Алимкулова Т.С.,
Сарыбекова Ж.Т.
магистрант.,
п.ғ.д., профессор
М.Х. Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Студенттердің
өзіндік оқу қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері
Елбaсымыз Нұрсұлтaн Әбішұлы Нaзaрбaев 31 қаңтар
2017 жылы «Қазақстанның
үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» aтты Қaзaқстaн хaлқынa Жолдaуындa: "Білім беру
реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдардың бірі",-деп ерекше бөліп
көрсетті. Осыған орай дүниежүзілік жаһандану
жағдайларына байланысты, біздің Республикамыздың жалпы білім
беру орындарының алдында студенттерді бәсекеге қабілеттендіру
мақсатында оларды өздігінен ізденуде, шығармашыл
тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Қазіргі кезде жоғары
оқу орнының оқытушылары да бәсекеге қабілетті
болуы қажет, сондықтан оған өзінің білімін
үзіліссіз нығайтуы талап етеді. Сондықтан оқытушыны
студенттердің қандай қасиеттерін, сапаларын дамыту керек,
қалайша өзін-өзі дамыта білуіне көмектесуге болады деген
сұрақтар туындайды. Студенттердің ең алдымен,
өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өз
білімін жетілдіру, өзін-өзі бақылау мен бағалау
құзыреттілігін қалыптастыру тұлғаның
нәтижеге жетуінің көрсеткіші [1].
Студенттердің
өз бетінше іздену қасиеттерін қалыптастыру-күрделі
және әрқилы процесс. Студенттерді даярлауда
ұйымдастырылатын формалар олардың алдында пайда болатын
мәселелерді шеше алмайтынын тәжірибе көрсетіп отыр.
Психология және педагогика ғылымдарында жеке адамды тиімді
қалыптастыру және жеке адамның күш-қуаты мен
мүмкіндіктерін, яғни білім алу әулетін пайдаланудың
қажеттілігі орасан. Білім алу процесінде студенттің өзіндік
жұмысы маңызды орын алады. Өзіндік жұмысты
ұйымдастырудың ерекшеліктеріне психологиялық және
педагогикалық тұрғыда талдау жасау қажеттігі туындады.
Студент
психологиясы, өзінің өмірлік функциясын, яғни
субъектінің іс-әрекетін бағдарлауды, іс жүзіне асыру
үшін оның құрамына міндетті түрде,
қалыптастырылатын нәтижелер көрініс табатын іс-әрекет
бейнелері кіруі тиіс. Бұл бейнелер арқылы студенттердің
іс-әрекет өрісі болып табылатын пәндік нысандар
анықталады. Алайда, бейнелердің бар болуымен ғана шектелген
психикалық өмір, нәтижелер қалыптасуы үшін
пайдасыз болар еді. Өйткені, нақты нысандар-тектен тек өз
бетінше, ешнәрседен тәуелсіз өмір сүретін объектілер
емес. Студент материалданған іс-әрекеттер арқылы оларды
өзгертеді, түрлендіреді. Яғни сыртқы ортаның
психикалық бейнесі ретіндегі нысандармен де мысалы, бұрынғы
іс-әрекеттері жаңа ахуалдарда пайдалану жолдарын ойластыру
түріндегі ақыл-ой іс-әрекетін жасауға болады,-деген
тұжырым жасаған. Бұдан шығатын қорытынды
ақыл-ой іс-әрекеттері студенттің өзіндік
жұмыстарын ұйымдастыру кезінде ескерілуі тиіс. Өйткені, осы
іс-әрекет құрамына кіретін бейнелер, оларсыз өз
функциясын атқара алмайды. Екінші жағынан алғанда бұл
бейнелер тек іс-әрекеттер арқылы жасалынады. Өзіндік
жұмыс барысында оқу нәтижелерінің қалыптасып даму
ерекшелігі осында,-деп санаймыз.
Тәжірибе
жүргізу барысында студенттердің өзіндік жұмыстарын
жүзеге асыру бойынша төмендегідей мәселелерді
байқауға болады: тапсырма көлемінің көптігі,
әр түрлі жұмысқа іс жүзінде уақыттың
жұмсалуының нашар есебі, бақылау жұмысының
біркелкі бөлінбеуі, студенттердің өзіндік жұмысы
жөнінде әдістемелік құралдардың
жоқтығы. Студенттердің өзіндік жұмыстарын
ұйымдастырғанда өзіндік жұмыстың сапалы орындалуы
мен қажеттілігі бақылауды қамтамасыз етуде маңызды
мәселе болып табылады.
Студенттер
іс-әрекетінің алғышарттарының бірі олардың
өзіндік жұмысты орындай білу біліктілігі болып табылады.
Өйткені, өзіндік жұмыс студенттен белсенді ой қызметін,
танымдық іздемпаздықты талап етеді. Өзіндік жұмысты
студенттің оқу нәтижелеріне жету құралы деп
есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі студенттің
білімділігін, біліктілігін бекіте отырып, оның белсенділігін, дербестігін
дамытады. Жоғары оқу орны тәжірибесінде өздігінен
орындалатын жұмыс жеке пәндер аясындағы білім мен білікті
дамытуға ғана бағытталып келгені мәлім.
Студенттің жалпы белсенділігін, дербестігін біліктілікті дамыту
арқылы қалыптастыру тиімді екеніне мән берілмегеніне
және тиісті деңгейге қойылмағанына зерттеу барысында
көз жеткізілді. студенттердің
өзіндік жұмыстарының басқа жұмыстардан
ерекшелігі-студент өз алдына мақсат қояды, оған жету
үшін жұмыс түрін, тапсырманы таңдайды.
Студенттердің өзіндік
жұмыстарының кейбір жақтарын қарастырмастан бұрын
біз оның анықтамасына тоқталайық. Педагогикалық
әдістерде "өзіндік қызмет" термині екі жақты:
кең мағынада және тар мағынада түсініледі.
Өзіндік қызметті шектеу оқыту аспектісіне қатысты
қарастырылуымен байланыстырылады. Оны әлдеқайда кең
мағынада түсіну өзіндік оқу қызметінің
соңғы жемісі және оған қол жеткізудің
жолдарымен байланысты. Бұл жағдайда өзіндік
қызметтің негізгі құраушылары: мақсат,
құрал, қызметтің нәтижелері болып табылады [2,13 б.].
Студенттердің өзіндік жұмысы жеке бастың
шығармашылық қабілеті арқылы тиімді іске асады.
Бұл мамандықты меңгерудің дәрежесін жобалайды,
сонымен бірге жоғары оқу орнында өзіндік жұмыстарды
орындауға, дербестігін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Студенттің өзіндік жұмысы деп-оқушының берген
тапсырмасы негізінде және оның жалпы бақылауы
нәтижесінде арнаулы бөлінген уақытта жасалатын оқу
жоспарын айтады,-деген анықтама ұсынылды. Студенттердің
өзіндік жұмысы-дидактикалық міндеттерді өздігінен
орындауға, танымдық іс-әрекетке деген
қызығушылықты қалыптастыруға,
ғылымның белгілі бір саласында білімді толықтыруға
бағытталған студенттердің оқу іс-әрекетінің
ерекше түрі. Студенттердің іс-әрекетінің алуан
түрлері (сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын
және өткізілетін, тәрбиелік және білім беру
сипатындағы), студенттердің өзіндік іс-әрекетін
қарастыруларының негізіне қойылған. Оқудан тыс
жұмыстың негізгі үш айырмашылығы тұжырымдалады:
білім алушының оған өз еркімен қатысуы, сабақтан
тыс өткізу, өзіндік жұмыстың басымдылығы.
Оған қойылған талаптар сабақтағы және
сабақтан тыс жұмыстардың байланысын, өз еркімен
алынған аудиториядан тыс тапсырмаларды орындауға міндеттілікті,
аудиториядан тыс сабақтардың мақсаттылығы мен
үнемділігін, білім алушыларды толықтай қамтиды. Студенттердің
жалпы іс-әрекет ретінде қарастырылатын өзіндік жұмысы
көп қырлы, көп функционалды құбылыс болып
табылады. Ол тек оқу ғана емес, сондай-ақ
тұлғалық және қоғамдық мәнге
ие. Жалпы пікірлер бойынша, күрделі және көп мәнді бола
отырып, өзіндік жұмыс терминологиялық тұрғыдан
әлі анықталмаған, бірақ оның мазмұны барлық зерттеушілер
және оқыту практиктері тарапынан біржақты түрде студенттің
мақсатты, белсенді және салыстырмалы еркін іс-әрекеті
мағынасында түсіндіріледі [3, 8б.]. Іс-әрекеттік
анықтауда өзіндік жұмыс-бұл студенттің
өзінің ішкі танымдық түрткілерінің күшіне
сай, оның көзқарасы бойынша, неғұрлым
ыңғайлы, ұтымды уақытта ұйымдастырылатын, процесс
кезінде өзі қадағалап отыратын және оны іс-әрекет
нәтижесі бойынша оқытушы тарапынан жарнама жүйелік
басқару негізінде қадағаланатын жұмыс (үйретуші
бағдарлама, дисплейлік техника). Бүгінгі таңда студент
меңгерген білім мен дағдыларды біліктілікпен немесе
құзыреттілікпен байланыстыра қарастыру негізінде
студенттің қоғамдағы мәселелерді,
өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу
біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда
студенттің өздігінен орындалатын жұмысының жаңа
талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды болып
табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған
"Қазақстанның үшінші жаңғыруы"
(31 қаңтар, 2017 жыл) атты жолдауы. www.akorda.kz сайты
2. Крылов А.А. Практикум по общей экспериментальной и
прикладной психологии.-СПб.: Питер, 2004.-13 б.
3. Омарова Р.С. Студенттердің танымдық
іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін
қалыптастыру.-Ақтөбе,-2006.-8б.