Жоғары сынып оқушыларының «Мен» -тұжырымдамасын қалыптастыру мәселелері

 

П.ғ.к., доцент А.Ш.Танирбергенова

Магистрант Г.Калдыбекова 

«Тұран-Астана» университеті

Астана қаласы

 

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары,  ой өрісі  кең елге айналуымыз керек.  Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.  Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.Ол үшін қажетті шаралар:отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз. «Біздің негізгі міндетіміз, бұл мектептерді әлемнің озық ел­де­ріндегі мектептермен иық теңестіретіндей жағдайға жеткізу. Келешекте біздің балаларымыз осы мектепті бітіріп, әлемнің кез-келген елінде білімін жалғастыра алады.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер»,-деген жоқ па?! Мемлекет болса, өз       Еліміз тәуелсіз екен, тіліміз де тәуелсіз болуға тиіс. Тіліміз азаттық алмай, өзінің тұғырына қонбай, біз қалайша Тәуелсіздіктің рухын сезіне аламыз. Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы.Тілдің мәнін түсіну үшін қазақтың ауыз әдебиетінің мәні зор. Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы жастарға әлемдік ғылым мен процесс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін жетілдіру. Жас ұрпақ айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағұлматтар алып, білімді игереді.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемге жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей,әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға үлкен рух берді.Қазақстан бүгінде әлем таныған өркенниетті елдер қатарына қосылуға бет бұрғанда демократиялық жолмен  дамушы мемлекетіміздің  қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын,кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеттігі туындап отыр  [1].

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылдың 11 қарашасында   «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» атты өзінің халыққа жолдауында «Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі менің де мемлекеттің де ең басты назарында болды. Жастар - біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету - біздің міндетіміз.» [1], - деп атап көрсеткендей заман талабына сай үйлесімді, жаңаша ойлай алатын, бәсекелестікке қабілетті, тың идеаларды іске асыратын, еліміздің алға қарай дамуы үшін аянбай еңбек ететін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру қажет. Өскелең ұрпаққа ерекше мән беріп, оның жеке ерекшеліктері мен қабілеттірін дамытып, өз-өзіне деген сенімділік пен өз-өзін бағалауын жоғары деңгейде қалыптастыру қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі.

Қазіргі XXI ғасыр қарама-қайшылықты, жаңа технологиялық ақпараттар мен өзгерістерге толы заман. Жасөспірімдердің қоршаған ортаны елестетулері мен өзін және өзінің әлеуметтік ортадағы жағдайын сезінуі заман талабына сай күрделі шарттармен қалыптасады.

         Э.Эриксон айтуы бойынша: « тек ауырған кезде ғана біздің ағзамыздың күрделілігін сеземіз; тек жеке және қоғамдық дағдарыс кезінде ғана жеке тұлға өзара байланысты факторлардың қандай сезімдік комбинациясын көрсете алатыны анықталады»( Erikson E.H., 1963).

         Д.Ушинский айтқандай   «Ой дегеннің өзі – жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі» екенін ескеріп, баланың өз тәрбиесі қаншалықты бай, сан алуан. Даму – баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі, психикасының, ой-санасының өсуі. Жас ұрпақтың түйсік, қабылдау, ес, қиял, ой және тіл сияқты танымдық-психикалық процестерін дамыту – оқушының ой-өрісінің басты міндеттерінің бірі. Сөз өнерін дәріптеген халқымыз баланың ой-өрісін дамытуға ауыз әдебиетінің айтыс жанрының, жұмбақ айтысын пайдаланған. Айтыстарды ақындар қарсыласына өмір, ғылыми білімді жұмбақтап, оның шешуін тапқызып, бір-бірін сынаған, сөйтіп ой-өрісін, білімін сарапқа салған.

Үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу үшін, тек танымдық процесстерін ғана емес, сонымен қатар «эмоционалдық интеллектті», баланың тұлғалық сапаларын да дамыту қажет. Баланы тәрбиелеуде ең маңызды шарт өзіндік сана-сезім мен  адекватты «Мен тұжырымдаманы» дамыту болып табылады. «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру – заманауи психологияның ең маңызды мәселесінің бірі.

         Жасөспірімдердің тұлғалық дамуы мен «Мен-тұжырымдамасын» зерттеуде көптеген шетелдік және кеңестік ғалымдардың еңбектері қарастырылды. Атап айтқанда, У.Джемс, З.Фрейд, К.Хорни, К.Роджерс, Дж.Мид, Э.Эриксон, Р.Бернс, Л.И.Божович, М.И.Лисина, А.Н Леонтьев, Л.С.Выготский, Б.Г Ананьев және т.б.

Мен тұжырымдамасы индивидтің өзі жайлы елестетулері(когнитивті құрылым),  өзіне ұнамды немесе ұнамсыз қатынас(эмоционалды құрылым), «өз-өзіне», өз іс-әрекетін құруға бағытталған елестетулерінен (іс-әрекеттік құрылым) тұрады. «Мен тұжырымдамасын» зерттеу іс-әрекеттің нақты факторын  ескеруге  мүмкіндік береді: айналадағылармен және олардан күтілетін қарым-қатынас, өз-өзіне қатынасы, дамуға индивидуалды-тұлғалық бағытталу. «Мен тұжырымдаманың» дұрыс қалыптасуы үшін балаға айналадағылардың көмегі қажет, яғни үлкендер, ата-анасы, мұғалімдер. Оның керектігіне, оны бәрі жақсы көретіндігіне, оның қолынынан бәрі келетіндігін, ол қандай жұмыста болмасын табысқа жете алатындығына сенімділік қалыптастыру үшін кері байланыс жасауда қоршаған ортадағылар үлкен рөл атқарады.

         Өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі сыйлауға, өзінің жағымды образын  сақтап қалуға немесе жоғарылатуға ұмтылушылық  индивидтің  денсаулығын, оның ішкі тұтастылығы мен тұрақтылығын сақтап қалудың негізгі шарты болып саналады.  Жасөпірімдердің өзін-өзі және айналаны дұрыс қабылдап, олармен жағымды және позитивті қарым-қатынаста болып, гармонияда өмір сүруі үшін  көптеген әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жасөспірімдердің «Мен-тұжырымдамасын» дұрыс дамыту мен тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу қажет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы 2014 жыл 11 қараша. «Нұрлы жол - Болашаққа бағыт» . Стратегия -2050

2. Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000

3. Кон И.С. Психология юношеского возраста М: Просвещение, 1979. - 90 с.

4.Возрастная и педагогическая психология // Под.  ред.  А.В. Петровского. — М., 1986.

5.Аубакирова Қ.С Жасөспірімдердің дамуының психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктері ,2013

6.Жас ерекшелік психологиясы, М.М. Муханов, Алматы 1981ж

7.Жарықбаева Қ. Психология. Алматы, 1991.

8.Г. М. Храпченков История школы и педагогической мысли Казахстана 1962

9.Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения. Т. 1-2. — М., 1979.

10.Божович Л.И. Осебенности самосознания у подростков. // «Вопросы психологии», №17, 1995.