Л.А.Исембаева – аға оқытушы

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті

Алматы қаласы

 

 

ВАРВАРИЗМ

 

 

 Қоғамның  және  мәдениеттің күретамыры – тіл болып саналады. Ол үздіксіз даму үстіндегі үдеріс екені белгілі. Сондықтан да тіл өте маңызды әрі өте күрделі құбылыс.   Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Ол әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі деуге болады. Одан ақиқатты танып білудің сан ғасырлық аса бай тәжірибесі жинақталған. Сондықтан тілдің мұндай баға жетпес мәнділігі оның сөз байлығынан байқалады. Адамзаттың қолындағы барлық асыл заттар тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Жаңа сөздер экономикалық, саяси және мәдени байланыстарға байланысты өзгереді.

Жалпы, зерттеулер бойынша шет тілін оқып үйренудегі мәселелерді талқылауда көпшілік меңгеріп, үйреніп жатқан тіл ана тіліне «сүйенетіні» мәлім. Шет ел тілін үйренуде адам өзінің бірінші тілдегі танымын тереңдете түседі және тілдің жаңа потенциалды мүмкіншіліктерін ашады. Осылай адамдардың сана-сезіміндегі әлем картасын өзгертіп, басқаша да көріністерін бейнелейді. Жаңа тіл, жаңа сөз әсерінің үрдісі анағұрлым кең және терең. Тек тілдік таным ғана өзгеріп қоймай, психологиялық өзгеріс те болып, лингво-мәдени және заманауи жеке тұлғаның келбеті көрінеді.                                                   

         Шет тілін меңгерген тұлға, индивид – бұл адамның жалпы мүмкіншіліктері. Мәдениетаралық деңгейде шет тілінде қарым-қатынас жасай алуы, яғни оның басқа елдердің өкілдерімен барабар өзара әрекеті.Яғни, шет тілі – бұл құрал. Бұл оның өмірге деген көзқарасын , өмір құндылығын, оның мінезі мен тұлға бойындағы қадамдары мен іс-әрекеттерін анықтайды. Тек осындай жеке тұлға, басқа мәдени ел өкілдерімен түсіне алатын, жалпы адамзат мәселелерін нәтижелі шешуге әрекет ете алады. Көптілді индивид елдер арасында  бейбітшілік пен өзара түсіністікті орнатуға септігін тигізетін болады. Бәрімізге белгілі қазіргі шет тілдерінің ішінде ең алдыңғы қатарында ағылшын тілі тұруда. Бұл халықаралық тіл, көптеген елдерде осы тіде сөйлейді. Ағылшын тілі – бұл қарым-қатынас жаңа технология және жаһандану тілі. Жаһандану – бүкіл әлемге өзгеріс беріп, білімге де терең әсерін тигізетін ХХІ ғасыр шындығы. Көптеген елдерде қазіргі кезде бұл тілді меңгеруге үлкен қызығушылық танытуда. Халықтар арасындағы мәдени айырмашылықты қабылдап танып білу, тіл арқылы әлем мәдениетінің келбетін тану. Бұл тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынастағы жаһандану әлемін түсінудің негізі.

Қазіргі кезде қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан жаңалықтар мен өзгерістер тілге, оның сөздік құрамына өз әсерін тигізбей қоймайды. Ал тілдің сөздік құрамының толығуы өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы емес,өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады.

Cонымен тіл қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көрсетеді және онымен байланысты коммуникативтік қатынастар сол уақытқа дейін болған жағдайлар мен оқиғалардан келіп шығады. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияға тілдік қарым-қатынастар көптілділік сияқты ерекше жағдайлар тән. Ал тілдік қарым-қатынастың заңдылықтарын нақты әлеуметтік-тарихи контексте зерттеу қажет.

         Тілімізде басқа тілдерден сөз қыстыру әдеті бар. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тіліндегі варваризмдердің туу себептерін сөз қылмас бұрын, түсініктеме жалпы қоғамдық тарихи жағдайларына тоқталуды жөн көрдім.

         Варваризм (грек.барбарісмос-бөтен елдік) - сөйлеу не жазу кезінде орынсыз қолданылған,тілге етене болып сіңген, соншалықты зәрулігі жоқ, бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді: ХІХғасырда кейбір жазбаларда араб, парсы сөздерінің қолданылғанын, ал ХХғасырда ауызекі тіл мен жазбаларда орыс сөздерінің орынсыз қолданылғаны жиі байқалған. Бұл варваризмдердің тууына себеп болған бір фактор-300жылдық тарихы бар орыстандыру саясаты. Ресей империясы отарланған 200ге таяу ұлттар мен халықтардың бәрінің де тіліне,дініне,ұлттық салт-дәстүріне қысым түсіп,ана тілінде сөйлей алмай құдаланғаны тарихтан мәлім. Ресей империясы дүниежүзілік отаршылық саясаттың тарихын ғылыми тұрғыдан зерттелген,отар елдерде жүргізілген басшылық саясаттың түрлі айла-тәсілдерін ғылыми тұрғыдан пайдаланған. Бұл Ресей империясының орыстандыру саясатына тартылатын түркі халықтарын саяси бір организмге айналдырып,тілі мен дінін орыстандырып жіберу саясаты басты мемлекеттік ссаясат ретінде жүргізілді.

         Тілімізде басқа тілдерден сөз қыстыру әдетіміздің бірі-бүгінгі таңда батыс мәдениетініңетене енуі; жаһандану үрдісінің бой көтеруі тілімізге өз әсерін тигізуде. Яғни, варваризмдердің тілімізде кездесуінің бір себебі жаһандану үрдісі болса,екіншіден қала тілінің әсері деуге болады.

          Бүгінде қала халқының көбі жастар болғандықтан,олардың өзгеріске бейім, еліктегіштігін ескермеу мүмкін емес. Сондықтан қала тілінің әсері қазіргі жастардың тілінде варваризмдер көптеп ұшырасады. Мысалы: жастар тіліндегі прикин, нормально, звонда, реально, чё там брат, короче, тупой, пахан, батя т.б. одан басқа үлкендеріміздің де қолданып жүрген сөздері пияншік, свежий, единица, аренда, посредник, мелочь т.б. Ағылшын тілінен енген like (ұнағанды басу), sorry(кешірім), call(центр), viza, коттедж т.б варваризм үлгілері.

         Дамыған өркениетті елдерде ауыл халқынан қала тұрғындарының сан жағынан басым болатындығы ауыл-ауылдан жұмыс іздегендер қалаға ағысып,қала халқының санын көбейтуде.Лингвистер мұндай миграциялық кезеңде әдеби тілдің жұтаңдайтынын,ондағы қарапайым тіл элементтерінің көбейе түсетіндігін,ана тіліміздің бөтен тіл элементтерімен шұбарлануын атап көрсетуде.Бұны ғылым тілімен айтқанда «урбанизация» деп аталатын процесстер,нақ бүгінгі таңдағы тілімізде де жүріп жатыр.

         Ана тілі - ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра.Әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға,оның тазалығын сақтауға тиіс.Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін,халық мүддесін ойлайтын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің арқасында қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз. Уақыт бедерінде қай тіл болсын дамып,жетіліп отырады.Соның нәтижесінде кейбір ұлттық тілдер белгілі тарихи жағдайлар мен әлеуметтік себептердің арқасында әлемдік аренадан орын алуда.Қазіргі заманымыздағы орыс,ағылшын тілдері тарихи функция мен оның рөліне байланысты әлемде қоғамдық негізгі тілдерге айналып отыр. Міне,сондықтан осы тілдегі жоғарыда аталған бөтен тілдің сөздері аударылмай,сол қалпында ешбір өзгертілмей қолдануымыздың себебі де осында.Әр тіл арқылы адамзат ғасырлар бойы өзінің күнделікті тіршілігінде бір-бірімен қарым-қатынаста өмір сүріп келеді,ол заманына қарай қоғамдық тілге айналуда. Тіл-халықтың рухани,мәдени байлығының дамуының құралы.

                                              

                                        Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мырзахметұлы М. Тіл тағдыры-ұлт тағдыры Қазақстан жоғары мектебі;2002.№4

2.Хасенов Ә. Тіл білімі-Алматы:Санат,1996.

3.Интернеттен алынған материалдар.

4.Ғылыми-теориялық конференция материалдары.

5. Шет тілін инновациялы оқытуда жаһандану заманының көптілді болашақ жас маман         иелерінің лингво-мәдени бағытта даярлау. –Г.А.Қойтасова  Хабаршы №3(51) 2014ж