ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІНДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ

 

Абдралиева З.Б., Сайлаухан М.Т.

Тараз қаласы

 

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»-деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткені есімізде.

Н.Ә.Назарбаев

 

Тіл адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі құралы болып табылады және адамзат тарихында маңызды рөл атқарды. Дүниеде көптеген елдер бар, ал олардың тұрғындарының қарым – қатынас тілі одан да көп. Дәл, қазіргі уақытта сөз өзге жүздеген тіл жайында емес, бірнеше мыңдаған тіл жайында болып тұр. Жер бетінің тұрғындары бір – бірін қалай түсінеді? Осы мақсатта тұрғылықты орның мен ұлтыңа қарамастан, бірі – бірімізбен қарым қатынас жасау үшін, халықаралық тіл қызмет етеді. Солардың бірі ағылшын тілі болып табылады. Ағылшын тілі, бүкіл адамзаттың ұлтаралық тілі болып саналады.

 Ағылшын тілі жаңалық тілі, мүмкіндігі мол тіл. Ол құжаттамаларда ресми тіл ретінде кең пайдаланады. Ағылшын тілі мектептерде, колледждерде мен жоғары оқу орындарында ғылым мен білім құралы ретінде өз қызметін атқарады. Германия сияқты елдерде, Норвегия, Швеция, Дания, Нидерланды, Үндістан, Пәкістан және басқа да көптеген елдерде іс жүзінде екінші ресми тіл ретінде пайдаланылады. Әлемдік ғылыми-зерттеу жұмысы, бизнестің көпшілігі ағылшын тілінде жүргізіледі. Сондықтан, еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды қарқынды түрде талап етуде.

Осыған орай, елімізде жыл сайын шет елдерде білім алатын жастарымыздың саны артуда. Сол себепті де ағылшын тілін тереңдетіп оқитын мектептер, жоғары оқу орындары, тілге күш салуда.  

Саяхатқа шығып, әртүрлі ұлттың адамдарымен еркін сөйлескіңіз келе ме? Шет елдің университетінің студенті болғыңыз келе ме? Карьералық жағынан алға басатын жақсы жұмысты қалайсыз ба? Мүмкін, сіз шет елде жұмыс жасағыңыз келетін шығар? Кеңес біреу – ағылшын тілін үйреніңіз. Уақыт өте келе сіз, әлемдік хат алмасулардың 75% ағылшын тілінде, компьютердегі ақпараттардың 80% осы тілде сақталады, көптеген халықаралық құжаттар, баптар, әдеби шығармалар, нұсқаулықтар ағылшын тілінде жазылған. Қазіргі заманда ағылшын тілін білу бұл – әлемге ашылған терезе іспеттес. Бұл тілді білсеңіз онда сіз көптеген мақсаттарға және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізесіз.                                                                    

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Бүгінгі таңда көптеген мамандық ағылшын тілін білуді талап етеді: хатшы, қаржы маманы, менеджер, маркетолог және т,б. Ең жоғарғы төленетін жұмыс ол гид-аудармашының, әдеби және синхронды аудармашының жұмысы болып есептеледі.

Ағылшын тілін талап ететін мамандықтар: веб-дизайнер, телемаркетолог, копирайтер, операциялық жүйені жасап шығарушы, программисттер, дизайнер, интерьер дизайнер, маркетологтар, пиар-менеджерлер, жарнамалаушы агенттіктер, суретшілер, безендірушілер, ландшафт дизайнері, инженер-сәулетші, журналист, геолог, археолог, этнограф, жолсеріктер, стюардессалар, клиникалық зерттеу бойынша маман, аудитор, бизнес-тренерлер, редактор, лексикограф, дипломат, лингвист, экскурсоводтар т.б

Қазіргі уақытта бүкіл жерде компьютеризация жүріп жатыр, сондықтан веб-дизайнер, телемаркетолог және копирайтер мамандықтары кеңінен танылып бара жатыр. Ағылшын тілін білмесеңіз бұл салада жақсы маман болып жұмыс істеу екі талай, өйткені бұл мамандық тікелей компьютермен байланысты ал , компьютердің тілі ағылшын тілінде.

Ағылшын тілін білу журналист жұмысында да өте қажет. Бұл шығармашылық қызмет сіздің карералық баспалдақта жоғарыға көтерілу үшін, шет елде іссапарларда шет елдіктермен қарым – қатынас орнатуда өте қажет.

Іссапар деген түсініктің өзі романтикалық мамандықтар − геолог, археолог және этнограф сияқты, кейде тастанды жерлер және жер шарның әлі зерттелмеген жерлеріне саяхат жасайтын мамандықтармен тығыз байланысты.

Желілік бағдарламаны жасаумен айналысатын әрбір маман осы желіге арналған хаттамалармен, әртүрлі нүктелердің құрылысын, ақпаратты енгізуді және т.с.с. білуі тиіс. Желілік – программисттер өз ісінің маманы,олар берілістерді кіруде ықшамдап, шығуда қайта аша алады.

Бұл салада ағылшын тілін білу өте маңызды. Ағылшын тілін толық меңгермейінше бұл салада сәтті жұмыс істеу қиынға соғары ешкімге де жұмбақ емес. Барлық терминдер ағылшын тілінде екендігін ескерген жөн.

Дизайнердің қызметі келесі категорияларға бөлінеді: үй техникасының, жиһаздың, транспорттық құралдардың, еңбек құралдарының, механизмдердің, құралдардың, машиналардың және тағы басқаларадың дизайндары.

Қандай мамандық болмасын, іссапарлар қызметтік өмірді жақсартуға, оны түрлендіруге және қызықты етуге, жаңа қалалар мен елдерді тануға мүмкіндік береді.

Графикалық дизайнның жеке бағыты компьютерлік дизайн болып саналады. Осы саланың мамандары компьтерлік үлкен суретті, 3D-анимациялар және презентациялар жасап шығаруда еңбектеніп жатыр. Олардың қызметін фильмдер түсіруде және безендіруде, мультипликациялауда және компьютерлік ойындарда қолданады.

Ландшафт дизайнері бақшалар мен саябақтарда қолдан жасалған және тірі өсімдіктерді отырғызумен, жобалаумен айналысады. Ол өз білімін аумақты көгалдандыруда тәжірибеде сынып көреді және қолданады.

Сәулетші дизайны инженер-сәулетшінің негізгі жұмысының бөлігі болып табылады. Бұл абстрактылы ойлауды талап ететін шығармашылық мамандық. Сәулетші жобасын жасап шығу үшін көп білім мен уақыт қажет. Кез – келген жұмыс сұлбадан басталады, бірақ өз ойлағаныңды толық жеткізу үшін инженер – сәулетшіге басқа да мамандардың көмегі қажет болады.

Этнографтар археологтармен тығыз байланыс орната отырып, әлемдегі халықтардың тұрмыс – тіршілігін, мәдениеті мен дәстүрін зерттейді. Мұндай жандар көп уақытын үйден тыс жерлерде өткізеді және есеп жазарда ғана оралады.

Жолсеріктер мен стюардессалар бүкіл өмірін іссапарда өткізеді. Бұл мамандық күн сайын түрлі адамдармен аралауға ғана емес өз кампаниясының бетке ұстары болуға мүмкіндік жасап қана қоймай, Қазақстанның көпдеген қалаларын тегін жүріп өтуге мүмкіндік береді.

Қазір клиникалық зерттеу бойынша маман атты қызық мамандық үлкен танымалдылыққа ие болуда, оның негізгі жұмысы тапсырыс берушінің талаптарына сай медиалық зерттеу орталықтарын тексеру болып табылады. Мұндай адамдардың жұмысының көп уақыты іссапарда және клиникалық зерттеу өтіп жатқан жерлерде өтеді. Бұл жұмыста қызметкер өз жұмысын өзі жоспарлауға көп рұқсат етіледі.

Аудитордың жұмысы құқықтық – экономикалық саладағы компаниялардың жұмысын тексерумен тығыз байланысты.

Тағыда бір іссапарды қажет ететін мамандықтардың бірі − бизнес-тренерлер. Бұл қызметтің түрі көптеген ірі компанияларда бар.

Сонымен қатар, егер сіз демалыста немесе бос уақытыңызда шет елдерде жұмыс жасағыңыз келсе, ағылшын тілін білсеңіз, онда сіз отелье қызметкері немесе тапсырысты жеткізіп беруші және гувернер болып жұмысқа орналаса аласыз. Бұл мамандықтар шет елдерде өте сұранысқа ие және жалақысы жоғары.

Өте сұранысқа ие және жалақысы жоғары мамандықтардың бірі – редактор мамандығы. Кез – келген жағдайды жазуға болады: газет – журналдар мен жазушылардың еңбектері. Редактор – бұл ақпаратты басып шығармас бұрын қайта өңдеуден өткізетін адам. Бұл өте жауапты іс.

Сонымен полиглоттара арналған, кеңінен талаған әрі қызық мамандық – аудармашы. Ол шығармашылыққа шектеусіз мүмкіндіктер ашады: қаласаң, штаттарда жұмыс жаса, қаласаң – фрилансер бол, синхронды немесе жазбаша аудармалар жаса. Бірақ бұл өте қиын мамандық қой: синхронды – аудармашыларда жұмыстың көптігінің арқасыда жүйкелері жұқарады. Егер, сіз өз таңдауыңызға нық сенімді болсаңыз онда жүйкеңіз және төзіміңіз темірден болуы тиіс.

Шет тілімен байланысты мамандықтардың барлығы да өте қызықты және әртүрлі. Бұл аудармашы, шифрді шешуші, лексикограф, әдебиеттанушы, редактор, қаріп дизайнері, экскурсовод, дипломат және мұғалім.

Орта ғасырдағы сауатты адамның әр қайсысы латын тілін білуі міндетті болған болса, қазіргі таңда ол ағылшын тілі болып есептеледі. Ағылшын тілін оқыңыздар және өздеріңіздің өмір көкжиектеріңізді кеңейтіңіздер.

Ағылшын тілін білген адам, кез келген мамандықты меңгере алады. Шет тілін білген, шет қалмайды дейді.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.                 Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы - 2012 жыл

2.                «Айқын» газеті , жаңа басылым «Еліміздегі ағылшын тілінің рөлі»

3.                Шетел тілін оқыту әдістемесі №4(48)2012

4.                Е.А.Климов. Как выбирать профессию. Москва «ПРОСВЕЩЕНИЕ»

5.                Энциклопедический справочник. «2000 профессий»