Саменова Ш.Р, тарих пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасы Ақтау қаласы ХББ НЗМ

8  СЫНЫБЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ПӘНІНДЕ ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ (ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ) БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДА РОЛДІК ОЙЫНДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ?

 

 Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған кезінде оқу-білімнің, бүгінгі                                                                                                                                       мектеп   оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің                                                                                                                                                                                                       

экономикасының дамуына үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар,

жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса

құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ

ұстанған шақта ғана қоғам ілгері  дамымақ. Жас ұрпаққа білім беруде, 

оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу- әр ұстаздың, әрбір

мектептің ең қасиетті міндеттері деп білуге болады.

Күнделікті сабақ барысында жаңаша бағдарламамен

жоспарға сай сабақ өткізуде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын

іздену әрбір мұғалім құзырында.  Мектебіміздің 8 сыныптар ішінде

іс-әрекеттегі зерттеу жүргізілген 8  сыныбында ұл балдар белсенді, ал қыз балдар белсенділік танытпайды.

Қыз балдардың сабақ үстіндегі белсенділіктерінің не себептен төмен

екендігін анықтауда түрлі жұмыстар жүргізілді. Бірінші сыныпқа сырттай бақылау жасалды. Қыз балдардың қалыптастырушы бағалау жұмыстарында ешқандай қиындық жоқ. Бірақ топтық жұмыс барысында ауызша жауап беруге қысылып, жалтақтап, мазасызданатыны байқалды. Сыныпта лидер 3 оқушы бар. Сол оқушылар топтық жұмыс  барысында қандай роль атқарса да өз айтқандарын орындатып, өз пікірлерінің дұрыс екенін басқа оқушылардан бұрын дәлелдеп қоятыны аңғарылды.                                                                                                                                                                          

Топтағы  оқушылар белсенділігін арттыруда 7 модульдің бір аспектісі

 ретінде диалогтік оқу. Себебі «Мұғалімге арналған нұсқаулықта»  көрсетілгендей  ғылыми  зерттеу  нәтижелері сабақта диалогтің  маңызды рөл атқаратынын  көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде  диалог  сабақта оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен  қатар, олардың  білім деңгейінің  өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді [1,96 бет].  Рас бұл зерттеушілердің пікірімен келісуге болады. Сабақ  барысында байқалғандай оқушылар топтық, жұптық жұмыстар орындауда бір-біріне көмектесе отырып мақсаттарға бірге қол жеткізе біледі. Әсіресе белсенділігі төмен оқушыларға бұл үлкен көмек. «Мұғалім-оқушы», сондай-ақ «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды  түрде  білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын  оқыту  әдістерін  «диалогтік оқыту»  деп  атауға болады[1,96 бет].Тәжірибе барысында «диалогтік оқыту» әдісі арқылы топтық жұмыстарда оқушылар сабақта алған теориялық білімдеріне сүйене және нақты аргументтерді басшылыққа ала отырып өз жұмыстарын ортада қорғай білуге дағдыланады.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген:

• Әңгіме-дебат;

• Кумулятивтік әңгіме;

• Зерттеушілік әңгіме.

Мерсердің  айтуынша,  ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.

Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады [1,98б]. Зерттеушілік әңгіменің тиімділігі сол, сабақ барысында оқушылардың шағын топтарда ортақ зерттеу жұмысы болады.Берілген уақыт шеңберінде сол шағын топтарда оқушыларда түрлі түсініктер мен сан-алуан пікірлер қалыптасады. Қалыптасқан идеялар мен түсініктерін бірге саралап, бағалап дұрысын, маңыздысын анықтап ортақ шешімдерін ұсына алады.                                                          Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:                                                                                                                                          - бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),                                                                                 - жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары,                                                                                    - ситуативтік және рөлдік ойындар,                                                                                                                                       - ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.),                                                                                                       - шығармашылық жұмыстар, т.б.                                                                                                                  Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды[2,28б]. Топтық жұмыс оқушыларды  ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Ынтымақтастық оқу-өзара   іс-әрекет жасау философиясы,ал бірлескен жұмыс   соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.                                                                                                                     Ынтымақтастық  сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады.  Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін , адамдармен   жұмыс істеудің  басқа тәсілі орын  алады . Топтың жұмысы тиімді болу үшін билік  пен  жауапкершілік  топ мүшелері  арасында бөлінеді .  Ынтымақтастық  оқудың  негізгі  аспектісі  топ  мүшелері арасында бөлінеді .  Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастық арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген[1,78бет] .                                                                            Мектебіміздің тарих пән бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген ашық сабақтар өтті.Сонда байқалғаны топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында рольдік ойындарға оқушылардың ерекше қызығушылығы. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді. Сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол. Пәндік, пәнаралық сипаттағы сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға,  жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет - қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттеледі. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Соған байланысты Қазақстан тарих сабағында   топтық жұмыстарда оқушылардың (қыз балалардың) белсенділігін арттыруда ролдік ойындардың тиімділігін анықтау міндеті тұрды.                                         

Зерттеу мақсаты:  оқушылардың  топта жұмыс жасау  дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмысты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушы белсенділігін  арттыру , әлеуметтік ортаға бейімдеу. Зерттеудің нысаны   топтық жұмысты  ұйымдастыру арқылы оқушының жеке тұлғасын  қалыптастыру, шығармашылық ойлауын дамыту, сабакқа деген қызығушылығын   арттыру. Зерттеу жұмыстарының міндеттері, оқушылардың топтық  жұмыс  жасау дағдыларын  қалыптастыру пәнге деген қызығушылығын арттыруда  жаңа технологияларды пайдалану. Зерттеу сұрақтары  топтық жұмыс арқылы , оқушыларды оқытудағы  кедергілерді қалай анықтап,оларды  шешу жолдарын  табуға болады?

Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысы тақырыбын «8  сыныбында Қазақстан тарих пәнінде топтық жұмыстарда оқушылардың (қыз балалардың) белсенділігін арттыруда ролдік ойындардың тиімділігі қандай?» - деп алудың себептері төмендегідей. Мектебіміз химия - биологиялық бағыттындағы дарынды балаларға арналған болғанымен 8  сыныбында  топтық жұмыс барысында кейбір оқушылардың белсенділігі төмен екендігі байқалды.8  сыныбы басқа 8 сыныптармен салыстырғанда оқу жылының басында сабаққа қызығушылығы төмен болды. Сабақ барысында көбіне сұрақтарға жауап беруге ер балдар қатысады. Ал қыз балдардан сұраққа жауап беру сұралса олар қобалжып бірден жауап бере алмайды. Сондықтан осы сыныптағы қыз балдардың белсенділігін қалай арттыруға болады? деген үлкен міндет тұрды.                                                                                Оқушылар белсенділігін арттыру үшін мен қандай шаралар қолдануға болады?                                                                                                              Оқушылар белсенділігін арттыру үшін тиімді топтық жұмыс қажет деген шешім қабылданды.                                                                                                                                 Топтық жұмыста жаңа әдіс тәсілдерді тиімді пайдалану оқушылар белсенділігіне ықпал ете ме? деген сұрақтар өздігінен сұранып тұрды.

Тізбектелген сабақтарды оқытудың сындарлылық теориясына негіздей отырып, жеті модуль элементтерін енгізу арқылы жоспарланды.Диалогтік оқыту, сабақ үдерісінде  АКТ - ны пайдалану оқушылардың тәуелсіз ойлануына , ой қорытуына, қабілетіне, визуалды және ауызша түрдегі ақпарат алуына , өз бетімен ізденуіне ықпалын тигізеді. Жан-жақты ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдері мен  жаңа білімдерін ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт беріледі. Бұлар арқылы оқушылар еркін ойлауға мүмкіндік алады, ойын дамытады, ұжымдық іс - әрекетке тәрбиеленеді, тіл байлығы жетіледі, жан - жақты ізденеді, өз ойын, көзқарасын жеткізеді. "Өзін - өзі бағалау", "Бірін - бірі бағалау" әдістері арқылы балалар өздерінің артықшылығын біле отырып жіберген қателерін анықтайды және бағалайды. Болашақта қателіктерін жоюға тырысады. Бірте - бірте оқушылар оқу мен оқытуға сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады, үйренеді.

8  сыныбындағы А оқушы - Ақпанай сыныптағы үлгірімі өте жақсы, тәрбиелі қыз. Өзі ашықжарқын, кез-келген адаммен тез тілтабысатын жан. Ашық сұрақтарға сындарлы ой айта білетін оқушылардың бірі.

В оқушы - Зульфия сыныптағы үлгірімі  жақсы ,сыпайы,салмақты қыз. Бірақ баяу, сұрақтарға жауапты бірден беруге қиналады. Бірақ барынша тырысып талпынады.                                                                                                                    С оқушы - Аружан сыныптағы үлгірімі жақсы,көп сөйлемейтін,тұйық қыз. Ортаға шығып өз ойын айтуға қысылады. Бірақ қалыптастырушы бағалау жұмыстарын жақсы орындайды. Үлгірімі орташа.

«Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты,  тиімді араласу  және  проблемаларды шешу дағдыларын  дамытуға  ықпал  етеді. Бұл,   өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.

Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға,  өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске  шығаруға  ынталандырған жағдайда топтық  жұмыс тиімді болады.                    

Фактілер бұл үдерістің кезең-кезеңімен жүретіндігін растайды. Айталық,  бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс  әлеуметтік  өзара  әрекет  етудің дағдыларын дамыту қажет, содан кейін оқушулардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң,  мұғалімдер  олардың  тиімді   қарым-қатынас   жасау  және  мәселелерді  шешу   дағдыларын    дамыта   алады[3].

Орын алған проблеманы шешу  үшін топтық жұмыс тиімді тәсіл болып саналады.

Қазақстан тарихы пәнінен «1822-1824 жылдардағы реформалар қазақ қоғамына қандай өзгерістер әкелді?» атты тақырыптағы  сабақ барысында төмендегі оқу мақсаттарын жоспарладым. Оқушылар Ресей империясының отарлық саясатын талдап, тарихи кезеңдерді салыстырып және олардағы өзгерістерді, сабақтастықты  көрсете білуі керек. Тарихи оқиғаға толық түсіндірме беру үшін негізгі ұғымдарды таңдап қолданады және деректерге нақты сұрақтар құрастыруы қажет.

Тақырыптық қорғау кезеңінде «Фругер» әдісі арқылы топ спикері ортаға шығып тобының зерттеу жұмысымен 1 минут ішінде таныстырды. Осы жұмыстың нәтижесін бағалау үшін оқушыларға жеке жұмыс, реформа нәтижесінде  әлеуметтік, сауда, шаруашылық, сот саласында пайда болған өзгерістерді  қалыптастырушы бағалау жұмысы ретінде кестеге толтыру тапсырмасы берілді. Сабақтың екінші бөлімінде реформа нәтижелерін талдау мақсатында пресс конференция ұйымдастырылды. Әр топтан топ өкілдері ортаға шақырылып, аға-сұлтан, судья, жатақ, саудагер рольдері жасырылған жеребе таңдап алды. Қалған оқушылар ортадағы өкілдерге тақырыпқа сай сұрақтар берді. Топ өкілдері реформа нәтижелерін, қазақ жерінде болып жатқан өзгерістер туралы мағлұмат берді. Сабақтың соңғы бөлімінде барлық оқушыға бірдей тапсырма берілді,  «Т» кестеге «1822-1824жылдардағы реформалар нәтижесін»  тиімді, тиімсіз тұстарын талдау жұмысы берілді. Сабақтан соң  А,В,С оқушыларымен ресми сұхбат өткізілді. Ресми сұхбат барысында сыныптағы топтық жұмыстар жайлы пікірлері сұралды .                          -Сыныптағы топтық жұмыстарға сіздің пікіріңіз қандай?                                                       -Топтық жұмысты жақсартуға не қажет деп ойлайсыз? деген сұрақтарға олар төмендегіше жауап берді:                                                                                                                    А-сыныптағы өте белсенді оқушылармен топтық жұмыс барысында жылдамдық қажет дейді. Себебі сол оқушылар айтайын деп тұрған мәліметімді менен бұрын айтып қоятыны  оқу жылының басында қиындық туындатты дейді. Ал қазіргі таңда кез-келген топтағы оқушылармен бірге жұмыс жасау маған қиындық туындатпайды дейді. Оқушылардың топтық жұмысын жақсартуға не қажет деген сұраққа Ақпанай өте белсенді оқушылардан, белсенділігі төмен оқушылардан сыныпта 3 топ құрастырып сол оқушылар деңгейіне сай деңгейлік тапсырма берсеңіз деген ұсыныс айтты.

В-оқу жылының басында сыныптағы топтық жұмыс барысында өте белсенді оқушылардың үнемі ескерту жасап, менің пікірімді теріске шығаруы маған үлкен кедергі болды. Себебі мен өзімнің пікірімнің дұрыс немесе бұрыстығын дәлелдеу үшін ұзақ ойланып қалатынмын. Қазіргі таңда топтық жұмыс барысында берілген зерттеу тапсырмаларына нақты бағалау критерийлерінің бірге берілуі жоғарыдағы қиындықты жеңуіме көмегін көрсетуде. Яғни әрбір оқушы өз міндетіне сай берілген тапсырмаларды орындағанда критерийлер бойынша бағаланатынын біледі. Ұсынысы топқа бөлудің түрлі әдіс тәсілдерін пайдалансаңыз. Өзіне жасаған ұсынысы  әлі де өзіме сенімді болу үшін көп ізденіп оқу керекпін.

С- топтық жұмыс барысында  мен өз білетін мәліметімді немесе сұрақтарға жауап берейін десем ер балдардың менен бұрын айтып қоятыны маған қиындық келтірді дейді. Әсіресе оқу жылының басында ортаға шығып мәтінді қорғау мен үшін үлкен проблема саналатын. Себебі мен сыныптастарымнан қатты уялатынмын. Ал, топтық жұмыстардағы сыныптастарымның маған қолдауынан және бүкіл сыныптың алдында өз тобымның зерттеу жұмысын бүкіл сынып алдында таныстыруым арқылы бүкіл топқа ұпай алып беруім, жауапкершілікті сезінуім қазір сол қиындықты жеңуіме ықпал еткен секілді. Ұсынысын білдірмеді .

 Бұған дейінгі сабақтарда топқа бөлудің  құрылымдалмаған түрлері пайдаланылды. Келер сабақта сынып оқушыларын құрылымдаған топқа бөліп көрсек деген идея келді, себебі В оқушының жоғарыдағы ұсынысы. Көптің пікірімен келіспейтін, сыныптастарының идеясын қатеге санайтын оқушыларды бір топқа топтастырып рольдік ойындар арқылы жаңа сабақ өтті.                           Тақырыбы: «Исатай мен Махамбетті қандай ортақ идея біріктірді». Оқушылар сабақта халықтың отаршылдық саясатқа қарсы азаттық күресінің мәні мен маңызын түсінеді, тарихи оқиғаларды түсіндіру кезінде, тарихи карталарды пайдаланады, әртүрлі дерек көздерінен алынған ақпараттар бойынша қорытынды жасайды, және ұлт-азаттық күресіндегі батырлардың  Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы және т.б.жетекшілік роліне баға береді. Оқу мақсатына жету үшін оқушыларға көтеріліс барысына әсер еткен үш негізгі оқиғаны анықтап дәлел мен дәйек келтіру, Исатай мен Махамбет көтерілісі аумағын, көтеріліс барысындағы негізгі шайқас орындарын картадан көрсету, көтерілістің маңызды тұлғаларын анықтап маңыздылығын түсіндіру, олардың іс-әрекетін салыстыру, баға беру критерийлері берілді. Сабақтың алғашқы кезеңінде оқушыларға Махамбеттің термесінен үзінді тыңдатылды. Оқушылардан терме қандай ой туғызғаны және жаңа сабақтың тақырыбы қандай екені жайлы болжамдары сұралды. Оқушылар сол мезетте Исатай мен Махамбеттің көтерілісі екенін тапты. Одан соң оқушыларға Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы туралы бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик көрсетілместен бұрын оқушыларға қажетті мағлұматтарды дәптерлеріне жазып отыру тапсырылды. Бейнеролик тамашаланып болғаннан кейін екі оқушының қандай ақпараттар жазып алғанын ауызша баяндатып, ортаға салдық. Басқа да маңызды мағлұматтары бар оқушылар өз ақпараттарымен бөлісті. Көтеріліс себебін, уақытын, аумағын, негізгі оқиғаларын сипаттап айттып берді. Қалыптастырушы бағалау жұмысына «Бес саусақ» әдісі арқылы «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге?»  деген сұрақтарға дәптерге жазбаша жеке жұмыс жасады. Одан соң кескін карта беріліп  көтеріліс аймағын, ірі шайқастар орнын және батырлардың қаза болған жерлерін белгілеу тапсырмасы орындатылды. Сабақтың екінші бөлімінде  сыныпты алдын ала жоспарлағандай құрылымдалған 4 топқа топтастырылды. І-топқа-тарихи деректі «ақсүйектер» ретінде, ІІ-топ-қарапайым халық ретінде, ІІІ-топ-Бөкей Ордасының халқы ретінде, ІV-топ-аналитиктер ретінде әлеуметтік топтардың өкілдері тарапынан берілген дерекке көзқарас білдіру тапсырмасы берілді. Бұл сабақ барысында да мәтінді сахналау арқылы балалардың қызығушылығын арттыра отырып, олардың қабілетін аша түсу жоспарланды.

 Қызыл-А оқушы

Сары-В оқушы,Жасыл-С оқушы

Нәтижесінде В-оқушының топтық жұмысты орындау барысында өзін еркін ұстап, топтағы сыныптастарымен бірлесіп қойылым қоюға атсалыса кірісті. С – оқушы  да өзінің биазы мінезімен топтағы сыныптастарының сеніп тапсырған қарапайым шаруа роліне еніп дайындалғаны, ортаға шығып сол ролін сомдағаны үлкен жетістік болды. Сонымен    бірге  осы    сабақ барысында А оқушы     бойынан ру ақсақалының ролін сомдай отырып, эмоция арқылы бейнелеп айту қабілетінің  жоғары   деңгейіне көтеріле білетіні      байқалды. Оқушылар жүзінен   сабаққа   деген серпіліс   байқалды.        Демек            осы сабақ   барысында құрылымдалған топқа бөлу арқылы рольдік ойын арқылы сәл де болса           оқушыларым     қызығушылығының артқаны байқалды. Сонымен   бірге кері    байланыс арқылы да зерттеп отырған  оқушылар      осы     сабақтың барысында Исатай мен Махамбеттің ұлт азаттық көтерілісі жайлы құнды мәліметтерді саралап, негізгі оқиғаларды талдағандары, топтың барлық мүшелері бірі қалыс қалмай тақырыпқа сай рольдік қойылым қойғандарын ұнағандығын, көңіл күйлерінің көңілді болғанын және жақсы әсер алғанын, патриоттық сезімде болғандарын толғаныспен жазған.   (төмендегі суреттер)

 

                    А-оқушы          В-оқушы                                    С-оқушы

Жетістікке жеткендігін көрсететін  кері байланыс (оқушылар,мұғалімдер және ата-аналар  үшін).     Мұндай кері байланыс «әсердің»     бейресми   бағалануынан бастап ресми   жазбаша тестілерге  дейін түрленуі мүмкін ,   бірақ негізгі  мақсат оқушылар    мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму,    мысалы,   білім,   түсіну және   дағды туралы    хабар беру   болып     табылады[1,107.б].

Зерттеу сыныбында әрбір сабақты жаңа әдіс-тәсілдерді, стратегияларды пайдалана отырып өткізуге жоспарланды. Нәтижесінде бұрын сабаққа белсенді қатыспайтын оқушылардың өзгергені байқалды. Оқушылардан сабақ сайын кері байланыс алғанда оқушылар сабақта жұптық, топтық жұмыс істеген ұнайтындарын көрсеткен. Мерсер мен Литлтонның (2007) еңбектерінде көрсетуінше диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен [1,12 бет]. Жалпы айтқанда диалогтік оқыту – оқыту процесін тиімді етудің бір әдісі. Өйткені, диалогтік оқыту балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда орны ерекше. Сабақтарда оқушыларға сұрақ қойғанда, оқушының ойына түрткі болатындай сұрақтарда болды. Мысалға, Исатай мен Махамбет батырлар Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғады, көтерілістің негізгі 3 оқиғасын анықта,көтерілістің жеңіліс табу себебі неде деген сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың ой – өрісін дамытуға,топта талқылау арқылы ынтымақтастық құруға үйретеді. Сабақты жоспарлауда берілген тапсырмалар топтық жұмысты қамтуға көбірек пайдалануға тырыстым және оның тиімділігіне тәжірибе жүргізуде айқындалды. Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым - қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыттаушы, оқушы – ізденуші, белсенді болуы керек. Оқушының өз бетімен білім алуының бір түрі – шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білім алу. Қазақстан тарих пәнінен оқушыларға өз бетімен жұмыстар орнату арқылы шығармашылықпен білім алуға қол жеткізуге болады. Мысалы,1822-1824 жылдардағы реформалар нәтижесін әлеуметтік, сауда, шаруашылық, сот саласы бойынша енгізілген екі өзгерістерді табыңыз немесе Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісті Сырым Датұлы басқарған шаруалар көтерілісімен салыстырып кемінде үш ұқсастығы мен үш айырмашылығын табыңыз деген тапсырмалар арқылы оқушылар қалыптастырушы бағалау жұмысын орындап сабақ соңында өзінің бүгінгі сабақ бойынша оқу мақсатына жеткен не жетпегенін біліп кетеді.

 Өзіндік жұмыстарда :
-Оқушының пәнге деген қызығуы артады;
-Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;
-Ізденушілік қабілеті артады;
-жауапкершілігі жоғарлайды;
-Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады; 
-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.

Зерттеу жүргізген сыныптағы А,В,С оқушыларының топтық жұмыстағы белсенділіктерінің кішкене де болса артқанының дәлелі ретінде сабақ барысы бойынша орындаған жұмыстары кестеге түсірілді.

Кесте №1

Тапсырмалар

А-оқушы

В-оқушы

С-оқушы

Жабық сұрақтар

3

1

1

Ашық сұрақтар

2

1

0

Рольді сомдау

1

1

0

Спикер

1

1

0

 

Кесте №2

Тапсырмалар

А-оқушы

В-оқушы

С-оқушы

Жабық сұрақтар

3

2

2

Ашық сұрақтар

2

2

1

Рольді сомдау

1

1

1

Спикер

1

1

1

 

Оқушылардың рольдік ойындардағы белсенділігінің диаграммалық көрсеткіші (1 сабақ)

 

 

Оқушылардың рольдік ойындардағы белсенділігінің диаграммалық көрсеткіші (2 сабақ)

 

    Іс – әрекеттегі зерттеу барысында көз жеткізгендей оқушылардың білімі артып келеді.Әрбір мұғалімге өзі білім беріп отырған шәкірттерінің білімі мен білігіне сай, өмірде шығармашыл, болашағын жоспарлай білетін,патриот тұлға болып қалыптасуы ең басты мақсат.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                МАН. ІІ-деңгей материалы

2.                «Сабақтарда интербелсенді әдістемені қолдану және оқушылардың білімін бағалау» А.Әлімов,Алматы қаласы,2015ж

3.                Топтық  жұмыс туралы нұсқаулық.pdf.Foxit Reader

4.                «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» А.Әлімов.

5.                Үлестірме материалдары.