Магистрант Айтқұлова Б.Д., т.ғ.к., доцент Уалиев Б.М.

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Тараз қаласы

 

Волонтерлардың қозғалыстарында қолданылатын арнайы костюмдерінің қағидаларын талдау.

 

EXPO –2017 Халықаралық мамандырылған көрмесінің басталуына да міне санаулы күндер қалды, бұл көрмені қазақ жерінде өткізу ел беделін әлемдік қауымдастықтың алдында биіктете түсетіні сөзсіз. Көрмеге әлемнің және еліміздің түкпір-түкпірінен миллиондаған турист келеді. Мұндай көрмелерде волонтерлардың атқаратын қызметі өте жоғары. Оларға ең алдымен қойылатын талап шет тілін жетік меңгеріп, қаланың тарихын, халықтың салт – дәстүрін танып білу. Сонымен қатар олар халықаралық көрмеге келген туристерді қаланың тарихи жерлерімен таныстырып, жол көрсетеді. Негізінде волонтерлерді мұндай көрмелерге алдын ала іріктеулерден өткізіп, таңдап алады. Себебі көрме барысында волонтерлердың қызметі маңызды болып саналады әрі еліміздің абыройы.

Алдымен волонтерлардың қозғалыс қағидаларын қарастырсақ. Адам неліктен волонтер болады? Себеп әр түрлі болуы мүмкін, міне негізгілері:

Ең бастысы – қызметтің ұстанымдылығы мен маңыздылығын бейнелейтін ой, абзал ой. Тек ой ғана адамның жұмыс пен қызметтің нәтижелерінен қызығушылық пен өзін сыйлауы, істеп жатқан ісін және не үшін екенін түсінуі, сол үшін мақтанышы артама соларды анықтайды[1].

Керек болудың ішкі психологиялық қажеттілігі. Волонтерлік қозғалыс осы қажеттілікті арттырып, өзін пайдалы екенін сезіндіру.

Қарым – қатынастағы қажеттілік. Егер күшті, көңілді компания жиналып жатса және онда қызықты әрі жайлы болса, кімде болсын жақын болғысы келеді. Қарым – қатынас ортасы кеңейеді. Міне осылар волонтер болып жұмыс жасаудың басты себебі болып табылады.

Қызуғышылық. Волонтер болып жұмыс жасау көбінесе стандартты емес тәсілдермен  және жаңа мүмкіндіктермен жиі байланысты.

Антураж. Бастаушыларды соңғы нәтиже немесе мақсат, ойдан бұрын, көбіне қозғалыстың сыртқы тартымдылығы (кепка, фудболкалар, белгішелер және т.б) қызықтырады, бұл әсіресе балалар мен жасөспірімдерге қатысты.

Мансап, атақ және өзін – өзі дамыту. Мұнда өзінің әлеуметтік жағдайын және мансаптық немесе тұлғааралық саласын жақсартуға мүмкіндік болады. Кейде педагог пен психологтың мансаптық жолы, дәл осы волонтерлік қозғалыстан басталады. Волонтерге болашақта жаңа байланыстар орнатуға, жаңашылдыққа үйреніп және осыған байланысты барлық қоғамға деген құрметті иемдену. Дәл осы  волонтерлік қозғалыста мысалы, басқарушылық немесе ұйымдастырушылық қабілеттері жиі пайда болады.

Шығармашылық қасиеттері. Жасына немесе қолданыстағы   мамандығына қарамастан, өзін әр түрлі қызмет түрінде көрсете алады, мысалы: журналистика, оқытушылық, басқарушылық, қойылымдарда, сценарий жазу мен дизайнда.

Жоғарыдағы қасиеттерді ескере отырып волонтерлерді іріктеуден өткізеді. Сонымен қатар бұл жерде маңызды рөлді олардың костюмдері атқарады. Әр түрлі қозғалыс кезінде костюмнің ынғайлы болуына көңіл бөлу қажет және «келген қонақты алдымен киіміне қарап қарсы алады...» демекші, костюмнің барынша ұлттық нақышпен, талғаммен таңдалғаны өте маңызды болып саналады.                                                                                                                                                                                            

Волонтерлардың қозғалыс кезіндегі костюмінің негізгі артықшылықтары:

 - қолайлы пішін;

 - мұндай киімдер волонтерлардың қозғалыс кезінде қарқынын ұстап тұрады. Өйткені шарт қарапайым емес – олар тәулігіне бірнеше сағаттар бойымен ашық аспан астында тұрып, жаңбырлы және боранды күндері жұмыс жасауы мүмкін.

 - кез келген ауа-райы шарттарының күйіне келтірілетін жинақ-трансформер сипатта болуы шарт.

Арнаулы костюмде бірінші орында пішіннің қолайлығы. Әр бір волонтердің күртеше, шалбар және кеудешелерінде тұжырымдап келгенде он шақты қалта болуы тиіс. Мұнда– ұялы телефон, қуаттайтын құрылғы, кілттер мен құжаттар, көзілдірік пен рация сияқты барлық қажетті заттарды салуға болады. Сонымен қатар волонтерлар костюмінде бастысы - оның жайлы, қауіпсіз әрі  ылғал өткізгіштігі болып табылады. Сол себепті тігілетін материалдың құрамы 100% таза мақта талшықтарынан болуы қажет.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарға матаға түскен ұлттық нақыштарды, қазақ халқының бай, мәдени мұрасын бейнелейтін, түрлі ғасырлардан жалғасып келе жатқан киіелі зәулім ғимараттардың бейнесін айқын көрсету мақсатында, волонтерлар костюмінің сыртқы бейнесіне де ерекше көңіл бөлінеді.

Ол ерекшелік костюмнің ұлттық бейнесінде, ұлттық нақыштарында, өрнектердің символға айналып, композициялық шешімдер арқылы бір тұтастық үйлесімге келіп,  елге танымалы ұлттық белгіге айналуы керек.

Қорыта келгенде ең маңыздысы пішін емес, оны киетін волонтерлер, өйткені дәл солар ЭКСПО – ның бетке тұтар бейнесі. Олар  үшін барлық жағдай жасалып, өздерін қолайлы әрі мақтаныш сезінулері қажет. Олар тарихта қалатын жағдайдың себепкері, олардың көңіл куйінің шегі жоқ шығар деп айтуға болады.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет

1. http://www.mycharm.ru