Г.С. Ашимханова, А.С.Кударинова, К.Б.Анарбекова

Карагандинский государственный университет им. академика Е.А.Букетова

«Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуда қолөнер элементтерінің маңыздылығы»

Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелері: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырып, жылдан-жылға көбеюде.

Сондықтан, балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден-бір көкейтесті мәселенің бірі болып табылады.

Психикалық дамуы тежелген оқушылар мәселесін жан - жақты зерттеу 1960 жылдардан басталады: осы жылдары енгізілген міндетті орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуі көптеген балалардың сабақ үлгерімін төмендетті. Тіптен, кейбіреулері бағдарламаны игере алмады, білім сапасы төмендей бастады.

Осы кезеңде шет елдерде де оқу үлгерімінің сапасы, білім деңгейін көтеру бағытында ғылыми зерттеулер қалыптаса бастады. АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған мемелекеттерде сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы аз балаларды ғылыми психологиялық, педагогикалық тәсілдермен зерттеу арқылы оқуға қабілеті төмен, оқытуда қиындықтар кездесетін, педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған, тәртібі бұзылған, бейімделмеген, миында болмашы зақымданулары бар балалар деген топтар айқындала бастады.

Психикалық дамуы тежелген балаларды тек қана психикасы бұзылған деп қарамау керек, сонымен қатар оларды дене мүшелері мен тілдерінде де амымаушылық кездеседі.

Дамуы тежелген балалар психологиясы және педагогикасы арнайы психологияны бағыттарыны бірі, мұнда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы дамуы тежелген балаларды танымдық іс әрекеті мен жеке тұлғасыны динамикасы зерттеледі [1].

Сонымен, психикалық дамуы тежелген деп миды органикалық зақымы салдарынан танымдық іс әрекетіні бұзылуы байқалатын балаларды атайды.

Психикалық дамуды тежелу мәселесі - дүниежүзілік психологтар мен педагогтарды бірден-бір көкейтесті мәселелерді бірі болып табылады.

Қолөнер–ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған [2].

Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас  киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр.

Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Бірақ ерекшелігі–кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес долмалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет. Бұл аталғандардың барлығы қазіргі таңда психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуда көп әсерін береді. Сондықтанда оқушылардың қызығушылығын ояту қажет [3].

Сонымен бұйымды дайындау үшін әр түрлі деңгейдегі қиындылармен құрастыру қажет: үлгі, сурет, қарапайым сызба бойынша, баланың өзіндік ойы мен оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып. Бала қандай да бір бұйымды жасаған кезде әрекеттің орындалу кезекті ретін қоюды, құралдармен құмыс істеу реттілігін орнатуды үйренеді. Аздап орындалмай қалған әрекет немесе сол сәтте қажет емес құралды таңдау-осының барлығы жұмыстың сапасында көрінеді. Бала көрнекті айқын талап жүйесінде бойынша әрекет етеді, әрекет нұсқаларын салыстыады және таңдайды, тапсырманы ұтымды шешу жолын іріктейді, алынған нәтижені алдынғы жоспарланғанмен салыстырады және салыстырады. Бұл оқушыларда жоспарлау қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді. Жоспарлау қате әрекеттердің алдын алады, операцияның нақты реттілігін ұсынуға ықпал етеді, бұл оқушының бұйымының сапасынан көрінеді және еңбек қуанышын сезінуге мүмкіндік береді.

 

Литературы:

1.     Выготский Л.С. Проблемы возрастной периодизации детского развития //Вопросы психологии. — 1999.- с.114-123.

2.     Ермағамбет Ә. Психологиялық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Алматы, — 2008.

3.     Көшембаев Р.Қ. Психотехникалық жаттығулар және коррекциялық бағдарламалар. Алматы, – 2002.