Жаңа технологияның көмегімен ағылшын
тілін оқытуда білім беру сапасын көтеру жолдары
Жаңақорған ауданы № 195 мектеп-
гимназиясының ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі Ардақ Жұмабаева
Аннотация: В статье
рассматриваются проблемы использования инновационных технологии в преподования английского языка в школах.
Resume: The
article deals with the problems of using the innovative methods in teaching the
English language at school.
Қазіргі
таңда ағылшын тілін оқытуда жаңа идеяларды
сабақта жан- жақты қолданып, жаңаша
оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде
қолдану-заман талабы.
XXI ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру
ғасыры. Заманауи ғылыми- техникалық үдерістің
қарқыны күннен- күнге өсуде. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің алдында да жаңа міндеттер жүктелуде. Білім
беру саласында жаңа ақпараттық технологияны іс жүзінде
меңгермейінше білімді, жан- жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру
мұғалімнің білімін шыңдап ғана қоймай, кәсіби маман болып қалыптасуына
ықпал жасайды. Қазіргі заман талабына сай білім беруді
ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі- оқу үдерісіне
мультимедиялық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті
әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған,
оқыту және тексеру электронды бағдарламаларды,
оқулықтарды енгізу.Қазіргі кезде мектеп мұғалімдері
өз сабақтарында интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан жақты
ізденіп, сабақтарын қызықты да тартымды нәтижелі
өткізуде. Интерактивті тақтаның мүмкіндігі шексіз.
Оқушылардың жеке- дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік
шығармашылық құзіретін дамыту арқылы
оқушының тілдік қорын молайтып, ауызекі сөйлеуге
үйрету болып табылады. Сабақ барысында оқушылардың
жүйелі жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу,
сабақтың тақырыбына сай нақты міндет қоя білуі- ол
әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені,
оқушыларды терең әрі жинақты біліммен
қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін,
қызығушылығын дамыту, өз бетінше білімін толықтыруға
дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ
барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді
ойландырып , жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге
жетелейді. Мектепте ағылшын тілін жүргізу мұғалімдерден
көп дайындықты талап етеді. Сапалы сабақ оқу
тәрбиесінің нәтижелі болуына ықпал етеді. Мектепте
оқытылатын ағылшын тілі пәнінің негізгі мақсаты- оқушыларға
ағылшын тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын
арттыру, ағылшын тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге
жеткізу. Осылардың барлығы ақпараттық- коммуникациялық
технологиялардың дәстүрлі әдістемеге
қарағанда
артықшылықтарын пайдалану арқылы тіл
үйренушінің білім сапасының артуына, қатысымдық
құзіреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді[2]. Сабақ
барысында жаңа технологияны пайдалану ағылшын тілін
үйретудің сапасы мен маңызын арттырады. Өз
тәжірибемде білім берудің мынадай технологиялар түрлерін
пайдаланамын:
- деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту
- модулдік технология
- дамыта оқыту технологиясы
Қазіргі
таңда оқыту технологиясы қалай оқыту керек
деген ғылыми
тұжырымдамамен тығыз
байланысты, яғни қалай сабақты ұйымдастыру керек деген
сұрақтарға жауап іздейді. Сондықтан, оқыту
технологиясы оқытудың мақсат, мазмұн, принцип ,
әдіс және құралдармен тығыз байланысты.
Қоғам талабына сай инновациялық технологияны меңгеруде
ғалым В.Максимов өз зерттеулерінде келесі инновациялық
технологиялардың түрлерін ұсынады:
құрлымдық
логикалық технология
интеграциялық технология
ойындар технологиясы
тренингтік технологиясы
ақпараттық технология
сұхбаттық технология
Бүгінде әдістеме саласында жоғарыда аталған
технологиялар жиі қолданылуда. Қазіргі
кезде жиі қолданыстағы технологиялардың бірі
ақпараттық технология. Оларды пайдалану барысында компьютерді
пайдаланып, сабақты түрлендіріп, оқушылардың
пәнге деген қызығушылығы дамытамыз, оқу
үдерісі дараланады, ой дербестігі мен белсенділігі артады.
Компьютердің әдістемелік және дидактикалық
мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық
және өзіндік белсенділігін арттыратын ойын элементтері арқылы
үйрету оқыту үдерісін тұрақтандыруға
мүмкіндік береді. Компьютер арқылы мәтінді теру, берілген
қателерді түзету, мәтін бойынша тапсырмалар орындау, жеке
жұмыс жасау және тағы басқа сабақ түрлерін
өткізуге болады. Екінші ұтымды технологияның бірі модулдік
оқыту технологиясы, бұл технологияны пайдалану барысында
оқушылардың жеке дамуына көңіл бөлуге болады. Модулдік
оқыту технологиясы бойынша оқу модулі үш
құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, негізгі
бөлімнен және қортындыдан. Әр модульге
мұғалім өз уақытын бөліп, қойылған
мақсаттарына жетуге тырысады, сабақты ұйымдастыру
түрлерін ойластырады. Оқу
материалдарын тақырыптың мазмұнына сәйкес
деңгейлік тапсырма болуы қажет [3].
Оқушылардың тілін дамыта оқытудың нәтижесінде
оқушы ағылшын тілінің сөздік қорын игеру,
тілдің фонетикалық және сөзжасам жүйесін
меңгеру, морфологиялық, синтаксистік тәсілдерді игеріп,
оларды практикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пайдалана білуі
тиіс. Сонда ғана оқушы сөйлемді дұрыс
құрауды, ойларын жүйелі ауызша, жазбаша жеткізе білу
дағдылары шеберлігі қалыптасады. Әр бір
мұғалімнің басты мақсаты- білім беру сапасын
қамтамасыз ету. Ал ол үшін ақпараттық және
коммуникациялық технолологияларды қолдану өз
дәрежесінде септігін тигізетіні сөзсіз. Қорыта келе,
инновациялық технологиялардың түрлері мектептерде оқу
үдерісінде қолдануға өте тиімді. Білім берудің
мемлекеттік стандарттында көрсетілген оқытудың
мазмұнына ешбір нұқсан келтірмейді, керісінше оқу
пәндерінің бағдарламасында көрсетілген
мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан
әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік
береді.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім
дамытудың 2011- 2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010.
2. Қазақстан Республикасының
білім беру жүйесін ақпараттандыру 2002-2004 жылдарға
арналған тұжырымдамасы. Астана,2001
3.
Н.Амирғалина. « білім берудің инновациялық
технологияларының бірі тірек конспектілері» // Білім. Алматы, № 4,2009ж