Сахна тіліндегі іс-әрекетке
құрылған тыныс жаттығулары
Т.Жүргенов атындағы
Қазақ ұлттық өнер
академиясының
PhD докторы Хожамбердиев О.К.,
Профессор Әбзелбаев М.Н.,
Окытушы Чукиров Е.Е.
Қазіргі
заман көрермендері актер өнеріне жоғары талаптар қойып
отыр. Ол, театр сахнасында сөз әрекеті арқылы ішкі жан
дүниесін, ойы мен талап-тілегін жеткізе алатын яғни, белгілі
мақсат үшін іс-әрекет ете алатын, қазіргі
заманымызға сай шынайы кейіпкер.
Актер
шығарманы оқыған кезде көрерменнің оянбай
қалған қиял-арманын оятып, ести алмаған кейіпкер
үнін, дауыс ырғағын естіртіп, түсініксіз ойларды,
сөз астарын ашып анықтап жеткізе білуі керек яғни, көрерменнің
көрген спектакльден немесе актердің оқыған
шығармасынан алған әсері-оның сол пьесаны немесе
шығарманы оқыған кездегі алған әсерінен
әлдеқайда жоғары болуы керек. Ал егер актердің дауысы
әлсіз, сөзі түсініксіз болатын болса, ол
қаншалықты дарынды болғанымен айтайын деген ойын, ішкі жан
дүниесін, талап-тілегін көрермендерге толық жеткізе алмайды.
Міне сондықтан да әрбір актер боламын деген оқушы дауыс
және сөйлеу аппаратын ерінбей күнделікті жаттықтыра
отырып, сахна тілі оқытушысының көмегімен демі мен дауысын
өзіне бағындырып дегенін істете білуі яғни, белгілі бір
мақсат үшін қолдана білуі керек.
Дауыс
және сөйлеу аппаратын жаттықтырып тәрбиелеу үшін,
дауыстың ұзақ жылдар бойы талмай қызмет етуін
сақтап қалу үшін тыныс жүйесінің жұмысына баса назар аудару қажет. Өйткені,
тыныс – көмейдің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз
етіп отырады.
Сонымен,
сахна тілі оқытушысының алдында тұрған ең басты мәселенің бірі –
тынысты дұрыс және толық пайдалана білуге тәрбиелеу.
Дем қалыптасып, дыбыс еркін шыға бастаған кезде, дем мен тіл
дыбыстарын белгілі бір іс-әрекетке қолдана отырып жаттықтыруға
болады. Осыған қатысты бірнеше мысалдар келтірейік:
1.
«Шалғышы».
Шалғыны
оңнан солға қарай жандандыра сілтеп СИ, СЕ, СА, СО,СУ, СЫ, СІ
дыбыстарын айту арқылы шөп шабу. Бұл жаттығу тынысты
кеңейтіп, қарын бұлшық еттерінің жұмысын
жандандыра түседі.
2. «Резеңке
қайыққа жел үрлеу»,
Ішіне ауа
толтырылатын резеңке қайыққа ССИ, ССЕ, ССА, ССО, ССУ,
ССЫ,ССІ дыбыстарын айту арқылы насоспен жел үрлеу. Тыныс
кеңейіп, қарын бұлшық еттерінің жұмысы
жандана түседі.
3.
«Шаңғышы»
Ф, С, Ш,
дыбыстарының біреуін айту арқылы аяқ-қолды кезек сермеп шаңғы тебу.
Қолдың қимылы – қарын, қабырға аралық
бұлшық еттерінің жұмысын жандандырып тынысты
кеңейтеді және дем алу мен дем шығару үдерісінің
белгілі бір ырғақпен, бірқалыпты жүруіне сертігін
тигізеді.
4. «Ескек есу».
Жіңішке
жеңіл жарыс қайығына отырып Ф, С, Ш, дыбыстарының
біреуін айту арқылы ескек есу. Қарын бұлшық
еттерінің жұмысын арттырып , фонациялық демнің
өзінен-өзі яғни, автоматты түрде шығуына септігін
тигізеді. Тыныс пен тіл дыбыстарын белгілі бір өлең
шумақтарын айту арқылы да жаттықтыруға болады. Мысалы,
мынандай жаттығуларды алайық;
1 жаттығу:
Бастапқы
қалып: аяқтарымыз бір-бірінен сәл алшақтау
орналасқан, кеудеміз тік, оң қолымыздың алақаны
мен қарын бұлшық еттерін ұстаймыз, сол қолымыз
төмен түсірулі / қол, иық, мойын, жақ
бұлшық еттері бос/.
Орындалуы; 1 – дем алу, 2 – демді қарын бұлшық
еттерінің көмегі арқылы үрлеп шығару. /Оң
қолымызбен қарын бұлшық еттерінің қимылын
сезінеміз/.
Екі санына
жылдам орындалады. 4 – 6 рет қайталау керек.
2 жаттығу:
Бастапқы
қалып және орындалуы бірінші жаттығудағыдай , тек екі
қолымыз бүйірімізде. /Қабырға аралық
бұлшық еттерінің қимылын сезінеміз/. 4 – 6 рет
қайталау керек.
Бұл
екі тыныс жаттығуларын орындау кезінде алдымен тыныс бұлшық
еттерінің көмегімен демді өте қысқа сәтте
дыбыссыз жеңіл алып, өте тез арада жандандыра үрлеп
шығаруды үйренген жөн. Содан кейін белгілі бір
өлеңнің сөздерін буынға бөліп, демді
өлеңнің әрбір буынын айту арқылы, содан кейін
әрбір сөзін айту арқылы, содан кейін барып
өлеңнің мағынасына байланысты әрбір жолдарын айту
арқылы жаттықтыруға болады. /Қолымызбен қарын,
қабырға аралық бұлшық еттерінің
қимылын сезе отырып, жаттыққанымыз жөн/.
Осы тыныс жаттығуларын
жанама жолмен яғни, оң
аяғымызды немесе сол аяғымызды орындықтың қырына
қарай қойып, тіземізге қарай жатып – тұру арқылы қарын
бұлшық еттерінің жұмысынжандандыра отырып жасауға
болады.
Ескере
кететін жағдай, кейбірлер жаттығу кезінде өздерін
қаншалықты іштей еркін сезінгенімен, бұлшықеттерінде
ширығу пайда болуы мүмкін.
Дене
бұлшықеттері және олардың қызметтері бір-бірімен
байланысты болғандықтан, қандай да болмасын пайда
болған денедегі ширығу – дұрыс тыныстауға кедергі
болады. Бұлшықеттердің
ширығуы неғұрлым аз болса, әсіресе көмейдің
тұсындағы бұлшықеттер, соғұрлым дем де
дұрыс бағытталып, тіл дыбыстары да дұрыс шығады.
Бұлшықеттер бос, еркін болған сайын жүйке
жүйесінің күш қуаты яғни, тонусы да жақсара
түсіп, ал керісінше ширыққан кезде, жүйке
жүйесінің тонусы да нашарлайтындығы белгілі. Демек,
бұлшықеттерді бір ширықтырып, бір босаңсыту
арқылы жүйке жүйесіне әсер етіп, оны
шынықтыруға болады яғни, бұлшықеттердің
босап, еркін қозғалуына мүмкіндік тудыра аламыз.
Әрине,
барлық дене мүшелерінің бұлшықеттерін бірдей
толық ширықтырып, толық босаңсыту мүмкін емес.
Міне сондықтан да олардың әрқайсысын /аяқ,
қол, иық, мойын, жақ, тіл т.б./ жеке-жеке
жаттықтырған жөн. Жаттығу кезінде
бұлшықеттерді қатты ширықтырып барып, содан соң
қайта босатып, екі жағдайдың айырмашылығын сезе отырып
жаттыққан дұрыс. Алғашқы күндерден
бастап-ақ жаттығу кезінде тыныс алу үдерісінің
жиілігіне, тереңдігіне баса назар аудару керек. Неғұрлым
ауаны жиі жұтсақ, соғұрлым өкпеміз тазара
түседі деген оймен тыныс алу үдерісін жасанды түрде
жылдамадату – ағзадан көмірқышқыл газының
көп мөлшерде бөлініп шығуын тездетіп, тыныс
орталығына әсер ете
бастайды. Ағзада көмірқышқылының азаюы тыныс
алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдары мен
мидың қан тамырларын тарылтып, тыныс мүшелеріне баратын
отегінің мөлшерін азайтады. Демек, жасанды түрде жиі дем алу
– қан айналу және ауа алмасу үдерісінің бұзылуына
себеп болады. Ал ауа алмасу үдерісінің бұзылуы – фонациялық
тыныстың бұзылуына әкеп соғады. Себебі, тіл дыбыстары
кезінде тыныс мүшелері өзінің негізгі функциясын орындай
отырып, сонымен бірге дауыс және сөйлеу аппаратының
жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отырады. Міне сондықтан да
демді тәрбиелеп дамыту жолындатыныс жаттығуларын табиғи ауа
алмасуфункциясына сүйене отырып құрған жөн.
Ал егерде
өкпені ауаға неғұрлым көп толтырсақ,
соғұрлым бір деммен ұзақ сөйлеуге болады деген
оймен демді шамадан тыс жасанды түрде терең алатын болсақ,
дауыс пернесі астында қысым пайда болып, дауыс өзіне тән
тембрін жоғалтып, жағымсыз шығады. Демді толық алмау да
зиянды, өйткені дауыс тиісті энергиясыз күшінен айырылып,
әлсіз шығады.
Демек,
мәселе демді барыншакөп мөлшерде жұтып, өкпені
кеңейтіп үлкейтуде емес, тыныс бұлшықеттерінің
көмегімен демді қысқа мерзімде толық, дыбыссыз
жеңіл алып, үнемдеп дұрыс жұмсай білуде.
Тыныс
жүйесін тәрбиелеу – басқа да жаттығулар сияқты
қырағылықты, уақытты, шыдамдылықты, жеңіл
жаттығудан күрделі жаттығуға біртіндеп ауысуды талап
етеді.