ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДЕҢГЕЙЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ
Абдуллаева Айнур Мешитбаевна аға
оқытушы, магистр
«Ақмешіт»
гуманитарлық-техникалық институты
Шамбекова
Айнур Чапаевна физика пәнінің
мұғалімі
С.Әлжіков атындағы
№144 орта мектебі
Оқушылардың
ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың деңгейлік
көрсеткіштеріне баға беру үшін, танымдық
белсенділіктің даму денгейлері мен оны бағалау тәсілдеріне
шолу жасауды қажет етеді.
Зерттеушілер бұл туралы
түрліше пікірлер айтады.
Мысалы, П.И.Пидкасистый /6/
танымдық белсенділіктің даму деңгейлерін былай сипаттайды.
- репродуктивті деңгей
(төменгі) – оқушылар танымдық тапсырманы тек қана
үлгі бойынша орындайды;
- қайта
жаңғыртушы деңгей – оқушылар белгілі үлгілер,
нұсқаулар бойынша әрекет етеді;
- ішінара іздену – жаңа
тапсырмаларды өздігінен орындайды, бірақ кейбір тұстарын
оқытушының көмегімен орындайды;
- шығармашылық
(жоғары) – оқушылар мәселенә өзі талқылыап,
өзі шешеді.
Н.А.Половникова /5/
оқушылардың танымдық белсенділігінің мынадай
деңгейлерін көрсетті:
- танымдық
әрекеттің формасы, үлгілерінің көшірмесін жасай
білуі;
- танымдық
әрекеттің негізгі тәсілдерін игеру, оларды таңдау
және алғашқы шығармашылық тұрғыда
қолдану;
- танымдық
іс-әрекеттің барлық тәсілдерін оларды
шығармашылық деңгейде қолдану.
П.И.Шамова /7/
оқушылардың танымдық қызметінің ерекшеліктеріне
талдау жасай келе, белсенділіктің келесі деңгейлерін бөліп
көрсетті:
- қайта жанданатын
белсенділік: ол оқушылардың іс-қимыл әдісіне ие
болуға ұмтылысымен сипатталады;
- түсіндіруші белсенділік:
оқушылардың игерілген материалдардың мағнасын
түсіндіруі, құбылыстың мәнін,
құбылыстар мен процестердің арасындағы байланыстарды
түсінуге, білімді өзгерген жағдайға байланысты
қолдана білу әдістерін игеруге ұмтылысы;
- шығармашылық
белсенділік: құбылыстың мәні мен олардың
өзара байланысын терең түсінуге қызығушылық
пен ұмтылыс қана емес, сондай-ақ бұл
мақсатқа жету үшін жаңа әдісті табу.
Расында да, егер біз
саналылық пен белсенділік ұстанымдарының арақатысын
алатын болса, онда мақсатты белсенділік әрине, санасыз түрде
жүзеге аспайды, бірақ белсенділіксіз саналылық та бос
нәрсе болып табылады.
Зерттеушілер Н.А.Половникова /5/,
Т.И.Шамова /7/, Г.Н.Кулагина /1/, Ф.В.Берукштене /2/ және т.б.
танымдық әрекеттің мотивтік, мазмұндық –
амалдық және еріктік компоненттерінің біршама даму
корреляциясын атап көрсетеді. Біз оқушылардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастырудағы танымдық
белсенділігінің, ізденімпаздығының даму деңгейлерін,
олардың озық білімдері мен оны пайдалану білігі, түсінуі,
сипаттай білуі, құбылысты қайта жасай алуы арқылы
анықтауды ұсынамыз. Бұл ұсынысқа
жоғарыдағы зерделенген пікірлер негіз болды.
Е.Б.Ястребованың
«танымдық белсенділік пен ізденімпаздық мотивтік,
мазмұндық-амалдық, еріктік компоненттерінің бірлігі
нәтижесінде дамиды» /3/, деген пайымдауы бұл үш
компоненттің оқу процесінің барлық кезеңдерінде
қамтылып, диалектикалық тұрғыда, бір-бірімен өте
тығыз байланыста болатындығын айта аламыз.
Танымдық қажетсіну
белсенділіктің және ізденімпаздықтың қайнар
көзі болып табылады, ал танымдық қажетсінудің мынадай
сипаттамалары бар:
Танымдық қажетсіну –
ең алдымен жаңа ақпараттың өзі барынша алуан
түрлі нысандарда: Жаңа ынталандыруда, зат туралы жаңа
білімде, дүние туралы түсініктің жаңа жүйесінде
көрінуі мүмкін.
Танымдық қажеттілікке
деген «қанықпаушылық».
Танымдық қажеттілікке
нақты жағдайға бейімделу мүмкіндіктеріне тәуелсіз
және ең алдымен таным процесінің өзіне
бағытталған.
Сезімталдықпен тығыз
байланысты. /4/
Психологиялық зерттеулерде Танымдық
қажетсінудің даму деңгейлері анықталған.
Оқушылардың Танымдық қажетсіну деңгейлері,
түрлі пәндерді оқыту барысында оны дамыту, қабілеттерді
өз бетінше тәрбиелеу үшін оңтайлы жағдайларды
анықтау мәселелеріне келетін болсақ, оларды талдау мен шешу күн
тәртібінен түспей тұрған мәселеге айналып
тұрғанын көреміз. Оқушылардың біртұтас
оқу әрекетіндегі өз бетімен әрекет жасауының орны
мен ролін анықтайтын оқушының оқу қызметі
үлгілерінің ішінде, білім беру тұжырымдамасында
айқындалған мына үлгіні айтуға болады.
Ынта (мотив)- оқушы
қызметі-теориялық білімдер жүйесі.
Мұндай оқыту
жаңа технологиямен жүзеге асқанда ынта танымға деген
қажеттілікке, қызмет өз бетімен жүретін қызметке,
басқару өзін-өзі басқаруға айналып, оқыту
өз бетімен оқуға бағытталады. Демек, оқушы
қажеттілігін өзі қанағаттандыра алатын дәрежеге жетеді,
яғни оқытудың басты мақсаты да сол.
Оқушының оқу
әрекеті – білім алу мақсатына жетуге арналған әрекеті.
Оқу әрекеті төмендегідей элементтерден құралады:
қажеттілік мотив – мақсат-мәселе-әрекет. әр
мотивтің астарында белгілі қажеттілік тұрады. Қажеттілік
–мотивациялық ортаның құрылымы біртіндеп
күрделене бастайды, оқушылардың саналылық және
өзіндік деңгейі өседі.
Мысалы, сабақ үстінде
оқушыға есепті шығарудың қажеттігін
түсіндіргеннен кейін, сол есепті шығару үшін керекті
формулаларды тауып, есептер шығаруға кірісті. Бірақ осы кезде
қоңырау соғылды делік. Үзілісте балалар
қызықты ойын ұйымдастырып жатыр. Бала ойынша осы екі
істің қайсысына баруды шешу үшін күрес жүреді.
Қайсысының бала үшін мәні күштірек болса, ол соны
қалайды. Сондықтан оқу мен оқытудың мәні
білім меңгертуде оқушылардың іс-әрекеті мен жалпы
қасиетінің ішкі тетігі, қозғаушы – мотиві болатындай
әрекеттің ұйымдастыруында болып табылады.
Ғылыми
әдебиеттердің мәліметтеріне сүйенсек, сондай-ақ
өзіміздің тәжірибелерімізде де дәлелденгендей,
оқушылар жеке басының дамуына белсенді болуы үшін, сол
қажеттілікті сезінуі керек, оның мазмұны туралы білуі керек.
Бұл жерде педагогикалық – психологиялық пәндердің
ерекше мәні зор. Ол барлық оқу-танымдық процесте
жүзеге асуы қажет. Мұнда, оқу және ғылыми
дүниетанымы процесі туралы психологиялық, жалпы дидактикалық
білім негізі процестен бөлініп қалады. Сондықтан, оқу
процесінде мынадай өзгерістер қажет:
- оқушының
ақпаратты – бақылаушы, бағалау, реттеуші қызметін
қайта қарау;
- оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған
жұмыс көлемін арттыру; оқушы – тұлғаны
«тыңдаушыдан», - «талдаушы», «зерттеушіге» айналдыру;
- оқу -
бағдарламалық материалды ұйымдастыруда
құрылымдық әдісті табу;
- оқу пәндерінде
танымдық дағдылар мен білімді енгізу жолдарын табу.
Көптеген
зерттеушілердің пікірінше, оқушылардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастыруға басты шарты ретінде
танымдық белсенділікті арттыру болып табылады. Алайда, мектептерде жеке
тұлғаның осы қасиеттерін дамытуға арнайы
бағытталған оқушылардың өзіндік жұмысының
жұйесі әлі қалыптаспай келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Кулагина Г.Н.
формирование у студентов познавательной самостоятельности и активности:
Автореф.дис.канд.наук.М., 16 б.
2. Берукштене Ф.В.
Влияние социально-педагогических факторов на развитие познавательной
самостоятельности как черты личности старшеклассника и студента. Дис.к.п.н.
Вильнюс, 232б.
3. Ястребова Е.Б.
развитие познавательной самостоятельности студентов младших курсов.
Дис.канд.пед.наук.-М.,255с.
4. Матюшкин А.М. развитие
творческой активности школьников.-м.: Педагогика.-155б.
5. Половникова Н.А.
Система воспитания познавателных сил школьников /Уч.пособие/ Казань, 101б.
6. Пидкасистый П.И.
Самостоятельная деятельность учащихся //Дидактический анализ процесса и
структуры воспрозведения и творчества.-М.: Педагогика.
8. Шамова Т.И.
формирование познавательной самостоятельности школьников в процессе усвоения
ведущих знаний и способов деятельности
//Сб.науч.статей/Пор.ред.Т.И.Шамовой.-М.,-69б.