Магистр-аға оқытушы Смаилова М.С., 106-16топ студенті Бейсекұл А.

                                      Шымкент қаласы, Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

 

ДОМРА-ПРИМА АСПАБЫН МЕҢГЕРУДЕГІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕЙБІР ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

 

Музыка адамға әрқашан ой салып, ой өрісін кеңітіп, оқуын, қызметін еңбекте өз орнын табуға көмектеседі. Әр уақытта музыкаға шын берілген адамның өзі өте идеялы, мінезге бай, саналы азамат болуы ықтимал. Осы ретте жасөспірімдердің музыкалық шығармалар жөнiндегi өскелең талап-тiлегiн барынша қанағаттандыру, олардың өнер сұлулығын терең сезiнген биiк талғамын тәрбиелеп отыру мәселелерi арнайлы сөз етудi қажет етедi. Олай дейтiнiмiз, жаңа заманның жасампаз адамдарының iзгiлiкке толы жан дүниесi, биiк парасаты, жан-жақты жоғары мәдениеттiлiгi, музыкалық мәдениетiмiздiң өнерпаздық қуатымен тәрбиелiк ықпалына да тығыз байланысты. Ізденген адам ғана өнерге бейім болады. [1]  

         Әр оқушыға жеке қарау: Жеке тәрбиелеу дегеніміз, бұл оқушының мінезіне қарай отырып, қабілеті мен дарындылығының өсуіне  ықпал жасап, оған уақытылы көмек беру. Әр уақта  жазылатын  мінездемені  ұқыпты  жазу,  оның  ішінде  кемістіктермен жетістіктерін атап жазу.Оның өсу жолдарын қадағалап отырып, оқытушы өзінің тәжірибесін көрсету керек. Жаңа шығарма алғанда да оқытушының өте ұқыптылығын талап етіледі. Оқытушы әр шығарманың егжей тегжейіне қарап оқушының орындаушылық шеберлігін өсіретіндігіне және оң қолға ма сол қолға ма немесе ырғақтық әдіске қарау керек. Репертурдың мазмұны неғұрлым сапалы болса оқушы үшін соғұрлым қызықты болады. Оқушы бұрынғы ойнап кеткен шығармаларын жиі қайталап отыру-  шеберлігін өсіреді. Ол оқушы өзін өзі тыңдап, ой өрісінің өскенін түсініп, сезіп барғансайын шеберлігі өсе береді. Әр оқушы әр түрлі өседі. Сондықтанда оқушының сабақ барысында ұқыпты және зерек болуы өте маңызды, оның өзі ойлап тапқан әрекетін мақтап та қойған жөн. Балаларға жоспар жасағанда мінезіне, қабілетіне қарап жасайды. Момындау оқушыға жылдам, шығармалар беру керек, ал ұшқалақ, шыдамсыз оқушыға – сабырлы, салмақты, әндете орындалатын шығармалар берген жөн. Бұл әдіс арқылы біз баланың мінезін қоса тәрбиелей отырамыз. Ал жыл аяғында жеткен жетістігін көрсете отырып, орындалмай қалған  шығармалары болса  атап көрсету керек. Жылдың соңында өткен күйлерін, шығармаларын есінен шығармай орындап беретін болса өте жақсы. [2]                     

          Оқушының үйге берілетін  тапсырмасын ұйымдастыру: Ұйымдастыру дегеніміз - сабақты жүйелі өткізу, үйге берілген тапсырманы қайталау, сабақты жоспарлы өту. Оқушының үйде нәтижелі дайындалуы сабақтан алған әсерімен тығыз байланысты:

        – оқушыны өз бетімен үйде дайындалуды үйрету керек.

        – күнделікке тапсырма жазылуы тиіс.

        – шығарманы түсініп, санап отырып ойнау керек.

        – қай шығарманы қай уақытта шығару керек екендігін атап көрсету керек. Мысалы: Үйге берілген пьесаларды, жаттығуларды әуелі әрқайсысының ерекшелігін ескеріп, ойнап көрсеткен дұрыс. [3]  

Жиі кездесетін сұрақ: Этюд, гамма , жаттығулар не үшін беріледі ?

1.Дыбыс шығару жолдарын реттейді.

2. Саусақтарды өз орнымен басуға көмек береді.

3.Есту қабілеттері өседі.

4. Ішкі сезіну қабілетін өсіреді. [3]  

         Этюд, гамма, жаттығуларды орындағанда көрсетілген нұсқаулар бойынша орындау керек. Олар техниканы өсіруге берілетінін  ескеріп, алдағы берілетін шығармалардағы техникалық қиындықтардан мүдірмей өту үшін берілетінін анықтап түсіндіру қажет. Оқушы келешекте қандай маман болса да, оларды профессионалдық жетістігі үшін оқытушының міндеті зор. Алғашқы уақытта әр оқушының ерекшелігіне байланысты етіп отырып оның техникалық көркемдік жағынан өсуін ойлап жоспар жасалады, ал жоспар жасағанда шығармаларды байқап таңдау керек.

Оқушының музыкалық есту қабілетін өсіру: Есту қабілеті – дегеніміз өзі домра-прима аспабында орындаушылық өнерін өсіруде атқаратын ролі өте зор. Әр уақытта өзін-өзі тыңдап, орындау алғашқыда өте қиын көрінеді. Сондықтан алғашқы жылдары орындаушының өсуін қадағалап, түсіндіріп, оның дыбыстарды таза алуына көңіл бөліп отырған жөн. Кейде оқытушының өзі дауыстап айтып, немесе тартып көрсетеді. Егерде оқушы дыбысты өте қатты құрғақ, түсініксіз, мағынасыз тарсылдатып шығарса, мұндай жағдайда өзін-өзі тыңдамай отырғанын білдіреді. Мұндай жағдайлар кейде оқушының шығармасы өте ірілеу болуына, немесе оқушы шығарманы әлі жете түсінбеуіне, немесе  оқушының өзі тікелей көзқарасының жоқтығына, бұл шығарма оның мінезіне сәйкес келмегеніне байланысты кездеседі. Түсінбеушіліктің арқасында бұл шығармаға уақыт бекер кетіп, қазіргі уақытта әлі сүлдесі ғана  дайын екендігі білінеді. Музыкалық естуді дамыту әр уақытта оқушының қабілеттілігімен бірге жүреді. Шығармаға қағыстар мен аппликатура қойғанда аспаптың өзіндік ыңғайын, ежелден қалыптасқан орындаушылық жүйесін бұзбаған дұрыс. Сонда ғана аспаптың үні анық естіліп, орындау мәнері арнайы жүйемен дамып, орындаушылық шеберлігі, техникасы қалыптаса бастайды. Жақсы, таза дыбыс шығару медиатордың сапасына да байланысты. Медиатор пластмассадан жасалынады және жұмсақтау болуы тиіс. [3]  

         Көптеген классикалық шығармалар домрада ойналуы үшін лайықталып түсірілуі керек. Мұнда тональдік, штрихтық, орындаушылық өзгертулер, өңдеулер болатыны сөзсіз, алайда шығарманың түп-нұсқасындағы өзіндік көркемдік мәні мен саздық ерекшелігі сақталуы тиіс. Шығарма орындау барысында регистрлік, октавалық ауыстырулар болуы мүмкін. Кейде орындаушы техникалық дыбыс алу мүмкіндігіне көп көңіл бөліп, шығарманың көркемдік мәніне көңіл бөлуді ұмытып кетіп жатады. Мұндайда тек әуенсіз жалаң шеберлік пайда болады. Сондықтан, екі жақты да бірдей ұштастырып дайындалған жөн. Орындаушының өзін-өзі естіп, тыңдап ойнауы әсерсіз дыбыстар шығармауына көп ықпалын тигізеді. Шығарма талдағанда міндетті түрде жәй екпінде ойнау тиіс, сонда ғана көп қателік жіберілмейді.  [4]  

Дыбасты таза шығара білу – интонирование. Жақсы еститін нағыз орындаушы дыбыстың қандай түрі болса да таза анық шығара алады. Ондай адам оркестрде болсын, ансамбльде болсын дыбысты таза шығара алады. Оқытушы алғашқы сабақ өткізе бастағаннан оқушысын қадағалап отырып:

1.     Бұрауын таза, тез келтіруді үйретеді.

2.     Тартып отырып, келмеген дыбысты дұрыс алуға үйретеді (тиегі, пернесі).

Ал дыбысты таза шығармау, оқушының есте сақтау қабілетінің төмен екендігін білдіреді. Сағаға немесе орта сағаға түскенде дыбыс кейде жетіп, кейде асып тұрады. Міне осындай жағдайда тез жөндеп жіберу керек.

Көркемдік дыбыс шығара білу: Орындаушылық дегеннің өзі музыканың мәнін идеялық бейнелей білудің жалпы ұғымы. Шығарманы көркемдік бейнелеуде техникада үлкен орын алады. Орындаушылық техникасы саусақтардың жеңілдігімен дыбыс шығару әдістері және қағыстардың ерекшелігімен тығыз байланысты, ал саусақтардың тез қозғалуы және ішкі сезімі техниканың екі жағы оңың үлгісі. Бұл жерде оқушының  сол қолының атқаратын ролі ерекше.Оқушының барлық сана сезімін дыбысты әдемі де таза да шығару керек. Ол үшін оқушы өзін әр уақытта бақылап, тыңдап, ойланып дайындалу керек. Жаттығуларда оқушының тек техникасын өсіруге ғана емес сонымен бірге орындаушылық шеберлікті де өсіру үшін беру керек. Сондықтан да екі қолға бірдей әсер ететін шығармалар беру қажет. [3]  

Техниканы тез өсіру проблемасы:

1.     Шығарманы әр уақытта ең жай екпінде шығару;

2.     Әбден қағысты жөндеп қойылғаннан кейін, орташа, содан кейін өз екпінінде тарту;

3.     Жай жүретін шығарманы одан да жай тартып шығару.

Халық алдына шығу:оқушының орындаушылық шеберлігін, қабілетін дамыта түсу деген сөз. Сондықтан, ата-аналар алдына, концерттерге жиі шығару керек. Сахнаға шығу дегеніміз - осы уақытқа дейін алған әсері мен жетістігі, ал жақсы жетстікке жету үшін үлкен ізденіс, көп дайындық керек. [4]  

А.С.Пушкин айтқандай Служение музыке не терпит суеты, прекасное – должно быть величаво.  

“Сахна - ел айнасы” – сахнаға салмақты және жинақы шығу керек.

           Қандай оқушы болмасын, сахна алдында толғанады. Сондықтанда жиналыс жасағанда, ата-аналар алдына концертке жиі шығару керек.( Бұл әдістіңде тиімділгін өз тәжірибемізден байқап жүрміз) Өз балаларының өнерін сахнадан көру -  ата-аналардыңда қөз-қарасын кеңейтіп, оңтайлы әсер беретініне көзіміз жетіп отыр [5]  

           Ескеретін нәрсе – баланың өзін өзі көрсете алуы, оның сахнаға шығар алдындағы дайындығына, және халық алдында өзін-өзі ұстай білуіне байланысты. Жақсы жетістікке жету үшін – үлкен ізденіс, көп дайындық қажет. Ол үшін басқа орындаушыларды көп тыңдап, (телевизордандан, бейнетаспалардан, магнит тасмалдағыштан, сахнадан т.б.) өзіне өзі сенімді болуы керек. Қорыта келгенде, өнер дегенннің өзі еліктеу, ол еліктеу үшін адам тек іздену жолында болады. Сондықтан жастарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көңiл бөлуiмiз керек.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Қ.Жарықбаев. Эстетикалық тәрбие туралы. Алматы 2002ж.

    2. А.Е.Александров.  Школа игры на трех струнной домре.  Москва 1972 г.

  3. З.Ізмұратова. Шертердегі орындаушылық өнер. Алматы 1999 ж.

  4. В.С.Чунин. Үш ішекті домрада ойнау мектебі. Москва 1990 ж.

  5.Шишаков. Педагогический репертуар домриста. Москва 1984 ж.