Жастарды отбасылық өмірге даярлаудың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері

П.ғ.к., доцент А.Ш.Танирбергенова

Магистрант А.Мухамедгалиева 

«Тұран-Астана» университеті

Астана қаласы

 

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясының, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының, Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегінің басым бағыттарын жүзеге асыру қазақстандық білім беру жүйесін модернизациялаудың стратегиялық факторы ретінде.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыру аясында білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру

Педагогтің үздіксіз білім алу «өмір бойы жететін білімнен» «өмір бойы білім алуға» парадигмасына ауысу шарты ретінде.

Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал еңбастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз.

Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда  құрметке ие болғанда — еліміз үшін алаңдамауға да болады.

Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық  бұл туралы мұнда дұрыс шешім қабылдап, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге тиіс. Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз,” — делінген атап көрсетті.  Осыған байланысты Қазақстан қазір қоғамдық өмірдің барлық саласында батыл өзгерістерді бастан кешіріп отыр. Сондықтан да қоғамымыздың негізгі даму бағытын анықтау; ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпай, әлемдік қауымдастықпен бірігуге мүмкіндік беретін тиімді жүйе құру өте маңызды. Біздің қоғамымыздың маңызды проблемаларының бірі — отбасы тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, жастарды отбасы-некелік өмірге даярлауды жетілдіру. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы, халықтық дәс- түрді естен шығару осал некенің пайда болуына әкеліп соғады. Статистика республикамызда әрбір үшінші некенің бұзыла- тынын көрсетіп отыр. Олардың басым көпшілігін мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасылар құрайды. Тарихқа көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған. Себебі, халық некеге орнықты, мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін, бірін- бірі сынап мінеудің аз болуын және тұтастай отбасының тұрақтылығын қамтамасыз етті. Отбасылық тәрбиенің жалпы теориялық, педагогикалық, психологиялық негізін жасауда көп үлес қосқандар: А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский. 6 Бізге маңызды қызығушылық көрсеткен этнопедагогтар: Қ. Б. Жарықбаев, С. А. Ұзақбаева, С. Қалиев, К. Қожахметова, Қ. Бөлеев, І. Халитова, Ж. Наурызбаев, Ә. Табылдиев, С. Ғаббасов, т.б. еңбектері. Олар халықтық педагогиканың мәсе- лелерін жан-жақты зерттеп, педагогиканың этнографиямен және социологиямен ынтымақтастығының кеңеюіне үлкен үлес қосты. Жоғарғы сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлауда қазақ халқының отбасылық ерекшеліктері бізге маңызды теориялық, этнографиялық, этносоциологиялық зерттеу материалдары болып табылады. Қазақи отбасы туралы бұл материалдар Х. А. Арғынбаев, А. Т. Төлеубаев, Д. Х. Кармышев, И. Сәбитовтың еңбектерінде қарастырылған. Отбасылық өмірдің ерекшеліктері, некелік қатынас мәселелері туралы білімдер мен көзқарастар Г. Исаева, Б. Қожабекова, А. Жүнісов, Ж. Байжанова, И. Қарақұлов, Г. Мейірханованың еңбектерінде ерекше аталып көрсетілген. Бірақ, соңғы қызмет оның еңбегінде тек аталған, ал оның талдауы берілмеген. Х. А. Арғынбаев “Қазақ халқындағы семья мен неке” еңбегінде отбасы мен неке тағдыры қандай болмасын, қоғамдық 15 құрылыспен, ондағы өндірістік қатынаспен тығыз байланысты болады да, әр қоғамдық формациядағы әлеуметтік өзгерістер отбасы мен неке сипатына да әсер етіп, өзгертіп, жаңартып отырады дейді. Бұл отбасы мен неке мәселесінің, оның даму тарихының үлкен қоғамдық проблема екендігін айқындай түседі. Оны зерттеу ісі ғылым алдындағы аса жауапты, өте қажетті, әлеуметтік мәні бар үлкен мәселенің бірі болып есептеледі. Ж. Қоянбаевтың “Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі” атты еңбегінде отбасы, оның құқықтық және адамгершілік негіздері, отбасы тәрбиесі, оның ерекшеліктері, отбасы тәрбиесі процесінде кездесетін қателіктер, оларды болдырмаудың жолдары, жастарды отбасы-некелік өмірге даярлау мәселелері баяндалады. Сонымен қатар, отбасылық тәрбиені жетілдірудің тағы да бір басты шарты — ата-аналарды оқыту жүйесін өрістету, мәдени дәрежесін көтеру, осыған орай ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің негізгі формалары мен мазмұнына үлкен мән берілді. Р. М. Қоянбаев: “Халық педагогикасында жастарды некелік үйелмендік өмірге дайындау ана мен әкенің басты міндеттерінің бірі болады. Ерлі-зайыптының бірлігі, ынтымақтастығы мен сүйіспеншілігі, бір-біріне жылы қамқорлығы, олардың өзара адамгершілік қарым-қатынастарын байытты. Мұндай үйелмен балаларға өнеге көрсететін, қуанышқа бөлейтін ұстамды, берік, баянды, бақытты әлеуметтік жанұясына айналды. Қазіргі кезеңнің өзінде де балаларды болашақ үйелмендік өмірге даярлау — ана мен әкенің тікелей борышы. Жастарды некелік-үйелмендік өмірге даярлау кезеңінде жыныстық тәрбие үйелменде адамгершілік тәрбиесі жүйесінде іске асырылады”,— деп жазады.Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап басады, бірінші қуанышы мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады. Осы жерде көптеген сұрақтар туындайды. Олар:

Отбасы деген не?                                            

Оның мәні неде?

Қоғамда қандай рөл атқарады?

Әр адамға не береді?

Осы сұрақтарды жан-жақты қарастырып, шешу  кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар атсалысқан. Мысалы: ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» деген екен. Ал, Аристотель болса, «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған.

Отбасындағы тәрбие мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, құқық, әдептану, тарих, т.б. ғылымдардың қарастыруына байланысты көптеген анықтамаларды кезіктіруге болады. Бұл да дұрыс шығар, өйткені, барлық ғылымдарды бірдей қанағаттандыратын бір анықтама табу өте қиын. Олай болса, отбасының бірнеше анықтамаларына тоқталайық. Жоғарыда айтқандай, отбасы-жанұя-семья-үйелмен-бәрі бір ұғымды білдіреді. Сондықтан кейбір жерде отбасы, кейбір жерде жанұя деп ала береміз. Философиялық тұрғыда «отбасы» - қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйымы деп санаса, әлеуметтану ғыымында отбасы - некеде және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ деп берілген. Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық, моральдық жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынаста болып, әлеуметтік құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгертіп, жекелей дербестікте болады деп көрсетеді.Жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық  аспектісіне келмес бұрын «Отбасы дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берейік. Аристотельдің айтуы бойынша, «Отбасы – адамдар қарым-қатынасының алғашқы түрі, ол мемлекеттің алғашқы ұяшығы».  Сондықтан да, мемлекетте отбасының орны ерекше және оны елге терең түсіндіру қажет. Отбасының өкесі де осыған өмірлік іс-әрекетінің сферасы, оның мүшелерінің арнайы қажеттіліктерін қанағаттандырумен тікелей байланысты. Жалпы, отбасы түсінігінің мән-мағынасы өте кең болып келеді. Отбасы – дегеніміз не? Деген сұрақ қойылғанда, бәрімізге ата-ана мен балашаға туралы ойлар келеді. Яғни, отбасы тек осы мүшелермен ассоциацияланады.

 Қазіргі жастарға, отбасы, неке туралы түсінік жие айта отыру керек. Өйткені  қазіргі таңда, осының салдарынан ажырасу көбейіп келеді. Сонымен қатар, Батыстың азаматтық некесі де осыған әсер етеді. Осы себептен жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық маңызы өте зор.

Ер адаммен  әйелдің бас қосып, шаңырақ құруы – отбасының салт – дәстүрлік негізін қалап, оны жүйелеп, ұрпақтан – ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Сол бойынша үйдегі адамдардың өзіндік орны  мен атқаратын қызметі, отбасы үшін жауапкершілігі бар. Егерде ол  орындалмайтын немесе бұзылатын болса, отбасының берекесі кетеді, оны күйреуге әкеліп соқтырады. Ал мұны болдырмаудың сара жолы – жұптық жарасым, өзара түсіністік пен сыйластық.

Қазақ отбасында ер мен әйел – шаңырақтың негізгі іргетасы. Бұл іргетас үйленумен қаланып, нығаяды. Адам баласы жан дүниесі аңсаған рахат пен татулық, бейбіт өмірді, ең шынайы сүйіспеншілік пен мейірімділік ыстық сезімдерді ана құшағы мен әке шаңырағынан табады, өзінің адамгершілік қасиетін, абыройын, намысын, үйленіп, үй болу арқылы айрықша жарқырата көрсетіп, айрықша қамқорлықпен қорғай алады.

Отбасы жауапкершілігі үйленген еркек пен әйелдің біріншінің алдындағы бірінің алдындағы бірінің парызы мен қарызын бұлжытпай орындаудан басталады. Біріншіден, әйелдің еркек үйінің табалдырығын аттауы – оның бір отбасынан екінші бір отбасына, бір ортадан екінші бір ортаға қоныс аударуы екені рас. Бұрын ол ата-анасы мен туыстарының ортасында болса, енді өзі қалаған жанның етегінен ұстап, оның өмірлік жарына айналды. Ері ендігі жерде әйелі үшін жауапты, әрі некемен келер жауапкершіліктің барлығы оның мойнында. Демек, ерлі-зайыптылардың екеуі де араларындағы алғашқы кездесуге психологиялық тұрғыдан дайын болуы тиіс. Бұл кездесуден бұрын еркек өзінің жауапты қадам алдында тұрғанын  ескеріп, болашақ жарымен жақсы, һәм жарасымды тіршілік етуге, жұбайлық өмірдің ыстық-суығын бірге көтеруге, қиындыққа қайыспауға дайын болуы шарт. Сол секілді жас келін де ендігі жерде өзінің оң жақта отырған ерке қыз еместігін ескеріп, сүйгенінің сүйіктісіне айналатынын, болашақ  отбасында құт-береке қонақтауы, не қонақтамауы өзіне де байланысты екенін жан – тәні мен сезініп, жауапты қадамға лайықты дайындық жасағаны жөн. Яғни, жас жұбайлардың екеуі де неге қадам жасап жатқандарын, оның жауапкершілік аманатымен қоса, не нәрсе жүктерін толық сезінгені дұрыс.Мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімдер тұрақтылығының мұқият есепке алынуы ойдағыдай отбасы құрудың шарты болып табылады. Өз мінезін білу, болашақ жар мінезінің ерекшеліктерін түсіну,  ұстамдылық көп жағдайда отбасында қолайлы психологиялық  ахуал қалыптастыруға мүмкіндік туғызып отырады. Отбасы өмірі  адами  қасиеттерді талап етеді: өзін-өзі ұстай білу, мақсаткерлік, дербестік, шешімділік, тұрақтылық, қайсарлық, тәртіптілік өз сұранымын басқарудағы қабілеттілік, т.б. Ерік-жігер сапасының дамуы – бұл жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеудегі нәтиженің көрінісі. Сондай – ақ отбасылық қатынастардың жай-күйін, оның өнегелілік ахуалын, құрамын, әлеуметтік, демографиялық ерекшеліктерін ескеретін отбасылармен тығыз байланыс орнатып, жұмысты жандандыра түсу аса маңызды. Сонымен, біз аталмыш дайындықтың басты компонеттері келесідей деп есептейміз: ізгілікті-психологиялық компонент;әлеументтік компонент; шаруашылық-тұрмыстық компонент; педагогикалық компонент;

Неке – отбасы қатынастарына дайындық дегеніміз – күрделі, ұзақ көп қырлы процесс. Қазіргі күні отбасылық өмірге дайындауды ұйымдастырудың түрлі нысандары бар: оқушыларға арналған « Отбасылық өмірдің этикасы мен психологиясы» курсы, отбасы университеттері, жас жұбайлар клубы, лекция циклдері, таныстыру қызметі және т.б. олар неке – отбасы қатынастарының қазіргі практикасына бағытталмаған. Отбасын құру жөніндегі студенттермен жүргізілетін жұмыс әлеуметтік педагог пен әлеуметтік  жұмыскердің қызмет саласы болып табылады, ол жоғары оқу орнының біртұтас педагогикалық процесі жайдайында студенттермен қолайлы нысандар мен әдістерді таба білуі керек.

Жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық аспектісіне келетін болсақ, біз мына ұсыныстарды ұсынар едік:

1. Отбасы туралы балаға ата-ана, кішкентай күнінен бастап дұрыс түсінік беру керек.

2. Мектепте, жоғарғы оқу орындарында отбасына қатысты түрлі тренинг-жаттығулар өткізілуі тиіс.

3. Жастарға отбасы және неке туралы көптеген ақпараттар берілуі керек.

4. Отбасында болатын түрлі конфликттер мен мәселелерді шешу жолдарын үйрету керек, сонымен қатар психологиялық кеңес беру қажет.

5. Отбасын құру, екі жастың қалауымен болуы керек.

6. Отбасын құрудағы басты мәселе, жастар бір-бірін жақсы түсіне білуі керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Құнанбаев А. Шығармалардың 1-томдық толық жинағы.— Алматы: Ғылым, 1966. — 692 б.

2. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. — -Алматы: Білім, 1955.— 266 б. 3. Байтұрсынов А. Шығармалары.— Алматы: Жазушы, 1989.— 320 б.

4. Жұмабаев М. Педагогика.—Алматы: Анатілі, 1992.— 106 б.

5. Аймауытов Ж. Психология.— Алматы: Санат, 1995.— 312 б.

6. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.— Алматы: Санат, 1995.— 352 б.

7. Ұзақбаева С.А. Тамырытереңтәрбие.— Алматы: Білім, 1995.— 232 б.

8. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының тарихы.— Алматы: Білім, 1999.— 153 б.

9. Қожахметова К. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика.— Алматы: РБК, 1998.— 317 с.

10. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. Алматы: Нұрлыәлем, 2004.— 304 б.

11. Халитова І. Абай Құнанбаевтың мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізудің педагогикалық негіздері.— Алматы: РИК, 1997.— 151 б.

12. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты (Оқу- шыларға мәдени-этникалық білім беру).— Алматы: Анатілі, 1995.— 192 б.

13. Табылдиев Ә. Әдепәліппесі.— Алматы: Рауан, 1997.— 120 б.

14. Ғаббасов С, Халықпедагогикасынегіздері.— Алматы: Ғылым, 1995.— 464

б.

15. Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы.— Алматы: Қайнар, 1996. -288 б.

16. Төлеубаев А.Т. Религии доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ-начала ХХ вв.).— Алматы: Ғылым, 1991.— 214 с.

17. Кармышев Д.Х. Семья и семейный быт // Культура и быт казахского колхозного аула.— Алматы: Наука, 1967.— 303 с.