметтік стеоротип түсінігін ғылыми айналымға американдық зерттеуші У. Липпман енгізген болатын. Бұл ұғым әртүрлі ұлттық-этникалық, әлеуметтік-саяси және кәсіби топ мүшелері туралы қоғамда кең таралған жалған, дәлелсіз пікірлерді белгілеу үшін қажет. Липпман қаулыларына сәйкес бұл әлеуметтік стереотип бұқаралық санадан құралатын негізгі ойлау материалы. Ойлау сыртқы стимулдарға қарапайым реакцияны теңестіреді, адам өз тәжірибесімен ассоциацияланған құбылысқа симпатия немесе антипатия сезімін тудырушы болып саналады. Стеоротиптер тым көп қырлы және эртүрлі болса, көпшілікке түсініксіз және қол жеткізерсіз болады. Олар тек кана мамандарға түсінікті детальдардан туындап, көпшілікке түсінікті сурет, бейне, ұсыныс, бір сөз арқылы құбылыс немесе оқиға мәнін жеткізу керек.

Стеоротип, барлық психикалық құрылым ретінде, яғни ішінде өзара әрекет ететін 2 бастаманы - білім және қатынасты қосады.

Әлеуметтік стеоротип қатынас маңыздырақ, яғни адам ерік және ойлау процесі мен бір уақытта байланысқан эмоционалды боялған бағалау құрылымы, осы арқылы қатынас және білім бірлігіне стеоротиптің рационалды элементі ретінде көпір салынады. Адамның әлеуметтік-саяси құбылыстары мен процестерін бағалауда стеоротип маңыздылығы зор, бірақ бұүнда олар оң жэне теріс рөл атқарады. Бір жағынан стеоротип адам мінез-қылығын және өзін қалыптастыруда «үнемді», себебі адам қоршаған ортасын және әлемін танып және түсіну процесін қысқартады да тез, дереу шешім қабылдауға ықпал етеді. Осыдан адам күнделікті өмірде, қоғамда қалыптасқан қалыпқа сәйкестенеді, стеоротип иеленеді. Өмірдегі тұрмыс-тіршілікте бұл өте қолайлы, ал интеллект қажет ететін мәселелерді шешу кезінде тиімсіз, кері әсер етеді. Ал екінші жағынан, әлеуметтік тану процессін қарапайымдаудан, стеоротиптер қарапайым әлеуметтік сана дамуына, яғни қалыптасуына әкеледі, бұдан адам мінез-құлқы қарапайым адекватты емес сипаты бар автоматты эмоционалды реакция жиынынан құралады.

«Имидж» - «бейне», «ореол» дегенді білдіретін ағылшын сөзі. Бұл кейбір адамның эмоционалды боялған бейнесінің бұқара санасында қалыптасқан стериотипті сипаттамасы. Адамның имиджы туралы айтқанда «оның имиджы жағымсыз» немесе «оның бейнесі жақсы мұғалімнің имиджін тудырады»)басқа адамда қалыптасқан оның бейнесі туралы айтады. Бұдан басқа сыртқы бейнесі, түрі ғана емес, сонымен қатар оның ойлауының, әрекетінің, мінез-қылығының бейнесі туралы да айтылады. Басқаша айтсақ, бұл жағдайда бейне сөзі кең мағынада қолданылуы керек, яғни адам туралы білім ретінде. Бұл имидж түсінігі белгілі бір адамды басқа адамдар қалай көреді, нақтырақ айтсақ қалай бағалайды, қатынасы қандай дегенді білдіреді. Имидж - бұл «қай бір нэрсенің бағасын, қай бір нәрсеге қатынасын, қай бір нәрсеге көз қарасын білдіретін пікір,ой».

Имидж -  адамның өзінің  сыртқы  келбеті,  дағдылары ,сөйлеу мәнері,  менталитеті,  әрекеті негізінде қалыптасатын өз   бейнесі туралы көрінісі. 

         Имидж – біреудің ішкі және сыртқы келбеті, бейнесі туралы көрініс.

Имидж- біреуді  жариялау, жарнамалау мақсатында  эмоционалдық- психологиялық әсер ету үшін,  белгілі  құндылықтың негізінде, оған тән  сипаттамаларды білдіретін  мақсат  бағыттылы  қалыптастырылған  бейне.

         Имидж – адамның өзінің  сыртқы түрінде, мінез-құлық мәнерінде, қарым-қатынасында   айналасындағыларға әсер ететін  бейнесі.

         Имидж – бұқаралық қалыптасқан  және  стереотип сипатына ие біреудің   немесе бір нәрсенің эмоционалды бейнесі.  Белгілі  имиджге саяси қайраткер, кәсіп, тауар да ие болуы мүмкін.  Имидждің қалыптасуы стихиялы түрде  жүреді, бірақ көбінесе ол саяси психология,  жарнама   психологиясы, маркетинг  саласындағы мамандардың жұмысының нәтижесі болып табылады.

         Имидж – біреуге жарнама мақсатымен эмоционалдық және  психологиялық әсер етуге арналған қандай да  адамның бейнесі.

         Имидж – адам туралы ұғым, мекеме туралы пікір, белгілі адамдармен,  жасалатын заттар,  индивидуалдық стиль адамды, адамдар тобын,  мекемені сипаттайтын келбет.

         Жеке адам имиджі  дегеніміз – бұл басқа  адамдардың   ол туралы ойынан туған бейнені  айтады.

         Имидж - әсерлену, адам туралы ұғымның пікірі,   оның даралық стилі, сыртқы түрі, сипаттамасы т.б.

         С.И.Ожеговтың түсіндірмелі сөздігінде «Имидж дегеніміз – ой-пікір, тұжырым, бір нәрсе туралы берілген  баға ,көзқарас, қатынас» делінген.

         «Имидж – бұл сезіміңді басқара білу өнері» деп   Э.Гофман да атап көрсетеді.

         Ал Д.Карнегидің айтуынша: «Біз адамдармен контактке түсудің төрт әдісі бар.  Олар:  біз не істейміз, қалай киінеміз, біз не айтамыз  және қалай  айтамыз. Осының негізінде бізді таниды».

Жалпы имидж түсінігі біздің өмірімізге соңғы уақыттарда енді. Имидж туралы айтқанда, әр түрлі мамандық иелерінің, яғни саясаткерлерден бастап, педагог-психологтарға дейін пайдасы зор екені айтылады. «Имидж» түсінігі әртүрлі контексте түрліше болып беріледі. «Имидж өзіне-өзі әсер етудің күшті құралы. Мұны тек пайдалана білу керек». Имидж қалыптастыру ісі индивидті әлемге ерекше етіп таныту даралық ретінде қолпаштау, адамға өзгеге өзін таныстыруға мүмкіндіктер бар. Көрсетілген даралық ерекшеліктердің басқа да ғылымдар саласы сияқты психологияда да алатын орны бар.

Педагог  өзінің имиджін құруда оның бірнеше құрамдас бөлігін игеру керек: сыртқы келбет, қозғалыс белсенділігі, ішкі қасиеттер, сөйлеу ерекшеліктері, ықпал ете білу және т.б. Сонымен, имидждік анықтамаларға қарап негізгіні анықтаймыз: жалпы имидж деген не және бұл термин ғылымда қашан пайда болды?

Айта кету керек, аталған ұғым  80-жылдары эстетикалық сапа ретінде пайда болды. Бұл ұғымның біріншіден маңызы «зат, адам туралы түсінікті » бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама арқылы қалыптастыру (мақсатты түрде) ретінде пайда болады.

Логикалық жағынан қарсылық көрініс тек имидждің басқа да құрамының да көрсетілуі мүмкін: бейне, стереотип, пікір, келбет, суреттеу.

Ғалымдардың үлкен бір бөлігі (Я.А.Перелыгина, В.Б.Бобров, И.А.Васюкова, Н.Т.Бунамович, В.И.Куницына, Б.Н.Бородулин, В.Н.Дружинин) имиджді бейне ретінде дәлелдеуге тырысты. Имидж бұл да бір адамның бейнесін, заттың көрінісін, бейімділігін жарнама арқылы көпшілікке тарау негізінде эмоционалдық және психологиялық ақпарат құралдары, әдебиет және т.б. Имидж сұрақтарын және игеру технологиясымен айналысатын қолданбалы – ғылыми сала – имиджеология деген атаумен аталды.

Имиджеология - әрі теориялық, әрі тәжірибелік, қолданбалы ғылым. Имиджеологиямен айналысатын ғалымдар әлеуметтану, психология, мәдениеттану, этика және т.б. өзге ғылымдармен тығыз байланыста қарастырады.

Имиджеологияның негізгі ғылыми дәлелдеуі, бұл көрікті имидж құру ретінде өмірлік жағдайлардағы адекватты мінез-құлық жетістіктерін қалыптастыру ретін көрсету. Имиджеология әр түрлі адамтану аймақтарында имиджмейкерлердің де қажет екенін практикада дәлелдеген. Кез-келген маманның әлеуметтік өзара әрекетке қатысты болса, онда позитивті имидж керек.

Имиджеологияның бір бөлігі әр түрлі спецификасына байланысты әлемдік құрылымдар мен байланысы бар: педагогикалық, соттық, іскерлік, экономикалық, елтану, спорттық, режиссерлық, актерлық және т.б. Бұлардың ішінде ерекше қызығушылық туғызатын бұл психологтық имиджі. Аталған имиджеология саласы жаңа және еш жерде зерттелмеген. Бұл өзіне көптеген факторларды біріктіреді және кейбір зерттеулерді қажет етеді. Педагогикалық имиджеология бұл әр түрлі білімдердің шектеулі, тұйық жүйесі.

         Педагог имиджі – мұғалім  бейнесінің   тәрбиеленушілер, әріптестер және орта санасында, бұқаралық санада қабылдауының стереотипі.Педагог   имиджінің   қалыптасуында реалды, нақты   сапалар тығыз байланыста болады.

         Имидж ұғымын, сонымен бірге , пікір түсінігіне синоним ретінде қолданады.

         С.И.Ожеговтың анықтауынша: «Пікір – бұл қандай да бір нәрсеге қатынас, көзқарас және баға беру, талдау» деп көрсетіледі.

         Имидж қандай да бір адамда нақты  қалыптасқан болса, пікірде  сондай айқын  болуы мүмкін: имидж адамның  тек сыртқы түріне қарап қалыптаспайды,  сонымен бірге психикасына да тәуелді. Пікір бағалау негізінде, темперамент, мінез қасиеттерінен және алғашқы  әсерден пайда болуы мүмкін.  Сондықтан бұл терминдер «имидж» және «пікір»  мазмұны  жағынан мағыналас. Бұлардың  айырмашылығын  келесіден көруге болады: «имидж»  сөз тіркесінде дұрыс қолдану  типі «адам имиджі» (саясат, адвокат имиджі) деп қолданылады,  ал пікір сөз тіркесінде «адам пікірі» деп  пайдалану керек. Сонда өзінің имиджін қалыптастыру немесе өзі туралы пікір қалыптастыру  болып шығады. Басқаша  айтқанда, имидж – бұл сізден, ал пікір – басқалардан.     Әдемі адамдар еш күдіксіз жеке  жарқындылығымен  жеңіл түрде тиімділікке ие болады. Кинода немесе  теледидардан көрген  сүйкімді  адамдар бейнесі біздің есімізде ұзақ сақталып, әсер қалдыратыны  шындық. Психологтар  жүргізген зерттеулеріндегі  10 жағдайдың кем дегенде 8-і біздің  алғашқы  әсерленуді басқа адамдардың сыртқы түрінен  қалыптасқанына көз жеткізген.  Тартымды  адамдар   сүйкімділікке ешқандай күш салып тырыспай-ақ әдімілікке  ие болып келеді. «Әдемі  болып туылма,  бақытты болып дүниеге кел» деген де  кездейсоқтықтан айтылмаған. Өзіңнің сыртқы  келбетіңе еріп кетудің қажеті жоқ. Мұның  соңы  сыртқы түрге қарап қарсы алып, ақылыңа қарап  шығарып тастауға әкеледі.  Жағымды  сыртқы келбетті  егер де  кім орын-орнымен пайдала білсе, онда ол  табиғи дәулетке ие болады.  Бұл адамның  жеке өміріне әрбір индивид көбіне  адамдарға  ұнауға қабілетті  болып келеді. Жүргізілген  зерттеулер  қорытындысы бойынша  адамдарға ұнау қасиеттерінің  деңгейі  жоғарылаған сайын,  жеке адамның  интеллектуалы, көркемдік және мәлмет сипаттамасы айқын көрінеді.  Соның  ішінде лидерлікке қарым- қатынасқа  бейімділік жағдай  туғызады. Сүйкімді болу-  өзімен жұмыс істеуді талап ететін жұмыс.

          Өткен уақыттарда да және қазіргі кездерде де  дөрекі адамдар сүйкімділік сиқырына ие бола алмаған. Сүйікмділіктің өзі – бұл адамдардың руханилық сенімділігіне кіретін, жеке адамның  визуалды тартымдылығы. Сонымен бірге нашар талғамға ие болушылар  сүйкімділікті  есепке де алмайды.  Имидждің  ауысуы ереже  бойынша спонтанды өтетін, сыртқы  күштердің әсерінен, нервтік олқылық болмаса жүреді.

         Көпшілік адамдарда имидж – сонда да алтыншы сезім екені рас. Былай алып қарасаң бар сияқты,  бір жағынан жоқ сияқты . Мұндай  имидж тұқым қуалайтын сипасынан, жағдайынан, қоршаған  ортасында стихиялы түрде құрылады.  Ол бірте – бірте өзінің иесіне   байқаусыз түрде жұмыс істей бастайды.

Біздің  әрқайсысымыз белгілі бір бейнені жасаймыз. Бұл имидж – адам туралы  қалыптасқан ұғым – түсінік. Олардың  сыртқы  бейнесінен, әдетінен, сөйлеу мәнерінен, ұлттық және  өзіндік санасынан,  ұлттық менталитетінен іс әрекетінен, мінез –құлқынан жасалған оны қоршаған  әлеуметтік  ортаның  ой-пікірінен  құралады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

 

1. Крысин Л.П. Толковый словарь иноязычных слов. - М: Русский язык, 2001 - с.266.

2.        Современный словарь иностранных слов. - М: Русский язык, 2000 - с.229.

3.        Новый словарь русского языка. Под ред. Ефремова Т.Ф. - М: Р.Я., 2000 - с 590.

4.        Психология: Словарь Под общ ред. А.В. Петровского, М.Г. Ярошевского. -М: Политиздат, 1990. - с. 134.

5. Васюкова И.А. Словарь иностранных слов. - М: ACT - Пресс, 1998 -с.240-241.

6.        Толковый словарь русского языка конца XX века. Язоковые изменения. Под ред. Г.Н. Скляревской. - СПб: Изд-во «Фолио - Пресс», 1998. - с. 646.

7. Коджаспирова Г.М., Коджаспирова А.Ю. Педогогический словарь: Для высших и средн. Пед.учебн.заведений . - М: Академия, 2000. - с.46.

8. Почепцов Г.Г. Профессия: имиджмейкер. - СПб.: Алетейя, 2000. - с. 127.

9.        Гриндер    М.,     Лойд    Л.     НЛП    в     педагогике.     -    М.:     Институт общегуманитарных исследований, 2001. - с.320.

10.Бороздина Г.В. Психология делового общения. - М.: ИНФРА - с.93.

11.Бенедиктова В.И. Деловая репутация: личность, культура, этика, имидж делового человека. М.: Правовая культура, 1996. - с.111.