А.С.Кударинова, Г.С.Ашимханова, А.Б.Сейтжан
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
Мемлекеттік Университеті
«Қазіргі кездегі біріктіріп оқыту және
инклюзивті білім беру түсінігі»
Бүгінгі күні білім алуда ерекше қажеттіліктері бар және
еңбек қабілеті шектелген адамның қоғамға
интерациясы (бейімделуі, қатысуы, сіңіп кетуі, біріктіріп оқытылуы),
оның дамуындағы ауытқулар мен мүмкіндіктерінің
шектелуін толықтыратын жағдайларда, әлеуметтік өмірдің
барлық түрлері мен формаларына (білім алуды да кіргізеді) қоғамның
басқа мүшелерімен бірге және бірдей қатысуына құқық
пен шынайы мүмкіндікті ұсыну үдерісі мен нәтижесін
білдіреді.
Біріктіріп оқыту (интеграция) мүмкіндігі шектеулі баланы
проблема ретінде қарастырады және оны құрдастар ұжымына
орналастырып шешеді. Біріктіріп оқыту мұғалімнің, тәрбиешінің
мейірімділік еркіндігіне зейінді аударады және осыны «мейірімділік»
белгісі ретінде қабылдайды. Бұл қалыпты топ, сынып жағдайында
жеке балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жасалынатын әрекет-күштерді
көрсетеді.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының
назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары
мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне
толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзивті
оқыту–ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы
білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады
[1].
Қазіргі уақытта дауында ақаулары бар балалар саны артып
отыр. Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау
технологиялары жетілдіруде. Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім
беру саясатының бір түрі болып табылады. Ол- балалардың
арасын бөлетін тосқауылдарды жоюға, барлық балаларды
жалпы білім беру үдерісіне толық қосуға, жасына,жынысына,
ұлтына және дініне, дамуда кейін қалуына немесе экономикалық
жағдайына қарамастан отбасының белсенді қатысуымен, түзету-педагогикалық
және баланың жеке қажеттіліктеріне және баланы
бейімдеуге емес, ортаны баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне
сәйкес атаулы әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған
мемлекет саясаты.
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу
орындарында, мектепке қоғам өміріне белсене қатысуға
мүмкіндік береді. Ол балалардың тең құқығын
анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік
береді.
Мұндай балаларды оқытуда білім беру ортасын балаға
бейімдеуге көңіл бөлінеді. Яғни, ерекше бала оқитын
балабақшада, мектепте баланы денсаулығы дұрыс құрбы-құрдастарынан
бөліп-жармай, қолайлы жағдай жасайды [2].
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі
8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне
қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде
жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының
қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің
мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге
асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің
даму аясын кеңейтеді.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті
оқыту-оқушылардың тең құқығын
анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға,
адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті
дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы
барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері
бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін
дамытуға болады.Мұндай оқыту түрі арнаулы білім
беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және
даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады.
Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда
жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы
оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей
аламыз [3].
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Заркенова Л.С.,Омарова Н.Н.,Ильясова Б.И.
«Арнайы педагогика»-оқу құралы –Алматы: «Эверо», 2014.-180б.
2. Кальпебаева Г.К. «Инклюзивті білім беру жүйесін
енгізу барысында ПМПК-ның жұмысы»; «Дефектология» журналы, 2013.№4
3. Руководящие
принципы политики в области инклюзивного образования. Париж, ЮНЕСКО, 2009г.